Сөздік:
бұғау – кандалы; оковы; цепь қапас – застенки; застенок; клетка
дербестік – самостоятельность қапаста – за решеткой
отаршылдық – колонизация мұң-зар – печаль; горе
түнек – тьма мұң-мүдде – желание; просьба
тұтастық – единство; общность; целостность; оплаченность
209-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. М. Дулатов не үшін күрескен? 2. «Оян, қазақ!» кітабының негізгі идеясы және оның кітабына енген шығармаларының міндеті не? 3. Ол қазақ жастарын неге шақырды? 4. Ол үкіметтен нені талап етті? 5. М. Дулатов «Қазақ» газетінде не туралы жазды? 6. Қазақтың кең даласында мал бағып жатқан халқын қандай пайдалы іс-әрекетке шақырды, оларды оятудағы мақсаты не еді? 7. Тарихи оқиғалар орын алып жатқан сол кезеңдегі оның басты идеясы не болды? 8. Ә. Бөкейханов не құрды? 9. «Алаш» партиясы қашан құрылды, ол қанша өмір сүрді? 10. Міржақыптың барлық іс-әрекеті, шығармалары кімге арналды және ол барлық күш-жігерін неге жұмсады?
210-тапсырма. Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді теріп жазып, олардағы сан
есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.
Ү л г і :
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Дулатов Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы А. Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірі – ұстаз, бірі – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бірге Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.
Сан есімдер: Бір мың тоғыз жүз төрт+інші; Бір мың тоғыз жүз бес+інші жылы. «інші» жұрнақтары реттік сан есімдер жасап тұр.
Сан есім (Имя числительное)
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп атайды.
Имя числительное – это часть речи, обозначающее число, количество и порядок следования предметов и отвечающее на вопросы қанша? неше? нешеу? (сколько?), нешінші (который по счету?).
Сан есім лексика-грамматикалық мағынасына қарай 6 топқа бөлінеді. Олар:
-
Топтау сан есімдер (Группирующие);
-
Реттік сан есімдер (Порядковые);
-
Жинақтық сан есімдер (Собирательные);
-
Есептік сан есімдер (Количественные);
-
Болжалдық сан есімдер (Приблизительные);
-
Бөлшектік сан есімдер (Дробные).
Топтау сан есімдер заттың мөлшерін топтап көрсетеді. Бір санның қайталануы арқылы жасалады. Бірінші компоненті есептік сан есім болады да, екінші компонентіне шығыс септігінің жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: он-оннан (по десять), жиырма-жиырмадан (по двадцать), бес-бестен (по пять). Нешеден? қаншадан? (по сколько?) деген сұрақтарға жауап береді.
Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалынады да нешінші? қай? (который?) деген сұрақтарға жауап береді. М.: Сен қай жылы тудың? Мен бір мың тоғыз жүз сексен төрт-інші жылы тудым.
Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады (біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу). Нешеу? деген сұраққа жауап береді. М.: Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (Абай).
211-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын меңгеріңіздер. Сан есімдерді сөзбен жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
М. Дулатов 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте «Серке» газетінде шыққан «Жастарға» деген өлеңінде қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. 1909 жылы Петербургте шыққан «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. 1913 жылы ол Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылдары Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ зиялыларымен бірге қамауға алынады да, 10 жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
212-тапсырма. Сан есімдерді үш бағанаға бөліп: Бірінші бағанаға реттік сан есім жасап, екінші бағанаға рим цифры арқылы, үшінші бағанаға топтау сан есім жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і :
Исатай Тайманов бір мың жеті жүз тоқсан бір+інші жылы туған.
|
Майқы би XII-XIII ғасырлар аралығында өмір сүрген.
|
«Үшінші» артық деген ойынды ойнау үшін балалар екі-екі+ден сапқа тұра қалды.
|
40, 80, 35, 47, 15, 17, 8,6, 19, 1938, 1941, 2, 3, 7, 18, 21, 22
213-тапсырма. Төмендегі реттік сан есімдермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і : М. Дулатовтың бір мың тоғыз жүз он үш+інші жылы Орынборда «Азамат», ал бір мың тоғыз жүз он бес+інші жылы «Терме» атты өлеңдері басылып шықты.
1991, 1997, 11, 1, 1945, 2000, 2030, 63, 58, 20.
214-тапсырма. М. Дулатовтың халқын надандық, қараңғылық ұйқысынан ояту үшін жазған, сол кезеңдегі бүкіл елді дүр сілкіндіріп, патриоттық жалыны лапылдап тұрған атақты «Оян, қазақ!» өлеңін жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
О я н, қ а з а қ !
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Мен біткен ойпақ жерге аласа ағаш,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Қазағым, енді жату жарамас-ты. Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш!
Алыстан алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе, мақтанамын.
Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын,
215-тапсырма. Мақал-мәтелдерден жинақтық сан есімдердің астын сызып, олардың мағынасын түсіндіріңіздер.
1. Алтау ала болса, 2. Көмбенің иесі екеу: 3.Би екеу болса, дау төртеу
Ауыздағы кетеді. Біреуі – көреген, 4.Ағайынды алтау болса,
Төртеу түгел болса, Біреуі – көрген. Адам тимейді.
Төбедегі кетеді. 5. Біреуден екеу жақсы.
* * * * *
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың
Жетеумін деме, сегізге жолығасың.
216-тапсырма. Есептік сан есімдерден жинақтық сан есімдер жасап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар. Емлесін түсіндіріңіздер.
Ү л г і : екі: екі+еу; екеу. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.
217-тапсырма. Сан есімдермен алдымен сөз тіркестерін, одан соң олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Оннан, бір-бірден, алпыс бестен, отыз бірден, қырық-елуден, екі-үштен, жүз-жүзден, он бес-жиырмадан, алты-алтыдан, алпыс-жетпістен.
218-тапсырма. Төмендегі мақалдың мағынасын түсініп, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
219-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті жинақтық сан есімдерді қосып жазыңыздар.
.............біреу сеп, Екі батыр егессе,
Тамға тіреу сеп. ...............бірі өлер.
* * * * *
Бір күн молда ........... алып қалды. ............ де жылап отырмыз. Үйге күн батарда ғана жіберді (Б. Майлин).
Атадан ................, Жалғыздық көрер
Анадан ................., жерім жоқ (Абай)
Сөйлемдерді толықтыруға керекті сан есімдер: Біреуге, екеуінің, екеумізді, алтау, төртеу.
220-тапсырма. Әр бағандағы сөздерді мағынасына қарай іріктеп, сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдер құрастырыңыздар. Сан есімдерге назар аударыңыздар.
байлық
денсаулық
|
бірінші
үшінші
|
байлық
екінші
|
байлық
он саулық
|
ақ
жаулық
|
Бір
үйдегі
|
Жаман
жау
|
бір
мың
|
жаудан
|
тыстағы
|
жарады
|
бес ешкі
|
жер
|
ысқырығы
|
айдағаны
|
жылдық
|
мың
күйеу
|
жылдық
|
жүз
|
құда
|
екеу
|
мал
|
бас
|
болмай
екеу
|
болмайды
|
тіл
|
бас
|
жарады
|
Тас
|
жармаса
|
221-тапсырма. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Дұрыс жауабын көрсетіңіздер.
а) 4; ә) 7; б) 9; в) 6; г) 3
222-тапсырма. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңіндегі қараңғылықтан ояту ұранына үндес жатқан С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңінің мазмұнын өз ойларыңызбен толықтырып, түсіндіріңіздер.
Қараңғы қазақ көгіне Күн болмағанда, кім болам?
Өрмелеп шығып, күн болам. Мұздаған елдің жүрегін
Қараңғылықтың кегіне Жылытуға мен кірермін.
(С. Торайғыров)
223-тапсырма. Реттік, топтау, жинақтау сан есімдер жасайтын жұрнақтарды тиісті торлардың ішіне жазыңыздар.
Сан есімнің түрлері:
Жұрнақтары:
Жұрнақтары:
Жұрнақтары:
224-тапсырма. Қазақтың тұңғыш саяси «Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың өмірінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.
«Алаш» партиясын ұйымдастырушы, Қазақ автономиялы
Республикасының тұңғыш төрағасы –
Әлихан Бөкейханов (1870-1937)
Біз ұлттық автономия Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
құру үшін халықты Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
«Алаш» туының асты Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан
жинаймыз. Толассыз жеке дара тұр ғой өзі.
(Ә.Бөкейханов) (С. Торайғыров)
Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы, әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.Туған жері – бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақторғай ауданы.
XX ғасырдың басында Әлихан Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келеді.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді, бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүше болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Әлихан бұл партиямен бір келісімге келе алмай, одан шығып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осыдан болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан келісімен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов оның тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай, Қазақ автономиясының жұмысы тоқтатылып, басшыларын қуғынға салады.
Әлихан Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған ол 1937 жылдың тамызында қайта тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кесіледі.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше, сол мақсаты жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол – Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік тарихында өшпестей із қалдырған тұлға.
225-тапсырма. С. Торайғыровтың «Алаш ұраны» атты өлеңін мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұнын айтыңыздар.
С. Торайғыров «Алаш ұраны» атты өлеңін жазып, патшаның тақтан құлауына, елінің дербес автономия алуына тілектестік білдіріп, үн қосады.
« А л а ш ұ р а н ы »
Алаш туы астында, Қолымызды байлаған,
Біз – Алаштың баласы. Ерімізді айдаған,
Күніміз туып көгерді, Елімізді лайлаған,
Сарыарқаның даласы. Жерімізді шимайлаған,
Құрт ауырудай жайлаған Өшті залым қарасы, -
Құртпаққа бізді ойлаған,
деп, Алаш ісіне адалдығын білдіріп, оны қолдауды уағыздап, елді бірлікке, ел тұтастығы үшін күреске шақырады.
7-апта. 19-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Есептік, бөлшектік, болжалдық сан есімдері.
226-тапсырма. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі, көне қала –Түркістан жайлы тарихи деректермен танысып, мазмұндаңыздар.
Қазақстанның тарихи қалалары
* * * * *
Қазақ хандығының бірінші астанасы –
Түркістан қаласы
Түркістан – қазақ хандығының алғашқы астанасы болып саналатын ежелгі, бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ежелгі қалаға керуендер батыстан да, шығыстан да келіп жататын болған. Түркістанның тарихы әріден басталады. Ол кезде қала Шабғар (Шойтөбе) деп аталған. Мұсылман діні келгеннен бастап, қала Ясы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Яссауи деп аталатыны да осыдан.
Монғол жаугершілігінен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер мекені» деген мағынада. Түркістан өзінің Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен танымал. XIV-XV ғасырларда тұрғызылған сарайлар мен шіркеулердің тұтас кешені кесене деп аталады. Олардың бәрі Шығыстың қадірлі адамы, шейх, сопы, ойшыл, түркі халықтарының рухани ұстазы – Қожа Ахмет Яссауиға ғана арналып салынған.
Мұсылман әлемінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Меккемен қатар басты қасиетті орындардың бірі болып саналады, түркілердің екінші Меккесі деп аталады. Жыл сайын мыңдаған қажылыққа барушылар кесенені көру үшін Түркістанға келеді.
Ертеде сақ дәуірінен бастап бабаларымыз түрік тайпасының бір бұтағы болған. Отырар, Тараз, Түркістан сияқты қалалар салған. Қалаларда шәкірттер оқитын медреселер ашқан. Сондай бір ғажайып медресе-мектеп Түркістанда болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа Ахмет Яссауи еді. Ол діни ғұлама және түрік халықтарының рухани көсемі болды. Бала оқытып жүріп, «Даналық сөздер» деген кітап жазады. Кітапқа тәрбиелік мәні зор – кісінің таза жүруі өтірік айтпауы, адал болуы туралы ақыл сөздері енді.
Әмір Темірдің әмірі жүріп, айтқаны болып тұрған заман болатын. Ол дүние жүзінен ұста, зергер, сәулетші өнерпаздарды жинап, баяғыда қаза болған ақын зиратының басына ғажайып ғимарат орнатуға жарлық береді.
Қожа Ахмет Яссауидың басына ғимаратты тұрғызу үшін, мыңдаған адам қатар тұрып күйген қышты (кирпич) бір-біріне қолмен беріп, алыстан жеткізген. Ғимарат түрлі бөлмелерден тұрады. Солардың бірі – «қазандық» деп аталатын бөлме. Осы бөлмеде салмағы екі тонна келетін үлкен қола қазан орнатылған. Оған жеті жылқының еті сияды. Ернеуінде қазанды құйған ұстаның есімі араб тілінде жазылған. Ол ғимарат он жыл көлемінде салынды.
Көптеген зиратшылар арасында ірі сауда өкілдерінің, жер иелерінің болуы қала экономикасының дамуына өзіндік септігін тигізді. Қала базарында Орта Азияның өнімдері мен Оңтүстік Қазақстан көшпенділерінің өндірген өнімдері түсіп, товар нарықтары осы жерде анықталып жататын. Алыс шет елдерден әкелінген жібек маталар, мақта кездемелер, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, керамикалық заттар осы жерден табылатын.
XVI ғасырдан бастап Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы етіп бекітілді. Хан өз билігінің тәуелсіздігін айқындау мақсатында теңге соқтырды. Шет елдермен келісушіліктер де осы қалада жүргізілді. Елшілер де осы қаладан тапсырыс алып, алыс елдермен байланыстар орнатты. Қала экономикасы бұрынғыдан арта түсті. Түркістанның қазақ хандығының ордасына айналуымен қатар, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің іші, маңы қасиетті орынға айналды.
Кесенеде ірі қоғам қайраткерлері мен атақты адамдар, батырлар жерленді. Оларды жерлеу рәсімі жекелеген мазарлар мен құрылыстар салумен қатар жүргізіледі. Сөйтіп, үлкен ғимарат айналасында ескерткіштер ансамблі қалыптасты.
Міне, қалыптасу кезеңі тарихтан осындай бастау алып, халықты түркі дүниесімен байланыстыратын, өткенімізді көрсететін талай өрлеу мен құлдырауды бастан кешкен киелі Түркістанға 1500 жыл толды.
Сөздік:
қыш – кирпич шіркеу – церковь; церковный
керуен – караван сопы – праведник; подвижник
қажылық – паломничество қола – бронза; бронзовый
мазар – могила; кладбище; гробница; надгробный памятник
227-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
228-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне тақырып қойып, сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.
Ү л г і:
– Көне Түркістан топырағында қанша хан, би, батырлар жерленген?
– Көне Түркістан топырағында сексен бір хан, би, батырлардың сүйегі
жерленген. Жас жеткіншектер ата-бабаларының ерлік жолын, тасқа
басылған сөзін іздейтін болса, оны осы көне Түркістаннан табады.
Өйткені тарихы терең Түркістан қышпен, таспен жазылған кітап секілді.
229-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігін мұқият оқып, мағынасын түсініп, орыс тіліне аударыңыздар.
230-тапсырма. Сан есімнің түрлерінің жасалу жолдарын меңгеріп, мысалдармен түсіндіріңіздер.
Есептік, болжалдық, бөлшектік сан есімдері
Есептік сан есімдер заттың сандық мөлшерін білдіреді де қанша? неше? (сколько?) деген сұрақтарға жауап береді. М.: бір, бес, отыз, қырық, жүз, үш мың, он мың т.б.
Болжалдық сан есімдер – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін дәл атамай, болжап, шамамен көрсетеді. Олар 3 жолмен жасалады:
1. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының жалғануы арқылы. М.: Мына мекемеде он бес-тей адам жұмыс істейді.
2. -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. М.: Сабақ үш-тер-де басталады. Әлия он тоғыз-дар-да. Дәрісханада он шақты студент отыр.
3. Екі есептік сан есімнің қосарлануы арқылы жасалады.
М.: алты-жеті (шесть-семь), отыз-қырық (тридцать-сорок).
Бөлшектік сан есімдер – негізінде таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық бөлшегін білдіреді. М.: Сол өнімнің 2/3-сі (үштен екісі) Қазақстанда. Бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге шығыс септігінің жалғауы жалғануы арқылы жасалады. М.: 2/4 (төрттен екі), 3/10 (оннан үш) т.б.
231-тапсырма. Төмендегі сан есімдерді сөзбен жазыңыздар. Сан есімнің болжалдық, топтау, бөлшектік түрлерінің әрқайсысына бес сөйлемнен құрастырып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
5,063; 0,6; 3,55; 11,56; 1763; 1011; 5083; 972; 2005; 30692; 42, 12356; 4701; 29; ХХ ғасыр; 3 000 000; 67060; 87.
232-тапсырма. Сөйлемдердегі бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазып, оқып шығыңыздар.
Жер шарының 3,2 бөлігін су алып жатыр. Жапон аралдарының бүкіл ауданының 6,5 бөлігіне жуығын қалың ормандар, таулар алып жатыр. «Мың жылқы» бөгеннің (бөген – водохранилище; дамба; плотина) ең енді жері – 1,56 км., ұзындығы – 5,8 км-ге жетеді. Орташа тереңдігі – 5,2 метр, ең терең жері – 9 метр. Қазақстанның мемлекеттік орман қорының көлемі –26,4 га.
233-тапсырма. Сан есімдерді сөзбен жазып, олардың түрін атаңыздар.
0,7; 0,025;
234-тапсырма. Болжалдық сан есімдер жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіздер.
-
-ыншы, - інші, -ншы, -нші
-
-ау, -еу, -нан, -нен, -дан, -ден
-
-тан, -тен, -дан, -ден
-
-дай, -дей, -тай, -тей, -даған, -деген
235-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі көп нүктелердің орнына тиісті сан
есімдерді қосып жазыңыздар.
................ бірі – Қыдыр. ....................жарты – бір бүтін. ................. рет өлшеп, бір рет кес. .................. жақсы қас болмас, .............жаман дос болмас. Ер кезегі ............. дейін. .............сомың болғанша, ................ досың болсын. ............... тентек елге симас.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті сан есімдер: қырықтың, екі, жеті, екі, екі, бір, үшке, жүз.
236-тапсырма. Сөйлемдердегі сан есімдердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (мақал). Жаңа салынып жатқан биік үйлердің айналасында мыңдаған адам, жүздеген машиналар құмырсқадай қайнайды (Ғ. Мүсірепов). Сексеннен асқан аңшы мен елуден асқан күзетшінің бас қосатын жері осы ұста дүкені болды. Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл (мақал). Кейінгі жылдары Қазақстан жеңіл өнеркәсібі 2,8 млрд. сомның халық тұтынатын тауарын өндіреді. Жетінші бес жылдықта құрылыс-монтаж жұмысына 35,9 млн. сом бөлінген. Биыл күзде үшеуімізді жасы асқандар қатарына жатқызып, балалар үйінен Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің интернатына ауыстырды (Ө. Қанахин). Бұлақтың екі жағы да ағашсыз ашық. Біз шыққан дөңестен екі-үш жүз метрдей ғана қашықтықта еді. (Қ. Қайсенов).
Достарыңызбен бөлісу: |