ОҚУ Әдістемелік материалы семей



бет17/27
Дата15.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#137047
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

325-тапсырма. Берілген күшейтпелі, асырмалы шырайларды қатыстырып, қысқаша мәтін құрастырыңыздар.

Кіп-кішкентай, ең жақсы, тым әлсіз, өте қызық, қап-қатты, орасан зор, ап-аласа, әп-әдемі, тым биік, өте жинақы, аса ұғымтал, аса ұқыпты, тап-таза, аса белсенді, түп-түзу, өте сезімтал.


326-тапсырма. Сөйлемдерден асырмалы шырайларды тауып, олардың емлесін түсіндіріңіздер.

Бұл аңызда көне музыкалық аспап – жетіген туралы айтылады, аспап – жақындары өліп, өмір оты өшіп, бастарынан бақ кетіп, күн мен ай тұтылып, дүниесі қара түнекке айналған орасан зор қайғыдан кейін туған. Бұндай тым ауыр қайғы-қасіретке қарсы тұрудың жалғыз жолы – көздің жасын төге отырып жеті тіршіліктің символы – жеті ішекті аспап тудыру болды. Қазақ музыкасының ерекше байлығын бір кезде аса көрнекті музыка зерттеушісі Б.Асафьев жоғары бағалаған. Ән, күй, термемен үн қоса жүретін қазақтың музыкасы адам өмірімен, оның тіршілігімен өте тығыз байланысты. Күй мен әнді нақышына келтіріп орындайтын күйшілер мен әншілердің ауылға келуі өнердің нағыз мерекесі болып табылады.


327-тапсырма. Сын есімдерді асырмалы, күшейтпелі шырайларда жіктеңіздер.

Ү л г і:

І. Мен сұп-сұлумын, тым ақылдымын, өте ұқыптымын, кіп-кішкентаймын.

ІІ. Сен әп-әдемісің, нағыз ғалымсың, өте белсендісің, аса абыройлысың.

Сіз өте әдептісіз, тым дарындысыз, жап-жақсысыз, сұп-сұрсыз.

ІІІ. Ол сап-сары, топ-толық, жап-жас, өте өжет.

Сүйкімді, тәуір, жинақы, сыпайы, жасық, өнерлі, ұмытшақ, шыдамды, білгіш, еңбекқор, келбетті.


328-тапсырма. Сын есімнің шырайларын (жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы) төрт торға бөліп жазыңыздар.

блок-схема: процесс 270блок-схема: процесс 269

полотно 268


329-тапсырма. Мақал-мәтелдермен танысып, сын есімдердің қай шырайда тұрғанын анықтаңыздар. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.
Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл Жақсы келін – қызыңдай,

Ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл. Жақсы күйеу – ұлыңдай.

Язык – и горек, и сладок. Хорошая невестка, как дочь родная,

Он – и тверд, и мягок. Хороший зять, как сын родной.

Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Воспитанность ребенка – его счастье,

Невоспитанность – его же несчастье.


330-тапсырма. Көп нүктелердің орнына асырмалы шырай жасайтын күшейткіш үстеулерді (аса, өте, нағыз, ең) тиісті орындарына қойып, қосып жазыңыздар.
Күйшілер мен әншілерді қадірлі қонақ етіп күтіп, ал кететін уақытта ................ бағалы сыйлықтар беріп отырған. Ақын барлық уақытта өзін домбырамен сүйемелдеп отырады, ал ол құрастырған өлең ............... әдемі, әсем, ырғақты болады. ............... шешен болу үшін, сөзге ғана шебер болу жеткіліксіз. Қазыбек үш жүздің ішіндегі ................ қиын, ............... күрделі мәселелердің басы-қасында жүрген биі болған. А. Байтұрсыновтың орны ерекше екені белгілі, оның теориялық деңгейінің .............. жоғары болғанын көреміз.
331-тапсырма. Өлең жолдарындағы шырайлардың астын сызыңыздар. Өлеңдерді жаттап алыңыздар.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Сұрама оның бәрін бүгін менен,

Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тіршілік болса тағы айтып берем.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Ақанның ең аяулы әңгімесі –

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Тек бүгін танысалық «Құлагермен»

(Абай) (І.Жансүгіров)
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жанға ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қыр мұрынды,

Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды.

(Абай)

10-апта. 29-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Есімдік. Жіктеу, белгісіздік есімдіктері.

332-тапсырма. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының ашылу тарихымен танысып, мәлімет алып, мазмұндаңыздар.
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық

опера және балет театры

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Иван Коцыко өңдеген халық өлеңдері мен күйлері орындалды. Спектакль көпшіліктің көңілінен шығып, әсері зор болды. Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды.

Бұл қазақ халқының музыка тарихында үлкен орын алатын орасан зор оқиға болып, онда рөлдерде ойнаған актерлердің барлығының да есімі мәңгілік тарихта өшпестей болып, қазақ музыка мәдениетінің біртуар өнер иелері болып қалды. Соның ішінде К.Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Қ. Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қ.Байсейітов, биші Ш.Жиенқұлова, әнші М.Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Майлин, композитор Евгений Брусиловский, т.б. өнер майталмандары еді.

Е.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опера өнеріне көп үлесін қосқан театрдың ең алғашқы композиторларының бірі болды. Оның музыкасына жазылған «Қыз Жібек» (1934), «Жалбыр» (1935), «Ер Тарғын» (1936) спектакльдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылар болып табылады.

1938 жылы ұлы композитор П.Чайковскийдің «Лебединое озеро» балеті алғаш рет сахналандырылды. Осы жылы алғаш рет В.Великановтың «Қалқаман және Мамыр» атты қазақ балеті қойылды.

Опера театрының алғашқы табысы 1936 жылғы Москва қаласындағы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің күндері болып табылады. Қазақтың бұлбұл қызы атанған К.Байсейітованың сомдаған Жібек рөлімен «Қыз Жібек» спектаклі үлкен қошеметке бөленді. Барлық баспасөз беттері жаңа театр мен оның әртістері және олардың үлкен табыстары жөнінде мақалалар жариялады. Қазақ өнерінде алғаш рет К.Байсейітоваға Кеңестер Одағының халық әртісі атағы берілді.

Театрды жаңа кәсіби мамандармен толықтыру мақсатында Ресейдің, т.б. елдердің ұлттық музыка білім ордаларын бітірген өнерпаздарын театрға шақыртып, театр әртістерінің қатарын толықтырып отырды. Олар – Б.Досымжанов, Ә.Үмбетбаев, Ришат және Мүсілім Абдуллиндер, Ш.Бейсекова, К.Кенжетаев, М.Төлебаев, т.б.

1941 жылы театрға Академиялық театр атағы берілді. Әрине, опера театры – ең алдымен, бүкіл өмірлерін ең әсем өнердің бірі – театрға арнаған әдебиет қайраткерлерінің, композиторлар, жазушылар, суретшілер, жақсы вокалдық қабілеттері бар актерлердің ең сүйікті жұмысы. Бұл адамдар ұлттық мәдениеттің тарихына енген. Олардың іс-әрекеттері 70 жыл бойы дамып, жалғасып келеді.

Ұлы Отан соғысының алдында театрдың репертуарында 31 опералық (олардың ішінде 9 қазақ) және 6 балеттік (2 қазақ) спектакльдер болды.

1944 жыл М.Әуезовтың либреттосы А.Жұбановтың және Л.Хамидидың «Абай» қазақ операсының жарық көруімен есте қалды. Әрине, бұл театрдың репертуарындағы әлі күнге дейін ең негізгі үлкен шығармашылық табыс болып табылады. Ұлы қазақ ағартушысы, философ, гуманист, ақын Абайдың 100 жылдығына орай опера және балет театрына Абай аты берілді.

50-ші жылдар арнайы жоғары білім алған Е.Серкебаев, Р.Джаманова, Эра Епонешникова, З.Райбаев, С.Көшербаева сияқты кәсіптік музыканттардың келуімен есте қалды. Олар өз шеберліктерін жетілдіре отырып, халық сүйіп таныған опера және балет театрының «жұлдыздары» болды.

Қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры Қазақстанның музыка өнерінің флагманы болып табылады. Қазіргі таңда бұл Еуразия кеңістігіндегі ең ірі театр. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді. Қазақ опера және балет театры сахнасының шеберлерін Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты елдерде қошеметтейді.


Сөздік:

біртума – неповторимый; оригинальный; шедевр

туынды – произведение; вторичный; производный; генетический

шеберлік – мастерство; умение; ловкость

шығармашылық – творчество; творческий
333-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Қай қазақ операсы қазақ музыкасының алтын қорына енді?



  • Театрдың көркемдік жетекшісі репертуарға ерекше көңіл бөлді. Орыс,

еуропа, қазақ опералары қойылды. Олардың ішінен «Біржан және Сара»

операсы қазақ музыкасының алтын қорына енді.


334-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі жіктеу есімдіктерінің астын сызып, олардың қай жақта тұрғанын түсіндіріңіздер.

Мысалы: Олар (ІІІ жақ, көпше) біздің елде ғана емес, сондай-ақ көптеген елдерде танымал болды.

Есімдік (Жіктеу, белгісіздік)

Есімдіктер – есім сөздердің (зат есімнің, сан есімнің, сын есімнің) орнына жүретін сөз табы. Мағынасына қарай есімдік 7 топқа бөлінеді:

Жіктеу есімдіктері (Личные местоимения): мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.

Белгісіздік есімдіктері (Неопределенные местоимения). Белгісіздік есімдіктері дегеніміз заттар мен құбылыстардың мағыналарын нақты түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздер: әркім, әрқайсы, әлдекім, әлденеше, біреу, кейбіреу, қайсыбір, бірдеме т.б.
335-тапсырма. Жіктеу есімдіктерінің астын сызып, оларды септеңіздер.

Әрбір минералдық затты табиғи түрінде пайдаланатын болса, онда ол пайдалы қазынды деп аталады. Рудада металл таза күйінде өте сирек кездеседі, көбінесе ол химиялы қоспа түрінде болады. Біздің ел көптеген көмір және түсті металл запастарының иесі. Менің пәннің барлық бөлімдеріндегі кен терминологияларын толық меңгергім келеді. Сенің шахта алаңдарын ашу және дайындау технологиялық үлгілерінің әртүрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын зерттеуің қажет.


336-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, жіктеу есімдіктерінің қай септікте тұрғанын айтыңыздар.

Бауырлар

Менің жерім мына жер – сенің жерің, Менің көлім мына көл – сенің көңілің,

Жарасып тұр сол жерге келулерің. Сенің арқаң көңілге семіргенім.

Осы алқапта сенің де малың жатыр, Жоғалмасын, ағайын, жоғалмасын,

Жайқалып тұр шабылмай егіндерің. Жетем деген сол көлге сенімдерің.

Мына өзен менікі, ел күніге,

Сүйінеді ұрпақтың ерлігіне.

Қимай кеткен сол суды аталарың

Бетін жуып соңғы рет мөлдіріне.

(Т.Молдағалиев)


337-тапсырма. Мен, сен, біз жіктеу есімдіктерін үлгіде көрсетілгендей етіп септеңіздер.

А. ол сендер 1. .........................................................

І. оның сендердің 2. .........................................................

Б. оған сендерге 3. .........................................................

Т. оны сендерді 4. .........................................................

Ж. онда сендерде 5. .........................................................

Ш. одан сендерден 6. .........................................................

К. онымен сендермен 7. .........................................................


338-тапсырма. Инженер сөзі белгісіздік есімдіктерінің қайсысымен мағыналық сөз тіркесін жасай алады? Сөз тіркестерін көрсетілген жолдарға толтырыңыздар.

прямая соединительная линия 256 ешқашан 1. ...................................................

біреу 2. ...................................................



прямая соединительная линия 255 кейбіреу 3. ...................................................

прямая соединительная линия 254 кейбір 4. ...................................................

прямая соединительная линия 253 қайсыбір 5. ...................................................

Ипрямая соединительная линия 249прямая соединительная линия 252прямая соединительная линия 251прямая соединительная линия 250нженер әрбір 6. ...................................................

әркім 7. ...................................................

әрне 8. ...................................................

әлдекім 9. ...................................................

әлдеқашан 10. .................................................



339-тапсырма. Есімдіктерді тауып (жіктеу және белгісіздік), оларды түрлеріне қарай ажыратыңыздар.

Біздің университет бүгінде 75-тен астам мамандық бойынша инженер мамандарын дайындайды. Мен студентпін. Сен де болашақта тау-кен инженері боласың. Әрбір адамның өмірде өз таңдауы бар. Біреу маркшейдер болғанды қалайды, ал кейбіреулер мұнай-газ инженері болсам деп армандайды. Қалай болғанда да біз қазақстандықтармыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Олар біздің елімізге келіп-кетіп жүретін қонақтар. Әрқайсысының ойында әлденеше сұрау бар. Біз болып, сіз болып Отанымыз Қазақстанның гүлденуіне үлесімізді қосайық, ағайын!


340-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттаңыздар. Өлеңдегі есімдіктердің астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

А, Құдай, жасты-жасқа пар қылғаның,

Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның.

Астына алтын, күміс тақты беріп,

Біреуді жұрт билеген хан қылғаның.

Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,

Ақылсыз, екі аяқты мал қылғаның ...

Біреуге Аплотондай білім беріп,

Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның ...

(С.Торайғыров)


341-тапсырма. Сөйлемдерден белгісіздік есімдіктерін табыңыздар.

Біреуден алсаң аманат, берсең жақсы саламат. Әй, Қазыжан-ай, кейбіреуді ризық айдайды, кейбіреуді ажал айдайды, шырағым, - дейді Шоқан. Қайсыбірін айтайын, балаларымның бәрі он саусағынан бал тамған шебер. Ешкімнің жазығы жоқ, ешкім бұған кінәлі емес. Сол малдың артынан үш-төрт қуғыншы шығады. Төле далаға шығып, бірнеше адамдарды көрді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен.


342-тапсырма. Төмендегі сөз және тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Біреуге дауыс көтеру, әлдебір жолдау жұмыстары, кейбіреулер құрастырады, бірдеме айту, қайсыбір геологтар, әлдеқайда тиімді, әлденеше көру, әрбір маман, біреу, қайсыбір, әркім, әрдайым, әрқашан, бірдеңе.


343-тапсырма. Сөйлемдерден белгісіздік есімдіктерін тауып, белгісіздік есімдіктеріне жататын сөздерді атаңыздар.

Кейбір мамандар Қ.И.Сәтбаевтың артына қалдырған үш мұрасы ретінде Жезқазғанды, Ғылым Академиясын, Геологиялық институтты атайды, ал кейбіреулер бұл санды тоғызға жеткізеді. Тау жыныстары деп тұрақты құрылымы мен құрамдары бар бір немесе бірнеше минералдардан түзіліп, өзіндік жаралуымен жер қабыршығын құрайтын табиғи минералдық агрегаттарды атайды. Әркімнің өмірде өз таңдауы болады. Біреу маркшейдер болғанды қалайды, ал кейбіреулер мұнай-газ инженері болсам деп армандайды.


344-тапсырма. Өлең жолдарындағы жіктеу есімдіктерінің астын сызып, олардың жақтарын ажыратыңыздар.
Біз надан боп өсірдік Біз болмасақ, сіз барсыз,

Иектегі сақалды. Үміт еткен достарым,

«Өнер – жігіт көркі», -деп Сіздерге бердім батамды.

Ескермедік мақалды. (Ы.Алтынсарин)



* * * * *

... Сенсің – жан ләззаты, ... Сен – жаралы жолбарыс ең,

Сенсің – тән шәрбаты. Мен – киіктің лағы ем.

(Абай)
345-тапсырма. Өлеңдерден белгісіздік есімдіктерін табыңыздар. Өлеңдердің мағынасын түсініп, жаттаңыздар.

Жігіттің шешендігін дауда сына, Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,

Мақтаған қыран құсты ауда сына. Алайда жіп тақпаймыз ешкімге дөп.

Қарын тоқта әркім-ақ үйде батыр, Сөз жүгіртіп, шағыстырған қасекеңдер,

Жігітті батырсынған жауда сына. Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп.

(Ақан сері) (С.Дөнентаев)


346-тапсырма. Көп нүктелердің орнына белгісіздік есімдіктерін тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

Сырым үндемейді, ................ алысқа қарайды. Мына .............. кім? Халық ............... нәрсені түсінеді. ................. өз әнін шырқайды. Әкем менен ................ ойлануды талап етеді.



Тірек сөздер: біреу, әрбір, әлдеқайда, әрқайсысы, әрқашан.

(Мағжан Жұмабаев)



10-апта. 30-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Сілтеу, сұрау есімдіктері.

347-тапсырма. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қалыптасу кезеңдері туралы мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, мазмұндаңыздар.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
Мемлекттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы Қазақстан Республикасындағы үлкен мәдени орталықтарының бірі. Мұражай жинағында Қазақстан, Ресей, Еуропа, Америка, Шығыс және басқа да елдердің кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолөнер туындыларынан құралған 22000-ға жуық экспонаттар бар. Мұражайдың негізгі мақсат-мүддесі – әрқашанда жоғары сапалы әлемдік өнер туындыларын жинап, қорғап-сатап, насихаттап, өнер сүйер көпшілікке көрсетіп отыру.

Мұражай 1935 жылы Қазақ ССР-нің 15 жылдығына арналған мерекелік көрменің негізінде Ұлттық көркемсурет галереясы болып құрылды.

Көркермендер үшін 1976 жылы галерея 1970 жылдан жұмыс істеп келе жатқан қолөнер мұражайымен біріктіріліп, Қаз ССР Мемлекеттік өнер мұражайы болып ашылды. Ал 1984 жылдан бастап мұражайға Қазақстанның халық суретшісі Ә.Қастеевтің есімі берілді. Мұражайда әр ұлттың сан ғасырлық тарихы бар мәдениетінен және оның түрлері мен жанрларын сипаттайтын экспонаттардан жинақталған әлемдік өнер туындыларымен кеңінен танысуға болады.

Қазақ халқы өзінің көне заманнан бері келе жатқан тамаша тарихы және өзіне ғана тән көркем мәдениетімен ерекшеленеді. Мұражай қорындағы көне және орта ғасырдағы өнер бұйымдары, өткен дәуірден қалған шығармашылық өнердің теңдесі жоқ ескерткіштері өнердің өсуі мен эволюциялық өзгерістерінен мағлұмат береді.

Көшпелі қазақтың тұрмысында ең басты рөл атқаратын зат – киізден жасалған бұйымдар. Үй-ішінің сәнін кіргізетін текеметтер мен алашалар, төсеніштер мен ыдыс-аяқ салатын қоржындар жасалған. Көркемдік әсері бар дүние ол – текемет. Ол өзінің түр-түсінің сәнімен өлшенеді. Киізден жасалатын төсеніштің тағы бір түрі – сырмақ. Оның оюлары симметриялы және графикалық анықтылықпен ерекшеленеді.

Сонау көне заманнан бері келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілем қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Ою-өрнектері мен түр-түсінің байлығымен аса тартымды. Кестелі кілемнің бір түрі – түскиіз. Ол қалыңдық жасауының ең негізгісі болған, отбасының бақытын, тазалығын (пәктігін) суреттейді.

1935 жылы Қазақ ұлттық көркемсурет галереясы құрылғаннан бері «Қазақстан бейнелеу өнері» коллекциясын жинақтауға жіті көңіл бөлінді.

Қазіргі таңда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының залдарында ұлттық өнер мектебінің қалыптасқан анталогиясын құрайтын 10000-нан астам көркем шығарма қойылған. Қордағы аса құнды кескіндеме, графика, мүсін туындылары ұлттық мектебіміздің көркем шежіресі іспеттес.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдар коллекциясы негізінен шынайы көңілмен орындалған аз ғана акварель мен суреттер Ә.Қастеевтің, А.Исмайлов, К.Ходжиков пен К.Ходжиковтердің жұмыстары сол уақытты суреттейтін терең ішкі сезімге толы шынайы туындылар.

Әр кезеңдегі жұмыстардан Қазақстандағы дара шығармашылық иелерінің даму эволюциясын көруге болады. Қ.Телжанов, Н.Нұрмұхаммедов, К.Шаяхметов, М.Кенбаевтың туындыларының ойы, тақырыбы, орындалуы кең көлемді қамтиды.

Қазіргі заманғы Қазақстан қолданбалы өнері коллекциялары ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап жинақтала бастады. Онда тоқылған маталар, металдан, қыштан, фарфордан, киізден, шыныдан жасалған бұйымдар жиналған.

Суретшілер өз мемлекетінің ХХІ ғасырдағы тарихи дамуына, өмірдің барлық саласындағы қарқынды өзгерістерге куә болып келеді. Олардың көпшілігі жеке дәрежелі шығармашылық иелігіне жетті. Шығармаларының негізгі тақырыбы – ата-бабамыздың көнеден келе жатқан ғасырлық мұралары болды.

Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайындағы бүгінгі күнгі 1200-ден аса кескіндеме, түпнұсқалы және басылымнан өткен графика, мүсіндер мұражайдың ең құнды жинақтарының бірі. Ең таңдаулы деген шығармалар мұражайдың тұрақты экспозициясына кірген. Қазіргі уақытта Мемлекеттік мұражайы – сурет өнері саласындағы ең ірі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі болып отыр. 2000 жылдың 1 қаңтарына негізгі қордың саны – 21 мың бірлікті құрайды. Мұражайдың бай, жан-жақты, баға жетпес коллекциясы Қазақстанның, Еуропа және Азия елдерінің өткен кезеңдегі және қазіргі уақыттағы шеберлерінің көркем мәдениеті туралы түсінік береді. Мұражайда барлығы – 14 экспозициялық зал жұмыс істейді.
Сөздік:

кескіндеме – живопись текемет – кошма

алаша – коврик; палас қоржын – сумка

қыш – кирпич мұра – наследие

жіті – бдительный; чуткий; зоркий;

сәндік – декоративный; роскошный

туынды – произведение; производный

төсеніш – палас; постилка; кошма;

мүсін – скульптура; статуя; осанка; кристальный бюст

генетический; вторичный застилка; настил; тюфяк

сырмақ – стеганная кошма с узорчатой апликацией
348-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Мемлекеттік мұражайы ненің орталығы болып саналады? 2. Оның негізгі мақсат-мүддесі не? 3. Мұражай қашан құрылды? 4. Мұражайға Ә.Қастеевтің есімі қашан берілді? 5. Ол несімен ерекшеленеді, неден мағлұмат береді? 6. Көшпелі қазақтың тұрмысында ең басты рөл атқаратын қай бұйымдар, олар несімен ерекшеленеді? 7. Көне заманнан келе жатқан қазақтың дәстүрлі мүлкі деп нені атайсыздар? 8. Ә.Қастеев атындағы мұражайда қанша көркем шығарма қойылған? 9. Мұражайда неден жасалған бұйымдар жиналған? 10. Шығармалардың негізгі тақырыбын атаңыздар.
349-тапсырма. Мәтіннен сілтеу, сұрау есімдіктері бар сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
350-тапсырма. Мәтіндегі жіктеу есімдіктерінің астын сызып, олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын айтыңыздар.
351-тапсырма. Есімдіктердің түрлерін (жіктеу, сілтеу, белгісіздік) ажыратып, оларды көрсетілген торларға бөліп жазыңыздар.

скругленный прямоугольник 248


Мен (я); бұл (это, эта, этот); бірнеше (несколько); біреу (один); сол (тот); сендер, олар (вы, они); анау (тот, вон); мынау (это, эта, этот); осы (это, эта, этот); сен (ты); сіз (вы); біз (мы); сіздер (вы); ол (он, она, оно); кейбіреу (некоторый); әркім (каждый).
стрелка вправо 246

скругленный прямоугольник 245


стрелка вправо 244
скругленный прямоугольник 243


стрелка вправо 242



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет