ОҚУ Әдістемелік материалы семей


-тапсырма. «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінен мәлімет алып, білетіндеріңізді қосып, мазмұндаңыздар



бет21/27
Дата15.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#137047
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

427-тапсырма. «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінен мәлімет алып, білетіндеріңізді қосып, мазмұндаңыздар.
« Т ә у е л с і з д і к т а ң ы » е с к е р т к і ш і
Алматыда қыркүйектің 18 күні 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылды. Оған ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев пен Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, жұршылық өкілдері қатысты.

Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай, Алматы қаласының Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қилысында орналасқан «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне келген Н.Назарбаев: «Жастарды алаңға шығуға итермелеген Желтоқсандағы көтеріліс Қазақстан тәуелсіздігінің жаршысы болды. Бұл көтеріліске ұлтшылдық сипат беруге талпыныстар жасалып, ұлтаралық қақтығыс деп түсіндірушілер болды. Бірақ оның мүлдем олай болмағанын тарихтың өзі көрсетіп берді. Жастар бар болғаны әділеттілікті, теңдікті, тәуелсіздікті қалады. 1986 жылдың желтоқсанында болған көтеріліс Кавказ бен Балтық жағалауы елдеріндегі ұлттық қозғалыстардың өршуіне жол ашты», - деді.

Н.Назарбаев 20 жыл бойы қазақстандықтардың бірлікте, түсіністікпен өмір сүріп келе жатқанын айта келіп, елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың, адамдардың арасындағы татулық пен теңдіктің, елдегі табыстың, бақыт пен гүлденудің қайнар көзі екенін халықтың түсініп отырғанын жеткізді.

Ескерткіштің ашылу рәсіміне белгілі қоғам қайраткерлері, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, Желтоқсан қозғалысының мүшелері, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты.


428-тапсырма. Дұрыс нұсқасын көрсетіңіздер.
1. Мекен үстеулері: 2. Себеп-салдар үстеулері:

а) амалсыздан үйіне кетті а) қыстыгүні қайтады

ә) қасақана істеген ә) босқа барыпты

б) қолма-қол тапсырды б) емін-еркін сөйледі

в) алға қадам басты в) таңсәріде тұрды

г) әрең бара жатыр г) аз-аздап алды


3. Мақсат үстеулері: 4. Сын-бейне үстеулері:

а) ілгері жүрді а) екеулеп көтерді

ә) қасақана істеді ә) кешке келеді

б) сырттан кірді б) дереу кетіп қалды

в) ала жаздай дайындалды в) мейлінше ұқыпты

г) әншейін айтыпты г) төмен түсші


429-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, себеп-салдар үстеулерін табыңыздар.
Студенты зря поднялись наверх. Мама вынуждено встала рано утром. Азамат ничего не делает просто так. Сначала они пошли в магазин. Попусту не трать время. Иди назад.
430-тапсырма. Мақсат үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Әдейілеп, біле тұра, қасақана, әдейі, жорта, көре тұра.



431-тапсырма. Себеп-салдар, мекен, мақсат үстеулері қандай сұрақтарға жауап береді? Жауаптарыңызда көрсетілген торларға толтырыңыздар.
выноска со стрелкой вниз 144выноска со стрелкой вниз 145

выноска со стрелкой вниз 143

прямая соединительная линия 141прямая соединительная линия 142

скругленный прямоугольник 139скругленный прямоугольник 140


прямая соединительная линия 138

скругленный прямоугольник 137
432-тапсырма. «Қазақ елі» монументінің мазмұнымен танысып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.
«Қ а з а қ е л і» м о н у м е н т і
Авторы – Мұхтар Холдарбеков; Аймағы – Астана; Айдары – Архитектура ескерткіштері; Мазмұны – Бұл кешен – егемендік пен тәуелсіздіктің, еркіндік пен теңдіктің туын көтерген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі.
«Қазақ елі» монументі – ержүрек ата-бабамыз, жасампаз аға буын, жарқын болашаққа көз тіккен жастар, қазақ елінің Тәуелсіздігі мен оның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бейнеленген – бірегей тарихи композиция. Мәдени кешеннің 91 метрлік биіктігі Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды білдіреді. Оның жоғарғы жағында – қазақстандықтардың бұдан әрі дамуына және гүлденуіне ұмтылысын білдіретін – Самұрық құсы, ал іргесінде қазақ жері мен қазақ халқының кешегі, бүгінгі және жарқын келешегі жайында сыр шертетін төрт бедер-бейне көрсетілген.

Монументтің алып жатқан жалпы аумағы 5 гектар, ал оған қосымша жанасып жатқан жердің көлемі 11 гектарды құрайды. Аумақ – елдегі ұлтаралық татулықты, ниеттердің тазалығын көрсету үшін толығымен ақ мәрмәрмен көмкерілген.

Бедер-бейнелік композициясының қақ ортасында Қазақстан тәуелсіздігінің символы – оның Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың Конституцияның үстіне қолын қойып, ант беріп тұрған сәті және халық көрсетілген. «Халық және Президент» деп аталатын бұл бедер-бейне – тәуелсіз, демократиялық елімізде заңның үстемдік құратынын айғақтайды.

Монументтің оң жағына салынған «Қаһармандық» бедер-бейнесінде – Отанын қорғаған қазақ халқының ерліктерін, айбынды күш-жігерін, жауынгерлер мен сарбаздардың ат үстіндегі жорықтарын көруге болады. Батыс жақ бетте орналастырылған «Жасампаздық» бедер-бейнесінде халқымыздың көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолы суреттелген. Ол металлург пен мұнайшының, инженер мен диқаншы, құрылысшы мен ғарышкердің бейнелері арқылы мемлекеттің қуатын көрсетуге ұмтылған.

Шығыс жағында орналасқан «Болашақ» бедер-бейнесі – тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары нақышталған.

Композиция идеясының негізгі түйіні – «Мыңжылдық» аллеясының бастапқы нүктесіне қоладан құйылып орнатылған «Бірлік» көп бейнелі мүсіндік тобында жасалған. Мұнда – ауызбірлікті сақтай отырып, өз тәуелсіздіктерін қорғап қалуға, уақыттың қиын-қыстау кезеңдерін жеңуге дайын батыл да, рухани мықты халықтың шаттанған күйі көрсетілген.



Сөздік:

бейне – облик; образ; отображение; символ; тип

айбынды – величавый; величественный; бравый; внушительный; храбрый

айбынды ер – бравый мужчина

сарбаз – воин; боец; солдат

қаһармандық – героизм; героический; подвиг, отвага

жасампаздық – созидательность; изобретательность; живучесть
433-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

– Монументтің орталық барельефі қалай аталады және одан кімнің

бейнесін көруге болады?


  • Орталық барельеф – «Халық және Президент» деп аталады. Онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен оның сыртындағы халықтың бейнесі көрінеді.

434-тапсырма. Сөздерді мағыналарына қарай іріктеп, сәйкестендіріп, сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

1. сырттан

2. амалсыздан

3. көзбе-көз

4. әдейі


5. өте

прямая соединительная линия 1366. аз-аздап

7. ертемен

8. керемет

9. асыға


10. бекерге

а) істеді

ә) қызық


б) алды

в) кетеді

г) әдемі

ғ) сөйледі

д) алды

е) айтыппын



ж) сөйлесті

з) келді


1. ..................................

2. ...................................

3. ...................................

4. ...................................

5. ...................................

6. ...................................

7. ...................................

8. ...................................

9. ...................................

10. .................................



435-тапсырма. Себеп-салдар үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Лажсыздан, бекерге, тектен-текке, амалсыздан, босқа, текке, шарасыздан, құр босқа, жоққа, әншейін.


436-тапсырма. Өлең жолдарынан үстеулерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Тілекті бүгін хақтың берген күні,

Көл дария көздің жасын көрген күні,

Талайдың тіршіліктен қол сермеген,

Қайғысын тас-талқан ғып бөлген күні.

Жолында Ырғыз, Шалқар, Жаманқала,

Жоғары біз жатайық жолын алып,

Қостанай, Атбасар мен Ақмешіттің ...

Біреудің шөбін ұрлап қара басқыр!

Соншама не көрді екен, құдай ұрған?

Білмеді не айтарын жазған ұры,

Ұялып, текке қарап тұрды құры.


437-тапсырма. Қазақтың біртуар ұлы, халық жанашыры Мұхтар Шахановтың Желтоқсан көтерілісіндегі ұлтжандылығынан сыр шертейік. Сонау 1986 жылдағы ызғарлы күндер туралы әңгімелеп беріңіздер.
Желтоқсан шындығын ашқан

халық жанашыры – Мұхтар Шаханов
Ел басына күн туған 1986 жыл. Ызғарлы желтоқсанның 16, 17, 18 күндері. Ұлтымыздың сыйлы перзенті, дара тұлға Дінмұхамед Қонаев Қазақстанды басқару қызметінен алынып, орнына өзге ұлттың өкілі Геннадий Колбин тағайындалды. Бұл хабар қазақ жастарының намысына тиді. Билік басындағы бұл шешім Алматыдағы жоғары оқу орындарына лезде тарады.

Алғашында «Әр ұлтқа өз басшысы» деген мазмұндағы жазулар көтерген бейбіт шеруге шыққан жастар кешке резеңке дойыр (резиновая дубинка) мен сапер күректерімен қаруланған қызыл жендеттердің езгісінде қалды. Сол кездегі деректерге жүгінсек, үш күнде 60 мыңдай адам алаңға шыққан, оның сегіз мыңы уақытша қамауға алынып, 200-дей адам әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Осындай кезеңде жастарға мұз жастанған желтоқсан ақиқатын айтатын адам табылмай қиналғанда, қызыл империяның отаны – Мәскеуде үлкен мінбеден шындықты айтып, әділетсіздікке жаны күйзеле сөз сөйлеген қазақтың дарынды ақыны, біртуар азаматы, халықтың жанашыры – Мұхтар Шаханов болатын. Оның съездер сарайында сөйлеген сөзі арқылы да Желтоқсан көтерілісі бүкіл дүниежүзіне тарады.

КПСС ХХІІІ съезінің мінбесінде Желтоқсан шындығын ашып айтып, оны қайта қарап, оң баға беру туралы депутаттар алдына мәселе қойды. Көпшілік дауыс М.Шахановты қолдап шықты. Осылай әділдік салтанат құрып, желтоқсанда жазықсыз жазаланған жастар толық ақталды.

Бұл сол кездегі Кеңес Одағы бойынша жүріп жатқан Қайта құру науқанының да әсері болғанын көрсетіп берді.

М.Шахановтың дәл мұндай әрекетке баруы батырлық, үлкен ерлік еді! Отанын, халқын сүйеген патриоттың ісі еді. Сол күндері ұлт жастарының жалғыз жанашыры М.Шаханов қана болып қалғанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.

Ақын Желтоқсан көтерілісін тек мінбеден ғана айтып қойған жоқ, сол желтоқсан құрбаны болғандармен өзі тікелей араласып, түрмеден шығарып алды. Оқудан шығарылғандарды, жұмыстан қуылғандарды қайтадан қабылдатқызды. Ерекше істерімен танылғандарға, баспана алуға көмектесті.

М.Шаханов адамзат баласының тағдырына алаңдамай тұра алмайтын дара талант. Оның өлеңдерінің тақырыбы әр алуан, мазмұны да ерекше. Онда нәзік мейіріммен қоса, азаматтық рух үндесін жатады.

Әлем таныған Шыңғыс Айтматовпен «Құз басындағы аңшының зары» кітабын жазуы да тағылымды тірлік.

Бүгінгі таңдағы бірнеше өлең кітаптарының авторы М.Шаханов халқының жанашыры, ірі тұлға, ел тағдырын өз тағдырына айналдырған қоғам қайраткері, саясаткер.

М.Шахановты мақтағаннан гөрі, Шахановпен мақтанған абзал.
Сөздік:

ызғарлы – суровый; холодный

бейбіт шеру – мирное шествование

резеңке дойыр – резиновая дубинка

сапер күректер – саперные лопаты

мұз жастанған желтоқсан – в обьятьях ледового декабря

тағлымды тірлік – поучительное дело
438-тапсырма. Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков туралы мәтінді мұқият оқып, мазмұндаңыздар. Ызғарлы Желтоқсан көтерілісін естеріңізге түсіріңіздер.
Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков

(1966-1988)
Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында дүниеге келген.

1986 жылы Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына (қазіргі Сәулет-құрылыс академиясы) оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында тұтқындалды. 1987 жылдың 16 маусымында өлім жазасына кесілді.

Халықаралық қауымдастық КСРО басшылығынан Қ.Рысқұлбековтың жазасын жеңілдету туралы өтініш жолдады. Кейіннен оған берілген жаза 20 жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Бірақ оның өміріне Семей түрмесінде құпия жағдайда қастандық жасалды.

Қ.Рысқұлбеков Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, 1996 жылдың 9 желтоқсанында оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Қ.Рысқұлбеков ҚР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылдың 21 ақпанындағы шешімімен толықтай ақталды. Алматы қаласындағы Қ.Рысқұлбеков өзі оқыған Сәулет-құрылыс Академиясы тұрған көшеге оның есімі берілген. Тараз қаласында оның есімімен аталатын демалыс бағы бар. Оның орталығындағы алаңда Қ.Рысқұлбековке ескерткіш орнатылған.

12-апта. 36-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Мөлшер, топтау үстеулері.

439-тапсырма. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмір жолынан мәлімет алып, мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстанның

тұңғыш Президенті
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті. Туып-өскен жері – Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы.

Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пештеріндегі жұмыстарды атқару жолдарынан өтті.

Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә. Назарбаевты Қазақ КСР-ң ең алғашқы Президенті етіп сайлады, 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау өткізілді. Ол 1991 жылы 10 желтоқсанда ҚР-ның Президенті лауазымымен қызметке кірісті.

Н. Ә. Назарбаев ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан мемлекеті өзінің Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл оқиға одақтың күйреуімен байланысты болғанын барша халық жақсы біледі. Әлем халқы бір шындықты ашып берді. Ол – әрбір мемлекет ұлттық мемлекет болғанда ғана саяси, экономикалық, әлеуметтік прогреске жетеді. Мемлекеттік саясат сол елде қанша ұлт өкілдері тұрса, солардың бәрінің де мүддесін қорғайды. Бірақ тұрғылықты халықтың тілі, тарихи қалыптасқан дәстүрі, әдет-ғұрпы, менталитеті шешуші орын алуға тиіс.

Қазақстан халқының жаңа даму жолына бағытты – тарих сілтеді. Ол – демократиялық, өркениетті елдердің өмір жолы еді. Бір кезде уыстан шығып кеткен мемлекеттілікті тарихтың ондаған-жүздеген жылдарынан кейін қалпына келтірудің алғашқы бастамасы 1990 жылдың 25 қазанында Егемендік туралы Деклорацияның қабылдауынан басталды.

Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялау, оны әлем қауымдастығына таныстыруда Н. Назарбаевтың еңбегі шексіз болды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар көптеген уақиғаларға толы болды. Жаңарған Қазақстаның Елтаңбасы, Туы мен Әнұраны дүниеге келді.

Қазақстан халқы Н. Назарбаевтың басшылығымен ХХІ ғасырға қадам басты. Оның негізгі мақсат-мүддесі «Қазақстан – 2030» стратегиясында тұжырымдалды. Бірде-бір халық, бірде-бір ұлт, бірде-бір мемлекет ұзақ мерзімді жоспарсыз ілгері дами алмайды.

Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам бойы адамзат өміріне қауіп төндіріп келген Семей ядролық полигоны жабылды.

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін сақтау үшін Н. Назарбаев АҚШ, Ресей, Францияның билеушілерімен келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан алыстатуға (удаление) 1994 жылы келісті. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

2000 жылдың күзінде мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биікке көтеру мақсатында, бес мемлекеттің басын қосқан Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.

Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта Н. Назарбаевтың көреген басшылығымен мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, мәдени құрылыстарды реформалау жүзеге асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін әлем мойындады. ЮНЕСКО күнтізбесінде Абайдың 150 жылдық, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 150 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының құрметпен аталуы – мәдениет, өнер, ғылым мен дүниетануымызды жаңаша қалыптастыруда.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар істер атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек: біріншісі – 1997 жылы Н. Назарбаевтың ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында бүкіл елдің даму, қалыптасу стратегиясы жасалынды, таяу болашақта қол жеткізетін жетістіктерді белгіледі. Ал, жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналғанына ешкімнің күмәні жоқ.

Кезінде біреу білсе, біреу білмеген Ақмола-Целиноград атаулары тарих еншісіне айналды. Ал бүгінгі Астанада Н. Назарбаев ірі мемлекеттердің басшыларымен келіссөздер жүргізіп, кездесулер өткізіп, Қазақстанды әлемге танытуда, Қазақстан әлемді тануда.

Көреген саясаткер ретінде Н. Ә. Назарбаевтың халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт өткен сайын айқындалып, бағасы арта түсуде.


Сөздік:

аластау – удаление; гонение; изгнание; изгонять

аластату – удалить; отстранить; изгнать
440-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і :

– Н.Назарбаев еңбек жолын неден бастады?

– Н.Назарбаев еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды

металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна

пештеріндегі жұмыстарды атқару жолдарынан өтті.
441-тапсырма. Мәтіннен үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
442-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен үстеуге негізделген сөйлемдер құрастырыңыздар.

Еңбек жолы, бүкілхалықтық, жұмысшы, меңгерушісі, хатшы, қызмет, сайлану, тәулсіз Қазақстан, адамзат өміріне, ядролық қару, мемлекет, биікке көтеру, одақ құру, нарықтық ел, көреген саясаткер.


Мөлшер, топтау үстеулері
Мөлшер: Қимылдың мөлшерін, көлемін білдіреді. Сұрақтары: қанша? (сколько?), қаншалық? (на сколько?), қаншадан? нешеден? (по сколько?). Сонша, бірталай, недәуір, азды-көпті, мұнша, мұндайлық, біраз, неғұрлым, бірен-саран, анағұрлым, азғантай, талай, онша, оншалық, соншалық, сондайлық.

Топтау: Қимылдың іс-әрекетін топтап көрсетеді. Сұрақтары: қалай? (как?), қаншадан? (по сколько?). Екеулеп, он-ондап, рет-ретімен, аз-аздап, бас-басына, жұп-жұбымен, топ-тобымен, бір-бірден, үшеулеп, көп-көптен, тең-теңімен.
443-тапсырма. Сөйлемдердегі мөлшер үстеулерінің астын сызып, олардың қандай сұрақтарға жауап беретінін айтыңыздар.

Оларды біраз бұрылғаннан кейін, бұл кернді арнаулы саймандар арқылы сындырып, скважинадан шығарып алып отырады. Алайда едәуір ұзындығы бар қазбалар үшін көлемдік есеп жеткілікті дәлдікпен жазықтыққа көшірілуі мүмкін. Шыңырау (шурф) жер бетінен қазылатын онша терең емес (70-90м), қимасы шағын, көбінесе тік көлбеу өтетін кен жүргізілетін штольнялармен ашу анағұрлым тиімді болады. Кен түсімі неғұрлым жоғарылаған сайын жоғалым коэффициенті кемиді. Еңістігі едәуір трассасы бар, конвейерлері мен скиптік көтергіштерге арналған құламалы ор жолдарды айырады.


Сөздік:

көлбеу жазықтық – наклонная плоскость жазықтық – плоскость

көлбеу – горизонтально; раскос қазбалар – раскопки

едәуір – много; достаточно

кеніш – рудник; месторождение
444-тапсырма. Төмендегі мөлшер үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Біраз, сонша, бірен-саран, азды-көпті, бірталай, анағұрлым, азғантай, талай, недәуір, мұнша, сондайлық.


445-тапсырма. Мекен, сын-бейне, топтау үстеулерін тауып, олардың үш бөлек бағаналарға бөліп жазыңыздар.

Алға, кейін, артқа, екеулеп, жылқы, зорға, әрең, дереу, адамзат, топ-тобымен, баға, мемлекеттік, жоғары, төмен, ілгері, қабат, қалың әдемі, қабырға, жұп-жұбымен, ертең, бүрсігүні, алды, арты, сонша, қазақша, жедел, қасақана, бас-басына, ұшу, жазу, қалыптасты, бекерге, көзбе-көз, қыстыгүні, аз-аздан, мүлік, орын, белгілі, белсенді, бастық, балға, көп-көптен, алыс, жақын, бір-бірден, оң жақ, сол жақ, орасан, әрі, шапшаң, тым бірден, ұзақ, ауыр.


446-тапсырма. Сөйлемдерден мөлшер үстеулерін тауып, оларға сұрақтар қойыңыздар.

Бүгінгі таңда қазақ тілінің фонетикалық-грамматикалық құрылысы едәуір зерттеліп, танылып қалды, лексикалық қат-қабаттары да жинақталып, әр алуан сөздіктер жасалды. Сонымен біраз томсарып отырып барып, қайта қыбырласқанда, Құнанбай ойдағы сөзін бастады. Көксерек әлі онша жақындаған жоқ. Кен орындарын іздеп-табу жұмыстарының қарқынын сондайлықты жеделдету шаралары іске асырылуда. Кен түсімі неғұрлым жоғарылаған сайын, жоғалым коэффициенті кемиді. Жігіттің даусы аз саябырлады да, қақпаны қайта ашты. Біз күткен пойыз мезгілінен біраз кешігіп, түн ортасы ауа келді.


447-тапсырма. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет! Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттаңыздар. Тәуелсіздігімізді қашанда мақтан тұтыңыздар.
Т ә у е л с і з д і к
Өзіңдікі Елің де, Асқар тау да сенікі,

Өзіңдікі Жерің де. Бақша-бау да сенікі.

Өзіңді-өзің еткен Бақ - Қалтқысыз Доспенен,

Тәуелсіздік төрінде! Қатал Жау да сенікі.

Өзіңдікі – Туың да, Ұраның да – жасасын!

От пен Ауа Суың да. Құраның да жасасын!

Жаса, Қазақстаным, Қасиет-кие дарыған

Белді бекем буын да! Ұланың да жасасын!

(Иран-Ғайып)

448-тапсырма. Берілген топтау үстеулерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Жұп-жыбымен, бір-бірден, екеулеп, аз-аздан, бас-басына, үшеулеп, көп-көптен, рет-ретімен, топ-тобымен.


449-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөз және сөз тіркестерінің оң жақ бағанадағы сөз тіркестерімен мағынасына қарай іріктеп, сәйкестендіріп, көрсетілген жолдарға жазыңыздар.


Ү л г і : Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

1. қазақ елінің

2. тәуелсіздік таңы

3. жүргізіліп

отырған


прямая соединительная линия 1354. қоғамдағы

5. дүниежүзіне

әйгілі

6. Еуропалық



7. Қазақстан –

8. тәуелсіздік

9. адамзаттың

10. бүкілхалықтық



а) тұрақтылық

ә) саясаткер

б) нарықтық ел

в) жолымен

г) қауіпсіздікгі

ғ) сайлау

д) саясат

е) одақ құру

ж) атқан

з) тарихындағы



1. - - - - - - - - - - - - 2. - - - - - - - - - - - - -

3. - - - - - - - - - - - - -

4. - - - - - - - - - - - - -

5. - - - - - - - - - - - - -

6. - - - - - - - - - - - - -

7. - - - - - - - - - - - - -

8. - - - - - - - - - - - - -

9. - - - - - - - - - - - - -

10. - - - - - - - - - - - - -




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет