Есімше, оның жасалу жолдары
1. Есімшенің жұрнақтарын тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар. Келген дәулет – кеткен бейнет. Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік – елдікке жеткізер. Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
2. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Оқыған адам, тыңдайтын студент, қалаға бармақ, ертегілер айтпақ, ризашылығын білдіретін, сызу сызбақ, жарысқа қатысқан.
3. Үлгіде көрсетілгендей, сөйлемдерді есімше формасында қайта құрастырып, есімшенің жұрнақтарын ажыратыңыздар.
Ү л г і: Журналист жаңа бір лепті сезді. Жаңа бір лепті сезген журналист. Жастардың санасында өзгерістер жүріп жатыр. Олар өсе келе, ел үмітін ақтайды. Қазір Марат шетелде оқып жатыр. Шетелдік инвестиция Қазақстан үшін шешуші күшке айналды.
4. Жақшаның ішіндегі етістіктерден есімшенің түрлерін (өткен шақ, ауыспалы шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ) жасаңыздар.
Ү л г і: Мен оны (көру). Мен оны көр+ген+мін. Мен оны көр+ер+мін. Мен оны көр+етін+мін. Мен оны көр+мек+пін. Сания бұл кітапты (оқу). Жаңбыр (жауу). Марат жұмысты тез (істеу). Мен саған бір кітап (көрсету). Концерт сағат онда (аяқталу). Мен онымен (танысу). Пойыз сағат үште (келу).
5. Есімшелерден болымсыз есімше жасаңыздар. Ү л г і: Бар+ма+ған+мын (өткен шақ), бар+ма+с+пын (келер шақ), бар+атын емес+пін (ауыспалы шақ).
Келген, айтқан, сұрау, тыңдаған, сөйлескен, отыр.
6. Мақал-мәтелдерді жаттап, олардың мағынасын түсіндіріңіздер. Есімшенің жұрнақтарын ажыратыңыздар.
Көрмес түйені де көрмес. Толған ел – тарихын таспен жазады. Тозған ел – тарихын жаспен жазады. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер. Денсаулықты сақтап, байытатын – қимыл- қозғалыс. Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.
7. Төмендегі сөздерге берілген жұрнақтарды қосып жазып, есімше жасаңыздар.
а) -қан, -кен, -ған, -ген. Отыру, теру, жинау, жеу, тігу. ә) -атын, -етін, -йтын, -йтін. Айдау, сүйреу, тасу, кесу, қалу. б) -ар, -ер, -р. Сезу, оқу, жинау, қазу, жүгіру. в) -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. Бару, келу, айту, шешу, тойлау, сезу, сызу.
274-тапсырма. Есімшелерден болымсыз есімше жасаңыздар.
Ү л г і : Кенді игеру; кенді игер+ген; кенді игер+ме+ген (игерген жоқ). Тұжырым айту; тұжырым айт+қан; тұжырым айт+па+ған (айт+қан жоқ). Жобасына тоқталу; жобасына тоқтал+атын; жобасына тоқтал+ған емес; жобасына тоқтал+ма+йтын;
Ұйымдастырылған, зеттейтін, барлайтын, анықтар, шешім қабылдамақ, мәлімет алар, жұмысын жүргізбек, еңбекті талқылар, дайындық жүргізген, маңызын айтқан.
275-тапсырма. Өлең жолдарынан есімше жасап тұрған жұрнақтарды тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Оқ тиіп, он үшінде ой түсіріп,
Қалмаған түк қасиет қазақ азған. Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.
Байға мал, оқыған шен мақсат боп, Алданып жегеніме оны ұмытсам,
Ойлайтын жұрттың қамын адам азған. Болғандай жегенімнің бәрі қарам
* * * * *
...Тек жүрсе, тоқ жүрмекті ...Біз жанбасақ лапылдап
Қиын деме білмекті. Аспан қалай ашылмақ.
* * * * *
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Маған ауыр осылардың бәрінен Ойлайтындар мен емес бір күнгісін...
Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны.
* * * * *
Оюын ойып, орындап қойып, Қиыннан қиып, қиырдан жиып,
Түр салғандай өрнекке. Құрап сөзді термекке...
276-тапсырма. Берілген етістіктерден (өткен шақ, ауыспалы шақ, мақсатты келер шақ, болжалды келер шақ) есімше жасаңыздар.
Ү л г і : Өндіру; өндір+ген (өткен шақ); өндір+етін (ауыспалы); өндір+мек (мақсатты); өндір+ер (болжалды).
Белгілеу, жалғастыру, бұрғылау, қазу, басқару, қадағалау, жеткізу, салу, анықтау.
277-тапсырма. Есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңіздер.
Ү л г і : Оңаша, I жақ: Менің түсіндір+ер+ім. Ортақ, I жақ: Біздің түсіндір+ер+іміз.
Қолданатын, жобалар, ақылдаспақ, жеткен, тіркелер, енгізген, орналастырмақ, арнар.
278-тапсырма. Төмендегі есімшелерді септеңіздер.
Айтқан, білетін, салған, ойлайтын, жүргізетін, баяндайтын.
279-тапсырма. Сөйлемдердегі есімшелердің сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңыздар.
1942 жылы Қ. Сәтбаев Жезқазғанға арналған ғылыми еңбегі үшін геология-минералогия ғылымының докторы атағына ие болған. Сол жылы «Жезқазған ауданының кен орындары» атты ғылыми еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілген. Соғыс кезіндегі ауыр жылдарда ғалым өзінің бар күш-жігерін Отанды фашизмнен қорғау ісіне арнаған. Басқа да жұмыстарымен қатар, Жездідегі марганец қазба байлығын да ашқан.
280-тапсырма. Үлкен Жезқазғанның құрылысы жөнінен қысқаша мәлімет алып, мәтіндегі есімшелердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Үкен Жезқазған құрылысын бастауға, оны ұлғайтуға қарсы болған ұйымдардың бірі – түсті металдар Бас басқармасы (Главцветмет) болатын. Басты себеп ретінде Жезқазғанды Одақтың көлеміндегі магистральмен байланыстыратын темір жолдың жоқтығын алға тартқан. 1931 жылы бұл мәселе бойынша техникалық-экономикалық дайындық жұмыстарын жүргізіп, Үлкен Жезқазған құрылысы үшін ең тиімді жобаны салынып жатқан Қарағанды-Балқаш темір жолына қосу деп шешкен болатын. Темір жол құрылысы 1936 жылдан қалмай басталып, 1938 жылы алғашқы жұмыстары басталатын болған. Бұл жоспар Үлкен Жезқазған құрылысын кең көлемде жүргізуге толық мүмкіндік беретін еді. Үлкен Жезқазған 9 жыл бойы қалыптасқан, негізін жергілікті қазақтар құрайтын 3 мыңға жуық маман жұмысшы кадрлары бар Қарсақбай комбинатының базасында салынбақ еді.
281-тапсырма. Өлеңді оқып, есімшелерді тауып, олардың қай шақта тұрғанын айтып беріңіздер.
Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған...
Бәрінен тыныш ұйқтап жатқандар көп,
Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған.
Бос босаң жасық туған боз бала көп,
Киіздей шала басып қарпылмаған...
(Базар жырау)
282-тапсырма. Көп нүктенің орнына есімшенің тиісті жұрнақтарын қосып жазыңыздар.
Құлақтан кіріп, бойды ал..., Алтау бол..., бес бол...,
Жақсы ән мен тәтті күй. Ішінде абаданы бір бол... .
Көңілге түрлі ой сал... Абаданынан айырылса,
Әнді сүйсең, менше сүй. Олардың әрбіреуі
Әрбір итке жем бол... .
8-апта. 24-тәжірибелік сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.
9-апта. 25-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етіс категориясы. Негізгі, өздік, өзгелік етістер.
283-тапсырма. Д. А. Қонаевтың Қазақстан экономикасы мен мәдениетін өркендету жолындағы жасаған еңбектерін өз білетіндеріңізбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Мемлекет және қоғам қайраткері, академик –
Дінмұхамед Қонаев (1912-1993)
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.
Верный (қазіргі Алматы) қаласында қызметкердің отбасында өмірге келген. Мәскеудегі Түсті металл алтын институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алады. Ол Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болып қызмет істейді.
Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинатының бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. Қазақстан ғалымдары оны Қазақ КСР ҒА-ның академигі және оның президенті етіп сайлайды.
Д. Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық уақыт Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызметті атқара жүріп, республикадағы тау-кен ісін дамытуға, еліміздегі ғылымның дамуына үлкен үлес қосты.
Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр станциясы, Павлодар трактор зауыты, т.б. кәсіпорындар іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, темір жол құрылысы, көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний, синтетика, каучук өндіре бастады. Электротехника, машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді.
Д. Қонаев тау-кен инженері, тау-кен ісі саласының ірі ғалымы, өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне өзінің мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсады. Ел мүддесін, болашақ қамын бір сәтке де естен шығарған емес. Алпысыншы жылдардың басында Н. С. Хрущевтың озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлегін қайта қайтарып алуы да соның айқын бір дәлелі еді.
Д. Қонаев сегіз рет Ленин орденімен марапатталды. Ол еліміздің партия және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми еңбектерін ұштастыра білді. 100-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Д. Қонаевтың қажымай, талмай ұзақ жылдар бойы жасаған ерен еңбегінің нәтижесінде, Қазақстан өзге республикалардан көш ілгері озып, лайықты орынға ие болды. Ғылыми-зерттеулердің жаңа бағыттары көрініс тапты. Ол өз ісіне адал берілген табанды қайраткер. Халық алдындағы парызын абыроймен орындаған абзал азамат 1993 жылғы 22 тамызда, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
Сөздік:
тылда жұмыс істеу – работать в тылу
қорғасын – свинец
мырыш – цинк
мүдде – желание; цель; интерес; запросы; намерение
табанды – упорный; стойкий; решительный; настойчивый
284-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.
Ү л г і:
– Д. Қонаев өзінің қандай ерекше қасиеттерімен танылды?
– Д. Қонаев Қазақстанның партия ұйымын басқарған ширек ғасырға
жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен
танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, ой-өрісі кең жан екенін көрсетті.
285-тапсырма. Төмендегі етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.
Ү л г і: Тазалау; тазала+т; Тігу; тік+тір.
Қолдану, жасау, басқару, қадағалау, түсіру, шешу, қабылдау, белгілеу, атқару, жинау, дәлелдеу, анықтау, зерттеу, ұйымдастыру, дамыту.
286-тапсырма. Мәтіннен негізгі, өздік, өзгелік етістерді тауып, астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Д. Қонаев аз уақытта іскер басшы, зор талап иесі болып көр+ін+ді. Жер-дүниені су қылып, сырттағы шаруашылықтарға баратын жолды батпақ-лайға айнал+дыр+ған жаңбырдың кесірінен Димекең көлік ауыстыр+ғыз+ды.
Етіс категориясы
Етіс деп қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің категориясы аталады. Етіс бес түрге бөлінеді: 1) негізгі етіс (основной залог), 2) ортақ етіс (совместный залог), 3) өзгелік етіс (понудительный залог), 4) ырықсыз етіс (страдательный залог), 5) өздік етіс (возвратный залог).
Негізгі етіс – етістің түрлеріне құбылмай тұрғандағы түбір қалпы жатады. Мысалы: жат, оқы, ойла, әзірле, жақ т.б.
Өздік етіс – негізгі етістен -ын, -ін, -н жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың субъектінің өзіне жасалатынын білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады: жу+ын, ки+ін, тара+н.
Өзгелік етіс – негізгі етістен -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ыр, -ір, -т, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, қимылдың бөгде адам арқылы жасалуын білдіреді: айт+тыр, сөйле+т, жаз+ғыз.
287-тапсырма. Етіс категориясының үш түріне сөйлемде құрастырып, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.
1. Негізгі 1........................................
2. Өздік 2........................................
Етіс категориясы:
3. Өзгелік 3........................................
288-тапсырма. Етіс категориясының (өздік, өзгелік) түрлерін ажыратып, оларды екі бағанаға бөліп жазыңыздар.
Димекең осы сапарында халықтық ерекше сый-құрметіне бөленіп, елден ерекше көңілді арқаланып аттанды. Тосын табысты Мәскеудің баспасөзі жарыса жазып, радиосы бірнеше рет қайталап, жетістікті жаһанға жеткізді. 1978 жылы ол кезде Күрті ауданына қарайтын Желтораңғы ауылында облысты шулатқан оқиға болды. Оны іздеушілердің жорығы ауылды әбден дүрліктірді. Оған Балқаштағы сауда орталығының салынуы, Алматыда «Балқаш» демалыс үйінің ұйымдастырылуы дәлел бола алады. Д. Қонаев осы сапарында өзінің «Өтті дәурен осылай» атты кітабымен таныстырды. 1986 жылы орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты.
289-тапсырма. Төмендегі етістерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Ү л г і: Аударғызды: аудар – етістіктің түбірі; -ғыз – өзгелік етістің жұрнағы; -ды –етістіктің жедел өткен шағының жұрнағы.
Сезінеді, істетеді, бергізеді, айтқызады, қырын, таран, боян, сақтандыр, шошын, теңестір.
290-тапсырма. Көп нүктелердің орнына өздік, өзгелік етістердің жұрнақтарын қосып жазыңыздар.
Жауынгерлер жетіл...ілген жаңа қару-жарақтармен қаруланған. Д. Қонаев 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды, 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен ал...ды. XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайла...ды. Батыс және Солтүстік Батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына кел...ді. Көмір қазу 220 млн. тоннаға жет...ілді. Сәнді де салтанатты мәдениет сарайлары, оқу орындары сал...ып, мекемелер жаңа техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
291-тапсырма. Өлең жолдарынан етіс категориясының жұрнақтарын тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Қыздырып күннің қарауы, Халыққа сөйте-сөйте нандырды өзін,
Надандық теңізі тартылар. Алғыза бастады ептеп айтқан сөзін.
* * * * *
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді, Абылай салды жарлықты
«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге... Қалдан ханды қашырып,
...Көк майса көзі ілініп тұрған сондай, Шөп салған жерін бұздырып
Асыл шөп, жасыл шөптің иісі аңқып. Ұрысты қатты қыздырып.
* * * * *
Әділ болып байқадым, не өндірдім? Он жыл қызмет қылып бір кедей таппас,
Бұл басым залым болып бір байқасын! Қондырған бір жүзікке асыл тасын.
292-тапсырма. Берілген өздік, өзгелік етістердің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Ташкентте шыққан «Ақ жол» газетінде А. Байтұрсынұлы туралы «Лайықты қошемет» атты мақала ..................... . Қазақтың әдеби тілінің негізін салушы, «А» әліпбиінен бастап ......................, надандықпен күресуші, сауатсыздықты жоюшы ұстазымыз – А. Байтұрсынов. Оқу ісіне, жазу емлесіне жаңалық ....................... дана. Патша үкіметінің зұлым саясатына қарсылық пікірін ..................... қаһарман. А. Байтұрсыновты қазақ халқының рухани көсемі деген танымдарын газет бетінде паш ете отырып, оны қараңғылық көгіндегі темірқазыққа ........................ . Зерттеу еңбектері том-томдап жарық көріп, Ахметтану саласына өз ойларын ......................, өзіндік үлестерін қосып жатыр.
Сөйлемдерді толықтыруға керекті етістер: Жарияланды, оқытып, кіргізген, таратқан, теңестірді, жеткізіп.
293-тапсырма. Тіліміздегі кейбір сөздердің нақты мағынасын меңгерейік! Берілген сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Етістердің астын сызыңыздар.
Әдебиет – жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны. «Әдебиет» сөзі бізге араб, парсы тілдерінен енген. Оның араб тіліндегі тұлғасы «адабуын» болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы тілінде «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі «жазушы» кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші» деген ұғымдарда қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан.
Тарих – мұның алғашқы мағынасы басқашалау болған. Араб тіліндегі «арқ» немесе «алрраһ» сөзі «ай, күннің есебін (датасын) қою, жазу» мағынасында қолданылады. Осы түбір сөздің алдына араб тіліне тән сөз тудырушы қосымшаның бір түрі «та» қосылып, «таарқ» немесе «таағрақ» делініп, бастапқы мағынасына біршама өзгеріс енген. Сөйтіп, ол қазақ тіліне осы күйінде ауысқан.
Баяндама – жиналыста жасалатын хабарлама. Баяндама сөзінің арғы тегі – араб тілінен шыққан. Түркі тілдеріне ерте кезде ауысып, қалыптасқан. Оның араб тіліндегі «байан» тұлғасы –«мазмұнын түсініп беру» мағынасында қолданылады.
9-апта. 26-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Ортақ, ырықсыз етіс категориялары.
294-тапсырма. Жер ғылымының жаңа саласының негізін қалаушы ғұлама ғалым – А.Ж. Машановтың ғылым жолынан мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика
ғылымының негізін салушы – Ақжан Машанов
(1906-1997)
Азабын алыс жолдың жүрген білер,
Мен емес, оны айтып міндетсінер.
Ар үшін, елім үшін еткен еңбек,
Жас ұрпақ – келешегім, солар білер.
(Ақжан Машанов)
Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор. Университетті қызыл дипломмен бітірген тұңғыш түлегі, ҚР ҰҒА-ның құрылтайшысы, жер ғылымының жаңа саласы – геомеханика ғылымының негізін салушы инженер, өзі ұстаздық еткен «Маркшейдерлік іс» кафедрасына 30 жылдай жетекшілік еткен. Қазақ фонтастикасы мен «Білім және еңбек» журналының негізін қалаған. Ұлы баба әл-Фарабиді алғаш танытып, ұрпағымен қауыштырушы және оның мұрасын жан-жақты бірегей зерттеуші. Фараби (1970) бабаның көркем образын тұңғыш жасаған қаламгер.
Ұлттық техника зиялылары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ шаңырағын 1934 жылы Кен-металлургия институты болып көтергенде, оның алғашқы шәкірттерінің бірі, ҚР ҰҒА-ның тұңғыш корреспондент-мүшесі, ғұлама ғалым, профессор А.Ж. әл-Машани болған.
А.Ж. әл-Машани геология, маркшейдерлік іс салаларымен сабақтас жаңа ғылым саласы – жер механикасының (геомеханика) іргетасын профессор П.К. Соболевский және оның шәкірті А.П. Рыжковпен бірге қаласып, негізін салушының бірі.
Ғалымның осыдан 30-40 жыл бұрын-ақ қазақ тілінде оқулық жазуын; ең бастысы мың жылдан астам уақыт өз ұлты үшін тарих топырағында жабулы қалған ұлы бабасы – әл-Фарабиді ұрпағымен қауыштыруын; ал соңғы жылдары жасының тоқсанға иек артып қалғандығына қарамастан шығармашылық ширақтығын танытып, қазақтың екі алып данасы - әл-Фараби мен Абай арасындағы рухани байланыстың зерделенуін; Қазақстан ғылымын жаңа сатыға көтеретін, әрі ұлт намысын көтеріп, ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді идеологиясына бастау болардай жазылған шығармаларын атар едік.
1936-1939 жылдардан бастап-ақ шыға бастаған: «Жер сілкіну», «Таулар қалай құрылған», «Жанартау» және «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» деген тәрізді жеке-жеке кітапшаларын айтуға болады. Бүгінгі таңда республика жоғары оқу орындары Кен факультеттерінде «Жер механикасы» жеке пән ретінде оқытылады.
А.Ж. әл-Машани отыз жылдан астам уақытын «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгерушілік қызметінде – кен-инженер-маркшейдер мамандарын даярлаумен үздіксіз айналысып, білікті кәсіби маман – инженерлер даярлауға сүбелі еңбек қосқан болатын.
1960 жылдардың басында ғалым Кен атауларының тұңғыш терминдік сөздігін шығаруға белсене араласады. А. әл-Машани ауыл мектебін қазақ тілінде тәмәмдап келген жастарға геология саласынан білім беру мақсатымен И.В. Мушкетовтың «Жалпы геологияның қысқаша курсын», В.А. Обручевтің «Геология негізін», И. Потемкиннің «Геология және минералогия» оқулықтарын қазақ тіліне аударды.
Ағжан ағамыздың туған халқына жасаған еңбектерінің бірі – жарты ғасырдан астам ғұмырын әл-Фараби мұрасын зерттеуге бағыштап, ұлы бабаның көркем бейнесін «Әл-Фараби» (1970) романында сомдағанында.
Ұлағатты ұстаз А.Ж. әл-Машанидың 100 жылдық мерейтойының 2006-2007 жылдары дүние жүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілуі ғалымның қауым үшін, ұлт құндылықтарын дамытудағы еңбегінің бағасы деп қарастырған жөн. Осы ретте ғұламаның әлі оқушысын таппаған 150 баспа табақ зерттеулері тәуелсіз еліміздің жастарын тәрбиелеудегі әлі игерілмеген қазынасы екендігін айта кету міндет. Бұл Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ үшін зор мақтаныш.
Сөздік:
бірегей – уникальный
зерде – интеллект; ум; сознание; память
зерделі – благоразумный; внимательный
пәрменді – ударный; мощный; сильный; с размахом; ударно
295-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптарыңызды бос жолдарды толтыру арқылы беріңіздер.
1. А. Ж. Машанов кім? .....................................................................................
2. Ол ненің негізін қалаған? .............................................................................
3. әл-Машани қай кафедрада ұстаздық еткен? ...............................................
4. Қай журналдың негізін қалаған? .................................................................
5. А. Машанов кімді халқымен қауыштырған? .............................................
6. Оның не туралы жазған шығармаларын ерекше атауға болады? ............
7. Қандай тақырыптарға жазған кітапшаларын білесіздер? .........................
8. Ол қандай мамандарды даярлаумен айналысты? ......................................
9. А. Машанов қай салада тұңғыш терминдік сөздік шығарды? ..................
10. Ол кімнің, қандай оқулықтарын қазақ тіліне аударды? ..........................
11. әл-Машани жарты ғасырдан астам ғұмырын кімнің
мұрасын зерттеуге арнады? .......................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |