Оқу – әдістемелік кешеніне түсіндірме жазба



бет2/75
Дата21.06.2023
өлшемі318.94 Kb.
#475276
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Кадрлық менеджмент пәні бойынша оқу әдістемелік кешен

Курстың мақсаты – студенттерді кадрлық менеджмент ұғымы, тиімділігі, персоналды басқару нысаны, басқару стилі, ұйымның ішкі және сыртқы ортасымен таныстыру.
Курстың міндеті:

  • Студенттерге курстың өзекті мәселелерін оқыту;

  • Кадрларды басқару туралы түсініктерді оқыту;

  • Бұл білімдерді тәжірибелік жұмыстарда және күнделікті өмірде қолдана білу және нормативтик құқықтық актілерді дұрыс қолдана алу.

Осы пәнді оқу үшін жасалған бұл оқу құралы дәрістерден, термин сөздерден, практикалық сабақтардан, нұсқаулықтардан тұрады.
Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасына сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ПС (практикалық сабақтар). Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеруі үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі керек.
Семинар сабақтарында студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын, белсенді ой әрекет талап ететін тәсілдер мен әдістерді меңгеруі керек.
Студентке берілген өзіндік жұмыс арқылы үйге берілген тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді.
Практикалық сабақтарына студент теориялық қорытындыларын, яғни теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, пайдалануға дағдыланады. Тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестендіріп дәлелдеуді үйренеді.

2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Менеджмент түсінігі. Ұйым – менеджмент обьектісі ретінде. Ұйымның сыртқы ортасы және ішкі құрылымы. Менеджменттің принциптері және функциялары. Стратегиялық жоспарлау. Мотивация және қажеттілік. Бақылаудың принциптері мен түрлері. Менеджер кәсібі: менеджердің стилі және имиджі. Басшы және қосбасшы. Коммуникациялық прцесстер менеджменті. Жанжалдар.

Білімдер :



  • ұйымның сыртқы ортасын анықтайды;




  • ұйымдағы жанжал түрлерін біледі;

Іскерліктер:



  • ұйымның мотивациясы мен қажеттілігін ажыратады;

  • ұйымның психологиялық ахуалын анықтайды;



  • ұжымдағы жанжал жағдайларын шешеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет