МЕЙІРБИКЕ! Науқасқа дәрі-дәрмектерден көбірек Сіздің сезімталдығыңыз, моральді қолдауыңыз, жанкүйерлігіңіз керек. Емделушіге әртүрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын эгрогенияны атау қажет – осы науқасқа басқа науқастың, науқастардың қолайсыз сөзбен әсерлері. Осындай жағдайларды невротикалық адамдар күшейтуі м.мкін, «болған» науқастар, олар дайындалған «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды. Науқастар ауруханаға түсіп(емханада, санаторийде), өздерінің қасына адамдар жинайды, басқа науқастарға агресивті түрде өздерінше оңды-солды, кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады.
Емделушінің өзіне әсері (жақсы, жаман ойлауы) эгогения деп аталады. Этика проблемасын қарағанда, медицина қызметкеріне негізгі жалпы сұрақтарды бөлу керек: ол медицина қызметкерінің қай салада болса да сақтауын қажет етеді.
Эго дегеніміз:
-ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім;
-сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайылық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім (сыртқы жинақтылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау қажеттігі, бас киім, артық әсем заттар және косметиканың болмауы, ақ халат, медициналық қалпақ). Осылардың бәрінен медициналық этика құралады.
Мейірбике өз іс-әрекетінде емделушілермен қатынасудағы жалпы психологиялық принциптерді ұстауы тиіс, олар:
1.Қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі принциптерді нақты, бұлжытпай орындау.
2.Барлық емдеу-диагностикалық процестердің кезеңдерінде емделушіге жекешелік көзбен қарау.
3.Процестің адамгершілігі.
4.Барлық жүргізілетін емдік диагностикалық манипуляцияларда, рационалды ұқыпты, ғылым бойынша нақтылау.
5.Мейірбикенің шыншылдығы, абыройлығы, кәсіби борышын бұлжытпай орындауы.
6.«Қауіп төндірме».
7.Мейірбикенің науқасқа осындай қарым-қатынасы аурухана психика ортасындағы зақымдалуынан сақтап, тез сауығып, еңбекке жаралуына әсер етеді.
8.Емдік-диагностикалық процедуралар және емделушілерді күту әдістерін анықтау және терең кәсіби білім мен жетілдірілген практикалық дағдылар.
1.Құпияны сақтай білу.
2. Кәсіби сапалардың сәйкестігі.
3. Науқастың психологиялық ерекшелігін білу.
Сіздің сүйкімді күлкіңіз – Сіздің науқастарыңызға денсаулық эпиксирі.
Осы принциптердің орындалуы мейірбикенің мінез-құлқының түрлерін үш негізгі топқа бөледі:
1.Моральді белгілер: сезімталдық, сыпайылық, шыдамдылық, сжылы шырайлық, шыншылдық, жылы көзбен қараушылық, нәзіктік, мейірбандық, жанашырлық.
2.Эстетикалық белгілер: сыпайылық, қарапайымдылық, жинақылық, емдеу мекемелерінде мерекелік жағдайды тудырушылық.
3.Интеллектуалды белгілер: кәсіби эрудиция, бақылаушылық, емдік-диагностикалық манипуляцияларда логикалық ойлау қабілеті.
Модульдік оқу кезіндегі қажетті жекешілдік кәсіби мейірбикелік сапалардың дамуы
Мейірбикенің сапасы
|
Модульді оқудың дамуға әсері
|
ЖАУАПКЕРШІЛІК
|
модульдің теориялық ақпараттық материалымен өзіндік жұмыс;
|
БІРЛЕСТІК
|
проблемалық ситуациялы есептердің ізденісуі кезінде топтардың дискуссиялық талдау және студент топтарында жалғыз дұрыс шешімді таңдап алу;
іс-әрекетті ойындар;
сөзжұмбақ шешімі;
өзара бақылау, өзара тексеріс;
тесттен кейінгі шешімнің дұрыстығы.
|
КӘСІПКЕРЛІГІ
|
бақылау эксперт карталарын толтыру.
|
ЖАСАЙ БІЛУ
|
теориялық білімдерді ситуациялық есеп шығарғанда, іс-әрекетті ойындар барысында.
|
ҰҚЫПТЫЛЫҒЫ
|
модульді оқытудағы барлық кезеңдерде бір ізді қатаң сақтау;
іс-әрекеттің жуық негіздерін оқу және сақтау;
жұмыс орындарының рационалды қағидаларын оқу және сақтау.
|
АЛДЫН АЛА ОЙЛАУШЫЛЫҚ
|
медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы бойынша жадынаманы оқу және олардың бұзылу жағдайындағы мейірбикенің тактикасы;
әрбір жағдайда мейірбикенің тактикасы мен манипуляцияларды орындау кезінде емделушінің денсаулығы үшін мүмкін болатын асқынулармен танысу.
|
МЕЙІРБАНДЫЛЫҚ
|
деонтологиялық есептерді шығару;
әрбір іс жүзіндегі манипуляцияны деонтологиялық қамсыздандыру бойынша топтық дискуссия.
|
Мейірбикенің рөлін және орнын түсіну маңыздылығы, әсіресе, стационарлы медициналық мекемелерде. Дәрігерден гөрі мейірбике мен емделушілердің арасындағы тікелей қарым-қатынастары көбірек. Науқас мейірбикеден қолдауды және түсінушілікті іздейді. Бүгінгі күнге дейін мейірбикелік іс дәстүрлі техникалық күтім жасаумен дайындалып келеді. Әрине, оны алып тастауға болмайды. Бірақ, мейірбикенің науқасқа психологиялық қатынасының жоқтығына байланысты, науқастың қанағаттанбаушылығына әкеледі және кейбір мейірбикелердің «жұмыстық» тәртібіне қарсы шығады. Басқа жағынан қарағанда, мейірбике мен науқастың арасында керекті аралықты сақтамау қаупі туады. Кейбір мейірбикелер науқаспен бақылаусыз мылжыңдасып, емделушінің жағдайын нашарлатады, осы қылық екеуі арасындағы қарым-қатынасының қақтығыс элементерінің пайда болуына әкеледі.
Мейірбике науқастың проблемаларының қиындығын түсіне білу керек, бірақ ол проблемаларды шешуге тиісті емес. Ұқыпты, жинақы, жылы жүзді мейірбике науқастың сенімін күшейтеді, оның қатысуы кезінде ол өзінің тыныштығын сенімді сезінеді.
Венгер дәрігері Харли, әйгілі «Дәрігер, мейірбике, ауру» еңбегінде мейірбикелердің түрлерін жұмысқа деген көзқарасына, мінез-құлқына байланысты бөледі.
1.Іс жүзіндегі түрі: дәлділікғ қатаңдылық, кей кездері науқыстың адамгершілік жағын ұмытады. Мінез-құлқысында болуы мүмкін, мейірбике ұйықтап жатқан науқасты ұйықтайтын дәрі берем деп оятады.
2.Артистік түрі: мейірбике науқасқа шексіз өзінің маңыздылығын көрсеткісі келеді.
3.Нервозды түрі: бұл мейірбике жиі шаршайды, оның әрекеттерін, күшін ешкім байқамайды. Ол өзінің кейбір міндеттеріннен құтылғысы келеді: мысалы, жұқтыру қаупі. Осы түрге жататын кейбір мейірбикелер токсикоманияға бейім өзінің қиыншылығын басып, осылай толықтырады.
4.Ер адамды түрі: шешім қабылдайтын, ірі тұлғалы, энергиясы көп, өзіне сенушілік, жүйелілігі бар. Науқастар оны «әскери адам» деп сипаттайды. Жақсы ұйымдастырушы жас мейірбикелерді тәрбиелеуде табысты болады. Егер оның әрекеті қолайсыз болса, ісі агрессивті, қатал, дөрекі болады.
1.Мейірбикенің ана түрі «аяулы мейірбике»: мейірбикелердің дене құрылысы нәзік.
2.Ақырында алтыншы түрге – мейірбикелерге «мамандар» жатады, бұл электрокардиограммада, электроэнцефалографияда жұмыс істейтіндер. Олар кейде бөлімшелерде жұмыс істейтін мейірбикелерден артықшылығын сезінеді. Егер олар осыны жасырмаса, олардың арасында және кезекшілікке келетін басқа қызметшілердің арасында кернеулі қарым-қатынастар болады. Мейірбикелер емдік алдын алу мекемелерде әр қырлы жұмыс істейді. Медициналық деонтологияның негізі жалпы болып қалады, бірақ әртүрлі жағдайларда және жұмыс мәселелері деонтологиялық ережелермен қабылдаудың нақтылығын әрбір мекеменің ерекшелігіне байланысты талап етеді.
Мейірбикенің негізгі мәселесі – адамға, ауруға немесе сау адамға, сауығарда немесе тыныш өлу кезеңінде, қандай жағдайды, оған керекті күшті, еркін өзі таңдап алуына көмек көрсету!
Медициналық деонтологияның жалпы мәселелері барлық медициналық мекемелерге жатады:
1.Аурумен күрес және денсаулықты қалыпқа келтіру.
2.Медқызметкерлердің тәртібінің принциптерін оқу, керек жағдайда емдеудің тиімділігін жоғарылатуға бейімделген болу.
3.Медициналық іс әрекетте қолайсыз факторларды алып тастау.
4.Медқызметкерлері мен науқастың арасында қалыптасатын қарым-қатынасты оқып үйрену.
5.Жеткіліксіз медициналық жұмыстың салдарынан болатын қауіпті зардаптарын алып тастау (дөрекі, тәртіпсіздік, профессионалды компенеттіліктің жоқтығы).
6.Емдік мекемелердегі ұжымның қабылдаған моральды-этикалық нормаларын, ережелерін сақтау. Субординация, бұл көлбеу және тік жағдайда бағыну.
Стационардағы мейірбикелермен науқастардың арасындағы қарым-қатынас.
Бұл қарым-қатынастарға келесі факторлар әсер етеді:
1.Науқастарды ұзақ тәулік бойынша бақылау мүмкіншілігін тудыру.
2.Науқастардың психологиясының өзгешелігіне байланысты өзінің өмірлік ситуациясының өзгеруінің керектігі.
3.Жүйелі түрде бір мезгілде дәрігенрдің нұсқауы бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдау немесе медициналық процедураларды орындау керек.
4.Науқастың туысқандарымен әрдайым кездесіп тұру мүмкіншілігі болу.
Амбулаториялық жағдайында науқаспен қатынасу ерекшеліктері
Күні бойы көп емделушілермен қарым-қатынас. Бұл мейірбикеден өз жұмысын нақты ұйымдастыруды талап етеді.
Мейірбикенің міндеттері:
1.Емделушілерді ретпен қатынасуын нақты қабылдау кестесін құру.
2.Қабылдау уақытының сақталуын бақылау.
3.Ауру тарихын іріктеу (амбулаториялық карта)
4.Қабылдау себептерін нақтылау.
5.Науқастың ауру динамикасын бақылау үшін үйінде қатынасу – тұрмыстық жағдайын, отбасылық қарым-қатынасын, үй жағдайында дәрігердің нұсқауының орындалуын бақылау.
1.Қабылдау бөлмесінде науқастарға жағдайлар тудыру.
2.Қабылдауды ұйымдастыру.
Қабылдауды ұйымдастыруда мейірбике науқасты жылы жүзбен қарсы алады, фамилиясын және оның уақытын біледі, егер қабылдауға кешіксе, кешірім сұрап, себептерін түсіндіру, қойған сұрақтарына жауап беру керек.
Мейірбике есінде сақтау керек:
-біріншіден, қабылдау кезінде жедел медициналық көмек сұрайтын ауыр немесе жіті жағдайлар уақыттан тыс қабылданады.
-екіншіден, мейірбикенің тыс қабылданатын кейбір категориялы адамдары болады – мүгедектер, кәрі адамдар, соматикалық жағдайындағы науқастар, оларды қабылдау-күту ауырға түседі. Жіті, қатты іштің, жүректің аурулары бар науқастар.
-үшіншіден, бірінші кезекте агрессивті, айқын истериялық белгілері бар психопатиялы науқастарды қабылдау керек, өйткені, олар қоршаған ортада ауыр психологиялық жағдайды туғызуы мүмкін.
Науқастың туыстары мен таныстары арасындағы мейірбикенің этикалық қарым-қатынастары
Мейірбике науқаспен ғана емес, оның туған туысқандарымен қарым-қатынасқа кіреді. Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек. Орта медқызметкерлер науқастың туған туысқандарымен қатынасы кезде айқындалған әдептілікті талап етеді. Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.
Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді, жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудыртады және психикалық жүйкесі мен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін медқызметкерлер есепке алу керек. Медқызметкерлер науқастың жазылмас дерт-ауруын немесе нашарлық жағдайын жсырмай, түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек. Бірақ, олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін, сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтықтық пен әдептілікті білдіру керек. Науқастың (әйел адамға қатысты болса), жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек. Келісушілермен сөйлесер алдында, дәрігермен ақылдасып алу керек, ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын, нені хабарламауын сұрау керек. Әсіресе, телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек. Байсалды, әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ, ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады. Телефон арқылы сөйлескенде, медбике өзінің аты-жөнін, мамандығын, бөлімін айту керек. Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді. Мұндай ұсыныстарды сыпайы, бірақ анық түрде қайыру керек.
Өз кәсіби біліктілігін арттыруға, білімін тереңдетуге, жаңа дағдыларды иемденуге ұмтылысы – медбикенің міндетті қасиеті болу керек. Медқызметкердің парызы - әр медиктің өзінің кәсіби міндеттерін білікті және жауапты түрінде атқарылуын Конституцияда, Денсаулық сақтау туралы заңнамаларында, ведомствалық нұсқауларда, ережелерде қарастырады. Медқызметкердің жауапкершілігі қызметінің ерекшелігіне негізделген: медик пен науқастың екі жақтық сенімінде. Медқызметкердің сапалық адамгершілігі, әлде біліктілігі төмен және ішкі сезімнің мазасының кетуі, сасқалақтауы ауруға қолайсыз нәтиже туғызады.
Мейірбике қызметі және оны бұзу мүмкіндігі
Заң бұзушылықты қылық және қылмыс деп бөлуге болады.
Қылықтар заңдық көзқарасы бойынша азаматтық, әкімшілік, тәртіптілік болып бөлінеді.
Егер де медмекеме мүлігін қызметкер бүлдірсе, тану материалдары мен дәрі-дәрмектерді ұқыпсыз сақтап және қолданса, сонымен бірге қате ем жасауынан зиян келтірсе (мысалы, дәрігердің белгілемеген дәрісін қабылдауға беріп, әсерінен аллергиялық реакциялар туса және манипуляция орындау кезінде індет (инфекция) кіргізсе, т.б.) бұл жағдайда оның ісін азаматтық қылық деп қарастырып, азаматтық жауапкершілікке тартады. Ол медқызметкеріне мынадай тәркілеу шараларын қолданумен шектеледі. Науқасты қате емдесе – жұмысқа жарамсыз, дәрі-дәрмекті шексіз қолданып және құрал-саймандарды бұзғаны үшін, шығындарды қалпына келтіруге тиіс. Азаматтық жауапкершілік азаматтық талап бойынша сот немесе қоғамдық тәртіпке тартылады (мысалы, қылығы үшін ұжым алдында жауапқа тартылу).
Медқызметкердің әкімшілік қылықтары: науқасты емдеу ережелерін, техника қауіпсіздік талаптарын, өртке қарсы сақтық пен санитарлық эпидемияға қарсы ережелерін бұзуымен айқындалады. Бұл жағдайда медқызметкер әкімшілік жауапкершілікке татылады: айып төлейді, тәркіленеді. Уақытша қызметінен босатылуы мүмкін.
Медқызметкердің тәртпшілдік қылығы: еңбек пен қызмет, өндіріс тәртіптерін және қойылған ережелерді (жұмысқа кешігіп келуі немесе келмеуі, бөлім меңгерушісінің, дәрігердің, аға мейірбикенің нұсқауларын орындамауы) бұзу болып табылады. Осы қылықтары үшін медмекеме әкімшілігі медқызметкерге тәртіп жазаларын қолданады:
-ескерту жасау;
-сөгіс беру;
-жұмыстан шығару.
Тәртіптік жаза теріс әрекет байқалған күннен бастап 1 айдан кешіктірмей талап етіледі және оны теріс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп талап етуге болмайды.
Медқызметкерге бір мезгілде бірнеше кінә салынуы мүмкін. Мысалы, ол ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бұза отырып, материалға зиян келтірсе, оның қылығы азаматтық немесе әкімшілік тәртібі бойынша жазаланады.
Медқызметкерлердің жұмысында, көбінесе азаматтық және тәртіпшілдік қылықтар кездеседі. Кейбір жағдайда медқызметкер науқастармен қарым-қатынасында заң нормаларын бұзуы мүмкін. Бұдан қылмыстық іс пайда болуы мүмкін.
Медицина қызметкерлері қандай жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады?
1.Егер медқызметкер өзінің қызмет міндетін орындауда міндетті түрде қажетті сақтықты қадағаламай немесе ықылассыз және салақтықпен орындаса.
2.Егер қасақана қылмыстар жасалса.
Медициналық қызметкерлердің қасақана жасалатын қылмыстары.
Олар:
1.Өндіріс ережелерінің сақталуы, жіберілуі және улы, күшті әсер етуші, есірткілік заттарының қаражат есебінің бұзылуы. Осындай бұзушылық көбінесе фармацевтикалық мекемелер мен дәріхана, дәрілік қоймалар қызметкерлерінің арасында кездеседі. Жоғарыда айтылып кеткен ережелерді медқызметкерлер міндетті түрде орындауы керек. Соңғы жылдары нашақорлық пен токсикоманиядан зардап шегуші адамдардың саны көбейіп кетті, олар өзінің жетіспеушілігін қанағаттандыру үшін медицина қызметінде істейтін өзінің таныс-туысқандарынан көмек сұрайды. Медбикелер бөлімге түскен дәрі-дәрмектерге қатаң есеп жүргізу керек. Немқұрайлық пен салақтық – сотталушы орындығына әкелуі мүмкін.
2.Медқызметкерге қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, егер ол қасақана науқасқа жәрдем жасамаса: шақыртқанда келмеу, науқасты бақылаудан бас тарту, жолда немесе көшелерде адамдарға алғашқы көмек жасаудан бас тартса.
3.Бізде түсік түсіруге тыйым салынбаған. Бірақ ол емдеу мекемелерінде дәрігермен ғана рұқсат етіледі. Ал басқа жағдайларда жасалған түсік түсіру заңсыз болып саналады да, қылмыс жауапкершілігіне тартылады.
4.Заңсыз медициналық құжаттарды беру бас бостандығынан 2 жыл мерзіміне айырылады немесе түзету жұмыстарымен осы мерзімге немесе жұмыстан шығарылады.
5.Қылмыстық жауапкершілікке орташа және кіші медициналық жұмыскерлер заңсыз емдеу еткені үшін, жоғары білімі жоқтығынан, бұл іспен айналысуға құқығы жоқ.
6.Егер де медициналық жұмыскер жұқпалы аурумен күресті бұзса, уақытында жұқпалы ауруларды денсаулық сақтау органдарына хабарламаса, науқастарды қорғап жедел емдетуге және санитарлық өңдеуіне қажет қылмаса, онда екі жылдық мерзімінен бас бостандығынан айырылып жазаланады немесе сол мерзім ішінде еңбекпен түзеу шараларына жіберіледі немесе айып төлейді.
Медбикенің негізгі төрт міндеті бар:
1.Денсаулықты сақтау
2.Ауруды тоқтату
3.Денсаулықты қалпына келтіру
4.Қайғыруды жеңілдету.
ЕМДЕУ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ ТҮРЛЕРі:
Емдеу бөлімі.
Аурухана емдеу бөлімдерінен тұрады.Емдеу бөлімдері мынадай болып келеді.
А. Жалпы сала:
- терапевтік ( жүрек, өепе, асқазан, ішек т.б. ауруларға арналған.
-Хирургиялық ( қимыл мүшелерінің жарақатымен, ішкі құрылысқа операция жасайды, бастың миы шайқалған т.б.)
Былай бөлінген ауруханалар аудандық, ауылдық жерлерде жиі кездеседі.
Б. Арнайы бөлімдер, аурулардың ауыратын бір жүйесін емдеу үшін ( жүрек-кардиологиялық, өкпе-пульмонологиялық, жарақат-травматологиялық нейрохирургиялық т.б.).
Қызыметтері:
1. Дәрілік көмек көрсету.
2.Сырқатты анықтау.
3. Үйде немесе емханада емдеуге жағдай болмаған уақытта, ем жүргізе білу.
Емдеу бөлімінің құрылысы.
1.Емделушіге арналған палата.
2.Емделушіге арналған санитарлық бөлме.
3.Тамақ таратуға арналған буфет.
4.тамақ қабылдауға арналған асхана.
5.Емдеу кабинеті(егу бөлме).
6.Ординаторлық (дәрігерлер бөлмесі)
7.Бөлім менгерушісінің кабинеті.
8.Бөлімдегі бас мейірбикенің кабинеті.
9.Жамылғылар ( таза денелік және төсек жамылғылары үшін)
10.Палаталық мейірбикелерге арналған бөлме.
11.Манипуляция( клизма) жасаудың орны.
Терапия бөлімінің палаталары кең, жарық, көп дегенде 6 адамға есептелінген болу керек.
Қабырға майлы бояумен боялып еденге линолеум төселінеді. Палаталар ең қажетті жабдықтармен. Төсек , стол тумба, орындықтармен жабдықталады. Төсектер-ыңғайлы болуға тиісті. Ауруханалық жихаздардың беті жұмсақ, жеңіл жуылатын болу керек.
1-2 адамдық палаталарға ауыр науқасты емделушілер зиянды қақырық бөлетін емделушілер.
25-30 емделушіге бикелік күзет орны болады.пост орнында дәрі –дәрмек құралдарына арналған шкаф,үстел, орындық, күту жабдықтарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмек құралдарына арналған мұздатқыш, дәрі-дәрмек құралдарын тарататын жылжымалы үстелше, әр түрлі манипуляциялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек.
Мейірбикелер күзететін орында барлық палаталар көрініп тұру керек.Күзет орны ауыр науқасты емделушілермен байланыста болу керек, барлық ауруханалық мекемелердің телефон тізімі болу керек.
Елімізде тұрғындарға медициналық жәрдем көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесі құрылды.
Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінед:амбулаториялар мен ауруханалар.Мекемелердің амбулаториялық түріне амбулаториялар мен емханалар,сауықтыру орындары,диспансерлер,әйелдер консультациялары жатады.Бұл мекемелер медициналық жәрдем көрсетуден басқа,халықтың денсаулығын қорғау және аурудың алдың алу сияқты көптеген профилактикалық жұмыс атқарады.
АМБУЛАТОРИЯЛАР:
Амбулатория- ауруханадан тыс медициналық жәрдем көрсетеді және дәрігерлер негізгі мамандықтар бойынша қабылдайды.Ауылды жерлерде амбулаторияға фельдшерлік пункттер жақын болады,амбулатория дәрігерлері жоспарлы түрде шығып, олардың жұмысын тексеріп ауруларды қабылдайды.Амбулаториялар аудандық емханаларға немесе
Медициналық-санитарлық бөлімдерге қарайды. Амбулаториялық жағдайда медициналық жәрдем учаскелік принцип бойынша жүргізіледі, ол шұғыл түрде сырқат адамды айқындап білу, оларды тұрақты бақылап тұруды және дер кезінде білікті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді,сондай-ақ ауруларды зерттеуге және эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігі мен учаскедегі санитарлық міндетті көтеруге мүмкіндік береді.
Амбулаториялық мейіркеш міндетіне-кабинетті және сырқатты қабылдауға дайындау,дәрігерге қабылдау кезінде көмектесу,амбулаториялық қағаздың паспорттық бөлімін толтыру, рецепт жазу, сондай-ақ күрделі емес медициналық манипуляцияларды орындау.
Емханалар.
Емхана-біріккен ауруханалар құрамына кіретін емдеу профилактикалық мекеме.Емхана барлық диагностикалық кабинеттер бар,олар қазіргі құрал-жабдықтармен және ең жаңа аппаратуралармен жарақаттанған, мұның өзі сырқатты білікті медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Емханада дәрігерлерді барлық мамандық бойынша қабылдайды,лабораториялық рентгендік және басқа түрлі тексерулер жасайды.Емханаға келе алмайтын сырқаттар дәрігерді үйге шақырып,одан білікті көмек пен консультация алады,ал қажет деп тапса,оларды ауруханаға жатқызады.Әрбір емханада процедуралық кабинеттері бар,онда иньекция(дәрі құю) жасайды,оңқа, қыша қағаздарын т.б.қояды.Созылмалы ауруы бар сырқаттар диспансерлік есепте тұрады және профилактикалық тексерілумақсатымен үнемі дәрігерге қаралады.Көптеген емханаларда тәулік бойы істейтін шұғыл жәрдем пункттері бар.
Емханадағы мейіркештің жұмысы мынадай:дәрігерлердің қабылдауына даярлық, алдын ала тіркеуден алған амбулаториялық карточкаларға лабораториялық зерттеу нәтижелерін жапсыру, қызуы жоғарғы сырқаттарды дәрігердің бірінші кезекте қарауын қамтамасыз ету.
Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецептер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екенін және басқа да зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек,қарын,бөтеке т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындалу керегін түсіндіреді.
Учаскеде санитарлық эпидемияғақарсы шараларды жүргізу:оның санитарлық-эпидемиялық станцияларға (СЭС) учаскедегі жедел,инфекциялық аурулар жөнінде дер кезінде хабарлау.Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
Өз учаскесінің тұрғындары арасындасанитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
Емханада арнайы кабинеттер бар, онда мейіркештер екі топқа бөлінеді:
а.терапевтік саладағ кабинеттерде(терапевтік,педиатриялық, неврологиялық) істейтіндер, олар дәрігердің қабылдауында процедуралар мен манипуляциялар жасамайды;
б.хирургиялық
саладағыкабинеттерде (хирургиялық,отоларингологиялық,т.б.)істейтіндер,олар қабылдау үстінде түрлі емдеу-диагностикалық манипуляциялар мен процедуралар орындайды.
Учаске мейіркеші дәрігермен бірге жұмыс істей отырып оған учаскедегі емдеу-профилактикалық көмектің барлық түрін қамтамасыз етуге көмектеседі.Сырқатты күтудіе және дәрігердің барлық белгілегендерін орындауда ұйымдастыруда мейіркешке үлкен рөл беріледі.Өзінің сырқатты тікелей күтуінен басқа, ол науқас жақындарына қалай күту керек,бөлмені қалай жинастыру және желдету жайлы нұсқау береді.Мейіркеш барлық дәрігерлік белгілеулерді (оңқа,қыша қағаз, қыздыратын компресс,сүлік қою) орындайды.
Амбулаториялар мен емханалардың мейіркештері жұмысқа кабинет пен жұмыс үстелінің жзағдайын тексеру,дәрігердің бланкотека мен рецептотекаларын, құжаттар жинағын толықтыру үшін дәрігер қабылдауын бастамастан 15 минут бұрын келуі тиіс.Мейіркештер дәрігердің қабылдауына келген сырқат кезегін, талоны бар-жоғын тексереді, олардың сұрағына жауап беріп, келіспеушіліктерді болдырмай,тәртіпті қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |