Оңтүстік Қазақстан облысында 2012 – 2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын



Дата24.02.2016
өлшемі225.29 Kb.
#13566



Оңтүстік Қазақстан облысында

2012 – 2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын

жүзеге асыру жоспары

Шымкент қ. - 2012 ж.


Оңтүстік Қазақстан облысында 2012-2020 жылдарға арналған

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары




  1. Төлқұжаты




Атауы

Оңтүстік Қазақстан облысында 2012-2020 жылдарға арналған «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары (бұдан әрі-жоспар)

Жоспарды әзірлеуге негіздеме

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 21.06.2012 жылғы № 821 қаулысын жүзеге асыру


Жоспарды әзірлеуге және жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік орган

«Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ


Мақсаты

Халықтың қалың жігі үшін және жас отбасыларға жалдамалы тұрғын үйлердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үйлер салуды дамыту мәселелерін кешенді шешу.



Міндеттері

Халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жаңа тұрғын үйлер салу қаралған, оның ішіндегі негізгі бағыттары:

  1. ТҚЖБ арқылы кредиттік тұрғын үйлер.

  2. Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер.

  3. Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер.

  4. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйлер.

  5. «ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үйлер.

  6. Коммуналдық тұрғын үйлер.

7. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы берілетін тұрғын үйлер.

8. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұры-лым.




Іске асыру мерзімі

2012 – 2020 жылдар


Нысаналы индикаторлары:

Құрылысы 2012-2020 жылдары жүргізілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы – 3 387,2 мың шаршы метр (бұдан әрі-мың ш.м.), оның ішінде:

– 767,4 мың ш.м. – республикалық бюджет қаражаттары есебінен салынатын жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлер;

- 715,2 мың ш.м. – облыстық бюджет қаражаттары есебінен салынатын коммуналдық тұрғын үйлер;

- 1 904,6 мың ш.м. – жеке тұрғын үй салушылар қаржылары есебінен салынатын тұрғын үйлер.



Қаржыландыру көздері мен көлемі

2012-2020 жылдары бюджеттен қарастыруды қажет ететін қаржы көлемі 201 203,7 млн. теңгені құрап отыр, оның ішінде:

республикалық бюджеттен - 118 628,7 млн. теңге, оның ішінде:

- тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы салынатын кредиттік тұрғын үйлерге – 14 922,5 млн. теңге;

- кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына – 16 856,4 млн. теңге;

- жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына – 11 842,5 млн. теңге;

- «ҚИК» АҚ арқылы салынатын жалға берілетін тұрғын үйлерге - 28 468,2 млн. теңге;

- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйлерге - 1539,1 млн. теңге;

- Жеке тұрғын үйлерге жүргізілетін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына – 45 000,0 млн.теңге;

жергілікті бюджет есебінен 82 575 млн.теңге, оның ішінде:

- коммуналдық, кредиттік тұрғын үй құрылысына – 69575 млн. теңге;

- жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысын қоса қаржыландыру – 8000 млн. теңге.

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына ЖСҚ әзірлеу және құрылысын жүргізуге – 5 000,0 млн. теңге.

2012 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті ағымдағы қаржыландыру жылында республикалық және облыстық бюджеттердің болжамды көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын болады.







  1. Кіріспе



Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2012 жылғы 12 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында азаматтарды, оның ішінде бірінші кезекте жас отбасыларды ұзақ және қысқа мерзімге жалға беру, кейіннен сатып алу жолымен тұрғын үйлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылған.

Жоспар табыс деңгейі әр түрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің әлеумметтік жағынан қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоспар аясында мынадай негізгі бағыттар белгіленген: ТҚЖБ арқылы сатып алуға бағытталған тұрғын үйлер құрылысы, кезекте тұрғандар және жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы тұрғын үй құрылысын жүргізу, «ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үйлер салу, ТҚЖБ арқылы несиелендіру жолымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы.
3. Ағымдағы жағдайды талдау


    1. 2005- 2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы бойынша қорытындылар



              1. Тұрғын үй қорының жағдайы

Оңтүстік Қазақстан облысының жер аумағы – 117,3 мың ш. км.

Халық саны – 2 642,7 мың адам (1.05.2012 жылғы жағдай бойынша)


Әкімшілік – аумақтың орналасуы:

:


  • Елді мекендер - 900

  • аудандар – 11

- қалалар - 4





қ/с

Аудандар мен қалалар

Халық саны

1

2

3

1

Бәйдібек

54 081

2

Қазығұрт

105 878

3

Мақтаарал

295 111

4

Ордабасы

112 105

5

Отырар

55 916

6

Сайрам

305 751

7

Сарыағаш

298 758

8

Созақ

56 006

9

Төлеби

130 968

10

Түлкібас

105 002

11

Шардара

77 889

12

Арыс

66 732

13

Кентау

87 988

14

Түркістан

241 175

15

Шымкент

649 397

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында Тұрғын үй қоры 42 663,0 мың ш. м. (526,7 мың тұрғын үй) құрайды, оның ішінде көп қабатты тұрғын үйлер - 5348 мың ш. м. (3,4 мың тұрғын үй).

Халық саны 2 642,7 мың адам болған жағдайда бір адамға тұрғын үй алаңы орта есеппен 16,1 шаршы метрден түседі.

Облысымызда тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында 7 жыл ішінде 3 753,0 мың ш. м. тұрғын үй (57 750 пәтер) салынып, пайдалануға берілген, оның ішінде мемлекеттік қаржы есебінен 638,2 мың ш.м. (9818 пәтер), оның ішінде:



  • кредиттік тұрғын үй –304 мың ш.м. немесе 4676 пәтер;

  • жалға берілетін тұрғын үй – 61,4 мың ш.м. немесе 945 пәтер;

- басқа да тұрғын үйлер - 272,8 мың ш. м.

Осы мақсатта барлық қаржыландыру көздерінен 236,5 млрд. теңге жұмсалған, оның ішінде мемлекет қаржысы– 18,4 млрд. теңге.


Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру, мың ш. метр

□ - Барлығы

□– оның ішінде ЖТҮ құрылысы

Диаграммадан көрініп тұрғандай тұрғын үй құрылысы 2005-2006 жылдары қарқынды жүрген. Бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс бұл саланы да айналып өтпеді. Мәселен, 2007 жылдан бастап тұрғын үй құрылысын жүргізу тоқырауға ұшырап, көлемі азайған. Тек 2010 жылдан бері тұрғын үй құрылысының қарқыны өсіп келе жатқаны анық байқалып тұр. 2005-2011 жылдары аралығында тұрғын үй құрылысының елеулі өсуі Шымкент, Кентау қалаларында, сондай-ақ Сарыағаш, Төлеби аудандарында тіркелген, себебі бұл аумақтарда облысымыздың ірі және орта өндірістік кәсіпорындары шоғырланған.

Меншік нысаны мен қаржыландыру көздеріне қарай пайдалануға тапсырылатын тұрғын үйлердің құрылымы да өзгеріске ұшырады. Түбегейлі өзгерістер жеке және дербес салушылар есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй жүйесінде орын алды.

Тұрғындар қаржысы есебінен 2 978,4 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға тапсырылды немесе 22 226 пәтер. Орта есеппен жыл сайын 3,1 мыңнан аса пәтер пайдалануға берілуде.

2005-2011 жыл аралығында құрылыс жүргізуге 75,8 мың жер учаскесі бөлінген. Жаңа тұрғын алаптарына 1 225,3  км инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілген, бұл бағытқа 20,5 млрд. тенге қаржы жұмсалған.

Аудан және қала әкімдіктері тарапынан елді мекендердің бас жоспарына сәйкес жер учаскелері бөлініп берілуде.

Барлық әкімшілік орталықтар мен қалалардың барлығында дерлік бас жоспар жасалған (100%), ал халық саны 5 мың адамнан асатын елді мекендер 27% қамтамасыз етілген, 54 елді мекеннің ішінде 15 бас жоспармен қамтамасыз етілген, ал қалған елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге қаржылар бөлініп, әзірлеу жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады және 100 пайызға қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж азаматтардың саны 10 мыңнан аса адамды құрап отыр.




Тұрғын үйлердің құнын талдау

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2011 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлердің пайдалы орындарын қоса алғанда 1 ш.м. құрылыстың іс жүзіндегі орташа нақты құны 136,7 мың теңгені құраған. 2010 жылы – 131,3 мың теңге, 3,8% өскені байқалады. 1 ш.м. тұрғын үйдің орташа құны қымбаттырақ түскен Шымкент қаласы – 136,7 мың теңге.



4. Жоспардың мақсаты мен міндеттері
Жоспардың негізгі мақсаты халықтың басым көпшілігінің тұрғын үйге қолжетімділігіне мүмкіндік беретін тұрғын үй құрылысын дамыту мәселеселерін кешенді шешу болып табылады. Мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді құрылыс жүргізу жолымен орындау жоспарланып отыр:

  1. ТҚЖБ арқылы кредиттік тұрғын үйлер.

  2. Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер.

  3. Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер.

  4. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын

үйлер.

  1. «ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үйлер.

  2. Коммуналдық тұрғын үйлер.

7. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы берілетін жалға

берілетін тұрғын үйлер.

8. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым.




5. Жоспады жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
ТҚЖБ арқылы кредиттік тұрғын үй салу
Аталған бағытта 3 жайлылық класы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда

3 жайлылық класы бойынша салынған тұрғын үйдің соңғы әрлеу жұмыстарында 1 ш. м. алаңы үшін құны 90 мың теңге (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) шегінде құралады. Тұрғын үй құрылысының түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларына берілген Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталатын болады.

Егер тұрғын үй құны 1 ш. м. үшін белгіленген бағадан жоғары болғандығы анықталған жағдайда:


  • жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру;

  • 1 ш.м. үшін құны 80 мың теңгеден аспайтын (инженерлік

желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) 4-ші жайлылық класына жататын тұрғын үй құрылысын жүргізу мүмкіндігі қаралған.

Бюджеттік заңнамаға сәйкес тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін құнын жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сәйкес индекстеп отыру қаралған.

Тұрғын үйлер үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілген жер учаскелері бөлінетін болады. Аталған үлгі халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Барлық күш тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне әлеуетті клиенттердің максималды санын тартуға бағытталады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алу шарттарын БАҚ құралдары мен теледидарларда кеңінен тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.



01.06.2012 жылдағы жағдайда аталған бағыт бойынша тұрғын үй сатып алуға 6240 салымшы ниет білдірген.

Облысымызда жыл сайын орта есеппен 17,2 мың ш.м. тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған бағыт бойынша тұрғын үйлер құрылысы тек Шымкент қаласында жүргізіледі, себебі, Бағдарламаға қатысушы ТҚЖБ салымшылары тұрғын үйді облыс орталығынан сатып алуға ниет білдіруде.

2020 жылға дейін жоспар аясында барлығы 155,5 мың ш.м. тұрғын үйлер салу қаралған, осы мақсатқа 14 922,5 млн. теңге жұмсау жоспарлануда. Орта есеппен жыл сайын 265 пәтерден салынатын болады. ОБ есебінен 255,2 мың ш.м. тапсыруға, 26 000,0 млн. теңге бағыттау жоспарланып отыр. Жылсайын 436 пәтер салынады.

Жоспарды іске асыру нәтижесінде шамамен 6240 отбасы пәтерлі болады деп күтілуде. № 1 кесте


Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер
Баспанаға мұқтаждар тізімінде тұрған азаматтар үшін республикалық бюджет қаражаттары есебінен жалға берілетін (арендалы пәтерлер) тұрғын үйлерді және жергілікті бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үйлерді жобалау және құрылысын жүргізу қаралған.

Бюджет қаражаттары есебінен 4-ші жайлылық класына жататын жалдамалы тұрғын үйлер ғана жобаланып, құрылысы жүргізілетін болады.

Жеке салушылардан 4-ші жайлылық класына жататын мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйдің құны мен (немесе) оны сатып алу 1 шаршы метр үшін 80 мың теңгеден (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) аспауы тиіс.

Қажеттілігіне қарай аталған тұрғын үйлер құрылысы облысымыздың аудандары мен қалаларында да жүргізілетін болады.

Аталған бағытта тұрғын үй құрылысын жүргізуде облысымыздың барлық 15 аудан, қалалары қамтылатын болады.

2020 жылға барлығы 177,3 мың ш.м. тұрғын үй салынады, бұл бағытқа 16 856,4 млн. теңге жұмсау жоспарлануда.

Орта есеппен жыл сайын 330 пәтерден салынады деп күтілуде. Нәтижесінде, 3 мыңнан аса отбасы пәтермен қамтылады.

2 кесте

Қажеттілігі болған жағдайда ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен жергілікті жерге байлам жасау жолымен әзірленген 40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 жайлылық класты бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады.
Жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйлер
Жас отбасылардың тұрғын үйге мұқтаждығын шешу және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын 3 – 4 жайлылық класына жататын тұрғын үйлерді жобалау және құрылысын жүргізу қаралып отыр.

Жас отбасыларға арналған жалға берілетін 4-ші жайлылық класына жататын тұрғын үйлердің 1 ш.м. құны үшін 80 мың теңгеден (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) 3-ші жайлылық класындағы тұрғын үйлер – 90 мың теңгеден (инженерлік желілер құны мен аймақтың сейсмикалық тұрақтылығын есепке алмағанда) аспайтын болады.

Бұл жағдайда аймақтар бойынша пәтердің жалпы алаңының 1 ш.м-нің түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларына берілген Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталатын болады.

1 ш.м. үшін белгіленген бағадан жоғары болған жағдайда жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қаралған.

Бюджеттік заңнамаға сәйкес тұрғын үйдің 1 ш.м. құнын жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сәйкес индекстеп отыру қаралған.

Жыл сайын облысымызда орта есеппен жас отбасылар үшін 14,5 мың ш.м. тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған бағыт бойынша тұрғын үй құрылысымен Сайрам, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандары, сондай-ақ, Шымкент, Түркістан қалалары қамтылатын болады.

Барлығы 2020 жылға дейін бағдарлама аясында 130,9 мың ш.м. тұрғын үй салу қаралған, бұл бағытқа 11 842,5 млрд. теңге жұмсау жоспарлануда.

Орта есеппен жыл сайын 223 пәтер салынатын болады.

Нәтижесінде, 2,4 мыңнан аса жас отбасы пәтер сатып алуға мүмкіндік алады.

Көрсетілген қаржыландыру сомалары аудандар мен қалалардың сұранысы мен кезектілігіне қарай түзетілетін болады.

Қажеттілігі болған жағдайда ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен жергілікті жерга байлам жасау жолымен әзірленген 40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 жайлылық класына жататын бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады.

3 кесте



«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясындағы

жалға берілетін тұрғын үйлер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысымен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы бекітілген.

2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыруға 868 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілген. Шымкент қаласының «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы 480 пәтерлі 6 үйдің құрылысы басталған, нысандарды 2012 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған.

2012 жылы құрылысты аяқтауға 1 539,7 млн. теңге бөлінген.

31,0 мың ш.м. жалдамалы тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Депрессиялық аудандардан қоныс аударушылар болмағандықтан, 2013 жылы республикалық бюджеттен қаржылай қаражаттар бөлу қаралмаған.


«ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үйлер
Жаңа бағыт – «Қазақстандық Ипотекалық Компания» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы («ҚИК»ИҰ» АҚ) арқылы тұрғын үй құрылысы - кейіннен сатып алумен жолымен 2030 жылға дейін жүзеге асырылатын жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлер құрылысы.

Аталған бағыт аясында 2020 жылға дейін Шымкент қаласында 272,7 мың ш. м. тұрғын үйлер құрылысын жүргізіп, пайдалануға берілмек.

Жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы мен сатып алу бағасы 1 шаршы метр үшін соңғы әрлеу жұмыстарымен 4-ші жайлылық класына жататын үйлер үшін 88 мың теңгеден, 3 кластағы – 99 мың теңгеден аспайтын болады.

Бұл жағдайда аймақтар бойынша пәтердің жалпы алаңының 1 ш.м-нің түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларына берілген Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталып отырады.

Бюджеттік заңнамаға сәйкес тұрғын үйдің 1 ш.м. құнын жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сәйкес индекстеп отыру қаралған.
Комуналдық тұрғын үйлер (облыстық бюджет)
Аталған бағыт аясында 4-ші жайлылық деңгейлі тұрғын үйлер салу қаралған.

Тұрғындарға 4 -ші жайлылық деңгейлі тұрғын үйлерді сату бағасы 1 ш.м. үшін соңғы әрлеу жұмыстарымен 80 мың теңге шегінде құралатын болады.

Тұрғын үй құрылысының түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамаларына берілген Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде анықталатын болады

Аталған сызба халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Күштің басым көпшілігі әлеуетті клиенттердің максималды санын тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тартуға бағытталатын болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алу шарттары БАҚ құралдары мен теледидарда кеңінен таратылады.

Аталған бағыт бойынша тұрғын үй құрылысы Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалалары жүргізіледі.

2020 жылға дейін жоспар аясында барлығы 460 мың ш.м. тұрғын үй салу қаралған, осы бағытқа 43575 млн. теңге жұмсау жоспарлануда. Орта есеппен жыл сайын 780 пәтер салынбақ. № 2 кесте

Жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде 7,0 мыңнан аса отбасының пәтер сатып алуға мүмкіндігі болады.

Қажеттілігі болған жағдайда ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен жергілікті жерга байлам жасау жолымен әзірленген 40, 60, 100 пәтерлі 5 қабатты және 4 деңгейлі бір пәтерлі бір қабатты тұрғын үйлердің типтік жобалары қолданылатын болады.


«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры»

АҚ арқылы тұрғын үй салу
Аталған бағыт аясында жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй нысандары бойынша пилоттық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.

«Самұрық-Қазына» АҚ ішкі рәсімдерге сәйкес жеке құрылысшылармен ұсынылған тұрғын үй құрылысы жөніндегі жобаларға іріктеу жүргізіледі.

Жобалар төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскесінің болуы;

мемлекеттік сараптаманың қорытындысы берілген жобалау-сметалық құжаттамасының болуы;

тұрғын үйдің жайлылығы – ҚР ҚНжЕ бойынша 3 деңгейден аспауы тиіс. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы алаңы 120 ш.м. және /немесе/ бір пәтерлі кіші қабатты үйдің – 200 ш.м. аспауы тиіс, ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық жайлар мен автокөлік орындарының болуы;

салушының (инвестор) жобаға қатысудағы қаражылық үлесі жоба құнынан 20% кем болмауы тиіс, жер телімін сатып алу (кадастрлық құны бойынша) мен ЖСҚ әзірлеу шығындарын қоса алғанда, және құрылыс нысаны аяқталғанға дейін тиісті кепілдемелермен қамтамасыз етілуі немесе кепілдендірлген қаржыландыру көздерінің болуы;

бас мердігерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндірісін жүргізуге мемлекеттік лицензияның және өзге де рұқсат құжаттамаларының болуы, өндірістік базасының болуы, құрылыс саласындағы тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

салушының (инвестор) алаңы 8 мың ш.м. кем емес ғимараттарды салуда тәжірибесінің болуы.

Іріктеу барысында басымдық салушының (инвестор) қаржыландыруға қатысу үлесі көбірек жобаларға беріледі.

Баспананың (пәтерлер) жалпы алаңының 1 ш.м. құны 2012 жыл бағасында 120 мың теңгеден аспауы тиіс. Келесі жылдары тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 ш.м. үшін құны құрылыс саласындағы бағалар индексінің өзгеруі есебінен түзетілетін болады.

Тұрғын үйлерді сату екі механизм арқылы жүргізіледі:

1. кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға беру арқылы сату;

2. тұрғындар мен ұйымдарға белгіленген бағаға тұрғын үйлерді тікелей сату, оның ішінде тұрғын үйлерді ипотекалық жолмен және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдану арқылы сату.

Аталған бағыт аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ мен «Корпорация Конти» ЖШС арасында Шымкент қаласының Рысқұлов және Ерімбетов көшелері қиылысындағы алаңы 50,7 мың ш.м. он екі қабаттық екі тұрғын үйімен тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы 14.03.2012 жылғы №48 келісімге қол қойылған. Құрылыстың жалпы қоры - 5,4 млрд. теңге, оның ішінде «Корпорация Конти» ЖШС үлесі - 2,5 млрд. теңге. Тұрғын үйлердің құрылысы 2012 жылдың наурыз айында басталған.

Сонымен қатар, келесі жылдары жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында «Берен» ЖШС, «Отау строй»ЖШС, «Корпорация Ақ Ордасы» ЖШС қатысуымен көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу қаралып отыр.

Кешендердің құрылысын, магистралдық желілерді қоспағанда, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қаржыландыратын болады.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы
Салынып жатқан тұрғын үйлерді уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етудің басты факторы - құрылыс ауданында тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның болуы: орамішілік инженерлік жылумен, сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету желілері, кәріз, инженерлік үймереттер мен жол.

2005-2011 жылдар аралығында жүргізілген тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында облысымызда 11,8 млрд. теңге қаржы игерілген, құрылыс жүргізілетін аумақтарда 705 шақырым инженерлік жылумен, сумен, газбен және электр қуатымен қамтамасыз ету желілері, су шығару мен жол тартылған. 2008-2010 жылдар аралығында 9 мыңнан аса жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Жүрізілген іс-шаралар жыл сайын пайдалануға берілетін жалпы тұрғын үйлер көлемінің 80% -ын жеке тұрғын үйлер құрап, осы деңгейді сақтаға мүмкіндік берді. 7 жыл ішінде шамамен 3,0 млн. ш.м. жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жоспар аясында тұрғын үй құрылысын әрі қарай дамыту мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына републикалық бюджеттен қаржылай қаражаттар бөлу қаралған.

Осылайша, жоспар бойынша жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты тұрғын үйлер үшін 2,8 мың шақырымнан аса инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар үшін жер телімдерінің бөлініп отыруы тұрақты бақылауда ұсталынатын болады (тұрғын үйлер құрылысы басталғанға дейін массив инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі).

Облысымыздың 15 аудан және қалаларында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жалғаспақ, қаржыландыру көлемі 2020 жылға дейін - 50,0 млрд. теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 5,0 млрд. теңге қаралған.



4 кесте

Елбасының 2011 жылғы 13-14 қазандағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы іс-сапары барысында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Президент Әкімшілігі Басшысының 2012 жылғы 2 сәуірдегі №01-38.52 бұйрығымен Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығымен жаңа тұрғын массивінің құрылысы бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілген.

Аталған Жоспарды орындау мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің 5.03.2012ж. №220 қаулысымен «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы (3, 4 кезек) көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына алаңы 2,8 га, 5,0 га жер учаскелері бөлінген. Шымкент қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 35 қаулысымен әкімшілік-іскерлік орталығымен жаңа тұрғын массивінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілген, жобаланатын құрылыс нысанының ТЭН әзірленуі кезеңінде. Жаңа орталықтың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде (инженерлік желілер, жол және қазандықты қайта жаңғырту).

Сонымен қатар, Төлеби ауданы Ленгір қаласында (1 м/а «Самал», «Қазығұрт» м/а), Шардара ауданы Шардара қаласында («Әсем», «Нұротан», «Наурыз»), Кентау қаласында («Болашақ», «Батыс», «Шұғыла») инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысын жүргізу жоспарлануда.

Жеке тұрғын үй құрылысы көлемін арттыру мақсатында жер учаскелеріне жүргізілетін түгендеу жұмыстарына сәйкес ЖТҮ құрылысы үшін бөлінетін жер телімдерін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
Құрылыс индустриясы мен тұрғын үй салуды дамыту шаралар туралы
Тұрғын үйдің қолжетімділігі бірінші кезекте сапалы және арзан құрылыс материалдарын қолдану есебінен қамтамасыз етіледі.

Облысымызда негізгі құрылыс материалдары мен конструкцияларының 50-ден астам түрі өндіріледі, 200-ге тарта кәсіпорындар, цехтар және учаскелер әрекет етеді, оның ішінде 4 ірі және 26 орта кәсіпорындар. Бұл салада 8,5 мың адам жұмыспен қамтылған.

2011 жылы 23,5 млрд. теңгеден астам сомаға құрылыс материалдары өндірілген, 2010 жылға қарағанда 22,4% өсу байқалады (2010 жылы – 19,6 млрд. теңге).

Құрылыс материалдарын шығаратын негізгі өндіріс қуаты Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, аудандары мен Түркістан және Шымкент қалаларында орналасқан.

2011 жылы бұл өндіріс орындары шамамен 23,5 млрд. теңге сомаға өнім өндірген, бұл құрылыс материалдарын өндіру саласының 57,1% құрайды. Өндіріс қуаттары орта есеппен 75% жүктелген.

Тұрғын үй құрылысын салу үшін құрылыс материалдарының негізгі түрлері бойынша «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасында қаралған жылына 350,1 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға енгізуге байланысты баланстар есепетелген

5 кесте

Негізгі 17 құрылыс материалдарының 7 түрі бойынша облысымыз толығымен қамтамасыз етілген: тауарлық бетон – 1,4 есе, қиыршықталған тас – 75 есе, құрғақ құрылыс қоспалары – 14 есе, кірпіш – 4,0 есе, шлаковат – 4,0 есе.

Құрылыс құнын төмендету және жаңа технологияларды дамыту үшін ірі панелді кәсіпорындар мен құрастырмалы-қаңқалы тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл, «А.Р.Т. - Құрылыс» ЖШС қуаттылығы жылына 200 мың ш.м. және «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС қуаттылығы Шымкент қаласында жылына 150 мың ш.м.

Жеке инвестициялар бөлу және германдық технология бойынша жаңа құрылыс жүргізу жоспарлануда.

2012-2014 жылдарға арналған Инустриализациялау картасы аясында қосымша жаңа қуатты өндіріс орындары құрылмақ. олар:

- «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС – темірбетонды өнімдерді шығару;

- «Асыл Тас-Альянс» ЖШС – құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру;

- «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС – газобетонды өнімдерді шығару;

- «АҚ ordasy building» ЖШС – модульді үйлер өндірісі бойынша зауыттар;

- «Ақ жол» ЖШС – темірбетонды өнімдерді шығару зауыты;

- «Компания Юг Пласт» ЖШС – полиэтиленді құбырлар өндірісі;

- «Шымкентқұрылыс» ЖШС - полиэтиленді құбырлар өндірісі;

Сұраныс пен құрылыс көлемінің ұлғаюына сәйкес 2016 жылға дейін барлығы 45 құрылыс инжустриясы нысандарын іске қосу жоспарлануда (цехтар, кәсіпорындар).

Құрылыс материалдарын шығаратын өндірістік қуаттылықтарды толығымен жүктеу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады.

6. Қажетті ресурстар

Жоспарды жүзеге асыруға 2012-2020 жылдары республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары бағытталатын болады.

2012-2020 жылдары бюджеттен қажетті шығындар көлемі 201 203,7 млн. теңгені құрап отыр, оның шінде:

Республикалық бюджет есебінен 118 628,7 млн. теңге, оның ішінде:

- тұрғын үй құрылысжинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салуға – 14 922,5 млн. теңге;

- кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға – 16 856,4 млн. теңге;

- жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға – 11 842,5 млн. теңге;

- «ҚИК» АҚ арқылы салынатын жалға берілетін тұрғын үйлерге - 28 468,2 млн. теңге;

- «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйлерге - 1539,1 млн. теңге;

- инжерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға – 45 000,0 млн. теңге;

Облыстық бюджет есебінен 82 575 млн.теңге, оның ішінде:

- коммуналдық, кредиттік тұрғын үй салуға – 69 575 млн. теңге;

- жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысын қоса қаржыландыру – 8000 млн. теңге.

- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарына ЖСҚ әзірлеуге және құрылысын жүргізуге – 5 000,0 млн. теңге.


2012-2020 жылдарға арналған жоспарды қаржыландыру көлемі тиісті қаржыландыру жылындағы республикалық және жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері аясында нақтыланатын болады.
Жоспарды жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде:

2012-2020 жылдары жалпы алаңы 3 387,2 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда, оның ішінде:

- 767,4 мың ш.м. жалға берілетін, кредиттік тұрғын үйлер республикалық бюджет қаражаттары есебінен;

- 715,2 мың ш.м. коммуналдық, кредиттік тұрғын үй жергілікті бюджет есебінен;

- 1 904,6 мың ш.м. жеке меншік инвесторлар есебінен.

6 кесте






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет