ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк



бет14/24
Дата27.12.2023
өлшемі383.21 Kb.
#488165
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
дәрістер БӘ

«Жер қазғандар» повесінің идеялық, көркемдік маңызы зор. Хикаядағы Гүлия, Бұзаубақ, Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушы адамгершілік мәселелерін көтереді.
Сәкен Сейфуллин өлеңді 1910 жылдардан жаза бастаған. Оның алғашқы өелңдер жинағы 1914 жылы «Өткен күндер» деген атпен басылған. Одан кейін де ақын көптеген шығармалар жазған. Бірақ сол кездегі саяси жағдайдың ауырлығынан ақынның өлеңдері жинақталып басылмаған. Сәкеннің бірқатар өлеңдері мен мақалалары «Айқап» журналында, «Тіршілік» газетінде, т.б. баспасөз беттерінде жарияланған. Олардың бірқатарын сқын 1922 жылы шыққан «Асау тұлпар» деген жинағына кіргізген.
Сәкеннің алғашқы шығармалары, негізіне, сол дәуірде өмір сүрген демократ ақын – жазушылар ой-пікірімен үндес келеді.
Ақын надандық пен ескі феодалдық әдет-ғұрып заңдары езіп, тоздырған қазақ өқауымының күн көрісіне налиды. Халықтың тағдыры туралы ойлайды. «Түс» деген өлеңінде ескі өмірді қорғансыз бақша күйінде, қазақ халқын сол бақшадағы қураған ағаштар түрінде бейнелейді. Елді болашаққа сүйрер күшті жастар бойынан танып, оларды сол бақшадағы көк шыбыққа теңейді.
Көк шыбықтар көбейсе, тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша қайғы кетіп, - деді.
Қазақ халқының қараңғылықта қамалып отырғанының бір себебін ХХ ғасыр бас кезіндегі демократ ақын-жазушылардың көбі оларды ілгері бастар басшысының жоқтығынан көрді. Сәкен де өзінің «Кім басшы аға халыққа?» деген өлеңінде осы тақырыпқа үн қосады. Ақын жөн білмей адасып, надандыққа қалып отырған халыққа басшы болар адал, ардагер ұлдарды аңсайды.
Сәкен жинағындағы өлеңдердің мазмұны ақынның ол кезде ағартушылық бағыт ұстағанын байқатады. Ол «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ», «Інішегіме» атты өлеңдерде халықты өнер-білімге үйренуге, мәдениетті болуға шақырады.
Бірқатар өлеңдерде жастай білім қуып елден алыс жүрген жас адамның елге, туған жерге деген сағынышы, ауыл тұрмыс-тіршілігінің суреттері беріледі. («Нұра», «Туған ел», Жайлауға көшу», т.б.)
Сәкен Абайдың ақындық өнерінен үйренген, соны үлгі тұтқан. «Ақын» деген өлеңінде ол Абайды «Сөздің нақышын қиыннан қиыстырған» ұлы ақын деп бағалайды. Абайдың ақындық стилі Сәкеннің жастық-махаббат жырларына да әсерін тигізген.
Әлеуметтік көзқарасының айқындығымен, халықтық ой-пікірді көтере білуімен, өлең өрнегі саласындағы ізденістерімен «Өткен күндер» Сәкеннің болашғын айқындайды.
Сәкеннің бұдан кейін (1915-1916 жылдары) жазған өлеңдері де оның іздену, өсу жолы халық өмірімен тығыз байланыста екенін дәлелдейді. Халық мұңын айту мен азаттықты аңсау тақырыбы бұл кезде ақын шығармаларынан мол орын алады. «Көңіл» деген өлеңінде ол төңкеріс алдындағы халық көңіліндегі толқуды аңғартады. Лирикалық кейіпкерде іздену, жан-жақты шарқ ұрып, талпыну бар.
Сәкен алғашқы өлеңдерімен-ақ өзі өмір сүрген дәуірдің талаптарына жауап беруге тырысты. Сонымен бірге ақын ағартушылықтың тар шеңберінде қалып қоймай, күрес дәуірінің от-жалынын кеше, жаңа әдебиетке өтті. Халықтың азаттық жолындағы күресі мен ерлік жорығыншығармаларына арқау ете білді.
Қоғамдық дамудың өзгешеліктерін бейнелеу, оны бұрынғы өмірдің мешеу көріністеріне қарсы қою – Сәкен Сейфуллин позиясының ең бір өзекті тақырыбы. Төңкеріс тудырған қоғамдық өмірдегі қарқынды өзгерістер ақын шығармаларына негіз болған. 1922 жылы басылып шыққан өлеңдерінің жинағына Сәкен «Асау тұлпар» деген атты тегін таңдамаған. Асау тұлпар – мешеулік пен меңіреу тыныштық басқан қазақ даласын ұйқыдан оятқан, оған жаңа дүниенің дүбірін жеткізген өзгеріс үні.
Сол тұстағы Сәкен жырларының барлығына да астына асау тұлпар мінім жорыққа аттанған, кең даланы дүбірлетіп ән шырқаған күрескер адам бар.Тұлпар үні ескі өмірдің тыныштығын бұзып, жаңа дәуірдің ұранын таратады. Асау тұлпарды жаңа өмірдің айбынды асаулығын, ерлігін танытарлық образ есебінде пайдалана отырып, ақын оған жаңаша сипат береді. «Қызыл шашақ оқа ұстап, айдарына қызыл шоқ» тағады. Бұл арқылы ақын қазақтың халықтық әдебиетіндегі дәстүрлі тұлпар образына жаңа заман өзгерістерін танытар тың мазмұн береді.
Шығармаларының көбін еліміздегі жаңаруды бейнелейтін азаматтық пафосқа құрғанмен, Сәкен қазақ поэзиясындағы көрнекті лирик ақындардың бірі болып саналады.
Жаңа дәуірдің сыршыл, ойшыл ақыны есебінде Сәкен өз поэзиясында халықтық гуманизм мен күрес арқылы қоғамды, табиғатты жаңарту идеясын терңірек көтерді. Ол табиғаттың әсем жыршысы облды. Республика табиғатының ең бір бай өлкесі – Көкшетау қазақ поэзиясында Сәкеннің осы аттас поэмасы арқылы әсем де әсерлі жырланды. Табиғатты Сәкен әрқашан оны мекендеген адамның көңіл-күйімен, оның еңбегімен байланысты жырлайды. Ақынның күрес жырларында да лирикалық кейіпкердің еліне, халқына деген сезім күйлері табиғатқа ынтықтық арқылы ашылады. «Қамауда», «Сағындым» өлеңдері бұған нақты дәлел. «Далада», «Қырда» атты өлеңдерінде ол даладағы өзгеріс үнін дала желі арқылы таратып, табиғаттың қуанышқа бөленген шат күйіне назар аударады.
Есіп кеп майда желдер таудан асып,
Құшақтап аймалайды амандасып.
Естіген, көрген-білген сырын маған
Айтысты қуанысып, сыбырласып.
Күлімдеп гүл шашақтар басын иді.
Құшақтап майда еске жел беттен сүйді.
Қуаныш сырын айтқан ғашығымдай,
Ескектің көкірегімен лебі тиді.
Табиғаттың кіршіксіз, адалдығын тамашалаған «Ақша қар» өлеңін ақын былғанышты ескі дүниеге қарсы қояды. «Күздігүні далада», «Жаздыгүні далада» атты өлеңдерінде ол ауыл көріністерін табиғат суретімен байланыстыра ашады.
Сәкен өлеңдері дүнеині өзгерте алатын адамның тегеурінді күшін нақты шындыққа негіздеп суреттеуге құрылған. Олардағы сөздер қиялдан емес, ақынның астарлы, көркемдік беійнелі ой жүйесінен туған. Аспандағы жұлдызды жерге әкеліп,жердің көркі ету де осындай бейнелікті танытады. Сонымен бірге бұл жырларда болғаннан гөрі, боладыға сену, төңкерістің лепті үміті байқалмай қалмайды. Ақын заманның қайшылығын ьани алмады, алданды.
Сәкен әр жақты талантты ақын. Ол саяси-азаматтық лирикаға қоса, адамның көңіл-күйін, табиғатты, махаббатты суреттейтін сырлы өлеңдер жазған. Ол тұтқында жатқанның өзінде туған жер сағынышына сол өлкенің сұлу табиғатын, сүйген жарға деген сезімін қосып әсем лирика тудырды.
Ақын домбыраны да халықтың көңіл-күйін алаңдатар образ есебінде пайдаланды. Ол ел басындағы қайғыны да, жаңа күрес үнін де домбырадан таниды. Ақын өлеңінің негізгі шумақтарда айтылатын ойды анықтай түсу үшін ұзақ ырғақты қосымша тіркестер жасайды. «Тоқу фабригінде» деген өлеңде ақын өлең үлгісін дөңгелектің айналып шыққан дыбысының ырғағына құрады. Сәкеннің бұл үлгілері өлең үлгісіне жасалған тәжірибенің бір көрінісі. Бұл тәріздес ізденістер орыс поэзиясында да (Маяковский) болған. Сәкен сонымен үндесуге тырысты.
Сәкен Сейфуллин – аса көрнекті қазақ ақыны және белгілі қоғам қайраткері Ол жас қазақ кеңес әдебиетінің жетілуі мен идеялық қалыптасуына мол еңбек сіңірді. Азаттық жолныдағы күрестің от-жалынын баснан кешкен табанды күрескер ақын есебінде ол қазақ әдебиетіне тұңғыш ерт күрес рухын алып келді. Сәкеннің шығармалары арқылы ұлттық әдебиетте азаматтық сарын қалыптасты. Жан-жақты талант иесі Сәкен жас әдебиеттің барлық жанрында қызмет етіп, проза, поэзия, драматургия саласында елеулі шығармалар қалдырды. Әдебиет сынымен, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ол әдебиеттің дәуір талабына үндес болы үшін күресті.
Сәкен Сейфуллин 1922-1925 жылдары “Еңбекші қазақ” (Ег. Қаз) редакторы болады. 1925-1937 ж. Жазушылар Одағында, жоғарғы оқу орындарында, ұстаздық етті. 1925-1927 ж. Қызылорда халық ағарту институтында, 1927-1928 ж Ташкент педагогикалық институтында 1930-1937 ж. Қаз НИ –де мұғалім болып істейді. 1914 ж. “Өткен күндер” жинағы басылып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет