Оқу әдістемелік құрал Қарағанды, 2009 Әож 616. 08 Кбж 51. 1 (2) я7 б 42



бет4/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.5 Mb.
#174093
1   2   3   4   5   6   7

Жоғарғы қауіп қатер.

Залалсызданған ұлпаларға

Кіретін соның ішінде

Дененің қуысына және тамыр

Тамыр жүйесіне .Мысалы,

Хирургиялық аспаптар,

Жатыр ішілік заттарды тазарту

және залалсыздандыру

қажет.Залалсыздандыра

алмайтын жағдайда кейде әлдендірген

дезинфекциясы жеткілікті болады.

ОШАҚТЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ- аурудың таралуын тоқтату үшін ошақты жұқпалы ауруды анықтағанда өткізілетін шара.

АҒЫМДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ-емдеу профилактикалық мекемелердің қызыметкерлері аурухананың стационарлық бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшесінде,емханаларда, туберкулез,күл, скарлатина, вирусты гепатит,дизентерия,тырысқақ,қышыма,шешек,,оба,сүзек,паротит,полиомиелиттің бірінші ошақтарында ұйымдастырады.



КҮНДЕЛІКТІ ДЕЗИНФЕКЦИЯ-емдеу мекеменің ішіне және оның сыртына,бірінші ошақтан шекарасына инфекцияның пайда болуына ,жұғып

Таралуына, мүмкіншілігін бермейтін шаралар.



АҒЫМДЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯ-науқастың ошақтан шығуынан кейін өткізілетін шара (госпиталдауы, мекен-жайының ауыстырылуы, науқасқа күтім жасау).

ДЕЗИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫҢ –АЛУ-аурудың таралу жолын тоқтататын күнделікті дезинфекция.Оны балалар мекемелерінде, барлық емдеу-профилактикалықмекемелерінде,азық-түлік өндіріс кәсіпорындарында өткізу қажет.Соған дезинфекциялаушы, жуатын заттар(жуу ұнтақтары, сода, сабын),физикалық әдістері (жоғарғы температура)пайдаланады.

ДЕЗИНФЕКЦИЯНЫҢ ТӘСІЛДЕРІ.

1.Физикалық-қайнатужолы.

2Химиялық-хлорамин ерітінділері, сутегі тотығы, үш құрамды ерітінді.

3.Реанимациялық-сәуленің таралуы, әсері.

4механикалық тәсіл.

ҚҰРАМЫНДА ХЛОР БАР ЕРІТІНДІЛЕРІҢ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

1.Құрамында хлор бар ерітінділерімен қатынасқанда медициналық қызыметкерлер қолғаппен жұмысты істеуді қажет.

2Дезинфекциялаушы ерітінділері тері немесе былжыр қабықтарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет.

3Дезинфекциялаушы ерітінділердің ыдыстары ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, дайындау күнін көрсету белгілеуіне қажет.

4.Дезинфекциялаушы ерітінділерінің науқастардың қолдары жетпес арнайы бөлінген ғимараттарда сақтау қажет.(санитарлық бөлме).

Жұмыс ерітінділерін дайындау.

Деохлор таблеткалары-таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар

ретінде натрий тұзды диохлоризациануриялық қышқылдар және 1,5

гр(44,2%) белсенді хлор кіреді.

«деохлор таблеткалары» суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері түссіз және мөлдір,хош иісі болады.

Пластикалық банкаларда 300,150,50 таблеткалар түрінде

шығарылады.Сақтау мерзімі шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау мерзімі 3 күннен артық болмауы керек.

Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме ішіндегі заттардың үстін, санитарлы –техникалық кұралдары, киім-кешекті, ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас ХЛОР ЕРІТІНДІЛЕРІ.



1.Хлор тұңдырылған ерітіндісін дайындау.Құрғақ хлорды 10 литр суық суда (шелек) ерітеді(хлорды ағаш қалағымен ұсақтайды).

2.Қоспаны тәулік бойы тұңдырады.

3Тығыны жабық күңгірт шыныға дайындалған ерітіндіні қотарып құяды-бұл 10 литр хлор ерітіндісін 5-7 күн қараңғы жерде сақтауға болады.


Құрамындағы белсенді

Хлор,%



Таблетка саны

СУ(л).


0,015

0,03


0,06

0,09


0,1

0,2


0,3

1

2

4



6

7

14



20

10,0

10,


0

1,0


1,0

1,0


1,0

1,0

4.Қажеттілігінде хлор керек концентрациясынан жұмыс ерітінділерін дайындайды.

а.0,1%-9,9 л суға 100 мл 10% хлор ерітіндісін;

б.0,2%-9,8 л суға 200 мл10% хлор ерітіндісін;

в.0,5 %-9,5 л суға 500 мл10%хлор ерітіндісін;

г.1%-8 л суға 1000 мл 10% хлор ерітіндісін;

д.2%-8 л суға 2 л 10% хлор ерітіндісін;



ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ.

а.Тура пайдалануға дейін дайындалады.

ә.1%-990 мл суға 10 г хлорамин.

г.2% -980 мл суға 20 г хлораин.

В.. %-950 мл суға 50г хлорамин

Дезинфекциялаушы ерітінділерін арнайы бөлінген ғимаратта науқастардың қолдары жетпес орындарда сақтау қажет.Тері немесе былжыр қабықтарға ерітінділер тигенде ағын сумен жууға қажет.


МЕЙІРБИКЕ ЖҰМЫС ОРНЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ.

Мейіркештің жұмыс орны оның қарамағындағы палаталардан қашық болмауы керек. Әдетте ол палаталардың арасындағы дәлізде болады. Мейіркештің қызмет орны қажетті заттармен:медициналық аспаптар мен дәрі-дәрмекке арналған шкаф, ауру тарихын, сақтауға арналған жабылатын жәшіктері бар үстел, телефон және үстел үсті шамы мен т.с.с. қамтамасыз етілуі қажет.Егер бөлімшеде процедуралық кабинет болмаса, онда мейіркеш үстелі қасында шприцтер мен инелерді қайнатуға арналған стерилизаторы бар шағын үстел орнатады, залалсызданған материалдары бар бикс және инъекция жасайтын басқа аспаптар жинағы, сондай-ақ улы және қатты әсер ететін дәрілерді сақтауға арналған жәшік тұрады. Егер сейф болмаса, онда мейіркеш үстелі үстінде екі шағын шағын (А және Б) болады, ол құлыпталып аға мейіркеш немесе неғұрлым тәжірибелі мейіркеште болады. Бұл жерде қол жуғыш та болуы тиіс. Мейіркештің қызмет орны өте таза болуы керек. Әрбір жасалған процедурадан кейін, пайдаланылған таңғыш материалдар немесе басқа да қалдықтарды жойып, жіберу керек. Мейіркештің қызмет орнында әйнекті шкафтар болады, оған дәрі-дәрмектер салады. Оның әрбір сөресінде «Ішетін», «Жағатын» және «Инъекцияға арналған» деген жазулар болуы тиіс. Барлық медициналық аспаптар белгілеулері мен пайдалану жиілігін ескере отырып орналастырады.

1.Нашақорлық және күшті әсер беретін құралдардың есеп тіркеу журналы

2.зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерін тіркеу журналы

3.өте қажетті аспаптарды тіркеу журналы

4.кезекшілікті тапсыру және қабылдауды тіркеу журналы

5.безгек ауруларын тіркеу журналы

6.келген және шыққан наукқастарды тіркеу журналы

7.науқастардың тіркеу джурналы

8.қызулық парақтар

9.дәрігер тағайындаған парақтар

10.стационардан шыққан карта

11.стационарлық науқастың ауру тарихы жөніндегі көшірмесі

12. стационарлық науқастың дәрігерлік картасы

13.тәуліктік кезекшіліктің мәлімдемесі.

Емдеу-сақтау режимі

Әрбір емдеу мекемесінде өзінің ішкі ауруханалық режимі болады. Емдеу-сақтау режимінің маңызды шарттарының бірі-сырқат психикасы сыйлау, оның толық дене және психикалық тыныштығын қамтамасыз ететін қолайлы жағдайлар жасау. Ұлы орыс физиологы И.П. Павлов, сырқаттың денсаулығы мен нерв жүйесінің ерекшелігіне сәйкес оған тыныштық пен жағдай жасай отырып, оның хал-жағдайы ауыр болатынын, талай рет атап айтқан болатын-ды.

Емдеу-сақтау режимін ұйымдастыруды сыртқы ортаның неғұрлым қолайсыз әсерін (дауыстап сөйлесу, есікті сілкіп ашып-жабу) жойып, терапевтік-емдік шаралар тиімділігін төмендетіп тиімді тәртібін белгілеу қажет. Қызметкерлердің алмасуы, бөлмені жинау, дененің қызуын өлшеу, сырқат тұрған соң, яғни таңертеңгі сағат 7-ден кейін істеледі.Барлық сырқаттар мазасын алмау үшін палатада жарық сигнализациясы мен түнгі шырағдандар дұрыс істеуі керек. Қызметкерлер ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтап және онымен бөлімшеге келіп түскен барлық сырқаттарды таныстыру қажет. Сырқатты медициналық күтім заттары, қан тамған дәке, шприц пен скальпель, лас мақта мен бинт толған леген т.б. Көргенде болатын жиіркеніш сезімдерін болдырмаудың маңызы зор. Өздерінің ауруын ойланудан алаңдату үшін сырқаттың бос уақытын жақсылап ұйымдастырудың маңызы зор. Арнайы бөлме жабдықтау жөн немесе коридорды пайдалануға да болады: кітаптар мен журналдар стендісін жасайды, өздері жүре алмайтын аурулар көру үшін теледидар қояды. Таза ауада (әсіресе жазда) серуендеудің рөлі үлкен. Бос уақытында сырқат оқиды, үстел үстінде ойындар ойнайды, тоқиды, құлаққа киіп радиоқабылдағышты тыңдайды. Сырқаттың қолайсыз эмоцияларын болдырмауға бағытталған шаралар ауруханаға түскеннен бастап, шыққанға шейін жүргізіледі.

Палаталық медбикенің лауазымдық міндеттері.

-Палаталық медбике дәрігердің рұқсатынсыз бөлімнен кетуіне құқығы болмайды.Медбикенің жұмысы бөлім менгерушісінің бекіткен кестесі бойынша жүргізіледі.

-Палатаның, ванналық бөлменің, кабинеттердің, дәріханалардың, кереует жанындағы тумбаның тазалықтарын қадағалайды. Емделушілердің мұздатқышттағы тағамдарының сақталуын тексереді, ауруханалық тәртіптің сақталуын бақылайды. Емделушілерге берілетін тағамдардың тағамдардың дәрігер тағайындаған диеталық үстелге қоятын тағамдарға сәйкестігін және мөлшерін сипатын бақылау жасайды.

-Керекті медикаменттерді уақытылы жазып алады және бөлменің бас медбикесі береді.

-Дәрігер қарауы кезінде қатысу керек, емделушілердің жағдайы туралы мәлімет беруі керек, дәрігердің емделушілердің емдеуі, күтімі бойынша тапсырыс алуы керек.

-Тағайындаған парақты дұрыс жүргізу керек, оны ауру тарихында жазылған тағайындаулармен уапқытылы салыстырып отыруы керек.-қазу парағын талдау, ЭКТ және де басқа ауру тарихын (жапсыру) уақытымен рәсімдеп отыру керек.

-Жаңа түскен емделушілерге бөлімнің белгіленген тәртібімен таныстыру керек.

-ұйымдастыру әдістеме бөліміне емделішілердің қозғалысы туралы мәліметті рәсімделуін (бағыттама қағаздың, анықтаманың, рецептердің көшірмесі ) және уақытымен шығуына бақылау жасау керек.

-Кезекшілік кезінде дәрігер жазған және тағайындағандардың бәрін, шығуға жарамды емделушілер туралы мәліметті тапсыру керек.

-Медбике емделушілердің тез арада жазылып шығуына орай ілтипатты, сергек, қайырымды болу керек. Ол медициналық деонтологияның негізін білуге міндетті.

-Бөлімдегі кіш персоналдардың жұмысына басшылық жасайды.

-Емделушілер арасында санитарлық- ағарту жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру керек, денсаулық мектебін ұйымдастыру керек.

-Санорындарын ұйымдастыру және Қызыл крес Қоғамының жұмыстарына белсенді ат салысу керек.

-өз еңбегін жетілдіруде және жеке біліктілігін көтеруде жүйелі жұмыс жүргізуң керек.

СЫРТҚЫ ТҮРІ-.Медбикенің сырт пішіні емдеу кабинетінің визиттік көрсеткіші екенін еске саламыз, ашық косметикадан аулақ болуы керек, тырнақты қысқа алу керек. Халат таза болу керек, жейденің жені халаттың женінен ұзын болмауы керек. Шаш қалпақтың астында жиналуы болуы керек. Аяқ киім өкшесіз, жұмсақ және ыңғайлы болуы керек.

2.ӘРІПТЕСТЕРІМЕН АРАЛАСУ- әріптестерімен қалыпты қарым-қатынас ұжым ішіндегі қалыптың, тазалықтың кепілі. Өзара қарым-қатынас, әрине, өзара көмек арқылы даму керек. Қандай жағдайда болмасын кіші медперсоналда дәрігерлер арасындағы субординация ережесін ұсталыну қажет.

ЕМДЕЛУШІЛЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС- емдеу медбикесі дәрігердің кез келген тапсырысын білікті, ұқыпты тез орындау керек. Емдеу медбикесінің емделушіге қатысты кез келген әрекеті оның ағзасына (егу жасау, зерттеудің биологиялық материалдарын жинау, сүнгілеу, пункция және т.б.) араласу болатынын еске алу керек., ем жүргізудің қажеттілігін, кейде сендіру, жұбату арқылы әр емделушінің жеке ыңғайын таба білу керек.

-Емдеу медбикесінің ем жүргізуінің техникалық әрекеті нақты және сенімді болуы керек, бұл кезде емделушінің алдында беделі өсіп, олардың алып жатқан емдерінің сәтті боларына сенімді болады.

1.Өткізілетін медициналық процедураларға байланысты процедуралық (манипуляциялық) кабинеттерді ашады:

-бұлшық етке, тері астына инъекцияларға

-көктамырға инъекциялармен құюға

-ауыр қалдағы науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге

-интенсивті терапияға жасауға

-емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға

-емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға.

2. Процедуралық (манипуляциялық) кабиненттерінің кешені 12-14м2-ден кем болмауы керек, жоғары жеткілікті , желдету, қабырға және төбе бактериоцидті шамдармен

(ОБН -200 немесе ОБН-300 бір шам бөлменің 30м2есебімен) жабдықталуы міндетті. Бактериоцидті шамдары 2 жылдан кейін ауыстырады.

3.Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер аурухана (емхана) жабдықталу табілімен байланысты үсті дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.

4.Құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша дезинфекциялайды.

5.Процедуралық кабинетте дезинфекция жүргізу үшін мөрленген ыдыста қажетті концентрациялы дезертінді болу керек.

6.Медициналық құралдарды қолданған соң шайып, дезертіндімен ыдысқа салып қояды.

7.Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында дезертінді ыдыста шаяды, әрі қарай медициналық құралдар нұсқау бойынша өңделеді.

8.Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерді журнал және басқа оқу септік құжаттарға толтыруға болмайды.

9.Дәрілік ампулалады жинап уақытша сақтауға педальды ыдыс болуы қажет.

10.Процедуралық кабинетте істейтін медициналық персоналға арнайы киім (медициналық халат, шәрке) міндетті арнайы киім. Арнайы киімді күнделікті ауыстырады.

12.Қажетінше жұмыс күні ішінде стерильді медициналық заттарды қолдану және сақтау үшін, стерильді ақ жамылғымен жабылған үстел әзірлейді. Стерильді заттарды сақтау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Стерильді үстелді әзірлеу стерильді пинцетпен (корцангпен) қолданылады.

13.Манипуляциядан кейін дезертінді қолдану арқылы ылғалды жинау жүргізіледі.

14.Процедуралық кабинет, палата, реанимация бөлімінде ылғалды жинау әдісімен дезертінді қолдану арқылы 3 рет жүргізіледі.

15.Аптасына 1 рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия ) кабинеттерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфектант ретінде 5% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналық кушеткалар залалсыздандырады, қоқысты жандырады. Сосын еденді мұқият жуады, содан соң бактериоцидті шамдарды 2 сакғатқа қосады, кейін бөлмені желдетеді.

16.Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті терапия) палаталарында жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды сақтауға тиым салынады.

17.Егер медбике процедуралық кабинетті ылғалды жинауға қатысса, оларға жинауға арнайы қосымша киім беріледі, ол негізгі арнайы киімнен бөлек сақталады.

ЕГУ ЖАСАЙТЫН БӨЛМЕДЕ ІСТЕЙТІН МЕДБИКЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

-Асептика және антисептика ережелерін жақсы білу және қадағалау.

-Тері асты бұлшық етке, көктамырға (дәрігердің рұқсатымен) инъекция, аутогемотерапия, тамыр ішілік құюларға, трансфузияға жүйені әзірленуге жетік білу және дәрігердің тағайындауы бойынша осы манипуляцияларды орындау.

-Қан тоқтату ширақты салу техникасы , қан қысымын өлшеу, қуықты (жұмсақ катетрмен) катетрлеу техникасын менгеру.

- Қынап спринцееванниясын жүргізу.

-Реанимациялық шараларының әдістерін игеру (жүректің жабық массажы, жасанды дем алдыру, ауыздан ауызға),(ауыздан мұрынға).

-Дәрігермен бірге жасанды пневмоторкс өткізуге, қуыстан сұйықтық шығаруға қатысу және қажет құралдарды әзірлеу.

-Таңғыш таңуды соның ішінде мобилизациялаушыларды, онда қыша қолдануды, клизма жасауды, газ шығаратын түтікті қоюды т.б.

- Тексеруге пациентті әзірлеу әдістерімен асқазанды және 12 елі ішекті жууды, жағын алуды меңгеру.

-Процедураларды уақытымен орындауын және кезекші қызыметкердің орнын басушылығын қамтамсыз ету керек.



Кезекшілікті қабылдап алу мен тапсыру

Сырқатты емдеуде бірізбен келе жатқан тәртәптің ең маңызды сәттерінің бірі-кезекшілікті екінші адамға өткізу.Егер алмасатын адм келмесе, мейіркеш қызмет орнын (посты) тастап кетуге қақысы жоқ.Өз кезекшілігінде дәрігердің барлық белгілеулерін орындап, сырқатты тиісті тәртіппен күтуі тиіс. Кезегі келген мейіркеш жұмысын тапсыратын мейіркеш екеуі палаталарға кіріп, ауыр науқастарды байқап және арнайы дәптерге орындалмаған жұмыс көлемін, сырқаттың аты-жөні мен палатаның нөмірін көрсете отырып, жазып алуы, сондай-ақ палатаның тазалығын, сырқаттың жеке-дара гигиенасын сақтауын қадағалауы тиіс. Мейіркеш термометрлерді, шприцтерді дәрі-дәрмектерді, А және Б шкафтарының кілттерін қабылдайды, наркотиктердің бар екенін тексеріп журналға қол қояды. Кезекті қабылдап алған мейіркеш түнге қажетті киім мен жаймаларды шаруашылықты жүргізетін мейіркештен кіші қызметкердің алуын қадағалайды, алдын ала жасалып қойған дәрігерлік белгілеулер тізімімен танысады. Медициналық мейіркеш алмасу кезеңінің соңында сырқат (алдымен сөткенің басындағы санын, келесі тәулік басындағы аурулар санын жасайды)



КЕЗЕКШІЛІКТІ ТАПСЫРУ:

Кезекшілікті тапсыру таңертең (8.00-8.30) және (15.00-16.00) жүргізіледі.Кезекшілікті тапсыру кезінде 2 мейірбике (тапсырушы мен қабылдаушы) палаталарды қарап шығады,оның санитарлық жағдайын қарайды,ауыр науқасты емделушілерді байқайды.

Кезекшілікті тапсыратын мейірбике қабылдаушы мейірбикеге:

1.ауру тарихынан жазылып алынған манипуляция мен егуге белгіленген ‘белгілеу журналын’2.мейірбикелік орындағы дәрілік аппараттар және мүліктер (шприцтер,термометрлер)

3.<А> тізімдегі дәрілік құралдар шкафының кілті мен «Б» ‘улы және қатты әсер ететін дәрілік құралдар есебінің журналына’екі мейірбике қол қояды.

4.’қабылдау және тапсыру журналында’бөлімдегі емделушілердің жалпы саны,ауру және безгек ұстаған науқастар саны жазылады.Журналдағы жазу анық болу керек.



МЕЙІРБИКЕ ОРНЫНДАҒЫ ДӘРІГЕРЛІК ҚҰЖАТТАР:

(Стационарлық емдеу бөлімі)

1.Нашақорлық және күшті әсер беретін дәрігердің есеп тіркеу журналы.

2.Зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерін тіркеу журналы.

3.Өте қажетті аспаптарды тіркеу журналы.

4.Кезекші тапсыру және қабылдауды тіркеу журналы .

5.Безгек ауруларын тіркеу журналы.

6.Келген және шыққан науқастарды тіркеу журналы.

7.Науқастарды тіркеу журналы.

8.Қызулық парақтар.


СТЕРИЛИЗАЦИЯ: ТҮРЛЕРІ,ӘДІСТЕРІ, ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАТТАР.

Залалсыздандыру –бұл аспаптарда, таңу материалдарында микролағзалар мен олардың толық жою (дезинфекциялау. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез келген заттары толық дезинфекцияланбаса, басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз залалсыздандырылған аспаптарды қолдануы сарысу гепатит, ЖИТС, стафилакок және басқа инфекцияларды дамыта алады. Біздің елде «медицинаға тағайындалған өнімдерін дезинфекциялау және залалсыздандыру» тараулық стандарты еңгізілді. (42-21-2-85 ГОСТ). Осы стандартпн дезинфекциялау мен залалсыздандырудың әдістері, дәрілер мен тәртіптері белгіленеді.

Қазіргі емдік мекемелерге ортандылықтырылған залалсыздандыру бөлімшелер (ОЗБ) ұйымдастырылады. ОЗБ -да ашық түрде медициналық өнімдерін залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғату шкафта заолалсыздандыруға болады.. Вирусты гепатитпен (Боткин ауруы ) ауырған науқастарға процедуралық кабинетте барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын ала залалсыздандырылған тазарту және залалсыздандыруды өткен жеке шприцтер мен инелер берілелі. Процедуралық и кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен ауырған науқастардың тізімі болуы керек.

Майлы шприцтер мен инелерге өз крафт-пакеттер немесе екіқабатты бөз орағыштар арналады. Майлы ерітінділерді еңгізуге арналған шприцтерді басқа шприцтермен араластырмайды. ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда процедуралық медбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, өйткені олар бөлек салынады.

Барлық катетрлер мен сүңгілер залалсыздандырылады, бірақ ЖИТС алдын ала бойынша нұсқауларға байланысты ортандылықтандырылған. Залалсыздандырудың алдын ала залалсыздандырылған тазартудың алғашқы үш кезеңі өткізіледі.

Медициналық аспаптарды зақым келтіре алатын және шприцті қабықпен қатынаста болатын пайдалану процесіндегі медициналық аспаптардың жеке түрлері және егу препараттар немесе қанмен контакта, жаралы бетпен қатынаста болатын барлық өнімдер залалсыздандырылады. Алдын ала залалсыздандырылған тазартудан кейін залалсыздандыру өткізіледі.

1.Залалсыздандыруға жататын басқа өнімдер залалсыздандыратын затқа жеткілікті ауа жіберетін санда салынады.

2.Ауа залалсыздандырудың тиімділігі залалсыздандыру камерада ыстық ауаның біркелкі үлестіруіне байланысты.

3.Ыстық ауаның селіне бөгет жасамау үшін темір тордың үстіне үлкен заттар қойылуға тиіс.

4.Залалсыздандыратын өнімдерді біркелкі үлестіре отырып полкалар, кассеталар, науашалардың үстінде кесе-көлденең қойылуы тиіс.

5.Стерилизаторға ақтара тиеуге болмайды. Вентилятордың үрлеп тазартатын әйнектері мен торларын жауып тастауға болмайды.

6. Шкафта температураның 60 минөтте 1800 болуға тиіс.

7.Ашық ыдыста залалсыздандырудан кейін медициналық аспаптар сақталынбайды, ол қолма-қол қолданылады.

8.Орағыштар түрлері:

а крафт-пакет (пергамент немесе дымқылдықты өткізбейтін қағаздан). Пакетте шприцті бөлшектенген түрде және екі ине салып қояды. Пакеттің бос шетін бүктеп жабыстырады.

Пакетте шприцтер сиымдылығын және залалсыздандырудың мерзімін белгілейді. Крафт пакеттегі залалсыздандыруды 3 тәулік сақталады.

б ашық ыдыс –медициналық аспаптар немесе шприцтердің аз санын залалсыздандыру үшін қолданылады, яғни бұл аспаптар залалсыздандырудан кейін қолмақол қолдануға тиіс. Олар сақталмайды.Сонымен залалсыздандыру стоматологиялық және гинекологиялық кабинеттерде жиі өткізіледі.

БУ ӘДІСІМЕН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ(Автоклавта ұстау) .

Залалсыздандыру камерадағы будың қысымы. Mna кгс/см:

-көрсеткіш мағына -2,0 атм;

-шегіне жеткен ауытқуы -+0,2.

Залалсыздандыру камерадағы күнделікті температурада, С:

-көрсеткіш мағына-132;

-шегіне жеткен ауытқуы-+2.

Минөттерде көрсетілген стерилизационды ұстау мерзімі:

-қол немесе жарты автомат жүргізумен, 20 минөттен төмен емес;

-автомат жүргізумен;

-көрсеткіш мағына -20минөт.

Қолданылуы:

а.коррозияға шыдайтын темірден жасалынған өнімдер үшін ұсынылады.

б.жеке полимер материалдар және патекс резеңкеден жасалынған өнімдер үшін ұсынылады (жоғары беріктілік полиэтилен, ПВХ пластмасы).

Залалсыздандыруды өткізу шарттары:

Залалсыздандыруды фильтрсіз немесе фильтр бар залалсыздандыру қорапшада және бөз, пергамент немесе дымқылдықты өткізбейтін қапшықты қағаздан, Е маркалы автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаздан, ОКМВ -120 маркалы темір бұйымдарға арналған орағышты қағаздан, екіқабатты нығайтылған қағаздан жасалынған екіқабатты жұмсақ орағышта өткізеді.

Қолданылатын жабдықтау: бу стерилизаторы.

Сапаның бақылауы бензой қышқылының көмегімен тексеріледі: бу стерилизатор ішіне 1320 температура, 2 атм қысымында 20 минөттің ішінде балқитын бензой қышқылының кристалдарымен шиша салынады.

Орағыш түрлері:

а/ крафт пакет

Крафт –пакетті залалсыздандыруды 3 тәулік сақталады.

б/ екіқабатты бөз орағышты.



микалық әдіспен залалсыздандыру.

Залалсыздандырылған агент:

1Сутегі тотығы

1,16% ерітінді

1.2 (белсенді әсер ететін зат бойынша)

2. Дезоксон -1:1%ерітінді (надукс қышқылы бойынша)

3.REANAL –фирмасының глютамин альдегиді (ВХР) 2,5%ерітінді (рН 7,0-8,5 белсенді әсер ететін зат бойынша).

Залалсыздандыру тәртібі:

А.температура, С

а1.көрсеткіш мағына:



    1. үшін 18 төмен емес

    2. үшін (+) (-) 2

-2-және 3 үшін 18 төмен емес

а2.шегіне жеткен ауытқуы:

-1.1үшін болмайды

1.2 үшін 50

2және 3 үшін болмайды.
б/ ұстау мерзімі, мин.

б1. көрсеткіш мағына:

-1.1 үшін 360

-1.2 үшін 180

-2 және 3 үшін

б2 шегіне жеткен ауытқуы:

-1.1 үшін және 1.2 үшін (+)(-)5

-2 және 3 үшін (+)5



Қолданылуы

1.1, 1.2 және 2 үшін. Резеңке, шыны, полимер, коррозияға шыдайтын материалдан жасалынған өнімдерге ұсынылады.

3 үшін. Резеңке, шыны, полимер материалдарынан жасалынған өнімдерге ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет