Сауықтыру орны.
Сауықтыру орыны-өнеркәсіптік кәсіпорындарда, совхоздарда, құрылыстарда, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында және кәсіптік-техникалық училищелерде ұйымдастырылған медициналық-санитарлық бөлімдердің немесе емханалардың бөлімшесі.
Сауықтыру орны дәрігерлік және фельдшерлік болуы мүмкін.Зақымдану кенет ауыру және кәсіби улану кезінде алғашқы білікті медициналық жәрдем көрсетумен қатар,сауықтыру орны еңбек қабілетінен уақытша айыратын аурулардың алдын алу және азайту үшін емдеу-профилактикалық және санитарлық-гигеналық жоспарлы шараларды жүзеге асырады.
Сауықтыру орнында қарапайым емдеу процедуралары (байлап-таңу, қыздыру,оңқа қою, дәрі құю т.б.) орындалады. Мұнда өндірісте ауру тудыратын жағымсыз факторлады тауып,жою жөніндегі жұмыстар,тамақ блогын санитарлық бақылау, жұқпалы аурулардың алдын алу,профилактикалық дәрі егулер, жұмыс істейтіндердің (оқушылардың) арасында санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіледі.Мейіркештер үнемі түрде цехтарға және басқа да жұмыс істейтін жерлерге барып,олардың санитарлық жағдайын тексереді,еңбек шарттарын және хауіпсіздік техникасыныңсақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау профилактикасын жүргізеді, дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттар толтырады. Мейіркештер жұмысы учаскелік принцип бойынша жасалады.
Диспансерлер.
Диспансер-белгілі бір аурумен ауыратын сырқаттарды тауып, есепке алатын емдеу –профилактикалық мекеме.Өкпе ауруына қарсы қарсы тері-венерологиялық,
қатерлі ісік, наркологиялық диспансерлер және эпидемиялық аудандарда қалқанша бездеріне қарсы диспансерлер бар.Диспансерлерде арнайы емделулер жасалып, диспансерлік сырқаттар мен профилактикалық шаралар жүргізіледі.Әрбір диспансер мейіркеші сырқат есебін жүргізеді, профилактикалық шаралардыңдер кезінде жүргізілуін қадағалайды,сырқаттыңдәрігер қакбылдауына келуін ұйымдастырады,патронаждық жұмыс атқарады(сырқат және туыстары үйлерінде үнемі санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу).
ӘЙЕЛДЕР КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ:
Әйелдер консультациясы-босанатын үйдің немесе емхананың құрамдас бөлімшесі. Екіқабат әйелдерге сол кезеңде акушерлік-гинекологиялық жәрдем көрсету дәрігердің қабылдау кезеңіндегі өз міндеттерінен басқа екіқабат әйелдерге патронаждық қызымет көрсетеді, оларды жеке басының гигенасы мен жаңа туған нәрестенің күтімін үйретеді.
Дәрігерлік –санитарлық бөлімдер:
Дәрігерлік-санитарлық бөлім-өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылыс және транспорт қызыметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне емдеу, профилактикалық жәрдем көрсетуге арналған қалалық емхана немесе емханасы бар ауруханалар.Дәрігерлік-санитарлық бөлімдердің жұмысының маңызды бағыты жұмысшылардың денсаулық жағдайын жүйелі түрде диспансерлік бақылау, аурудың бастапқы формасын ертерек анықтау мен оның алдын алу мақсатында профилактикалық-дәрігерлік қарау, сондай-ақ қатты ауырған немесе созылмалы аурулармен (өкпе ауруымен, жара, қан қысымы ауруымен, т,с,с.) ауырған жұмысшыларды дұрыс жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау болып саналады.Дәрігерлік-санитарлық бөлімшенің қызыметіне сондай-ақ жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына теріс ықпал ететін барлық факторларды тауып, зерттеу жұмысшылар мен қызымет-
керлер еңбегінің санитарлық-гигеналық жағдайлары мен емдеу-профилактикалық қызмет ету шараларының комплексті жоспарын әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының бірлесіп жасауына болады. Дәрігерлік-санитарлық бөлімінің дәрігерлері мен мейіркештері жұмысшыларға емдеу жәрдемін көрсетеді, өндірістегі жұмысшыларға да емдеу жәрдемін қатар, оларды күнделікті бақылап отырады, профилактикалық шаралар ұйымдастырып,оны жүзеге асырады. Дәрігерлік-санитарлық бөлімнің қызыметінің негізгі болып диспансерлік әдіс қолданылады.
Мейіркеш цехтік-учаскелік әдіспен істейді. Ол диспансерлік есепте тұрған жұмысшылардың профилактикалық дәрігерге көрінуін ұйымдастырады, аурудың есебін жүргізеді, цехтарда санитарлық активтердің құрылуына қатысады, санитарлық постардың мүшелеріне нұсқау береді, асханалардың, буфеттердің, жуынатын және шайынатын бөлмелердің санитарлық жағдайын тексереді, емхана мейіркешінің бүкіл жұмысын атқара отырып, дәрігердің қабылдауына қатысады.
Медициналық жедел жәрдем станциялары:
Медициналық жедел жәрдем станциялары еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылған. Аса қажет жағдайда халыққа күні-түні медициналық жәрдем көрсетеді. Көшпелі орта медициналық қызыметкедің бәрі де бригадир-дәрігерге көмектеседі және оның барлық тапсырмаларын дер кезінде, тез орындауға міндетті.фельдшерлер мен мейіркештер жұмысына кіріскенде арнайы киім алуға, өзі істейтін жедел жәрдем машинасының нөмерін білуге, аппаратураны, дәрі-дәрмегі бар жәшікті қабылдауға, оның ішіндегілерін тексеруге, сондай-ақ барлық құрал-жабдықтардың түзіктігін, ал жетіспеген немесе сынықтарды болған жағдайда оларды жою шараларын қабылдауға, машинаның жүрісіне әзір екенін, оның санитарлық жағдайын, радиобайланыстың дұрыстығын тексеруге тиіс. Орта медицина қызыметкері дәрігердің нұсқауымен медициналық жәшіктің ішіндегісін және оны пайдалана білуі, аппараттармен жұмыс істей алуы тиіс.Осы мақсатта мамандығын жоғарлату үшін арнайы сабақтарға қатысуы қажет.Орта медициналық қызыметтер шақырылып барған жерде дәрігердің тікелей көмекшісі болады және оның барлық нұсқауларын бұлжытпай орындайды.
Орта медициналық қызыметкер көрсетілетін медициналық жәрдемнің бір түрі ретінде жүре алмайтын сырқатты зембілмен тасуға міндетті. Егер уақиға болған жерге машина жақындай алмайтын болса, көшпелі бригада шақырылған жерге жаяу барып, сырқатқа медициналық жәрдем көрсетіп, оны машинамен алып кетуі тиіс. Бұл бригада ауруды мұқият қарауы, ал төңірегіндегі адамдармен өте кішіпейілді болуы керек. Жауапты фельдшер шақырылған жерге дер кезінде баруға , сырқаттарды тасымалдау туралы нұсқауды сақтауға, қажетті жағдайда медициналық жәрдем көрсетуге тиісті.Барған жерде жауапты фельдшер сырқаттың бар медициналық құжаттарын ( ауруханаға берілген жолдамасы т.б.) тапсырады.
Өте ауыр сырқаттарды бригада зембілмен тасымалдауға міндетті. Тек қалыпты тасымалды қиындататын жағдайларда (тар баспалдақ, түзу емес және қысқа дәліздер) ерекше көмек көрсету керек. Мұндай жағдайда сырқатты көрпесімен немесе ақ жаймаға орап, қолымен қолымен көтеріп алып жүру керек. Машина ішінде жауапты фельдшер сырқат жанында отыру керек.Егер жолда аурудың күйі кенеттен нашарласа, фельдшер оған жәрдем көрсетіп , жақын жердегі ауруханаға жеткізеді де, ауруды қабылдау бөлімшесіндегі кезекті қызыметкерге тапсырады, қабылдаған жолдама қағазға өзі қолын қояды. Мас немесе ес-түссіз сырқаттар құжаттарын, бағалы заттарын, ақша мен басқа бұйымдарын фельдшер немесе мейіркеш қолқат беріп, аурухананың қабылдау бөлімшесіне тапсырады және жолдама қағазға бұл заттарды кімнің қабылдағаның жазады.Егер жедел жәрдем машинасы жол-жөнекей бақытсыз жағдайға кезіксе, жауапты фельдшер машинаны тоқтатып жараланған адамға медициналық жәрдем көрсетуі және оны медициналық мекемегежеткізіп салуы керек. Подстанцияға оралған соң жауапты фельдшер диспетчерге дәрігерлік шақырудың орындалуы туралы мәлімет береді, ол оны арнайы карточкаға жазып алады.Кезектнің соңына қарай жауапты фельдшер машинадан дәрігерлік жәшікті түсіріп, оны кем жерін толықтыру үшін аптекаға немесе аға фельдшерге тапсырады, ал басқа жабдықтарды өзін алмастыратын жауапты фельдшерге береді. АУРУХАНАЛАР:
Ауруханалар-төсек тартып жатқан сырқаттарға арналған емдеу-профилактикалық мекеме.Ауруханалар салу жұмысы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормативтер бойынша іске асырылады. Қазіргі ауруханалар-қажетті емдеу-диагностикалық аппараттармен, құралдармен, жабдықталған медициналық мекеме. Аурухананың негізгі құрамдық бөлімдері: қабылдау, әкімшілік-шаруашылық , емдеу бөлімдері.Емдеу бөлімдеріне диагностикалық және емдеу кабинеттері, операциялық, процедуралық, жараны таңу, арнайы бөлімдер жатады. Емдеу бөлімінің құрамына сондай-ақ жүріп тұратын сырқаттардың дем алуына арналған орындар, буфеттер мен асхана және көмекші бөлмелер (санитарлық торап, асхана, әжетхана, кір жуатын жер) енеді.Ауруханадағы орта медициналық қызыметкердің көпшілігін мейіркештерден алады.
Олардың міндеттеріне:
1.емдеу-диагностикалық жұмыс –дәрігерлік аралау кезінде қатысу, дененің температурасын, қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттын жалпы күйін және организмнің физиологиялық қызымет атқаруын, қажет болғанда жедел дәрігерге дейінгі жәрдем көрсету, дәрі таратуы және оны қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдар алу, түрлі манипуляциялар жасау мен дәрі құю;
2.Сырқат күтімі – киіндіріп -шешіндіру, іш киімдерін ауыстыру, ауыз қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне профилактика жүргізу, ауыр науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
3.Дайындық жұмысы –медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау ;
4.Құжаттармен жұмыс-дәрігерлік белгілелеулер қағазын жүргізу, лабораториялық аспаптармен зерттеуге және консультацияға жолдама беру, дәрігерлік аралап шығуға дейін аурудың тарихын дайындау(қосымша қағазды зерттеу нәтижесін желімдеу), ауруханадан шығарарда құжаттар көшірмесін, анықтама мен ауруханалық қағазды (больничный лист) толтырады.
Аурухананың әрбір бөлімшесінде мейіркештер бар, олар емдеу және диагностикалық манипуляциялар мен процедуралар атқарады: венаға дәрі құю, қан мен қанның алмастырушысын құю, жота жұлыннан пункция алуға, биохимиялық анализге қан алуға аспаптар дайындау.Бірқатар жағдайда процедуралық кабинеттедіңмейіркештеріне сондай-ақ ұлтабарлық зондтау, зерттеу үшін қарын сөлін алу, дәрі құюды жасау жүктеледі. Процедуралық мейіркештердің еңбегін жетілдіруде әрбір процедуралық кабинеттерді дәрімен тазаланған материалдармен және аспаптармен орталықтандырылған жабдықтаудың ерекше маңызы бар.Орталықтандырылған зарарсыздау қызыметін құру күнделікті процедуралық мейіркештердің жұмыс уақытының 15% үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл 2 сағаттық кезекшілікпен пара пар.
ЕМДЕУ АЛДЫН-АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ САНИТАРЛЫҚ – ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРТІБІ.
Науқас түсер алдында палатадағы төсек,тумба,дәрет ыдысына арналған заттар дезинфекциялық ерітіндідегі дымқыл шүберекпен сүртеді.Осыған орай,бөлімнің жұмыс бөлмесінде дезертінді мен шүберегі бар таңбалы ыдыс болады.Ыдысты жабық ұстау қажет.Төсекке вегативті қалыптағы кесте бойынша камералы дезинфекциядан өткен төсек жабдықтары төселініп, төсек жабдықтарына таза төсек жамылғысы жамылады.Науқасқа жеке заттар (аурудың жағдайына байланысты) бөлінеді:стақан ,су жылытқыш , т.б. содан соң тиянақтап жуылады. Науқас жазылып шықаннан кейін жеке қолданылған заттар дезинфекцияланады.
Науқас ауруханағатүскен кезде гигеналық заттарды алуына рұқсат беріледі. Битпен түскен аурулар қабылдау бөлмесінде алғашқы тазалаудан өтеді,ерекше қадағалауда болады және қажет болған жағдайда толық битсіздендіру үшін қайта тазалаудан өтеді.Рұқсатпен,әр ауру өз бөлімінде гигеналық душ қабылдай алады (7-10 күнде 1 рет).Дене және төсек жамылғыларын 7-10 күнде бір рет (душ қабылдағаннан кейін) және жамылғы кір болған жағдайда ауыстырылады.
Жамылғыларды ауыстыру мерзімі арнайы журналда тіркеліп отырады, оны бөлімнің шаруашылық бөлімнің медбикесі жүргізеді.Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған арнайы бөлме болу керек.Пайдаланған жамылғыларды еденге лақтырып тастауға тиым салынады.Жамылғыларды іріктеу мен талқылауға арналған бөлме ауасы тазартылған,еденнен 1,5м жоғары плиткамен жапсырылған немесе майлы бояумен боялу керек.Жамылғыларды іріктеу кезінде халат ,медициналық қалпақ,маска,резинка қолғап,шәркей болу қажет.Жамылғыларды іріктеп болғаннан кейін бөлме дезертіндімен жуылады,арнайы киім жууға жіберіледі,аяқ киім мен қолғап дезинфекцияланады.Бөлмелерді жинау үшін жеке белгі қойылған мүлік және шүберек бөлінеді,олар жиаудан кейін дезинфекцияланады. Науқастар күнде таңертең және кешке,ұйықтар алдында жуыну керек.Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу керек.Төсектен тұрмайтын науқастар үшін жуыну төсектің жанында ұйымдастырылады.Бұған орай,бөлмеде белгі соғылған ыдыстар(шәйнек,леген).су және ағызба суға арналған пайдалылғаннан кейін дезинфекцияланады.Науқастарға палатадағы көрші төсек отыруына тиым салынады,сонымен бірге келушілерге де науқастың төсегіне отыруға рұқсат берілмейді.Бұл жағдайда палатада орындвқ болуы керек.Палатаның күніне кем дегенде 4 рет ауасы тазартылу керек.Ауруханалар үшін белгіленген түскі астан кейінгі демалыс және күн тәртібі барлық науқастар және аурухана жұмыскерлері үшін қатаң қадағалану керек.Ауруханалардың бөлімдерінде күзет тәртібі мен күн реті қатаң сақталу керек,науқастар мен персеналдардың дауыстап сөйлемеуі, бөлмелерді таңертең ерте және кешкісін кеш жинамауы керек.Науқастар басқа бөлімдерге баруға рұқсат етілмейді.
Шәркейлер басқада қолданылыста болған аяқ киімдернауқас шыққаннан кейін дезинфекцияланады..Қызымет көрсетушілер қолдарын тазалау осы нұсқаудың 2.14 тармағына сәйкес жүргізіледі.Бөлімдерде тәртіп пен тазалық сақталынады.Тазалану күніне 2 рет 2% ыстық сабынды –содалы ерітіндіні немесе 2%ыстық синтетикалық жуу құралының ерітіндісінің ылғалды тәсілін пайдалана отырып жүргізеді.Бөлімнің тазалау мүліктеріне (шелек,шүберек) белгі қойылады және дәретхана,палата,ванна,дәлсіз, емдеу кабинеттерінде және т.б.бөлмелерүшін жеке пайдаланылады. Белгі соғылған тазалау мүліктері қатаң белгіленген орындарда сақталадыжәне беғлгілі бір мақсатта ғана қолданылады.Тазалау мүліктерді сақтайтын орын болмаған жағдайда дезинфекцияланғаннан кейін жинайтын орын белгіленген жерге сақтауға болады.Осы мүліктерді басқа бөлмелерде және басқа да мақсатты істерге рұқсат етілмейді.Пайдаланғаннан кейін жинау мүліктері мен шүберекті дезинфекциялайды және тиісті жерде сақтайды.Бөлімдегі персоналдардың медициналық бақылауы мен тексерісі медициналық бақылаудың қолданыстағынұсқауына сәйкес жүргізіледі.Науқастардың арасында аурухана ішілік инфекциялық ауру пайда болған жағдайда барлық қызыметшілерге кезектен тыс медициналық бақылау жүргізіледі. Аурухана бөлімдерде науқастардың инфекциялық ауруларына орай іс-шаралар жүргізіледі.Науқастардың қызуы көтерілген кезінде (37,50 С және жоғары) 5 күн бойы тифопаратифоз, риккетсиоз және басқа да инфекцияларға орай бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін қан алады.Соңғы 2 жылда тропиктен келген безгегі ұстаған науқастардың алғашқы анықталуларына қарамастан малярия зиянкестерінің нақтылығын білуде міндетті түрде қаны зерттеледі.Осындай қанды зерттеу:
-қызу жиі көтерілгенде ауырған кездегі бірінші 5 күн ішіндегі алынған анықталуларға қарамастан
-қан құйғаннан кейін 3 ай бойы қызу көтерілгенде
-соңғы 2 жылда анамнезде маляриямен ауырғандардың қандай ауру түрі болмасын қызуы көтерілгенде
-белгісіз қаназдық,көк бауыр мен бауырдың өсуі кезінде жүргізіледңі.
Науқастың жұқпалы ауру белгісі байқалғаннан жұқпалылар ауруханасына (бөліміне) ауыстырғанға дейін.оны онаша палатаға оқшаулау керек.Жұқпалы аурумен қатысты науқастарды онаша палатаға ауыстырады және аралық уақытына дейін оларға бақылау жасалынады,науқасты шығарар кезде жұқпалы аурумен қатысты болғаны туралы мекен-жайына орай СЭСхабарлайды.Босатылған палатаға схемадағы бойынша ЕПМ құралдары және күшімен соңғы дезинфекция жүргізіледі.
Емдеу бөлімдерінің асхана,буфеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп.
1.Аурухананың тамақ бөлімдерінде кәсіпорынның қоғамдық тамақтандырылуына арналған қолданыстағы санитарлы ережесінде қаралған тағамның құрылысы,дайындауы және ұстау талабы қатаң бақылану керек.
2.Тамақ бөлімдерінің көрнекті жерінде санитарлық ереже ілулі тұру керек.Бұл ереже аурухана басшылығымен аурухананың тамақ бөлімінде жұмыс істейтін әр жұмыскерге мәлімет ретінде жеткізіледі.
3.Тамақ блоктарының персоналы санитарлық минимум сынағынан өткеннен кейін ғана жұмықа жіберіледі.
5.Тамақ блоктары бөлмелерінде аурухана бөлімдеінің асхана ыдыстарын жууға қатаң тиым салынады.Асхана ыдыстарын жуу бөлімнің жуатын буфеттерінде жүргізіледі.
6.Аурухана бөлімдерінің буфет пен тамақ блоктарының жабдықтары аурухана және емхана жабдықтарының қолданыстағы табеліне сәйкес болу керек.
7.Тамақ тағамдары мен нанды орталықтандырылған түрде жеткізу мүмкіндігі болмағанда,оны тасу үшін арнайы (жабық) көлік бөлінеді,яғни кем дегенде жылына 1 рет санэпидемиялық орындарында паспорттылау жүргізіледі.Бұл көлікпен жамылғы жабдық, науқастарды, т/б тасуға тиым салынады.
8. Жартылай дайын тамақтар тасу
9. Аурухананың буфеттік бөлімдеріне дайын тамақтарды көлікпен әкелу кезінде термос,қол арба,мармитті қол арба немесе тығыз жабылғы ыдыс қолданылады.Оларды жуу және сақтау тамақ блогы жанынан арнайы бөлінген бөлмеде жүзеге асырылады.
10.Аурухана бөлігі жанындағы буфетті бөлмелер.
-буфетті ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйені барлығына қарамастан ыстық және суық су үздіксіз қызымет көрсету үщін электрқайнатқышпен жабдықталу керек
-қосылған қос секциялық жуатын ванна,ыдыстарды кептіру мен шұаюға арналған тор;
-тамақтарды жылытуға арналған электроплитка және мармитті қондырғы.
-асхана ыдыстары мен құралдарын сақтайтын және тағамдарды (нан,тұз,қант) сақтайтын шкафтар.
-тамақтарды таратуға арналған гигеналық жабуы бар стол;
-бір науқасқа арналған ыдыстар жиынтығы:бір шұнғыл,ұсақ және тәтті тағам тәрелкелері, шанышқы,асханалық және шай қасық,кружка,ал балалар бөлімінде жарақаттандыру табеліне сәйкес артығымен;
-ыдыстарды қайнататын және езетін бак;
-дезинфекциялық және жуатын құралдар;
-«буфет үшін» белгісі бар жинайтын мүліктер(шелек,шүберек,щетка,т.б.) қамтамасыздандырылу керек.
11.Дайын тамақты дайындап болғаннан кейін ,оны бөлімдерге жеткізіп таратуды қосқанда 2 сағат бөлінеді.Тамақ тарату және көлікпен әкелгенде ластанбау керек.
12.Ерекше технологиялық талаптарға емдеу тағамдарын дайындауда диеталық тағам патогенді микроорганизмдерді дамытуға қолайлы болып есептеледі.
13.Науқастарға таратқаннан қалған тамақты буфетке қалдыруға қатаң тиым салынады, сонымен тамақ қалдығын жаңа тағамдармен араластыруға болмайды.
14.Науқастарға тамақты кезекші мейірбике немесе буфетші таратады.Тамақты «тамақты тарату үшін» деген халатпен тарату керек.
15.Палаталарды немесе басқа да бөлмелерді жинайтын техникалық персонал тамақ таратуға жіберілмейді.
16.Бөлімдерге ауыр науқастардан басқа науқастар арнайы бөлінген асхана бөлмелерінде өткізіледі.Науқастардың жеке тағам өнімдері (үйден келген тағам) шкафта (құрғақ тағам) тумбада және арнайы мұздатқыш шкафта (тез бұзылатын тағам) сақталады.
17.Науқастарға берілген тағам өлшемі мен ассортименті дәрігердің рұқсатымен қабылданады.
18.Әркез тамақты таратқаннан кейін буфет пен асханаларда дезинфекциялық ерітінді пайдалана отырып мұқият тазаланады.
19.Ыдыстардың майсыз болуы қарастырылады.Ыдыстардың кірлеуін қарастыра отырып,мына ретпен жуылады;шай қасық пен кружка, тәрелкелер,содан соң асханалық құралдар.Буфетті бөлмелердің көрнекті жерінде ыдыстарды дезинфекциялау және жуудыңнұсқауы ілулі тұру қажет. Асхана ыдыстарын жуу
-қалдықтарға арналған ыдысқа тамақ қалдықтарын щетка немесе күрешкемен салады;
-45 минут деохлор 0,015%ерітіндісімен дезинфекцияланады;
-жуу құралдары қосылған 400 қыздырылған сумен жуу;
-1 секциялы ваннаға қарағанда 2 есе аз жуу құралдары қосылған 400 қыздырылған сумен жуу;
-ағып тұрған ыстық суда (400) ыдыстарды шаю;
-кептіру.
Асхана жабдықтарын ыстық суға буландырады.
20.Ыдыс және үстелдерді жууға арналған шүберектерді тазалап болғаннан кейін 0,1%деохлор ерітіндісіне 60 минутқа малып қояды, сосын кептіреді және арнайы белгіленген орында сақтайды.
21.Тазалағыш мүліктерді еден жуып болғаннан кейін,сол тазалауға қолданылатын шелекке 0,1 деохлор ертіндісін құйып қояды,одан әрі ағып тұрған суға шайып, кептіреді,мүліктің қажеттілігіне орай,қолданылуына бақылау жасалынып отырады.
22.Тамақ бөлмесі мен буфеттегі персоналдар жеке басының гигенасын ережеге сай сақтауға міндетті.Тамақ бөлімінің персоналы дәретханаға барар алдында халатын шешу керек.
Дәретханадан кейін,қолын 2 минуттай 0,1 процент «Дезоксона-1» ертіндісінде өндейді.
23.Аурухана бөлімдеріндегі тамақ бөлімдері мен буфеттегі жабдықтарға және тамақтың ұйымдастырылуына аурухананың бас дәрігері жауап береді.
24.Тамақты дайындау және тарату кезіндегі санитарлық талапты бақылауына бөлімнің буфетшілері мен аспаздар жауап береді; диета дәрігері тамақ бөлімі жұмыскерлерінің санитарлық талабына бақылау жасайды.
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі:
Бұл емдеу және сақтандыру шаралары емделушілердің күші мен саналарына тыныштық беруге арналады, келесі тәртіптен тұрады:
Бұл тәртіп келесі элементтерді құрайды:
1.емделушінің психикасын сақтанедыру тәртібін қамтамасыз дандыру;
2.ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау;
3.қозғалыс белсенділігінің тиімді тәртібін қамтамасыздандыру.
Бөлімде тыныштықты сақтау керек, ақырын сөйлеу керек,емделушілерге радио және теледидарды қатты қоюғарұқсат берілмейді,кіші медперсоналдар бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбауы керек.Емделушілерден бөлмедегі күн тәртібінің сақталуына талап ету керек.
Медперсоналдардың негізгі қағидасы медициналық этика мен денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашанда естен шығармау керек.Емделу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:
1.Қатаң төсек тәртібі-бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі керек.
2.Төсек тәртібі –біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады,бұзылуға,белгілі бір уақытта аяқты түсіріп,төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.
3.Палаталық тәртіп-төсек жанындағы орындыққа отыруға,тұруға және белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі.Емделушіні палатаның ішінде тамақтандыру,дәрет алу,жуыну шаралары жүргізіледі.
4.Жалпы тәртіп-дәліздің ішінде еркін жүруге,баспалдақпен көтерілуге, аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі.емделушілер өздеріне жеке қызымет жасайды.
Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зияны тиюі мүмкін,тіпті өлімге дейін апарады.
ДЕЗИНФЕКЦИЯ: ТҮРЛЕРІ, ӘДІСТЕРІ ҚОЛДАНАТЫН ЗАТТАР.
ДЕЗИНФЕКЦИЯ-адамды қоршаған ортада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.
Біздің мемлекетте «залалсыздандыру және дезинфекция.Медициналық белгілеу».Санитарлық Ережелер мен Нормалары 9-01-001-76 тараулық стандарт кіргізілген. Бұл стандартпен дезинфекцияның, заласыздандырудың және залалсыздандыруға дейінгі өндеудің тәсілдері, әдістері және тәртіптері белгіленген.
Дезинфекцияның түрлері
↓ ↓
Алдын алу Ошақты
(инфекцияның (инфекцияның ошағы
Ошағы болмағанда). бар болғанда).
Күнделікті. Ақырғы.
(үйде немесе емдеу (науқасты госпиталдау,
Профилактикалық аудару немесе өлімнен .
Мекемелерде кейін бір рет өткізіледі.
Бірнеше рет өткізіледі
Дезинфекция түрлері:
↓ ↓ ↓
Механикалық. Физикалық. Химиялық
Жуу, нашақорлықпен қайнату,ыстық,құрғақ химиялық заттарды
өндеу,вентиляция, ауа,жоғарғы қысымға қолдану(антисептиктер
желдету, кір жуу. Қаныққан сулы бумен және дезинфектанттар).
әсер етуі.УФ-сәулелену
т.б.
↓
Араллас-бірнеше тәсілдерді үйлестірулігін пайдалану.(мысалы: ғимараттарды сулы жинастырып, сонында УФ сәулелену).
Залалсысдандыру тәсілінің таңдауы үлкен фактордың санына, соның ішінде дезинфекциялайтын обьктінің материалдарынан жоюға жататын микроағзалардың саны және түрлерінен және науқастардың және персоналдың жұқтырушылықтың қауіп катеріне байланысты.
Қоршаған ортаның факторларымен қатынасу барысында жұқпалы зақымдануының пайда болуынын қауіп қатерінін 3 категориясы және залалсыздандырудың дәрежелері.
↓ ↓
Төмеңгі қауіп қатер. Орташа Қауіп қатер.
Сау және инконтакті Адам денесінің залалсыз
Терімен қатынасқан данған аймақтарына және
Заттар немесе науқаспен терісіне кірмейтін құрал-
Қатынаспайтын қоршаған жабдықтарының пайдала-
Ортаның жансыз заттар нуы былжыр қабықтарымен
(қабырғалар,еден,үйдің және зақымдалған терімен
төбесі,жихаз,санитарлы- қатынасқан ауру тудыратын
техникалық және канализация- таралатын микроағзалары-
ның жабдықтары).
Әдеттегі мен ластаған басқа заттар,
деконтаминацияның мысалы асқазан-ішек жолына
барабар тәсідерімен арналған эндоскоптар, қынап
тазарту және құрғату аспаптары, термометрлер,
болып табылады. Залалсыздандырудың
барабар тәсілі тазарту мен
дезинфекция.
↓
Достарыңызбен бөлісу: |