ОҚУ Әдістемелік материалы семей


-апта. 40-тәжірибелік сабақ



бет24/27
Дата15.06.2016
өлшемі2.22 Mb.
#137047
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Салалас құрмалас сөйлемдер. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер.

496-тапсырма. Бүгінгі таңдағы экологиялық проблемаларды өз ойларыңызбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Қазақстанның экологиялық мәселелері

* * * * *

Қазақстандағы экологиялық аймақтар. Әлемдік экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарды көрсетуге болады:

Бірінші аймаққа – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы мәселе – табиғи ортаның мұнаймен ластануы. Аталған аймаққа – Қазақстанның негізгі мұнай өндіретін Атырау және Маңғыстау облыстары жатады.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың құнарсыздануы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдеу процестерінің жүруіне, биокоп түрліліктің жойылуына әкеледі.

Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарда жоғары. Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамның ұшқыш органикалық қосылыстарымен ластануына әкеледі.

Екінші аймаққа еліміздің солтүстік-шығыс облыстары – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Бұл аймақтарда ҚР-ның өнеркәсібі жоғары дамыған. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Аталған аймақтардағы экологиялық мәселелер – қоршаған ортадағы өндірістік қалдықтардың жиналуы, нақты территориялардағы ауаның ластануы, ормандардың бүлінуі, территориялардың ерекше қорғауға алынуларының жеткіліксіздігі.

Аймақ – тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады.

Территорияның басым бөлігін ормандар алып жатыр. Қазақстанның орман ресурстарының көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарына келеді.

Ертіс-Нұра – Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресурстары – негізгі су көзі.

Республиканың астанасы – Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан. Тек бір ғана Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр. Ертіс өзенінің ластануына Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қауіп төндіруде.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор, яғни жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауру деңгейі өте жоғары.



Үшінші аймаққа – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың құнарсыздануы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. Бұл аймаққа – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады. Негізгі қызметі – ауыл шаруашылығы. Жерді суару үшін Арал және Алакөл, Балқаш өзен, бассейндерінің суын пайдаланады.
Сөздік:

шайынды – ополоски; помои

жайылым – пастбище; луг; простор; выгон; пастбищный

жайылым жерлер – пастбищные угодья

ластану – загрязнение; загрязниться; замараться; запачкаться; засориться
497-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
498-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Ү л г і :

– Солтүстік-шығыс аймақтарының экономикасының дамуына ненің әсері

болады?

– Аймақтың экономикасының дамуына су ресурстары әсер етеді. Ертіс және



Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және

ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 мвт энергия өндіреді.


499-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігіндегі сөйлемдердің негізгі мағынасын сақтай отырып, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і :

Балқаштағы экологиялық жағдайға байланысты негізгі мақсат – Балқаш көлін сақтап қалу және бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлау.


500-тапсырма. Оң жақ бағандағы сөздердің көмегімен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді толықтырыңыздар.


1. Далалы алқапта -------------- алып жатқан қарағайлы -------------- өсетін және олар ертеде Орал мен Алтай аралығын -------------- жататын.

2. Сырдариядан су алуға байланысты ------------------------------- суларының деңгейі төмендеп кетті де, бұл жерлер ------------- өсіруге жарамсыз болып қалды.

3. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін -------------- тұрақтылықты сақтап қалу қажет және қалдықсыз ------------------ тиімді пайдаланатын ----------------- жасап, оны іске қосу керек.

4. Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының ------------------- Батыс пен Шығысқа шындықты жеткізді және құпия ---------------- сырын ашты.

5. «Невада-Семейдің» Алматыдағы халықаралық іскерлік ----------- үлкен жиналыс өтті, жиналыста осы --------------- төрағасы Олжас Сүлейменов сөйледі.


оңтүстікті

ормандар


тұтастырып

жер асты


сексеуіл

экологиялық

ресурстарды

технологияларды

акция шерулері

соғыстың

орталығында

қозғалыстың






Салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас дейміз.



Мысалы: Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.

Сложносочиненным предложением называется такое предложение, которое состоит из независимых одно от другого предложений, образующих в смысловом отношении единое целое.

По способу связи сложносочиненные предложения делятся: на бессоюзные и союзные. М.: Көктем келді, күн жылынды. (Пришла весна, стало тепло). Көктем келді де, күн жылынды. (Пришла весна, и стало тепло).

Құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем 6 түрге бөлінеді:

1. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

2. Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

3. Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

4. Талғаулы жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

5. Кезектес жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.
Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде атылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.




Жалғаулық шылаулар (Соединительные союзы)

Мысалдар

(Примеры)

Ыңғайлас жалғаулықты салалас (Соединительные союзы):

және, да, де, та, те (и, к тому же).

1. Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный).

2. Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилось, и народ стал расходиться).




501-тапсырма. Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларымен сөйлемдер құрастырыңыздар. Және, да, де, та, те, әрі (и, к тому же).

Ү л г і : Көмірден май да шығады, әрі темір қорытатын кокс те шығады.
502-тапсырма. Көп нүктелердің орнына ыңғайлас салаластың екінші жай сөйлемін өз ойларыңыздан құрастырып, қосып жазыңыздар.
Үлкендердің үлгі-өнегесі арқылы әдет дағдыға айналады да, ................... . Республика азаматтарының құқықтары мен міндеттерін конституция анықтайды да, .................. . 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті де, ............................. . Қазақ халқы бостандық, азаттық үшін күресті де, ......................... . Жаңа ғана аспан шайдай ашық еді, .......................... . Жұмыс басталып кетті де, ............................... .
503-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, әлемдік және аймақтық экологиялық проблемалардың жігін ажыратып, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.
Әлемдік экологиялық проблемалар
Жер шарындағы халық санының өсуіне байланысты өнеркәсіп дамыды, ірі қалалар, жол, үй, алып ғимараттар салынды. Нәтижесінде, бізді қоршаған ортаға зиянды қалдық заттар, улы газдар, лас сулар, шаң-тозаңдар шығарылды.

Зиянды заттардың мөлшері шектен тыс көбейіп, бүкіл адамзат қауымына, қоршаған орта табиғатына зиянын тигізді. Бірте-бірте бұл жағдайлар қауіпті экологиялық проблемаларға айналды.

Қазіргі кезде Жер шарындағы экологиялық проблемаларды – жергілікті, аймақтық және әлемдік деп жіктейді. Жергілікті экологиялық проблемалар-белгілі бір аудан, облыс көлемін қамтиды. Мысалы, қаланың ауасы, кішігірім өзен мен көлдердің ластануы, ірі өнеркәсіп айналасының ластануы, т.б.

Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал, әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, улы тұмшалар, жылыжай эффектісі, мұхиттар мен теңіздердің ластануы, жатады. Әрине аталған экологиялық проблемалардың арасында шекара болмайды. Олар бір-біріне ұласып, сабақтасып жатады. Әрбір экологиялық проблеманың өзіне тән ерекшелігі, қауіптілік деңгейі, әсер ету аймағы мөлшері болады.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгендігі анықталған.

Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем алғанда – тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді.

Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.

Атмосфераның химиялық ластануы – бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отырған ғаламдық проблемалардың бірі.


504-тапсырма. Экологиялық проблемаларды қалай шешуге болады? Осы мәселелер төңірегінде пікірталас ұйымдастырыңыздар.
505-тапсырма. Мәтіннен экология саласына қатысты терминдерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Ядролық полигон. Семей аймағы тұрғындары Семей маңындағы ядролық полигонның қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ.
506-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерімен ыңғайлас салаласқа негіздеп, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Зиянды заттар, қауіпті жағдай, экология ғылымы, ірі өнеркәсіп, өндіріс, Қазақстан жері, улы түтін, ғаламдық проблема, әсер ету, мәселені шешу, өзекті мәселе, пайдалы кеңес.
507-тапсырма. Табиғатты қорғау мәселесі бойынша сұхбат (сұрақ-жауап) құрастырыңыздар.

508-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді жалғаулық шылаулар арқылы өзара байланыстырып, ыңғайлас салаласқа айналдырыңыздар.
1. Бурабай көлінің айналасында бірнеше демалыс, емдеу орындары орналасқан. Олардың алғашқылары ХХ ғасырдың 20-шы жылдары салынған көрінеді. 2. Жақсылық пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұны адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыруы қажет. 3. Артынша терістік желі түстікке шығып алды. Ол кідірмей кәдімгі қызыл желге айналды. 4. Еңбек адамды көрікті етпек. Ол тынысты тазартады. 5. Мұрат ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті. Мен жарға ашылған жолмен жоғары кеттім.
509-тапсырма. Әр бағанадағы сөз және сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, ыңғайлас салалас сөйлемдер құрастырыңыздар.



1.әрі киіндіріп

те келеді



адамзатты

ғасырлар

бойы


мал

шаруашылығы



асырап та

келеді


2. сынаққа

дайын


қабылдап

алды


тұрғанын

анықтады


полигон

объектілерінен



және

жұмыстардың



3. мен

тетіктері

жеткізілді


жабдықтар

жөнелтілді де,



зарядтың өз

бөлшектері



барлық

қажетті


кейін

ядролық


4. жерден

көшірілген

жоқ


халыққа

жарылыстар



және олар

қауіпті


1953 жылға

дейін


туралы ескертілмеді

5. қару-

жарақтың


жаңа

сынақтар

өткізіп


типтерін жасап жатты

тұрды, әрі

ядролық


1956-1958 жылдары

полигонда




510-тапсырма. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдердің астын сызып, құрамындағы жай сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде атом проблемасын шешпек болды да, сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына жеке даралықтан айырды. Ол адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, әрі жалпы адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді. 21 тамызда ССРО үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом ғылыми-зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылдады да, оған «№2 жаттығу полигоны» деген шартты ат берді. Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері бас штабының арнайы бөлімі жүзеге асырды және полигонның барлық қызметін бақылап отыруды И.В.Курчатовқа тапсырды.

14-апта. 41-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Себеп- салдар, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер.

511-тапсырма. Қазақстандағы радиациялық ластану мәселесінен мәлімет алып, мәтінді мазмұндаңыздар.
Қазақстандағы радиациялық ластану.

Семей полигоны
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.

Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен ионданушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек, лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың әсері, радиоактивті материалдарды пайдаланған өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылығы мәселелерін шешу мақсатында жасалған жерасты ядролық жарылыстары, табиғи радиоактивті қалдықтар.

Қоршаған ортаның химиялық ластануы дүниежүзілік экологиялық мәселелерге жатады.

Жер шары бойынша адам баласы бірнеше тарихи радиациялық апаттардың куәсі болып, зардап шекті. Мысалы, 1945 жылы АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауының салдарынан күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар сәулелік аурулардың зардабын шегуде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынады.

Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы Семей өңірінде, сол сияқты Тайсоған, Азғыр, Нарын жерлерінде бес жүзге тарта ядролық сынақтың жасалғанын айтып кеттік. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан кем болмады.

Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластануларға ауыру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар жатады.


512-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазіргі кезеңдегі өзекті мәселеге не жатады? 2. Радиоактивті заттар адам ағзасына қандай жолмен түседі? 3. Қазақстанда қашан, қанша және қайда ядролық сынақтар жасалды? 4. Ол сынақтардың нәтижесі неге әкеліп соқты? 5. Радиацияға байланысты адамдар негізінен қандай ауыруларға ұшырады? 6. Радиациялық ластану себептеріне нелер жатады? 7. Химиялық ластану қандай көлемдегі экологиялық мәселелерге жатады? 8. Жер шарындағы адамзат қай радиациялық апаттардың куәсі болды? 9. ҚР-да қаншама уақыт бойы ядролық сынақтар жасалды?


513-тапсырма. Мәтіннен салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
514-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен себеп-салдар және кезектес жалғаулықты салаластарға негіздеп, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қоршаған орта, ластану, аса қауіпті ісік ауырулары, зардап шегу, сәулелік ауыру, өндіріс қалдықтары, улы заттар, радиоактивті заттар, ядролық сынақ, лейкемия, Семей полигоны, өнеркәсіп орындары, жарылыстар, атом бомбасы.


515-тапсырма. Түсіндірме сөздіктің негізінде экология саласындағы терминдерге түсініктеме беріңіздер.

Экология, экожүйелер, табиғат ресурстары, ластану көздері, озон қабаты, ғаламдық генетика, көміртек айналымы, тіршілік қабаты, ядрошық.


Себеп-салдар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдер өзара алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.




Жалғаулық шылаулар (Соединительные союзы)

Мысалдар

(Примеры)

Себеп-салдар жалғаулықты салалас (Причинно-следственные союзы): сондықтан, сол себепті, өйткені, неге десеңіз (поэтому, потому что, по той причине).


1. Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек. (Я старший, поэтому ты должен меня слушаться).

2. Мен сабаққа бара алмадым, өйткені ауырып қалдым. (Я не смог пойти на занятия, потому что заболел).




Кезектес жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер

Құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас сөйлемнің түрін кезектес салалас дейміз.

Кезектек салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады.

Мысалы: Біржан біресе бұлбұл нақысты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады, біресе назды қоңыр, кең тынысты «Жанботаны» айтады.
516-тапсырма. Төмендегі жалғаулықты шылауларды пайдаланып, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдер құрастырып, оларды көрсетілген торларға жазыңыздар.
полотно 86
517-тапсырма. Танымал тұлғалардың айтқан даналық сөздерінен себеп-салдар салаластарды көрсетіп, мағынасын өз ойларыңызбен айтып беріңіздер.

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола

алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңесе

алмайды, себебі ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат.

( Ғ. Мұстафин )

* * * * *

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.

( Ғ.Мүсірепов )

* * * * *

Қазақта қызға әкеден гөрі ана көп қарайды, себебі қызға

үй ішіндегі өнердің бәрін үйретеді.

( А.И. Левшин )



* * * * *

Сабырлылық – бойда жасырын жатқан қуаттың белгісі, өйткені

сезімнің, ойлаудың толық және терең болуы ұстамсыз

қылықтарды болдырмайды.

( М.Ю. Лермонтов )
518-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті шылауларды қойып, салаластың түрлерін ажыратыңыздар.

Көз алдай алады, ..................... . ол ойнай алады, ................... . қорқыта алады, яғни оның тұрақты қалпына сирек кездесесің. Оспан өзінің берген уәдесінде тұра алмады, .................... өзінің ойлағанындай шықпады. ..................... айқайлаған дауыс қатты естілді, .................... ақырын естілді. Кешке ол жазуына кіріседі, ................... теледидар көреді. Көктем келді, күн жылынды, жер көгерді. Сабыр түбі – сары алтын, ................... сарғайған жетер мұратқа. Асығыс түбі – өкініш, ..................... асыққан – қалар ұятқа ( Абай ). Ол сенен үлкен, ................... сен оны құрметтеуің керек. Әдемі айтқан сөзі менің жүрегімді тербетті, ................... сөздің мән-мағынасы терең жатыр емес пе?!



Керекті шылаулар: Себебі, бірде, кейде, өйткені, сондықтан.
519-тапсырма. Берілген жалғаулықты шылауларды пайдаланып, кезектес салас құрмалас сөйлемдер құрастырып, көрсетілген торларға жазыңыздар

выноска-облако 76выноска-облако 75

выноска-облако 72стрелка вправо 74стрелка влево 73
стрелка вниз 71


выноска-облако 70


520-тапсырма. Семей полигоны туралы мәліметпен танысып, өз білетіндеріңізбен толықтырып, мәтінді мазмұндаңыздар.
С е м е й п о л и г о н ы
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 тамызда жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат америка әскерлерінің қылығына жағаларын ұстады.

Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіретінің алыс емес екенін ол кезде білген жоқ еді, бірақ көп ұзамай Хиросимаға туған күн, Семей территориясы тұрғындарының басына да туды.

«Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды. Бұл тарихта бұрын соңды болмаған адамзатты атомдық жолмен қыруды ұйымдастырған жауыздықтың өзі. Кеңес өкіметі Сарыарқа жерінде бомбасын жарып, ондағы тіршілік әлемін тоқтатып, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы өсінен тайдырып жібере жаздады.

Егер жарылыс тоқтамағанда, әр ядролық сынақ табиғатқа шексіз зиян әкеліп, улы тозаң жарты әлемге жайылып, Орта Азияны ядролық күш тозаңға тұншықтырып, халықты жойып жіберер еді. Полигон маңындағы халықтың көбісі дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Төрткүл дүние қазақты «Семей сұмдығы» арқылы алғаш білді.

Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының акция шерулері Батыс пен Шығысқа шындықты жеткізіп, құпия болып келген соғыстың сырын ашты. Тоталитарлық жүйенің әскери күштерімен арпалысқан қозғалыс белсенділері белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың соңынан еріп, күшті күрес талаптарының нәтижесінде 1991 жылы полигонды жабуға қол жеткізді. Ядролық қару жасау жерлерін жабу ісінде Қазақстан тұңғыш мемлекеттердің бірі болды.

Атом жарылысы болған кезде, ол жерге бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін қолданылғаны белгілі. Олардың бәрі радиация шығарады. Осылардың ішіндегілері –«цезий – 137» мен «строний – 90» және «плутоний – 239» адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың жоғалуына жүздеген жылдар қажет. Тіпті кейбіреулерінің сәулеленуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Соның бәрі жабулы қазан болып қалды.

Семей облысының атомдық сынақтардан көрген зардаптарын зерттеу және оның картасын жасауды қажет етеді.

Полигон жабылды, бірақ оның үні бірден өшкен жоқ. Жан түршігерлік ол жылдарды және оның жабылуына қандай қиындықтармен қол жеткізілгенін халық қалай ұмытсын!

Адамзат бұл қасіретті қозғалыстың тарихын, қырық жыл бойы қандай зардап әкелгенін білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет