ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет11/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
Әдебиеттер
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.  
2. Әбжанов Т.Ы. Қазақ рухының философиясы. — Қарағанды: ҚарМУ 
баспасы,
3. Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында», Алматы «Атамұра». 1999ж. 
4. Жақып Б. «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы».2010 ж. 
5. Адырбек Н. «Ұстаным-ұлттық сана».Алматы 2013ж. 
6. Абдыкалыков А. «Жаңғырудың негізі-білім мен ғылымда».Игілік 
2018ж. 
7. Адырбек Н. «Ұстаным- ұлттық мүдде».Қазығұрт 2013ж
8. Анықбай Е . «Қазақ үнін әлемге дабылдатқан». Айқын 2015ж.  
 
Тапсырмалар: 
Тапсырма 1 
Тӛменде келтірілген кестені толтырыңыз 
Ұлы даланың номад мәдениеті 
 
Сипаты мен ерекшелігі 
Тапсырма2 


26 
«Ұлы даланың номад мәдениеті»атты тақырыпқа баяндама жазыңыз. 
Тапсырма 3 
Келтірілген ұғымдарға анықтама беріңіздер: номад мәдениеті,ұлы дала, 
ұлттық мәдениет,қазақ мәдениеті. 
 
Шығармашылық тапсырма 
«Қазақ халқының технологиялық жетістіктері » атты тақырыпты негізге 
алып ,презентация жасаңыздар. 
 
Талқылау сұрақтары 
1. Номад мәдениетінің ерекшелігі неде? 
2. Ұлы дала ӛркениетінің тарихтағы рӛлі мен қалдырған ізі қандай? 
3. Қазақ мәдениетінің ерекшелігі неде? 
4. Ұлы қазақ билерінің тарихтағы рӛлі қандай? 
5. Қазақ халқының технологиялық жетістіктері адамзаттың мәдениетіне 
қосқан үлесі қандай? 
 
 
1.6 Арғытүркілердің мәдени мұрасы 
 
Сабақтың мақсаты: Қазақ мәдениетінің негізі арғытүркілердің және 
түркілердің мәдени мұрасымен танысу. 
Негізгі ұғымдар: номад мәдениеті,ұлы дала, ұлттық мәдениет,қазақ 
мәдениеті. 
Дала ӛркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың 
материалдык және рухани құндылықтарының даму сатысы; этномәдени 
жүйесінің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. 
Еуропаға табынушы кейбір ойшылдар ӛздігінше жетілген мәдени-тарихи 
аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 ӛркениет 
ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы 
жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте 
кӛшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың ӛткеніне 
астамшылықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде 
кӛрсетуге тырысты. Соған қарамастан, ӛркендеп-ӛрбу негізі, географиялық- 
табиғи аясы әлі далалық түрпат саналатын кӛшпелі шығыс жүртының ӛзіндік 
ӛркениеті хақында дәйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс 
археологы, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде 
далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір ӛркениеті" деп атаған. Оның 
мәдениеті бұрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. 
Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "кӛшпелілер ӛркениеті" 
атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның ӛрлеу дәуірінде, б.з.б. 
9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс 


27 
елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан ӛткергенін 
дәлелдеді. Соның нәтижесінде Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше 
құбылыс ғылымға " Дала ӛркениеті " деген атпен ене бастады. 
Оның ӛлемдік ӛркениетке қоскан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру 
"Әлемдік тарихқа кӛзқарас" атты еңбегінде әділ бага беріп, "Атлас картаны 
ашсаң, алып Азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны 
кӛресің. Ол ӛз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал 
тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның 
үстемдік құрғанына кӛзің жетеді... 
Еуропаны жермен-жексен еткен де, ӛркениетке жеткізген де солар. 
Азияның ӛңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия 
мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзак уақыт Азияның 
отары болды. 
Еуропаның ұлылығын мойындамау ӛбестік болар еді. Сол сияқты 
Азияның ұлылығын ұмыту да — қателік. Азия адамзаттың ұлы рухани 
кӛсемдерін бергенін ешқашан естен шығармау керек. Оның ұлы ойшылдарын 
айтпағанның ӛзінде, әлемдегі ең басты екі діннің негізін қалаушылар — Ғайса 
мен Мұхаммед пайғамбарларды берген Азия ғой" дейді. Ендеше, Азия мен 
Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ тӛсінде эволюция 
жолмен калыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай 
кӛшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының 
этнотарихи жүйесін Дала ӛркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат 
құбылмалылығына жаппай, әрі тікелей тәуелді күйдегі кӛшпелі мал 
шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени 
икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамалмай, керісінше
солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарымен ӛзіндік ерекшелікке толы 
әлеуметтену процесі мен нәсілдік-генетикалық бірігуіне жол ашты. Жабайы 
жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап 
табуы кӛшпелілерді ӛркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. 
Металл ӛндеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, 
"жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері 
орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың 
жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты. 
Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-
кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығы 
шығыстан батысқа қарай кӛсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен 
бастап ӛзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген кӛшпелі империялар 
құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі процестерін ӛткерді. Әсіресе, 
мындаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық комбинациялардың, 
геосаяси жӛне әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған кеңістіктің 
батысы мен шығысын тұтасстырған Тұран жазығының тұрғындары — ежелгі 
қазақтардың ӛте ерте кезеңдерден кӛшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал 
бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені кӛне қытай жазбаларында 
мазмұндалған. 


28 
Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған 
кӛшпелі империялар шектес елдер мен халықтардың этникалық шығу тегіне, 
алуан текті мәдени кешендеріне орасан ықпалын тигізді. Тұракты дипломат, 
және сауда-саттық карым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр 
текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтастырып, тек 
материалдык айырбастың ғана емес, сондай-ақ, санадағы ізгілікті идеялардың, 
ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мәдени құндылыктардың бастапқы 
негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. 
Кӛшпенділер ӛркениеті шын мӛнінде, уақыт пен кеңістік ӛрісінде 
географиялық-ландшафттық бӛгесіндерге (ӛткелсіз су айдындарына, ну 
жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып, томаға-тұйық күй 
кешкен кұбылыс емес, динамикалық, футуристік мән-мазмұны қанық жүйе 
ретінде ерекшеленді. 
Трансқұрлыктық байланыстар желісі, сондай-ақ әрісі Африка, берісі 
Еуропа құрлықтарының саяси-этникалық картасына дүркін-дүркін ӛзгерістер 
енгізген жеңімпаз жорықтары арқылы кӛшпелілер ӛзге халықтарды рухани 
байытып, жалпақ әлем, жарык дүниенің кеңдігі мен сан алуандылығын 
кӛрсетті; экономикалық дамудың, әлеуметтік, ұйымдасудың әр қилы сатысында 
тұрған, рухани, ділдік, нәсілдік, этномәдени, т.б. сипаттары сәйкес келе 
бермейтін, 
бір-бірінен 
оқшау 
орналасқан 
аймақтардағы 
адамзат 
қоғамдастығының арасына дәнекер болды. 
Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала ӛркениетінің 
бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да қазіргі күні бай тарихи 
құндылықтарға ие болып отыр. 
Кез келген ұлттың ӛркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі 
аясында ӛрбиді. Егемен ел, тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық 
құндылықтарға қол жеткізіп, біртұтасс мәдени жүйе қалыптастыру үшін ӛткен 
жолды, шыққан биікті бағалау керек. 
2.Кӛшпенділер мәдениеті мен ӛнері ӛзінің жаулары мен жақтастарын 
таңдандырып, құндылығымен жарты әлемге әйгілі болды. Сақ-скифтер 
қолынан туындаған ӛнердің ықпалы ежелгі шығысқа да, батысқа да үлкен әсер 
етті. Әсіресе ―аң бейнелі‖ әдіспен әсемделіп соғылған нәзік те нақышты 
дүниелері басқа елдердің құрметіне бӛленді. Ертедегі эллиндік және қытай 
шеберлері кӛшпенділер ӛнеріне тәнті болып, оны ӛз бойларына сіңіруге 
тырысты. 
Кӛшпенділер ӛнерінде алтыннан түйін түю, қола құйма әдістері ең 
жоғарғы жетістікке жетті. Соның бірі Есік қорғанынан табылған ―Алтын адам‖ 
мәйіті. Оның сауыты тӛрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құрылған 
қапсағай сауыт, қанатты тұлпар (пырақ) мен архар бейнесі қондырылып, алтын 
жебелермен кӛмкерілген шошақ бӛрік және басқа да әшекейлермен 
безерленген. 
Кӛшпенділер ӛнерінің шуағы бір шеті Қытайға, екінші шеті ертедегі 
Иберияға (Испания) дейін жетті. 


29 
Кӛшпелілердің дәстүрлі әскери ӛнері – сақ, ғұн, түркі, түркі-моңғол, 
қазақ, т.б. халықтардың ежелден келе жатқан әскери тәсілдерінің жиынтығы. 
Кӛшпелілер қоғамындағы мифтік түсінік бойынша, хан әлем кіндігі саналып, 
оған бағынған ру-тайпалар оң қанат пен сол қанатқа бӛлінген. Әскери бӛлікте – 
жауынгерлер, батырлар, сардарлар, басқару қызметінде – абыздар, білімпаздар, 
шаруашылық бӛлігінде – малшылар, қолӛнершілер, саудагерлер қызмет 
атқарды. Ӛмірі ат үстінде ӛтетіндіктен кӛшпелілердің басты күші – атты әскер. 
Бірақ жауынгерлер ат үстінде ғана емес, жаяу соғысу әдістеріне де 
машықтандырылған. Жорыққа шыққан кезде ұрысты алдын ала болжайтын 
кӛріпкелдер, жауырыншылар, құмалақшылар ұстаған. Шеру кезінде әскердің 
жауынгерлік рухын кӛтеру үшін керней, сырнай, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл 
ойнайтын музыканттар тобы да болған. 
Кӛшпелілердің садақ ату шеберлігі отырықшы халықтарды қатты 
таңдандырған. Гректер, парсылар ӛз балаларын садақ атуға үйрету үшін 
сақтарға жіберіп отырған. Қытай тарихшылары: ―Ғұндардың ойынға жараған 
баласы садақпен ұсақ аң, құс атып жаттығады‖, – деп жазады. Араб 
тарихшылары: ―Түркілер садақты атпен шауып келе жатып алға да, артқа да, 
оңға да, солға да, жоғары да, тӛмен де ата береді. Араб-харидтер бір оқты 
садағына салғанша, олар он оқты атып үлгереді. Түркінің 4 кӛзі бар – екеуі 
алдында, екеуі артында‖, – деген мағлұмат береді. 
Найза қолданудың да кӛптеген түрлері, тәсілдері бар. ―Шаншу‖ – 
жоғарыдан тӛмен найза салу, ―түйреу‖ – найзаны алға қарай сұғу, ―Найза тіреу‖ 
– қолды қозғалтпай аттың күшін пайдалану. Еуропа рыцарлары ӛз 
турнирлерінде, қазақ батырлары жекпе-жекте мұндай тәсілдерді жиі қолданған. 
Ал жалпылама шайқастарда Олжабай батыр, Наурызбай батыр (Кенесарының 
інісі), т.б. қарсыласының денесіне найза тигізбей, киімінен іліп алып аттан 
түсіру тәсілін жиі қолданған.Қылыш, семсер қолданудың ―бауырын жаза 
шабу‖, ―қиялай тарту‖, т.б. түрлері бар. Салмағы ауыр шоқпар, гүрзілермен 
айқасу үлкен күш, әдіс-айла керек еткен. Ауыр болғандықтан шоқпарды кӛбіне 
айналдырып, үйіріп ұрған. Ӛйткені, шоқпарды жоғарыдан тӛмен сілтегеннен 
кейін, қайта кӛтеру қиын болатын. Айбалта 18 ғасырдан бастап қолданыстан 
шықты. Кӛшпелілердің дәстүрлі әскери ӛнері ӛте күрделі ӛнер. Оны дамытуға 
кӛшпелі халықтардың бәрі де үлес қосты. 
Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің ӛзекті қағидалары арқау 
болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен 
тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Кӛне түркілер 
жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер ӛтсе де, түркілердің негізгі 
сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Тек ислам діні ғана, уақыт ӛте келе 
кӛне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени 
ұстанымына айналды. 
Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар кӛзі – табиғат. Бұл, 
табиғатпен біте қайнасып бірге ӛскен, соның ӛзгерісін, құбылысын жіті 
бақылайтын кӛшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін 


30 
білдіреді. Кӛптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте 
қайнасудан туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. 
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен 
шаманизм айрықша орын алады. 
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең 
таралды. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-
әлеуметтік ӛмірінде ӛте маңызды рӛл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам 
мен әлеумет ӛміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса 
керек. Бақсылар ӛз ойыны арқылы ұжымда қордаланып қалған жағымсыз 
психикалық қуатты бейтараптандырып, әлеумет ӛмірін үйлестіріп отырған. 
Қазақ 
философиясының 
және 
дүниетанымының 
қалыптасуына 
түріктердің мифологиялық ертегілері, хайуанаттар жайындағы ертегілерінің де 
үлкен әсері болды. Қазақ аңыздарында кӛшпелі елдің тӛл ерекшелігі, белгілері 
бірден байқалады. Себебі олар тұрмыс-салтымыздың, болмысымыздың 
негізінде туған аңыздар. Осындай дала аңыздары ішінде халық арасында 
Қорқыт, Асан қайғы туралы толып жатқан аңыздар бар. 
Бүкіл әлем халықтарының ӛнерінде, әсіресе сәулет саласында тайға таңба 
басқандай кӛшпенділер ықпалының табы, стилі байқалады. 
Орта ғасырларда қазақ мәдениетінің орталығы болған кӛптеген қалалар 
салынған. 
Отырар – Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. 
Отырар кезінде Фараб деген атпен де белгілі болған. 
1248 жылы қалада алғаш рет Отырар белгісімен ақша соғылды. 
Ұлы ғұлама, данышпан бабамыз Әбу-Нәсір әл Фарабидің туған қаласы 
кӛптеген ғасырлар бойы батыс пен шығысты байланыстырып тұрған күретамыр 
орталығы болған. Отырарда сонымен қоса ғажайып үлкен қыш ыдыстар – 
хумдар кӛптеп кездеседі. 
Қазақ халқының кӛне тарихының кӛзіндей ӛмір сүрген қаланың бірі-
ежелгі Тараз. Қала жазба деректерде сонау Ү ғасырдан белгілі. 
Тараздың керамикалық ыдыстарының басқа қалалардан табылған 
табақтардың ӛзіндік ерекшеліктері бар. Мұндағы ыдыстарда символикалық 
белгі - ӛрнектермен қоса, жан-жануар бейнесі жиі кездеседі. 
Х-ХІІ ғасырларда қала маңында салынған ескерткіштер Тараз 
мәдениетінің, сәулет ӛнерінің шарықтаған кезеңі екенін дәлелдейді Айша-бибі 
кесенесі ХІІ ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет маржаны, қазақтың Тәж-
Махалы. Ӛзінің сәулеттік сымбатымен, ӛрнекті керегелерінің айшықтығымен 
бүкіл Орта Азия мен Қазақстанда теңдесі жоқ құрылыс. 
Орта Азия мен Қазақстанда кездесетін тамаша сәулет кешендері 
баршылық. Олар Шир-Дор ансамблі, Қожа Ахмет Иассауи ғимараты және тағы 
басқалары. 
Орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының бірі – Түркістан. Оның 
бұрынғы ежелгі аты Шабғар. ХІІ ғасырда Түркістанда Орта Азия мен 
Қазақстанда мұсылман дінін уағыздаушы, Мұхамбет Пайғамбардан кейінгі 
екінші адам атанған Қожа Ахмет Иассауиге кесене орнатылады. Оның 


31 
данышпандық қағида ӛлеңдері халық арасында ―Диуани хикмет‖ (Даналық 
кітабы) атты еңбегі арқылы кеңінен тараған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет