Әлеуметтік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі, қоғамдағы әйелдердің рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс. Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет ете алады.
Жүргізілген талдаудан кейін басшы ұйымның күшті және осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс.
Ішкі ортаны бағалау және талдау
Фирманың ішкі мүмкіндіктерді игере алатындығын, ал сыртқы мүмкіндіктерді пайдалана білетіндігін, сондай-ақ өзіндегі әлсіз тұстарын айыра алуын анықтаудың зор маңызы бар. Процестер көмегімен ішкі проблемалар диагнозын жүзеге асыруды басқарушының тексеруі деп атайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
1.«Проктер энд Гембел» корпорациясының басқару деңгейлерін талдау
2.«Тенғыз Шевройл» корпорация бейнесінің мәдениеті
Әдебиеттер:
1. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005
2. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2006
3. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2006
4. Бердалиев К. Менджмент, Алматы. 2005
5. Рахметов Б.А. Персоналды басқару, Алматы. 2005
6. . Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1999г
6 - Дәріс. Кадрлық қызмет және оның міндеттері
Жоспары:
1.Кадрлық саясат
2.Кадрлық қызмет құрылымы
Компанияның кадрлық саясаты адами қорларды басқару және қызметкерлер құрамын әлеуметтік қолдау саласында Компаниялар тобы жанындағы барлық ұйымдарға арналған бірыңғай саясатты анықтайды.
Кадрлық саясаттың негізгі басымдықтары Компанияның әр еңбеккері – жоғарғы оқу орнының түлегі немесе жұмыс тәжірибесіне ие маман – қаржы, менеджмент және маркетинг сияқты бизнестің үш бағытында түсінігі бар, ақпараттық технологияларды пайдаланумен ең озат деген жабдықта және ең замануи деген өндірісте жұмыс дағдыларын тұрақты түрде иеленуге әрқашан дайын білікті адам. Компанияның қызметкерлер құрамын оқытуға және дамытуға арналған инвестициялар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізудің қажеттіліктеріне сәйкес болуы тиіс. Компания оқудан өткен төменгі өндірістік тізбектерде және практикалық жұмыс тәжірибесіне ие еңбеккерлердің қызметтік өсімі мен дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Білімдерді және тәжірибелерді жинау қолжетімдігінің, білімдерді өзекті жағдайда қолдауда еңбеккерлерді ынталандыру және алмастыру жағдайында ақпаратты беру жүйесіне ие және ол дамуда. Компания басында тәлімгерлік жақсы дамып келеді: еңбеккерлер өз дағдылары мен білімдерімен әріптестерін үйретіп, бөлісуде. Компания қызметкерлер құрамын бағалаудың қазіргі заманға сай, әділ әрі кешенді әдістемелерін пайдалана отырып, еңбек төлемінің жоғарғы деңгейіне және жұмыстың жоғары нәтижелілігін көрсеткен еңбеккерлерді негізгі қызметтерге жылжытуға болысады. Компания жеке жұмыстың тиімділігін арттыруға ұмтылып қана қоймай, бұнымен қатар қызметкерлер құрамы қызметінің жалпы нәтижесі үшін корпоративтік жауапкершіліктің жүйесін де құрып отыр. Компания өз еңбеккерлері инновациялық технологиялық бағыттың қозғалтқышы болуына ұмтылады. Компания Қазақстанның озат ұйымдарының бірі болуына бағытталған жалпы міндетті жүзеге асыратын ниеттестердің ұйымдасқан тобы арқасында үздік ұйым атануға ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |