98
оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір
бүтін ерекше құбылыс ретінде кӛрінеді. П.Сорокиннің
пікірінше, осындай
негізгі топтардың үш түрі болады. Олар:
сезімдік, ақыл-парасаттылық
(рациональный),
идеалистік.Сорокиннің
пайымдауынша,
революция
«бұқараның ӛмірінің материалдық және рухани жағдайларын жақсартудағы ең
нашар жолы», ӛйткені «ол неге қолы жетсе де оған жеткізетін тым үлкен,
шамасы келмейтін ұлы құн тӛленеді». Барлық іргелі және нағыз ӛрлеу
үдерістері білімнің,
бейбітшіліктің, ынтымақтастықтың,
бірігіп еңбек етуі мен
махаббаттың нәтижесі, бірақ ұлы революцияға ілесіп жүретін жек кӛрушіліктің,
мейірімсіздіктің, есалаңдық күрестің нәтижесі бола алмайды. Сорокин
арамтамақ, парақор, әрі дарынсыз дамудың тұсауына айналған ақсүйектер
тобын жақтамайтынын айқын кӛрсетеді. Бірақ
революция орасан зор дерт,
болжап айтуға келмейтін құбылыс болғандықтан мен оған қарсымын,
- деп
түйіндейді
Сорокин
ӛзінің
атақты
«Революция
социологиясында».
П.Сорокиннің
дүниетанымдық
кӛзқарастары
жалпы
адамзаттық
құндылықтарды дәріптеуі біздің қазіргі қоғамның дамуындағы маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: