Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясы



жүктеу 4.84 Mb.
бет6/25
Дата09.06.2016
өлшемі4.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25



«Балалар аурулары» пәні бойынша дәрігер-интерн педиатрларға

2011-2012 оқу жылына өзіндік жұмыстарының

күнтүзбелік-тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Сағат көлемі

1

2

3




Жаңа туған нәрестенің физиологиясы мен патологиясы

72

1.

Неонатологиядағы деонтология негіздері.

4

2.

Нәрестелердің тыныс алуының бұзылуы

4

3.

Науқас нәрестелер мен шала туылған балаларды тамактандыру

3

4.

Неонатологтың тәжірибесінде босану кезіндегі жарақаттар

4

5.

Орталық жүйке жүйесінің перинаталдық патологиясы.

4

6.

Нәрестелердің гемолитикалық ауруы.

4

7.

Босану кезінде дене салмағы экстремальді төмен (500 г томен) шала туылған балалар.

4

8.

Туа біткен және перинаталдык инфекциялар.

3

9.

Нәрестелердегі аурушаңдық және өлімі

4

10.

Кіндік қалдығының және кіндік жарасының аурулары.

3

11.

Нәрестелердегі ерте және кеш пайда болған сепсис.

4

12.

Нәрестелердегі сарғаю

4

13.

Нейроинфекциялар, менингиттер және менингоэнцефалиттер (құрсақішілік және постнаталды).

4

14.

Нәрестелердің иммундық жүйесінің ерекшеліктері.

3

15.

Нәрестелер тері және тері асты торының инфекциялық емес аурулары

4

16.

Конъюгациялық сарғаюдың әр түрлі генезі

4

17.

Қанның ұюының сарысулық факторларының витамин К- тәуелді тапшылығы

4

18.

Жүкті, босанатын, босанған әйелдің және ұрықтың фармакотерапиясы


4

19.

Балалардағы биоценоздың түзілуі және оның бұзылуы. Дисбиоценоз.


4




Ерте жастағы балалардың физиологиясы мен патологиясы пульмонологиямен бірге

90

20.

Балалардағы атопиялық дерматит.

4

21.

Балалардағы ақуыз –калориялық, ақуыз энергетикалық жетімсіздік

4

22.

Рахит және рахит тәрізді аурулардың заманауви жіктелуіне көз қарас

3

23.

Балалардағы туа біткен және жүре пайда болған иммундық тапшылық жағдайлардың дифференциалды диагностикасы.

4

24.

Балалардағы гипертермиялық синдромдағы шұғыл жәрдем.

4

25.

Балалардағы құрысу синдромындағы шұғыл жәрдем

4

26.

Жасына байланысты нутриенттерге, энергияға физиологиялық қажеттілігі

4

27.

Балалардағы целиакия.

4

28.

Балалардағы тұқымқуалайтын ақуыз алмасу аурулары.

3

29

Балалардағы тұқымқуалайтын көмірсу алмасу аурулары

4

30.

Витамин тапшылық аурулары

4

31.

Балалардағы кенеттен өлім синдромының дифференциалды диагностикасы.

4

32.

Тыныс алу жүйесінің морфологиясы мен физиологиясы

4

33.

Бронхоөкпелік аурулардың созылмалы іріңді аурулары

4

34

Жөтелге қарсы және қақырық түсіретін дәрілер.

4

35.

Балалардағы тыныс алу жүйесінің зерттеудің клиникалық әдістері.

4

36.

Бронхообструктивтік синдромының заманауи аспектілері

4

37.

Симпатомиметиктер

4

38.

Балалардағы жедел ларингит.

4

39.

Балалардағы ЖРА және ЖРВИ.

4

40.

Бронх-өкпе патологиясы кезіндегі фармакотерапияның заманауи қағидалары.

4

41.

Балалар пульмонологиясындағы медициналык оңалтудың негізі.

4

42.

Бронх-өкпе жүйесінің ауруларымен сырқаттанатын балаларды диспансерлік кадағалау.

4




Кадиоревматология

72

43.

Балалардағы жедел ревматикалық қызбаға заманауи көз қарас

4

44.

Ревматикалық емес кардиттер.

4

45.

Ақ және көк туа біткен жүрек ақауларының клиникалық-аспаптық сипаттамсы

3

46.

Жүре пайда болған жүрек ақауларының клиникалық-аспаптық диагностикасы

4

47.

Ревматикалық және ревматикалық емес миокардиттердің дифференциалды диагнозы.

3

48

Қанайналым жетімсіздігі

4

49.

Электрокардиография.

3

50.

Фалло аурулары

4

51.

Аритмияның пайда болу механизмі

3

52.

Созылмалы жүрек жетімсіздіктің ауырлық дәрежесіне қарай клиникалық көрінісі

4

53.

Стероидты емес асқынуға қарсы дәрілік заттар.

4

54.

Ауырлық дәрежесіне байланысты ентігу- көгеру ұстамасын басу

4

55.

Дәнекер тіндерінің жүйелі аурулары.

4

56.

Дәнекер тіні - бір жүйе.

4

57.

Ошақтық және жүйелі склеродермияның клиникасы

4

58.

Балалардағы дәнекер тіндерінің жүйелі ауруларын емдеудің жалпы қағидалары.

4

59.

Екіншілік амилоидоз

4

60.

Геморрагиялық васкулит

4

61.

Жүрек-қантамыр ауруларымен сырқаттанатын балаларды диспансерлік кадағалау

4




Гематология

54

62.

Балалар қан ауруларында емдеу-диагностикалық манипуляциялары және курациялау ерекшеліктері

4

63.

Гематологиядағы медициналық деонтоло­гия

4

64.

Анемияның диагностикасы

4

65.

Идиопатиялық және екіншілік аплазиялар

4

66.

Тұкым қуалайтын мембранопатиялар

4

67.

Жүре пайда болган геморрагиялык коагулопатиялар

4

68.

Балалар жасындағы анемияның жіктелуінің негізгі ережелері.

4

69.

ДТҰ (ДВС) синдромының жиі болатын себептері

4

70.

Сарғаюдың дифференциалды диагностикасы

4

71.

Жіті миелобластты лей­коздар

4

72

Гемостаз жүйесі

3

73.

Балалардығы қатерлі лимфомалар.

3

74.

Қанның компоненттері мен препараттары

4

75.

Гемолитикалық ауруларымен сырқаттанатын балаларды диспансерлік кадағалау

4




Нефрология

54

76.

Жасына қарай несеп жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

4

77.

Балалардағы несеп жүйесі ауруларын клиникалық зерттеуінің ерекшеліктері

4

78.

Жасына қарай балалардағы диурез

4

79.

Интерстициалды нефрит

4

80

Бүйрек ауруларының визуалдық диагностикасының жетістіктері мен кемшіліктері

4

81.

Несеп жолдарының даму ақаулары

4

82.

Балалардағы энурез

4

83.

Балалардағы цистит

4

84.

Созылмалы гломерулонефрит

4

85.

Нефритикалық және нефротикалық синдромдарға заманауи көзқарас

4

86.

Бүрек-тас аурулары

4

87.

Бүйрек ауруы бар науқастарға шұғыл жағдайлардың ерте диагностикасы мен алғашқы жәрдемі

3

88.

Нефрологиялық тәжірибедегі шұғыл жағдайларда балаларды жүргізу тактикасы

3

89.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын науқастарды диспансерлік кадағалау

4




Гастроэнтерология

36

90.

Балалардагы гастроэнтерологиялық патологиялардың ерекшеліктері

4

91.

Жіті ішек жетімсіздік синдромы – энтеропатия

4

92

Тәбеттің бұзылуы синдромының саралау диагностикасы

4

93.

Балалардағы асқазан-ішек жолдарының микробиоценозы

4

94.

Ішектің соруының бұзылу синдромы.

4

95

Ұйқы безі дамуының акаулары

4

96.

Балалардағы ішектің түйнелуі

4

97.

Гастроэнтерология-дағы шұғыл жағдайлар

4

98.

Балалық және жеткіншек жастағы асқазан-ішек жолдары ауруларына жүргізілетін фармакотерапияның ерекшеліктері

4




Эндокринология

18

99.

Қалқанша және қалқанша маңы безінің қызметтері

3

100.

Жүре пайда болған гипотиреоз

3

101.

Қантсыз диабет.

3

102.

Жыныстың мезгілсіз дамуы

3




Барлығы:

396 сағ.



«Келісілген» «Бекітілген»

ОӘЖ бойынша проректоры Педиатрия және балалар хирургиясы

м.ғ.д. Анартаева М.У. кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., проф.Қарабеков А.Қ.

___________________ ____________________

«_____» __________2012ж. «_____» ___________2012ж.

Дәрігер-интерн педиатлардың Мемлекеттік қорытынды аттестациясына арналған объективтік құрылымдық клиникалық емтиханын жүргізу

ӘДІСІ
Әдістемелік нұсқау



Шымкент, 2012 ж
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
№ _____ хаттама «__»_______2012ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д.,проф. Қарабеков А.Қ.


Интернатура кеңесінің мәжілісінде қаралған және бекітілген


№ _____ хаттама «_____»_____________2012ж.

Интернатура кеңесінің төрағасы, доцент Досыбаев Б.Қ.


Орталық әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралған және бекітілген
№ _____ хаттама «_____»_____________2012ж.

ОӘК төрайымы, м.ғ.д. Анартаева М.У.



Кіріспе

Дәрігерлердің компетенттілігі әлемдік деңгейде сенімділік пен қолайлылығы жоғарғы дәрежелі инновациялық әдіс - объективтік құрылымдық клиникалық емтихан тапсырумен бағаланады.

Диплом алған дәрігерлер медициналық жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін он айлық интернатураны өтеді. Оқу соңында Мемлекеттік қорытынды аттестация тапсырады. Аттестация кезінде дәрігер-интерн педиатрлардың тәжірибелік дағдыларының деңгейін объективтік құрылымдық клиникалық емтиханның нәтижелерінен бағалайды.

Аттестация ОҚКЕ технологиясы бойынша 10 кезеңде өткізіледі:



  • 1-кезең - Кеңірдекті (трахеяны) интубациялау;

  • 2- кезең - 5 жастан жоғары балаға жүректің тікелей емес массажы;

  • 3- кезең - Дәрілік затты - 2,4% эуфиллинді, крупозды

невмониясы бар 13 жастағы науқас баланың тамыр іне

еңгізу;


  • 4- кезең - Люмбальді пункция;

  • 5- кезең - Жүрекке дефибрилляция жүргізу;

  • 6- кезең - Қыз баланың қуығын катетірлеу;

  • 7- кезең - Дем алу ақауы синдромы бар нәрестеге шұғыл көмек

көрсету;

  • 8- кезең - Асқазанды жуу;

  • 9- кезең - Нәрестелерді зондпен тамақтандыру;

  • 10- кезең - Нәрестелердің кіндік тамырын катетірлеу.

Дәрігер-интерн педиатр келесі құралдар мен муляждарда тәжірибелік дағдыларын көрсетуі керек, олар: PEDI BLUE денесінің моделі, зондпен тамақтандыру және кіндік тамырын катетірлеу үшін нәресте моделі, интенсивті жасанды өмір беру үшін Code Blue III моделі. Интубациялау, дәрілік затты тамыр ішіне енгізу үшін, люмбальді пункция, асқазанды жуу үшін тренажерлар, интубациялық түтіктер, ларингоскоп, ӨЖЖ арналған құралдар (Эйр жүйесі, оттекті бетперде, коннектор, қатты өткізгіш), сорғыш, асқазан зонды, фонендоскоп, дефибриллятор, ларингоскоп және т.б.

ОҚКЕ кезінде орындалған қызмет нақты әрқадамдық және кезеңдік болады. Әр кезең максималды 10 баллмен бағаланып, 7 минут уақытта жүргізіледі.

Емтихан тапсырушының манипуляцияларды өткізу қабілетіне байланысты 0 ден 3-ке дейінгі баллмен бағаланады.



Мақсаты: ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау және басқаруды қамтамасыз ету.

КЕЗЕҢДЕР мен дағдылар тізімі



Кезеңдердің аталуы

Балл бойынша бағасы (максим)

Минут бойынша уақыт

1.

Кеңірдекті (трахеяны) интубациялау

10

7′

2.

5 жастан жоғары балаға жүректің тікелей емес массажы

10

7′

3.

Дәрілік затты - 2,4% эуфиллинді, крупозды пневмониясы бар 13 жастағы науқас баланың тамыр ішіне енгізу

10

7′

4.

Люмбальді пункция

10

7′

5.

Жүрекке дефибрилляция жүргізу

10

7′

6.

Қыз баланың қуығын катетірлеу

10

7′

7.

Дем алу ақауы синдромы бар нәрестеге шұғыл көмек көрсету

10

7′

8.

Асқазанды жуу

10

7′

9.

Нәрестелерді зондпен тамақтандыру

10

7′

10.

Нәрестелердің кіндік тамырын катетірлеу

10

7′




Б а р л ы ғ ы :

100

70′


Дәрігер-интерн педиатрдың білімін балл-рейтинг бойынша бағалау жүйесі

Әріптік жүйесі бойынша баға

Баллдың сандық эквиваленті

Б аллдың %-құрамы

Дәстүрлі жүйесі бойынша баға

А

4,0

57-60

Өте жақсы

А-

3,67

54-56

B+

3,33

51-53

Жақсы

B

3,0

48-50

B-

2,67

45-47

C+

2,33

42-44

Қанағаттанарлық

C

2,0

39-41

C-

1,67

36-38

D+

1,33

33-35

D

1,0

30-32

F

0

0-29

Қанағаттансыз


Қорытынды аттестацияда Дәрігер-интерн педиатрдың тестілеу мен ОҚКЕ бағаларының шарттары


Баллдар

%

Бағасы

90-100

18-20

Өте жақсы

75-89

16-17,9

Жақсы

50-74

10-15

Қанағаттанарлық

0-49

0-9

Қанағаттанарлықсыз

1 кезең


КЕҢІРДЕКТІ (ТРАХЕЯНЫ) ИНТУБАЦИЯЛАУ
Интернге тапсырма: Тренажерда кеңірдекті интубациялау техникасын этап бойынша экзаменаторға көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: Тренажер, интубациалық түтіктер, ларингоскоп, ӨЖЖ арналған құралдар (Эйр жүйесі, оттекті бетперде, коннектор, қатты өткізгіш), сорғыш, лейкопластырь, қайшы, стерильді катетірлер, стерильді ерітінді, шприцтер, асқазан зонды.





Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1

Науқасты арқасымен жатқызу. Науқастың бас жағында тұру. Басын омыртқа-шүйде байланыста шалқайту.

1,0

0,5

0

2

Ларингоскоптың сынасын ауызға ендіріп, тілді жоғарыға және алға қарай жылжытып бірінші белгіні - жұмсақ таңдай тілшігін қарау.

1,0

0,5

0

3

Сынаны терең қарай жылжытып екінші белгіні - көмей қақпашығын табу.

2,0

1,0

0

4

Көмей қақпашығын жоғары қарай жылжытып, дауыс саңылауын табу.

2,0

1,0

0

5

Дауыс саңылауына ауыз бұрышынан интубациялық түтікшені дауыс байламынан 1,5-3,0 см-ге төмен ендіру.

2,0

1,0

0

6

Интубациядан соң, түтікшенің дұрыс орналасқанын визуалды және аускультациялау арқылы байқау.

2,0

1,0

0




Максимальді балл

10,0

5,0

0

2 кезең


5 жастан жоғары балаға жүректің тікелей емес массажы
Интернге тапсырма: Әр этапты емтихан қабылдаушыға мәліметтей отырып, жүректің тіікелей емес массажын жасау техникасын тренажерда көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: тренажер, сағат не секундомер.





Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1

Тегіс, қатты жерге науқасты арқасымен жатқызу. Науқастың оң жағында тұру.

1,0

0,5

0

2

Қолдың сәйкес бөлігін (немесе 2 қолды) төстің төменгі 1/3 бөлігіне орналастыру (бірақ семсер тәрізді өсіндіге емес):

а) 7 жастан жоғары балаға екі қолын айқастырып, көбелек тәрізді орналастыру.



2,0

1,0

0

3

Үлкен жастағы балаға кеуде клеткасын 3-3,5см тереңдікке ығыстырып басу.

1,0

0,5

0

4

Төсті басу жиілігі жасына сай жүректің жиырылу жиілігіне сәйкес келуі керек

1,0

0,5

0

5

Басу аралығында қолды төстен аламыз, оның бастапқы қалпына келуі үшін

1,0

0,5

0

6

Жүректің тікелей емес массажын жасағанда жасанды тыныс алдыру мен кеуде клеткасын басу қатынасы 1:5 – егерде 2 адам көмек берсе, ал реанимация жасаушы адам біреу болса 2:10; 3:15 болады.

2,0

1,0

0

7

Реанимациялық шаралар жасап болған соң 1 минуттан кейін өмірге қажетті ағзалардың қызметін тексеру

1,0

0,5

0

8

Реанимациялық шараларды өмірлік қызметі қалыптасқанға дейін немесе «жедел жәрдем» келгенше жасау қажет

1,0

0,5

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

3 кезең


дәрілік заттарды тамыр ішіне енгізу
Интернге тапсырма: Емтихан қабылдаушыға әр этапты комментарий жасап отырып, муляжда дрілік затты - 2,4% эуфиллинді, крупозды пневмониясы бар 13 жастағы науқас баланың тамыр ішіне енгізуді көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: лоток, лотокты жауып тұратын және 4 қабаттан тұратын бөзді сүрткіш (салфетка), пинцет, кіші сүрткіштер, мақталы шариктер, бетперде, қолғап, халат, сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір реттік система, кереуеттен жоғары 1,0 -1,5 м ұзындықтағы тамшылатқыш үшін штатив, клеенкалы жастықша, жгут, лейкопластырь –ұзындығы 3-4 см және ені 1 см болатын 2 лента, дәрілік ерітіндісі бар флакон, дезинфекцияға арналаған ыдыстағы дезинфекциялық ерітінді, маркировкасы бар ветошь, 70% спирт, қайшы, муляж.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Процедураға дайындық. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнату. Оған дәрілік затты енгізу мақсатын, жолын, маңызын түсіндіру. Пациенттен және оның ата-аналарынан процедураға рұқсат алу. Гигиеналық деңгейде қолды өңдеу, зарарсыздандырылған халат, бетперде және қолғап кию. Қолғапты киер алдында қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеу.

1,0

0,5

0

2.

Сүрткіш, мақталы шарик және пинцеті бар зарарсыздандырылған лоток дайындау. Тамшылатып енгізу үшін бір реттік система дайындау. Оның жарамдылық мерзімін және екі жағынан қысып серпімділігін тексеру.

1,0

0,5

0

3.

Инфузия үшін 2,4% эуфиллин ерітіндісін 13 жасар науқас балаға дене салмағына сай мөлшерде есептеп дәрілік заты бар флакон дайындау. Жарамдылық мерзімін, сыртқы түрін тексеріп, дәрігер тағайындауымен салыстыру, қайшымен флаконнан металды қақпақшасын шешу. Флаконның пробкасын 2 рет спиртпен өңдеу.

1,0

0,5

0

4.

Ораманы шешіп, системаны алу. Системадағы роликті қысқышпен жабу. Системаның пластикалық ұшын флаконға енгізу. Флаконды төмен қаратып аударып, штативке ілу.

1,0

0,5

0

5.

Тамшылы камераны қысып, жартысына дейін ерітіндімен толтыру. Роликті қысқышты ашу. Системаның ұшын төмен түсіріп, ауа көпіршіктерін шығарып, система түтікшесін ерітіндімен толтыру. Роликті қысқышты жабу.

1,0

0,5

0

6.

Процедуарны орындау: пациентті ыңғайлы етіп жатқызу. Пациенттің шынтағының астына клеенкалық жастықша қою. Көктамырды зерттеу. Иығын салфеткамен орап, иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне көктамырлық жгут қою. Пациенттің жұдырығын ашып және жұмуын сұрау. Көктамырды зерттеу.

1,0

0,5

0

7.

Көктамырдың пункция орын 2 рет 70% спирттелген шарикпен сүрту. Мақталы шарикті дезинфекциялық ерітіндіге тастау. Инені қалпақшасымен бірге системадан шешу, содан соң- инеден қалпақшасын шешу. Сол қолдың үлкен саусағымен енгізетін жерден төмен көктамырды фиксациялау. Инені оң қолмен канюлясынан ұстау

1,0

0,5

0

8.

Пациентке қолын жұмуын ұсыну. Көктамырға ине ұзындығының 1/3 енгізіп, канюля астына зарарсыздандырылған салфетка қою. Канюлядан қан салфеткаға тамшылап тұрғанына көз жеткізу. Жгутты шешу. Пациентке қолын ашуын ұсыну

1,0

0,5

0

9.

Системадағы қысқышты ашу. Системаны иненің канюлясына жалғастыру. Салфетканы ауыстыру. Инені лейкопластырмен бекітіп, енгізу орнын зарарсыздандырылған салфеткамен жабу. Роликті қысқыш көмегімен тамшының түсу жылдамдығын реттеу. Ауалы клапанды ашу. Тамырға енгізу кезінде пациенттің жағдайын және көңіл-күйін бақылау

1,0

0,5

0

10.

Процедураны аяқтау: роликті қысқышты жабу. Инъекция орнын тері антисептигі бар шарикпен /салфеткамен/ қысып, инені шығару. Пациенттен шынтақ буынында бүгуін сурау. Инъекциядан кейінгі гематоманың профилактикасы

1,0

0,5

0




Максимальды балл


10,0

5,0

0

4 кезең


ЛюмбальдІ пункция
Интернге тапсырма: Әрбір этап бойынша тренажерда любальді пункцияның жасау техникалы көрсету.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: тренажер, стерильді ине, люмбальды пункция жасау үшін мандренмен, стериьлді салфетка, ваталық шариктер, спирт, 1пайыз йоддонат ерітіндісі, стерильді пробрика, пинцет.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1

Науқасқа процедурамен мақсаты, қалай өтуін түсіндіру, қолда гигиеналау деңгейде өңдеу, стерильді халатты, бетперделі, қолғапты кию. Қолғапты кимес бұрын антисептикалық ерітіндімен өңдеу қажет.

1,0

0,5

0

2

Омыртқаны қатты бүгу күйінде науқасты бір бүйірге жатқызып, тізені бүгіп және аяқты ішіне тарту керек.

1,0

0,5

0

3

Пункция жасайтын жерді белгілеу:

1,0

0,5

0

4

Науқастың терісін ортасынан шетке қарай спиртпен және 1пайыз йодонатпен өңдейді.

1,0

0,5

0

5

Пинцетпен белгілі аймағына инені мандренмен жібереміз.

1,0

0,5

0

6

Ине өрнекше асты кеңістігіне жеткенде (кеңістікке құлау сезіне) мандренді жайлап алу.

1,0

0,5

0

7

370С қыздырылған стериьлді пробиркаға ағып тұрған сұйықтарды жинау.

1,0

0,5

0

8

Инені алу. Пункция орнын стерильді салфеткамен жабу.

1,0

0,5

0

9

Науқасты арқасына жатқызып жастыққа 24 сағатқа қалдырамыз.

1,0

0,5

0

10

Алынған қорытынды анализді бағалау.

1,0

0,5

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

5 кезең


жүрекке дефибрилляция жүргізу
Интернге тапсырма: емтихан қабылдаушыға әр бір сатысын түсіндіре отырып, тренажерде дефибрилляция жүргізу техникасын көрсетіңіз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төмендегі көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: тренажер, дефрибиллято, тоқ өткізгіш гель.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1

Науқасты горизонтальды қалыпта шалқасыннан қатты, тегіс жерге жатқызу

1,0

0,5

0

2.

Науқастың кеудесінің алдынғы жағын киімдерден босату

1,0

0,5

0

3.

Электродтарды арнайы тоқ өткізгіш гельмен сүрту

1,0

0,5

0

4.

Қажетті разрядты теру: («монофазалық» импульс) алғашқы әрекетте – 200ДЖ, сәтсіз болса -300Дж, кейін - 360 Дж

1,5

0,75

0

5.

Кеуденің алдынғы жағына электродтарды дұрыс орналастыру; бір электородты- оң жақ бұғана асты 2 қабырға аралыққа, екінші электродты – жүрек ұшы проекциясына

1,5

0,75

0

6.

Кеуде электродтарды қатты басу (10кг күшпен)

1,5

0,75

0

7.

Көрсетілген разраядты беру


1,5

0,75

0

8.

Әр әрекеттер арасындағы уақытты дефибрилляцияның эффектін бағалау үшін, қажет болғанда келесі әрекеттің разрядын белгілеу үшін үнемді қолдану

1,0

0,5

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

6 кезең


Қыз БАЛАНЫҢ қуыҒЫН катетірЛЕУ
Интернге тапсырма: Қыздарға қуықты катетіризациялауды тренажерде жүргізу техникасын демонстрациялаңыз, экзаменаторлерге әрбір этапын айтыңыз.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: тренажер, сәйкес диаметрімен эластикалық катетір. Тұйық шектелген ұшымен және бүйірінде тетіктерімен, анатомиялық пинцет (2шт), латексті қолғаптар, мақта шариктері және дәке салфеткілер, фурациллин ерітіндісі 1:5000, глицерин болмаса вазелин майы, лоток, несепті жинайтын ыдыс, дезинфекциялайтын ертінділермен ыдыс, астына салатын кленка, жуындыру үшін антисептикалық ертінді.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулер-мен орындады

Орындал-ған жоқ

1

Процедураға дайындалу. Науқаспен сенімді қатынас құру. Пациенткамен процедураның мақсатын және жүргізу жолын түсінікпен түгелдеу, оның келісімін алу, жасауға болмайтын жағдайларды толық ескеру (уретраның тесілуі). Пациентканың жамбасына клеенка пленкасымен салу. Клеенканың үстіне судно қою.

1,0

0,5

0

2

Пациентканы жуындыру үшін керекті жабдықтарды дайындау. Сыртқы жыныс органдарын жуу. Перчаткаларды ауыстыру, катетіризация жасауға керекті жабдықтарды дайындау, пинцетті оң қолға алу

1,0

0,5

0




Процедураларды орындау.










3

Үрпіні сол қолмен алу, оң қолмен пинцтпен дәке салфетка, фурациллин ерітіндісіне батырылған дәке алу. Кіші үрпі аралығын, несеп шығар тесікті жоғарыдан төмен қозғалыспен өңдеу

1,0

0,5

0

4

Дәке салфетканы ауыстыру. Несеп шығар каналдың тесігіне бір минут оны залалсыздандыру мақсатында дәке салфетка фурациллин ертіндісіне салынған басу. Дезинфекциялау ертіндісіне салфеткіні тастау, пинцетті ауыстыру.

1,0

0,5

0

5

Жазатын перо тәріздес жұмсақ катетірді ұшынан пинцетпе соңына 4-6см жетпей алу. Катетірдің сыртқы ұшын қолдың сыртынпа алып және оң қолдың 4 және 5 саусақ аралығымен қысу.

1,0

0,5

0

6

Катетірдің ұшын стерильді вазелин құю Сол қолмен жыныс ернін ашу, оң қолмен ақырын катетірді несеп шыққанша 4-6см енгізу

1,0

0,5

0

7

Несепті жинау ыдысына катетірдің бос ұшын түсіру. Керекті жағдайда несепті бактериологиялық тексеруге жинау. Пинцетті деинфекциялау үшін лотокқа тастау

1,0

0,5

0



Процедураның аяқталуы.










8

Несеп тамшылап шыға бастаған кезде сол қолмен іш пердесінің үстін қуық төбесінен басу. Катетірден несеп шығуы өздігінен тоқтағанда катетірді жайлап алу.

1,0

0,5

0

9

Несеп шығар каналды несептің қалдығымен жуу, ол табиғи жолмен. Катетірді дезинфекциялайтын ыдысқа тастау.

1,0

0,5

0

10

Перчатканы шешу, дезинфекциялайтын ертінді ыдысқа салу. Қазіргі қолданымдағы инструкцияға (бұйрыққа) сәйкес пайдаланылған заттарды дезинфекциялау. Қолды жуу, кептіру

1,0

0,5

0




Максимальді балл


10,0

5,0

0

7 кезең


дем алу ақауы синдромы бар нәрестеге шұғыл көмек көрсету

Интернге тапсырма: Интенсивті жасанды өмірді қамтамасыз етуге арналған PEDI BLUE денесі моделі тренажерында көрсету. ӨЖЖ және жүрекке тікелей емес массажын (уқалау) жүргізіңіз.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген әр пункт бойынша интернді бағалаңыз.

Қажетті құралдар: PEDI BLUE тренажеры, сағат немесе секундомер.




Қадамдарды бағалау

критерийлері


Балл бойынша бағалау

Барлығын дұрыс орындады

Ескертулермен орындады

Орындалған жоқ

1.

Нәрестенің жағдайын бағалау. ӨЖЖ-ге (ИВЛ) көрсеткіштерді анықтау. Науқасты тегіс қатты жазықтыққа арқасымен жатқызу.

1,0

0,5

0

2.

ӨЖЖ-ін жүргізетін субординатор нәрестенің бас жағында немесе оң жақ бүйірінде тұруы тиіс.

1,0

0,5

0

3.

Масканы кигізу үшін алдымен иек, содан соң мұрын қамтылады. Герметикалық қасиетін бағалау үшін масканы кигізгеннен кейін қапшықты 2-3 рет қысамыз және көкіректің экскурсиясын бақылау.

2,0

1,0

0

4.

Желдету кезінде тыныс алу жиілігі есепке алынады, желдету минутына 40-60 тыныс қимылдары (қапшықты қысу арқылы) жиілігімен жүргізіледі.

1,0


0,5


0

5.

Нәрестенің жүрегіне тікелей емес массаж жасағанда қысым төстің төменгі 1/3 бөлігіне (семсер тәрізді өсінді қамтылмайды) түсіріледі. Төстің ену тереңдігі 1-2 см.

1,0

0,5

0

6.

Жүрекке тікелей емес массажды жасауды жасанды тыныс алумен бірге жүргізгенде - тыныс алу және көкірек клеткасын басудың қатынасы 1:3 болады. (Әрбір үшінші төске басудан кейін 1 тыныс алу)

1,0

0,5

0

7.

Реанимациялық шаралар басталғаннан 1 минуттан кейін өмірлік функциялар қалыптасқандығын тексеру, цианоз жоғалуы тиіс.

2,0

1,0

0

8.

Реанимациялық шаралар өмірлік қабілеті қалыптасқанша жүргізіледі.

1,0

0,5

0



Максимальді балл

10,0

5,0

0

8 кезең



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет