ОҚУ Әдістемелік кешен


Мәліметтер базасының негізгі түсініктері



бет15/25
Дата14.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
#135189
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

Мәліметтер базасының негізгі түсініктері



Жоспар:

1. Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы.

2. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері.

3. Мәліметтер базасының объектілері.


Єдебиеттер:

1. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

2. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

3. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.

4. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000


Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жанадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, ақпарат та сақталады деп айта аламыз.

Осы айтылғанды мысалмен түсіндіре кетелік. Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық. Мұнда тұтынушы туралы, оның адресі жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатынай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мәліметтер базасының әдістері мен құралдары да бар.



Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық.




  1. Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер базасы болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар- бұл мәліметтер базасының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер базасы көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады.Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер базасының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.

Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады. Олардың аналогы ретінде қарапайым мәліметтер базасында өрістер мен жазбаларды аламыз. Өрістердің құрамы мен қасиеттерін өзгерту арқылы, мәліметтер базасының құрылымын өзгертеміз.
2. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері
Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерін де анықтайды. Төменде Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:

- Өріс атауы (Наименование поля) – мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);

- Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды.;

- Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;

- Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің түрін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы);

- Қолтаңба (Подпись) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);

- Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умолчанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автоматтандыру құралы);

- Мәнге қойылатын шарт (Условие на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;

- Қате туралы хабар (Сообщение об ошибке) – қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады);

- Міндетті өріс (Объязательное поле) – мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;

- Бос жолдар (Пустые строки) – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;

- Индекстелген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәтіндік типті өріске қатысты. Бұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болуы және болмауы да мүмкін. Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мәліметтерге ғана тән қасиет – үтірден кейінгі белгілер санын көрсету. Ал суреттерді, бейнеклиптерді, дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.
3. Мәліметтер базасының объектілері

Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.



Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.

Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Жаңадан қолданушылар сұраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені сол операцияларды кестемен де жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез-келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді. Мысалы, банкілерде қызметкерлердің біреуі клиенттер туралы мәліметі бар кестеге, ал екіншісі олардың есеп-шотына, үшіншілері банктегі активтер кестесіне қатынай алады.

Сұраныстың ерекшелігі – олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.

Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе (СУБД) Мәліметтер базасын басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.

Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандай да бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса, онда ол жобалаушыға тапсырыс береді.

Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.



Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер).

Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге асырылған. Бұл – Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTLM қодында жазылатын өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базасын жіберілген Web-бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды. Осы компоненттерді қолдана отырып Web-тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.

Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы СУБД-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар СУБД-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.

Лекция №5
Мәліметтер базасын жобалау
Жоспар:

1. Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режімі

2. Мәліметтер схемасын даярлау
Єдебиеттер:

1. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

2. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

3. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.

4. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000




  1. Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режімі

Әдетте мәліметтер базасымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады:



. 1-категориясы – жобалаушылар. Олардың міндеті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер базасының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер базасын нақты мәліметтермен толтырмайды.

. 2-категориядағы мәліметтер базасымен жұмыс атқарушылар – қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер базасын толтырумен айналысады.

Осыған сәйкес мәліметтер базасымен жұмыс істеудің екі режімі бар: біріншісі мәліметтер базасын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның объектілерін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметтер базасын пайдалануға арналған.



Бұл оқулық гуманитарлық және заң мамандарына арналғандықтан, оның мақсаты оқырманға мәліметтер базасын құруды үйрету емес. Соған қарамастан біз мәліметтер базасын жобалауды қарастырып кеткенді жөн көрдік. Жоғарыда айтылған ммаман иелері көбінесе мәліметтер базасын қолданушы, мәліметтер базасына тапсырыс беруші рөлін атқарады. Бірақ мәліметтер базасын дайындаудан бұрын жобалаушы мен тапсырыс беруші оны жан-жақты талқылап, өзара тығыз байланыста болуы қажет. Қазіргі кезде ақпараттардың толассыз көбеюі салдарынан мәліметтер базасы технологиясын кез – келген мекеме мен өндіріс орнына пайдалану қажеттілігі туып отыр. Сондықтан қай саладағы маман иесі болмасын ол ерте ме, кеш пе, не қолданушы, не тапсырыс беруші болып табылады.
2. Мәліметтер схемасын даярлау
Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер базасының құрылымын дайындауға кірісеміз. Мәліметтер базасын оның негізгі объектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан бастайды.

  1. Жұмыс негізгі өрістер тізімін құрудан басталады (олардың саны жүздеген өрістерді қамтуы мүмкін).

  2. Әр өріске қандай мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің типтері

анықталады.

  1. Жалпы тізімдегі өрістерді негізгі кестелерге орналастырады. Егер кестенің

қайсыбір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені екі бөлікке бөледі.

  1. Әрбір кестеде түйінді өріс белгіленеді. Мұндай өріс ретінде мәліметтері

қайталануы мүмкін емес өріс алынады. Мысалы, студенттер туралы кестеде мұндай өріс ретінде РНН-нің номерін алуға болады. Егер өрістер тізімінде мұндай өріс болмаса, оны әдейілеп құруға болады.

  1. Қағаз бен қарындаштың көмегімен кестелер аралығындағы байланысты сызып

көрсетеді. Мысалы, келесі суретте Отырар кітапханасы мәліметтер базасына кіретін кестелердің өзара байланысын қарастырайық. Түйінді өрістер бұл кестелерде майлы қаріппен көрсетілген. Бұл сызба мәліметтер схемасы деп аталады. Кестелер арасындағы байланыс бірнеше типті болады: бірден біреуге және бірден көпке. Бір жағында әрқашан да түйінді өріс тұрады (қайталанбайтын, айрықша мәнді). Көп жағындағы сол өрістің мәні бірнеше рет қайталанады. Мысалы, Кітап авторлары кестесіндегі Тіркелу нөмірі өрісі түйінді болып табылады. Өйткені әрбір кітаптің тіркелу нөмірі қайталанбайды. Ал Студенттер кестесіндегі Тіркелу нөмірі өрісі айрықша емес, себебі бір студент бірнеше рет сол кітапты алуы мүмкін,соншама рет сол кітаптың нөмірі тіркеледі.

  1. Мәліметтер схемасын жасаумен мәліметтер базасын құрудың негізгі қағазға түсірілген сатысы аяқталады. Осы схеманы тапсырыс беруші жобалаушымен келісіп бекітіп алғаннан кейін барып, мәліметтер базасының электрондық нұсқасынқұруға кіріседі.


Лекция №6
Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесімен

жұмыс істеу негіздері.
Жоспар:

1. Кестелермен жұмыс істеу

2. Сұраныстармен жұмыс істеу
Єдебиеттер:

1. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

2. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.

3. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и

ответах”. Москва 2001.

4. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000


Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу

Microsoft Access 2000 программасы ұсынып отырған мәліметтер базасының негізгі объектілерін құру құралдарын қарастыралық. Бұл құралдар келесідей топтастырылған:



. Конструктор режімі (қолмен енгізу құралы);

. Шебердің көмегімен (автоматтандыру құралы);

. Қарапайым объектілерді жасаудың жеделдетілген құралдары.

Оқып – үйрену мақсатында объектілерді құрғанда барлық құралдарды пайдаланған жөн. Бірақ оқу кестелері мен сұраныстарды дайындағанда Конструктор режімінде жұмыс істеген дұрыс, өйткені шеберді қолдану жұмысты жеделдетіп, алғашқы ұғымдар мен әдістерді меңгеруге кедергі келтіреді.

Ал қалыптарды, есептерді және беттерді шебер ұсынған автоматтандырылған құралдармен дайындаған қолайлы. Өйткені бұл объектілер үшін олардың сыртқы дизайны басты рөл атқарады. Ал оларды безендіру күрделі жұмыс болып саналады. Сондықтан ол жұмысты шебердің көмегімен орындаған дұрыс.
1. Кестелермен жұмыс істеу
Кестені құру. Microsoft Access-те кез-келген объектімен жұмыс істеу

Мәліметтер базасы терезесінен басталады. Оның сол жақ панелінде Access-тің негізгі объектілері орналасқан. Кестені құру үшін сол жақ панельден кестені басқару элементін таңдап аламыз.

Оң жақ панельде жаңа кестені құруға арналған басқару элементтері мен мәліметтер базасында бұрыннан бар кестелер тізімі келтірілген. Шебердің көмегімен кестені құру жұмысты жеделдетуге арналғандықтан мұнда Microsoft Access-тің негізгі құрымдары мен әдістерін игеру қиын. Бұл режім Access-те жұмыс істеп үйренген профессионалдарға арналған. Сондықтан біз кестені құруды қолмен жүзеге асыратын Конструктор режимінде бастаймыз.

Кестелердің Конструктор терезесі көрсетілген. Осы суретте көрскетілген терезе кестенің құрылымын дайындау мен редақциялауға арналған графиктік бланк болып табылады. Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті енгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады. Әрбір өрістің атауының жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетіледі. Ол үшін сол ұяшықта тышқан батырмасын бассақ төмен бағытталған жебелік батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.

Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.

Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арапсындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс атауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.

Кестенің құрылымын дайындап болған соң, бланкіні жабу батырмасын басамыз. Жабу кезінде жаңа кестені Кесте1 (Таблица)деген атпен сақтау жайлы программаның сұранысы пайда болады. Жаңа кестеге мағыналы ат қоямыз.

Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қысылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кетсе, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.

Кестеге мәліметтер енгізілгеннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматты түрде сақталынады.

Кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, оны Конструктор режімінде ашу қажет.


Кестеаралық байланыстарды құру

Егер мәліметтер базасының құрылымы бұрыннан дайындалып, кестелер арасындағы байланыстар белгіленіп қойылған болса, онда кестеаралық қатынастарды құру қиынға түспейді. Ол үшін Сервис-Мәліметтер схемасы (Схема данных) командасын орындап немесе аспаптар панеліндегі батырмасын басып, ашылған Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде кестеаралық байланыстарды орнатамыз.

Осы тереземен қатар Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сухбат терезесі ашылады. Оның Кестелер (Таблицы) қыстырмасынан өзара байланыстырылатын кестелерді таңдап аламыз. Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде таңдап алынған кестелердің өрістер тізімі ашылады. Бірақ кестеден бір немесе бірнеше өрісті ерекшелеп, тышқан нұсқағышымен іліп алып, екінші кестеге апарып тышқан батырмасын жіберсек, Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) терезесі ашылады. Байланыстарды өзгерту терезесінің оң жақ панелінен байланыс орнатылатын өрістер таңдалынып алынады. Байланыстарды өзгерту терезесін жауып, Мәліметтер схемасы терезесіне ораламыз. Орнатылған кестеаралық байланыс Мәліметтер схемасы терезесінде әр кестенің екі өрісінің арасындағы сызық түрінде бейнеленеді. Оның ішінде бір кесте – негізгі, ал қалғаны бағынынқы болып табылады. Негізгі кесте деп байланысқа өзінің түйінді өрісімен қатынасқан кестені айтады. Түйінді өрістің атауы мәліметтер схемасында майлы каріппен көрсетіледі.

Бұл жерде мынадай сұрақ туады: “Кестеаралық байланыс не үшін қажет?” деген. Байланыстар мынадай екі негізгі қолданыс тауып отыр:



. біріншісі – мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету;

. екіншісі – мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру.

Байланыс қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп алып, оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, байланыстың жанама менюін ашу қажет. Соның ішінен Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) бөлімін таңдап алсақ, Байланыстар (Связи) сұхбат терезесі ашылады. Мұнда өзара байланыс орнатылған кестелердің атаулары мен ондағы байланысқа қатысушы өрістер көрсетіледі. Оның астында мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары көрсетілген басқару элементтері берілген.

Егер Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) Жалаушасы қойылған болса, онда негізгі кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді өшіру мүмкін емес.

Егер Байланысқан өрістерді қасқадты түрде жаңарту (Каскадное обновление связанных полей) және Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру (Каскадное удаление связанных записей) жалаушалары қойылған болса, онда сәйкесінше негізгі кестенің түйінді өрісінде жүргізілген өзгерістер автоматты түрде онымен байланысқан кестелерде де жүргізіледі.


2. Сұраныстармен жұмыс істеу

Кестелер мәліметері базасының ең негізгі, құнды обьектісі болғандықтан, оған тек базаны құрушы адам ғана қатнай алатындай болуы керек. Ал басқа қолданушылар базадан мәліметтер алу үшін сұраныстарды қолдануы қажет . Мәліметтер базасын жолаушы барлық қажетті сұранстарды алдын-ала даярлап қояды. Егер қолданушы өзіне қажет мәліметтеерді таба алмаса, онда ол жаңа сұраныс дайындауды қажет етеді. Егер бізге керек сұраныс мәліметтер базасынада бар болса, оны Мәліметер базасы (База данных) терезесіндегі Сұраныс (Запрос) панелін екі рет шерту әдісі арқылы таңдап аламіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет