ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк


а) Мектеп жасына дейінгі балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана



бет2/24
Дата27.12.2023
өлшемі383.21 Kb.
#488165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
дәрістер БӘ

а) Мектеп жасына дейінгі балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер, белгілі оқиғаға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемімен, өзін қоршаған, күнде көріп жүрген оқиғалардан алынады. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы келеді. «Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек» деп бес саусақты санату, таныту, тағы сол сияқты баланы ойната отырып күлдіру, күлдіре отырып өмірге үйрету жағы көзделген. Шығарманың жатталуы да қиын болмауы тиіс. Мысалы:
Ал, білек, ал білек,
Балбыраған бал білек
Аулың толы мал, білек
Атқа тоқым сал, білек –
деген сияқты ойнақы болып келеді. Оның жатталуы да қиын емес. Бұл жаста өлең сөздері айрықша әсер етеді. Өйткені, бұл жастағы балалар естігенін жаттап алуға әуес.
ә) Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиет. Бұл жеті мен он жастың арасын қамтиды. Жүйелі түрде өтілетін мектеп оқуы, мектеп бағдарламалары бұл жастағы балалар үшін жазылатын көркем шығармалардың білім берерлік және тәрбиелік мәнін тереңдете түсуді талап етеді. Балаға қоршаған айналаны, ортаны толығырақ, кеңірек таныту көзделеді.
Бастауыш сынып оқушылары бұл кезде мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда едәуір білімді, тәжірибелі болады. География мен табиғаттанудан алғашқы мәлімет алады. Отанымыздың бастан кешірген дәуірлері жайында мәлімет ала бастайды. Мектеп өміріне тереңірек үңіліп, қоғам жұмыстарына тез араласып кетуге ынталанып тұрады. Поэзиялық шығармалар, хайуанаттар жайындағы әңгімелер, ертегілермен қатар, енді қиял-ғажайып салт ертегілерді оқуға көбірек көңіл бөледі. Әсіресе, Алдаркөсе мен тазшалар бейнесі, олардың тапқырлығы мен ақыл-айласы, бұл жастағы балаларды таң-тамаша етеді. Қуақы, қызықты етіп жазылған, тапқыр ойға құрылған кітаптарды іздеп жүріп, қолдан қолға тигізбей оқиды. Бұл жастағы балалар үшін өзін қоршаған орта жайлы, табиғат ғажайыптары жайлы, олардың әр алуан тілектеріне, сұрақтарына жауап берерліктей әдемі суреттермен нақышталған ғылыми-фантастикалық көркем әдебиеттер болғаны жөн. Дүние ғажайыптарын танытатын суретті кітапшалардың мол болуының бұл жастағы балалар үшін маңызы зор.
б) Балалар әдебиетінің бұл сатысы он бір мен он үш жас арасын қамтиды. Бұл жастағы балалар көбіне ғылыми-фантастикалық кітаптар мен саяхатшылар жайындағы және шытырман оқиғаларға құрылған кітаптарды оқуға құмартады. Олар енді ертегілер оқудан гөрі күрделі мәселелерді қозғайтын әңгімелер мен повестер, очерктер мен естеліктер оқуға ден қояды. Өздеріне үлгі, өнеге тұтарлық тұлғалар өмірінен жазылған биографиялық шығармаларды ідеп жүріп оқитындай деңгейге жетеді.
в) IХ-ХI сынып оқушылары өткінші шақтан өтіп, кәмелеттік дәрежеге жетеді. Сондықтан да 15-17 жас арасындағы жасөспірімдер көбінесе үлкендер оқитын шығармаларға әуес келеді. Жоғары сынып оқушыллары өздері оқып жүрген сан алуан пәндер төңірегінде сабаққа пайдасы тиетін шығармаларды іздестіреді.
Қазақ балалар әдебиетінде батырлық, ерлік дәстүр, өнеге тұтқан ұлы өнерпаздар, еңбек ерлері, батырлар, ғылым ашқан ғаламаттар бәрі-бәрі сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет