Сөздік:
шикізат – сырье; сырое вещество
қанат жаю – развиваться; расправить крылья
құрылым – структура; состав; строение
379-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. 1930 жылдардағы Қазақстанның жағдайы қалай болды? 2. 1933 жылы не жөнінде қаулы қабылданды? 3. ҚазҰТУ-дың тарихы қай жылдан басталады? 4. Қазақстандағы тұңғыш техникалық оқу орны туралы не білесіздер? 5. Оның қалыптасуына кімдер көмек жасады? 6. ҚазТКМИ қандай жетістіктері үшін үлкен беделге ие болды? 7. ҚазТКМИ қай жылы қайта құрылды? 8. Жеке факультеттердің негізінде қандай оқу орындары ашылды? 9. ҚазПТИ қай жылы және қалай өзгертілді? 10. ҚазҰТУ-ға қай жылы, кімнің есімі берілді?
380-тапсырма. Мәтіннен салт етістіктерді бір бағанаға, сабақты етістіктерді екінші бағанаға тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.
381-тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, ондағы табыс септігіндегі сөздердің етістіктермен қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Ашу жүйкені бұзады, Аяз, әліңді біл,
Жүйке ұйқыны бұзады. Құмырсқа, жолыңды біл.
Шешен кісі сөз бастар, Алтыннан қымбат сөз айтсаң,
Адал кісі ел бастар. Ақымақ құлақ салмайды.
Біреудің ала жібін аттамайды. Өтірікшіні үйіне қуып тық.
Қалам ұстаған қол қайыр сұрамайды.
382-тапсырма Сөйлемдердегі салт етістіктерді бір бағанаға, сабақты етістіктерді екінші бағанаға бөліп жазыңыздар.
Нұржан оларды аттандырып, қосқа қайта оралды. Ақан жаңа ғана шешініп, тамақ ішуге ыңғайлана бастаған. Нұржанды көрді де, теріс айналып кетті, төсегін қопарып, бірдеме іздеген болып, күбжеңдей берді. Әнеукүнгі жанжал, өсек жүзіне шырмау, көңіліне ақау салса керек, беттетпеді. Нұржан да тіл қатқысы келіп, қипақтап тұр еді. Ақан жуынып, тамағын ішті де қатардағы күркеге барып, студенттермен әңгіме құрды (З.Шашкин).
Тұйық етістік (Инфинитив)
Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалып, қимылдың атын білдіреді: бар+у, кел+у, оқы+оқу.
Инфинитив образуется аффиксом -у и выражает имя действия: сен+у, қара+у, жаз+у.
Салт және сабақты етістіктер
(Непереходные и переходные глаголы)
Табыс септіктегі сөзге мағынасы сабақталып тұратын етістік сабақты етістік деп аталады. Ал керісінше, табыс септіктегі сөзге мағынасы сабақталмай, салт күйінде істің өзін, жай күйді білдіретін етістіктерді салт етістік дейміз.
Оз, оқы деген екі етістікті алсақ, оқы етістігі табыс септікті талап етіп тұр: кітапты оқы, хатты оқы. Ал оз етістігі объектіге сабақталмай, жадағайланып салт тұр, яғни оз етістігіне сабақталынып тұрған объекті жоқ.
383-тапсырма. Тұйық етістіктерді пайдаланып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Көру (смотреть); көруге болады (можно посмотреть); көруді қоя тұр (подожди смотреть); көруде мән бар (есть смысл посмотреть); көруден бас тартты (отказался смотреть); көрумен шұғылданды (он занялся просмотром).
М.Нұрпейісованың «Машановтың ғылыми мектебі» атты кітабының тұсау кесуін көрудің, оған қатысудың мәні зор, ғұлама ғалым А.Машановтың ғылымға қосқан жетістіктерінен мағлұмат алудан ешқашан бас тартуға болмайды, оны насихаттау, оған қатысу, көру үлкен ғанибет.
Жүргізу, салу, жобалау, арнау, реттеу, даму, орындау, өңдеу, өткізу, атқару, есептеу, түзету, тексеру.
Қ а з Ұ Т У – б ү г і н д е
ҚазҰТУ – бүгінде ғылым мен білімнің
бірегей орталығы
384-тапсырма. Ә.Нұршайықовтың академик Ш.Есеновке жазған өлеңінің мағынасын түсініп, жаттаңыздар. Салт және сабақты етістіктердің астын сызыңыздар.
Кең маңдай, қыран көз Өлшеусіз кен берген. Адамның бәрін де
Қаныштай қалыбы. Қазына, құт қашып, Туыстай тең көрген.
Жеті қап жер астын Әр түрлі жерлерден, Талай тау қызметті
Зерттеген тынбастан От, бензин көбейіп, Тоқтыдай өңгерген.
Ғылымның алыбы. Халқына дем берген. Қазақтың біртуар
Жігері жасымас Газ, мұнай, тас тілін Мәңгілік мақтаныш
Болаттың қанығы! Сүлеймен секілді Ұлысыз – анығы!
Ағайын елдерге Патшадай меңгерген.
(Ә.Нұршайықов)
385-тапсырма. ҚазҰТУ-дың құрамында жұмыс жасап жатқан институттарды есте сақтаңыздар.
386-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін пайдаланып, сабақты және салт етістік формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.
Ү л г і: Сапасын арттыру. Университет қабырғасында мамандар дайындаудың сапасы+н («н» – табыс септігінің жалғауы, сабақты етістік) арттыру мақсатында маңызды үш бағыт бетке ұсталды.
Мамандарды дайындау, әлемдік стандарттарына, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, геологиялық-барлау институтына, белсенділігімен, ғылыми конференцияларда, университетті бітірген, кешенді экспедиция, қабілетін таныту, қызметінен бастады, кен орындарын, ашу бағытында.
387-тапсырма. Мақал-мәтелдердегі етістіктерге сұрақтар қойып, олардың қайсысы салт, қайсысы сабақты екенін ажыратыңыздар.
1. Егінші жерін мақтайды, 2. Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Балықшы көлін мақтайды. Бітірген ісін сұра.
Кәсіпқор кенін мақтайды. 3. Қыс азығын, жаз жина.
4. Аға алдында пейіліңді көрсет, 5. Отты үрлей берсең, өшірерсің,
Іні алдында мейіріңді көрсет. Көршіңді күндей берсең, көшірерсің.
6. Семіздікті қой көтерер.
388-тапсырма. ҚазҰТУ-дың даму жолдарынан мәлімет алыңыздар.
389-тапсырма. Сөйлемдерден салт және сабақты етістіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ – кәсіби және ғылыми кадрларды дайындауда жетекші орынды иеленетін ғылым мен білімнің ордасы. ҚазҰТУ мемлекеттік қызмет пен өндірісте табысты еңбек етіп келе жатқан 80 мыңнан астам инженерлерді, ғылым докторлары мен кандидаттарын дайындаған білім мен ғылымның орталығы.
Уақыт талабына сай, университетте соңғы он жылдықта жас ұрпаққа білім беру саласында қызмет көрсетудің ауқымы, инженер кадрларын дайындайтын мамандықтар тізбесі, қолданылатын оқу технологияларының көлемі кеңейді.
390-тапсырма. Мақал-мәтелдерді мұқият оқып, мағынасын ашып, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер. Салт және сабақты етістіктердің астын сызыңыздар.
1. Халықтан қайырымдылықты, 2. Болат қайнауда шынығады,
Қариядан байымдылықты үйрен. Батыр майданда шынығады.
3. Жақсы кісі өлмесін, 4. Жаманға сырыңды айтпа,
Жамандықты көрмесін. Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
11-апта. 33-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Еліктеу сөздер.
391-тапсырма. ҚазҰТУ-дың ғылыми даму жолына өз үлестерін қосқан тұлғалар, университеттің ректорлары туралы тарихи деректермен танысып, есте сақтаңыздар.
Тарих беттерінен: Әшір Бүркітбаев – тұңғыш ректор.
ҚазҰТУ ректорлары. Ә.Ермеков –
халықтың қалаулы ұлы
1934 жылы 19 қыркүйекте негізі қаланған Қазақ тау-кен металлургия институтының тұңғыш директоры – Ә.Ж.Бүркітбаев алғашқы еңбек жолын қарапайым токарлықтан бастаған. Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын үздік бітірген білікті маман. Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының мүшесі, ҚазОАК мүшесі болған.
Бүркітбаев Әшір Жанәліұлы Қазақстан тарихындағы бірінші инженерлік-техникалық институттың негізін қалаған танымал ғалым-педагог болды. Ә.Бүркітбаев институттың қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.
Бірінші оқу жылының басында институтта 145 студент болды, бірақ 1934 жылдың қазан-қараша айларында институттың бірінші курсына жаңадан қабылдау жасалды.
Ә.Бүркітбаев 1938 жылы «Халық жауы» деп айыпталып, тұтқынға алынып, ату жазасына бұйырылды, кейіннен 1958 жылы ақталды.
Базарбаев Серікбай Базарбайұлы 1937 жылдың қазан айында институт директорлығына (1937-1939) сайланды. Мәскеудің М.И.Калинин атындағы түсті металдар мен алтын институтының түлегі.
Коктов Андрей Иванович 1939 жылдың қаңтар айында институт директоры қызметіне (1939-1942) сайланды, Мәскеу кен институтының түлегі. А.Коктов Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде басқа да оқытушылармен, сондай-ақ 200 студенттермен бірге Отан қорғаушылар қатарында болды. Институт директоры А.И.Коктов, институттың партия ұйымының хатшысы Мұса Құрманғалиев және тағы басқалар майданнан оралмады.
Брук Израиль Яковлевич 1942 жылы институт директоры болып (1942-1946) сайланды. Жоғары мектептің ұйымдастырушысы, Иркутск кен-металлургия институтының бұрынғы директоры, Ленинград институтының түлегі.
Гришин Михайл Карпович 1946 жылы институтты басқаруға (1946-1952) тағайындалды. Мәскеудің М.И.Калинин атындағы түсті металдар және алтын институтының түлегі, өндірісте бірнеше жыл жұмыс істеген, соңғы жылдары Шымкент кен ісі техникумының директоры қызметін атқарған.
Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы 1952 жылы ҚазТКМИ директоры қызметіне (1952-1962) тағайындалды. ҚазТКМИ түлегі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, ол кезде техника ғылымдарының кандидаты болған.
Есіркегенов Ғабдіслям Мұхамадиұлы 1962 жылы Қазақ политехникалық институтының ректоры (1962-1968) болып сайланды. Ол Қазақ кен-металлургия институтының 1953 жылғы түлегі.
Омаров Әшім Құрамбайұлы 1968 жылы институт ректоры болып (1968-1976) тағайындалды. Мәскеу болат және құймалар институтының түлегі, жоғары оқу орнындағы қызмет тәжірибесі көп, ғылыми жұмыстар бойынша проректор болып істеген, өндірістік тәжірибесі мол.
Әшімов Әбдіғаппар Әшімұлы 1976 жылы Қазақ политехникалық институтының ректоры болып (1976-1985) тағайындалды. ҚазПТИ-дың 1960 жылғы түлегі, аса ірі ғалым, әрі педагог.
Рақышев Баян Рақышұлы 1985 жылы ҚазПТИ ректоры болып (1985-1992) тағайындалды. ҚазПТИ-дің 1957 жылғы түлегі.
Шайхұтдинов Еренғайып Мәлікұлы 1992 жылы ҚазПТИ ректоры болып (1992-1999) тағайындалды. ҚазПТИ проректоры қызметін атқарған профессор.
Нүсіпов Ерғали Нүсіпұлы 2000 жылы 21 қаңтарда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып (2000-2001) тағайындалды. ҚазПТИ-дің түлегі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор.
Сүлеев Досым Қасымұлы 2001 12 шілдеде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып (2001-2008) тағайындалды. ҚазПТИ-дің түлегі, ҚР ҰҒА-ның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Әділов Жексенбек Мәкейұлы 2008 жылы сәуірде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып тағайындалды. ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ғылым докторы, ҚазПТИ түлегі.
Сөздік:
өлкелік – краевой; территориальный
құйма – литье; сплав; отливка
құйма болат – литая сталь
392-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Жоғары оқу орны, ғылыми жұмыстар, қызмет тәжірибесі, тағайындалу, білікті маман, танымал ғалым, қалыптасу, даму, ұйымдастырушы.
393-тапсырма. Сөйлемдерден еліктеу сөздерді табыңыздар.
Асқар беті шып-шып терлеп, геодезиялық өлшеулер жүргізіп жатты. Жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау оңай еместігін түсінген Әсет бұлқан-талқан ренжіді. Атмосфералық қысымның қатты әсер еткені соншалық, Марат қалт-құлт етіп аяғын шақ басып келе жатты. Далалық өлшеулер кезінде қалт жіберіп алсаң, өлшем мөлшерлері дұрыс шықпай қалуы мүмкін. Алыстан көрінген ыңғайсыз сұлбаны көріп, Айжан селк ете қалды. Жүрегім зу ете қалды.
394-тапсырма. Төмендегі еліктеу сөздердің дыбыстық еліктеуіш сөздерін бір бөлек, бейнелеуіш сөздерін екінші топқа бөліп жазыңыздар.
Жарқ, баж, даң-дұң, күмп, қыр-қырш, шіңк-шіңк, бұрқ-сарқ, сатыр-күтір, дүңк, арс, тарс-тарс, жалт-жұлт, сықыр-сықыр, қалш-қалш, далаң-далаң жүгірді, жарқ-жұрқ етті, бүгжең-бүгжең жүрді, қызараң-қызараң етті, дүрс-дүрс етті.
Сөздік:
жылт-жылт – миг-миг шолп – бух-бултых
дүрс-дүрс – тук-тук маң-маң басып – не торопясь
лап-лап етіп сөнді – миг-миг и погасла
Еліктеуіш сөздер (Подражательные слова)
Еліктеу сөздер табиғаттағы әр алуан құбылыстардың дыбыстарына еліктеумен немесе олардың бейнесін елестетумен байланысты туған сөздер. Оларға: тарс(етті), сырт(етті), күмп, салп, тарс-тұрс, пыр-пыр, шырт-шырт, жалт-жұлт, сырт-сырт, сарт-сұрт, жылт-жылт, сылаң-сылаң, алақ-жұлақ, кілт, қалт, жалт сияқты сөздер жатады.
Еліктеу сөздер екі топқа бөлінеді. Оның бірінші тобы – дыбыстық еліктеуіш сөздер, екінші тобы – бейнелеуіш еліктеуіш сөздер деп аталады.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер – айналадағы табиғат құбылыстарының алуан түрлі дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы: қарқ етті, тарс етті т.б.
Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: жалп ете түсті, жалт қарады, маң-маң басты т.б.
395-тапсырма. Төмендегі еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
Қиқаң-қиқаң етті, маң-маң баст, ербең-ербең етті, шарт-шұрт сынды, саңқ етті, жалт қарады, жарқ-жұрқ, қалт етті, сарт-сұрт болды.
396-тапсырма. Сөйлемнен еліктеу сөздерді тауып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Ү л г і: Жарқ-жұрқ етті – бейнелеуіш сөздер.
Жарқ-жұрқ еткен өткір жарықтан шахта іші жап-жарық болды. Шахта ішінің тар ауасына шыдай алмай, жұмысшы гүрс етіп етбетінен құлады. Метан газының қысымы Ахметтің жүрегін дүрс-дүрс соқтырды.
Жер қазушы жігіттер жұмыстан кейін өзен суына шолп етіп түсіп жатты. Түскі тамаққа жиналған жұмысшылар ду-ду етіп әңгімелесті. Мыж-мыж болған қалпағын басына баса киіп, Бақыт әрі қарай жүріп кетті. Асқар досына қарап сылқ-сылқ күліп мәз болды. Шаршаған кен қазушылар жұмыстан кейін маң-маң басып, қайтып бара жатты.
Шахта ішіндегі шам лап-лап етіп сөнді. Жұмысшылар күтпеген жағдайға шыдай алмай у-шу болысты. Көп кешікпей алыстан жылт-жылт етіп от көріне бастады.
397-тапсырма. Халықтың қалаулы ұлы Ә.Ермеков туралы мәтінді мұқият оқып, оның өмір жолынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.
Ермеков Әлімхан Әбеуұлы – халықтың
қалаулы ұлы
Ә.Ермеков – ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында халықтың қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өміріне белсене араласып, өзінің өнегелі өмір жолымен тарихта терең із қалдырған тұлғалардың бірі, белгілі қоғам қайраткері, әрі ұстаз-ғалым. Оның өмір жолы 2009 жылы 75 жылдық мерейтойын тойлаған Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен тығыз байланысты.
Томск техникалық институтының тау-кен факультетінің бесінші курсында оқып жүргенде, 1917 жылы болған қос төңкеріс оқиғалары Ә.Ермековтың оқуын тастап, саяси өмірге араласуына тура келді. Ол 1919-1920 жылдары Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитет мүшесі ретінде, Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына белсенді атсалысады.
Осы қазақ революциялық комитетінің 1920 жылдың 18 мамырындағы қаулысы бойынша, Ә.Ермековке №2043 мандат беріліп, сол жылдың 18 тамызында ол Мәскеуде В.И.Лениннің алдында «Қазақ өлкесінің жағдайы және оның шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасады. Бұл баяндамаға ерекше назар аударылу себебі, Ресей империясы кезінде халқымыздың шұрайлы өлкелерін тартып алып, отарлаушыларға берілген болатын.
Ә.Ермеков өзінің өмір жолының бір белесінде ұстаз, ғалым ретінде танылды. Қазақстандағы оқу орындарының аяғынан тік тұрып кетуіне өзіндік үлесін қосты және алғашқы оқу орындарының іргетасын қалаушылардың бірі болды.
1927-1935 жылдары Қазақ педагогикалық және Алматы мал дәрігерлік институттарында сабақ берді. 1935 жылы математика саласында тұңғыш профессор атағына ие болды. Ә.Ермеков 1935-1937 жылдары қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да еңбек етті. Алғашында математика кафедрасының профессоры, кейіннен кафедра меңгерушісі болып, жастарға сапалы білім беруде өзінің күш-жігері мен білімін аяған жоқ.
Ә.Ермеков 1930 жылдардағы әкімшілік-әміршіл кезеңінің зардаптарын басынан кешіріп, «Алаш» қайраткерлерімен бірге қуғын-сүргінге ұшырады. 1957 жылы толық ақталып, өмірінің соңына дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ұстаздық қызмет етті. Ол – Кеңес өкіметінің ұзақ жылдарға созылған қудалауына қарамастан, өзінің адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін сақтай білген халықтың қалаулы ұлы.
398-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеп беріңіздер.
399-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оны рөлге бөліп оқыңыздар.
400-тапсырма. Өлең жолдарынан еліктеуіш сөздерді табыңыздар.
Аю қыз ашуланып сарқ-бұрқ етті,
Наркескен қыз қолында жарқ-жұрқ етті ...
Сілкініп қаһарлы қыз түрегелді,
Шаңқ етіп жатқан елді ду көтерді.
Найманда екі жүзді наркескенмін,
Желкеңді кеспек үшін қойған сақтап.
Тозаңың анда-санда бір бұрқ етті,
Саулатып ем бейпіл тілді екі жақтан.
* * * * *
Білем анық, жанға жайлы май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найжағай сұлу,
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүрген Ай сұлу.
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау – жерді көміп,
Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,
Жер көкті аяз бүріп, қызыл жайлап,
Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп ...
401-тапсырма. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп, мағынасын ажыратыңыздар.
Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды. Анда-санда гүрс етіп қалған бір дауыс әлдекімді әлденеменеге еріксіз көндіргісі келетін сияқты. Ол тарс-тұрс ете қалған дыбысқа жалт қарады. Айсұлу басын изеді де, тық-тық басып жүріп кетті. Ол ол ма, аздан соң жүрегі дүрс-дүрс соғып, басы айнала бастады.
402-тапсырма. Еліктеу сөздерді тауып, олардың түрлерін (еліктеуіш, бейнелеуіш) ажыратыңыздар.
Төртеуі жалп-жалп құлады. Түйе шөккенде, Қамқа серейіп, сұлқ етті. Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен жел гу-гу етті. Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етті. Беті шып-шып терлеп, азғана бусанып, күнге шағылысып жатқан әппақ қарды бауырымен сызып, төрт-бес аттап тұра қалды. Қараңғылықтан қылаң етіп, аттылы адам шыға келді. Жаңбыр сырт-сырт етіп әлі жауып тұр. Жүрегім зу ете түсті. Қарға қарқ етті. Оның көз жасы мөлт-мөлт етеді. Сырттан шаңқ-шұңқ айғай естілді.
Достарыңызбен бөлісу: |