Негізгі
ұғымдар:
ортағасыр
мәдениеті,
әлеуметтік-этникалық
кӛзқарастар,эстетика,ӛнер,сәулет.ұлы дала.
Орта Азия және онымен шектес елдерде парсы және түркі тілдерінде
жазылған шығармалар ортағасыр кезеңінің тарихы бойынша негізгі
дереккӛздер болып табылады. Дешті-Қыпшақ, Жетісу, Мәуренахр, Шығыс
Түркістан және бір-бірімен тығыз байланыстағы басқа кӛршілес аймақтардың
тарихы — бұл экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларының
әсерімен туындаған маңызды әлеуметтік оқиғалардың тарихы. ТМД
мемлекеттеріндегі қолжазба қорларында XIII-XVIII ғасырлардағы Қазақстан
мен Орта Азияның басқа да мемлекеттерінің тарихы және мәдениеті туралы
ақпараттарды қамтитын парсы-түркі тілдеріндегі нарративті шығармалар
аз емес. Олардың зерттелу деңгейлері әр түрлі — бір бӛлшегі әлдеқашан
табылған және ӛте жақсы зерттелген, олар қамтыған мәліметтер ғылыми
зерттеулерде белсенді түрде қолданылды және қолдынылып та жүр; тағы бір
бӛлшегі ғылыми айналымға жаңа ғана енгізіліп жатыр; үшіншілері атаулары
бойынша ғана белгілі және оларды санаулы мамандар біледі; тӛртіншілері әлі
анықталу үстінде. Жас егеменді мемлекетте ортағасырлық түркі тіліндегі
дерекнамаларды зерттеуді дұрыс бағытқа қою қажет. Дерекнаматану
зерттеулерінің әдістемелік мәселелері жаңа тұжырымдамалық ғылыми-
теоретикалық тұрғылардан қарастырылуы керек. Нарративті дерекӛздеріне
тұтынушылық кӛзқараспен қараудан бас тарту керек, ӛйткені тұтынушылық
кӛзқарас кезінде құжаттың толық мәтіні ескерілмейді, зерттелетін мәтіннен
автор
үшін
ғана
қажет
және
қолайлы
ақпараттар
таңдалып
алынады. Зерттеушілер ұзақ уақыт бойы байырғы және түпнұсқалық
дерекнамаларда баяндалған мәліметтер мен факторларға назар аудармай келді,
олар
қосымша
дереккӛздер
ретінде
ғана
қарастырылды.
Кеңес
тарихнамасындағы ӛте кең таралған бұл үрдіс сол кезеңдерде ғылымның
дамуының идеологияландырылуына байланысты орын алған еді. Бұған
Марксистік таптық бағыт пен кӛшпелі социумның дамуын зерттеудегі
догматикалық тұжырым кӛп әсер етті. Зерттеушілердің кӛпшілігі
француздардың тарихшы-позитивистері Ш. Ланглуа мен Ш. Сеньобосаның
«құжат жоқ жерде тарих та жоқ» формуласын ұстанды [1, 8-бет].
Дерекнаматану ғылымының дамтылыуының заманауи кезеңінде номад
ӛркениетінің жазба мәдениетіне деген кӛзқарасты ӛзгерту қажеттілігі
туындады. Қазақстанның тарихына тікелей қатынасы бар ортағасырлық
дерекнамаларды зерттеу мәселесі бойынша белсенді түрде шаралар жасалуы
қажет. Жоғарғы білім беру орындарында бұл жазба ескерткіштерін жаңаша
тарихи ойлау бағыты бойынша зерттеу керек. Сонда ғана бұрыннан белгілі
33
болып келген фактілер басқаша жағынан айқындалып, бізге жаңа қырынан
кӛрінетін болады, бұрын біз байқай алмаған аспектілері анықталады, жаңа
кӛріністер мен оқиғалар қайтадан ашылады. Отырықшы және кӛшпелі
компоненттердің ӛзара әсерлерінің, жазбаша және мәдени дәстүрлердің,
ұрпақтар сабақтастығының, сонымен қатар түркілер және қыпшақ
мұраларының арақатынасының анықталуы ортағасырлық Қазақстанның
аумағындағы тарихи оқиғалар туралы түсінігімізді әлдеқайда кеңейте түсуі
мүмкін. Жоңғар жерінде, Қытай, Орталық Азия, Иран, Еділ және Қара теңіз
маңы аумақтарында әртүрлі тілдерде жазылған құжаттар құрамының алуан
түрлігі және қиындығы терең ғылыми-сын және кешенді зерттеуді талап етеді.
Осыған байланысты дереккӛздердің зерттелуі келесі қағидаттарға негізделуі
керек: — бүкіл шекаралас аймақтардағы дереккӛздерді зерттеп, салыстыру
арқылы сараптау; — дереккӛздерді ғылыми түрде саралап, дереккӛздерді типі,
түрі және түршелері бойынша бӛлу, сонымен қатар жаңа әдістемелік деңгейде
жүйелендіру; — түркі тілдеріндегі дереккӛздердің орнын және мағынасын
анықтау; — дереккӛз мәтіндерінің мазмұндарынан кӛшпелі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының спецификасын табу. Ортағасырлық
дерекнамаларды зерттеу кезінде әдістемелік негіз ретінде тарихи ӛткенді
зерттеудің этномәдени әдісінің жүйелілігі мен қағидаттары алынуы керек.
Актілік дерекнамаларды зерттеу жұмыстары жаңа теориялық-әдістемелік
тәсілдер деңгейінде және терең жүйелік-құрылымдық сараптамалар негізінде
жасалып, оқиғалар мен жайттардың ӛзара байланыстары, олардың үнемі
ӛзгерістер мен даму үстінде болатыны ескерілуі тиіс. Зерттеулердің дерекнама
қорлары айтарлықтай кеңейтіліп, жаңа дереккӛздер қамтылып және олар
жүйеленіп, сараланып, сарапталуы керек. Қазақстан Республикасы Білім және
Ғылым министрлігінің Шығыстану институты тарапынан «ХІІІ-ХІХ ғғ.
Қазақстан және Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің тарихы мен
мәдениеті, олардың ӛзара қатынасы туралы араб-парсы-түркі тілдеріндегі,
қытайша дерекнамалар» атты үлкен тақырып дайындалуда. Болашақта бұл
материалдардан «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы шығыстану
ескерткіштерінің жинағын» қалыптастыру жоспарлануда. Республиканың
түркітанушылары мен шығыстанушылары ортағасырлық дерекнамалардың
нашер
зерттелуін
ең алдымен
класификациялау
мәселелерімен
байланыстырады. Теориялық дерекнама бойынша Қазақстан мен Орталық Азия
халықтарының тарихы туралы түркі және парсы дерекнамаларын аумақтық
белгілері бойынша классификациялау аса кең таралған. Дерекнамалар
тарихнаманың тимуридтік, шайбанидтік, шағатай, сефевидтік және османдық
топтарына бӛлінген [2, с. 14]. Кӛріп отырғанымыздай, дерекнаматану туралы
орасан
зор
материалдарды
классификациялау
кезінде
ең алдымен,
дереккӛздерінің тек қана географиясы мен жазылған жері ескеріледі. Бұл жерде
ортағасырлық мемлекеттердің шекараларының бүгінгі таңдағы мемлекеттердің
аумақтарына сәйкес келмейтінін ескеру қажет, бұл жағдай дерекнамалардың
ғылыми зерттелуін қиындатып отыр. Сонымен қатар дерекнамаларды
лингвистикалық, яғни олар жататын тілдің белгісі бойынша классификациялау
34
бар, бірақ бұл да олардың болашақта жан-жақты зерттелуіне кӛмектеспейді. Біз
дерекнамалардың кешенді түрде классификациялануын, олардың жоғарыда
аталған бірнеше факторлар бойынша жүйелендірілуін ұсынғымыз келеді.
Осылайша, ортағасырлық түркі тілдеріндегі дерекнамаларды зерттеу кезінде
тӛменде берілген факторларды ескеру қажет: А) Хронологиялық фактор.
Бірінші факторы бойынша, барлық ортағасырлық дереккӛздерді V-X ғғ.
кезеңінде жазылған ежелгі түркі ескерткіштері, XI-XVI ғғ. аралығында
жазылған ескі түркі ескерткіштері, XVII-XVIII ғғ. жазылған жаңа түркі
ескерткіштері деп бӛлуге болады . Б) Географиялық фактор (жазылған аймағы,
жататын аумағы). Бұл факторға сәйкес, жазба дереккӛздері келесі топтарға
бӛлінеді: 1) Шығыс Түркістан құжаттарының басым бӛлігі Баласағұн және
Қашғар қалаларында жазылған ; 2) Батыс Түркістанның құжаттары шартты
түрде үш топ бӛлігіне бӛлінеді: а) Сырдария бойындағы Сайрам, Сығанақ,
Отырар және Сауран қалаларында жазылған деректер; ә) Самарқанд, Яссы,
Сайрам, Игунек және т.б. Ірі мәдени-сауда орталықтарда пайда болған
дереккӛздері; б) Үргеніш, Бұхара және Ферғана қалаларында пайда болған
хорезмдік деректер бӛлек түрде ерекшеленеді. 3) Алтын Орданың жазба
ескерткіштері негізінен Сарай-Бату, Сарай-Берке қалалары мен Ақ Орда және
Кӛк Орда секілді ірі ортағасырлық үлкен қалаларда шығарылды; 4) Мысыр
мен Парсыда, әсіресе, Бағдад пен Каир қалаларында құрылған деректер бӛлек
бір топты құрайды; 5) Қырым деректерінің басым бӛлігі Судақ, Солхат, Кафа
және Тана қалаларында жазылды; 6) Батыс Украинаның жазба дереккӛздері
Галиция, Поодолье, Львов, Каменце қаласында құрылды. В) Этногенетикалық
фактор. Этногенетикалық белгілері бойынша тӛмендегілер ерекшеленеді: 1)
Қараханид мемлекетінің түркі халықтарының тілдерінде қарлұқ, шығыл және
ягма тайпаларының ӛкілдері тарапынан жазылған ескерткіштер; 2) оғыз және
қыпшақ тайпаларының ӛкілдері жазған түркі тіліндегі орта азиялық
дереккӛздер; 3) Армян колониясы болып табылған Каменец-Подольскіде
қыпшақ және түркі тілдерінде жазылған алтынордалық деректер; 4) жалпы
атауы — шағатай тілі болып табылатын XV-XVI ғғ. Орта Азияның кӛшпелі
халықтарының тілдерінде жазылған дереккӛздер.
Түрік
тайпалары
егіншілікпен
айналысты.
Кӛшпелілердің
отырықшылыққа кӛшуінің себептері: мал санының азаюы, малдың және
жайылымдардың, су кӛздерінің ақсүйектер қолдарында топтасуы. Егішілік
негізінен Сырдария, Шу , Талас, Іле ӛзендерінің аңғарларыда айналысты.
Жетісу ӛңірінде бидай, тары, жүзім ӛсірілді. Түрік тайпаларында қолӛнер
дамыған: қыш ӛндірісі, ұсталық, зергерлік, тоқымашылық. Шыны жасау, сүйек
ӛңдеу. Металлургияның дамуы түрік қағандарына әскерін қарумен
жабдықтауына мүмкіндік берді. Әуелгі ортағасырлық қағанаттар Византия,
Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Шығыс Түркістан, Сібірмен сауда
байланыстарын жасады. Тараз, Отырар, Сығанақ маңызы зор болды. Сауда қала
дамуындағы факторлардың бірі.
Сауда түрлері:мемлекетаралық, қала мен оның тӛңірегі арасындағы, қала
мен дала арасындағы сауда. 6-8 ғ. Теңгелерді белді тайпалардың атақты
35
адамдары шығартып, оған ӛз таңбаларын бастырған. Ағылшын түркологы
Клоусонның болжамы бойынша алғашқы түркеш теңгелері Ақбешімде
соғылды. Кейін Исфиджаб, Отырар, Будукент, Таразда теңге сарайлары
салынған. 9-10 ғ. Қазақстан жерінде Саманилер әулетінің күміс дирхемдерді,
алтын динарлары, мыс теңгелері айналымда болды. Алтын динарлар
халықаралық валюта ретінде қолданылды. 12-13 ғ. Күміс дағдарысында
дирхемдерді мыстан құйып, сыртына күміс жалатты. Тараз қаласы саудагерлер
қаласы, Суяб әр елдің саудагерлері кездесетін, ал халқының жартысы саудамен
айналысатын қала атанды.
Шежіреде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға «қажетті
адамдардың, аттардың, салық пен малдың санын» есептеу мақсатында ойықтар
(белгілер) салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен
жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры
сарайына келген түрік елшісі соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен»
жазылған хатты әкелген. Онда соғды тілінде жазылған жазу бар.Руна әрпі пайда
болғанға дейін түріктер соғды әліппесін кеңінен қолданған, ол Түрік
қағанатының бірінші ресми жазуы болды. Жаңа жазба – кӛне түрік әліппесі –
түріктердің арасында VII ғ бірніші жартысында пайда болған. Әліппе
алғашқыда бір – бірінен бӛлек жазылатын геометриялық белгілерден құрылып,
37 немесе 38 әріптен тұрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пен
тасқа жазуға (жырып не ойып жазуға) қолайлылығымен ерекшеленеді. Кӛне
түркі мәдениетінің ең таңғаларлығы жазудың пайда болуы мен жазба
әдебиетінің байлығы дер едік. Білге – қаған мен Күлтегіннің және басқа түрік
елінің кӛрнекті қайраткерлерінің құрметіне арналған руна мәтіндері ең құнды
әдеби шығармалар ретінде және сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек
ретінде жоғары бағаланады. Б з I мыңжылдығының ортасында Қазақстан
тайпалары түркі тілінде сӛйледі. Олар үш топқа бӛлінді: Бұлғар- хазар. Батыс-
түрік (оғыз). Қарлұқ. VIII-X ғ. Батыс- түрік тілдер тармағынан Қимақ-қыпшақ
тілдер тобы бӛлінді. Оңт. Қазақстан халқы монғол-қидан, соғды, сирия, араб
тілдерінде сӛйлеген. Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр
Протектор қалдырды (VI ғ. II жартысы). Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері
– Солт. Монғолиядан, Орхон, Толы, Селенга ӛзендерінің бойынын табылған
тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін, Тоныкӛк құрметіне
жазылған. Кӛне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғ. 20 –жылдарында Енесей
аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф. Страленбрг ашқан. Жазу скандинавиялық
руна жазуынп ұқсас болғандықтанируна жазуы деп аталады. 1889 жыл- Н.М.
Ядринцев Солт. Монғолияда, рхон ӛзені аңғарынан руна жазуы бар тас тапты.
1893 жылы 15 желтоқсан – дат ғалымы В. Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды.
Руналық жазулар сипаты: Маңызды зор тарихи құжаттар.Әдеби кӛркем
шығарма. Шешендік ӛнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін
сақтаған саяси проза. Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан
табылды. VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден
басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.
36
VIII-XII ғасырлардағы ғылым және мәдениет. Әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұни, Махмуд Қашғари, Ахмед Яссауи.6-8 ғ. Түркі тілдес тайпалары
арасында ерте дәуірден басталған ауысша шығармашылық дәстүрі дамыды. 8-
10 ғ Сырдария алқабында қыпшақ оғыз арасында Қорқыт ата эпосы тарады.
Қорқыт ата қазіргі Қызылорда Қармақшы ауд. Туған атақты жырау. Қорқыт ата
кітабы алғаш зерттеуші неміс Диц Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққан және
оның кӛп халықтардың әулие түтатынын айтады. Оғыз нама эпосы ел арасында
кең таралып 13 ғ. Рашид ад дин , 18 ғ. Әбілқазы кӛшірген. Онда Оғыз ӛмірі
баяндалады. 7 ғ жазба әдебиеті шыққан. 9-12 ғ ислам дінінң таралуына
байланысты әдеби және ғылыми шы,армалар араб тілінде жазылды.
Әбунасыр Әл-Фараби Қазақ жерінде түып ӛскен ұлы ойшыл, әмбебап-
ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі)
ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб
(Отырар) қаласында туған. Ол ӛзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін
Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп
үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны,
музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін
ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін
байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының
біріне айналады.Әл-Фараби ӛзінің кӛзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға,
ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай
ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, ӛзінің
түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап кӛрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы
Дамаскіде қайтыс болды.Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-
ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол
эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал
ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.Әл-Фарабидің әлеуметтік-
этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының кӛзқарастары туралы кітап»
утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін
зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын
сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты ӛмір
құратынына үміт артты.
Махмұд Қашқари ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд
Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды
М.Қашқари ӛміріндегі жинақтаған байқауларын ӛзінің басты еңбегі «Диуани
лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сӛздігі (1072-1083)») деген кітабында
қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық ӛмірінің
нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сӛздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы
түріктер ӛмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі ӛзгерістер, нақты тұрмыс-
тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар
мен тайпаларға бӛлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен
лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, ӛсімдіктер мен дақылдар,
халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат
кӛзі.
37
Жүсіп Баласағұн .Жүсіп Баласағұн ӛзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн
қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге
келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт
негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан)
тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай
этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның
нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының
ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы ӛзара қарым-қатынас
ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық
шығарма. Дастан кіріспесінде атап кӛрсетілгендей, ол «түрік сӛздерімен
бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар
кӛп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді
автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің кӛркемдігі жағынан
дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар
заманындағы гүлденген мәдениеттің куәгері.
Қожа Ахмет Яссауи. Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа
нұсқаларда Қожа Ахмет Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш,
әулие сопы ілімін насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал
тұлға..Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында Испиджаб (қазіргі Сайрам)
қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмедтің ұлы Ибраһим пірдің семьясында
туған. Бала ӛте қабілетті боп ӛскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті түрік
хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа
нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба). Арыстан-Бабаның кеңесімен
Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда ол шейх
Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің, жетілудің,
сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы -
тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи
Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда ӛз уақытының танымал
сопыларымен кездесіп, ӛзінің рухани ӛмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол
сопылық діни ағымның дінбасына айналады. Түріктік тайпалар мәдениетін
дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша, оның "Диуани Хикмет" ӛлеңдер
кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі жазу дәстүріне қарамастан түрік
тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі). "Диуани Хикмет" араб тілінен
"ӛсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII ғасырдан жеткен ортағасырлық
осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып
табылады. Осы кезге дейін иассауи еңбектері ӛлең түрінде болды, 1990 жылы
ҰК қолжазбалар қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды.
Бұл – "Рисала" (трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" –
поэтикалық шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ).
Қазақстандағы түрік кезеңіндегі ислам Қақстанның тарихы мен мәдениеті
жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық Азия аймағына
мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб
миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам
жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың жанындағы Атлах
38
қаласында араб армиясы қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді
тастап қашқан. Осы жеңістен кейін бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен
мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында
исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші
оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария
ӛңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған
Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра хан Харун Мұса 960
жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы басқа да
діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы
кӛптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты,
буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына
кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық арасында исламның
таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты. Ислам мәдениеттің
дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс
елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт
ӛкілдерінің қарым-қатынасы білім мен ӛнер саласының ӛркендеп,
мұсылмандықтың Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы
араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |