ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет64/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Негізгі түсініктер:мәдениет, құңдылық, салт, әдеттер,нормалар, заңдар, 
мәдени ену, субмәдениет, бұқаралық мәдениет, халық мәдениеті, 
контрмәдениет. 
Мәдениет әлеуметтануы жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы. 
Оған әлеуметтанудың тұтас ғылым ретіндегі ортақ, жалпы заңдылықтары тән 
және оның ӛзіндік ішкі заңдылықтары, ӛзіндік ұғымдар жүйесі бар. Оларды 
түсіну үшін қоғамдық құбылыс ретіндегі мәдениеттің мәнін түсіну қажет. 
Балалық шақтан бастап, тілді меңгергеннен кейін, біз адамзаттың мәңгілік 
кұндылықтар дүниесіне шығамыз, бізді қоршаған қайсыбір заттардың қолданыс 
аясын білеміз, оларды қолдануды үйренеміз, біз мектепте ең алғашқы, жер 
үстінде жатқан мәдениетті меңгереміз, бұл дүниенің есігін ашамыз. Адам 
дамуы оның бүкіл ӛмірі бойы іске асатын, ӛшпейтін мәдениет 
кұндылықтарының шексіз әлеміне ену. Кейде мәдениетті тек «адамзат 
жинақтаған құндылықтардың жиынтығы» ретінде қарастырады, оны кӛркем 
мәдениет кұндылықтарымен шектеу де кездеседі. Мәдениетті мұндай тұрғыдан 
қарастыру ӛте тар шеңберге соқтырады, сондықтан да ол қате. Адам кез келген 
практикалық кызмет процесі барысында дүниені ӛзгертеді, ӛл реалды ӛзгерту 
ғана емес, сонымен қатар идеалды, яғни ӛз санасында ӛзгертеді. Дүниені 
ӛзгерту 
арқылы 
әзінің 
қабілеттерін 
жетілдіреді, 
қажеттіліктерін 
қанағаттандырады, білімін кӛтереді, дүниетанымын кенейтеді, әлеуметтік 
сезімін жетілдіреді, бір сӛзбен айтқанда, әзінің әлеуметтік күштерін жетілдіру 
арқылы адамның ӛзі де ӛзгереді. 
Жалпы айтқанда, мәдениет «адамзат тарихының кесіндісі», ол тарихи 
даму барысындағы адамдағы ӛзгерісті кӛрсетеді. Мәдениет оның 
әлеуметтенуінің құралы болып табылады, яғни оның қоғамдық тұтастықпен 
қарым-қатынасын, қоғам мүшесі болып қалыптасуын білдіреді. Бірақ осы 
әлеуметтенудің ӛзі мәдениетті меңгеру барысында тұлғаның индивидуалдығы 
ретінде жүзеге асады, оның ӛзгеге ұқсамайтын «менің» игеру ретінде кӛрінеді. 
Әлеуметтендіру мен индивидуалдандыру — мәдениетті меңгеру процесінің екі 
жағы. 
Мәдениеттің орнықты түсіндірмесі ағартушылық дәуірге сай келеді. Осы 
кезде мәдениет табиғатқа қарама-қарсы ұғымда түсіндірілді. Бұл екі түрлі 
сипатта кӛрінді: табиғат — жетілдіруден алыс тұрған, бастапқы қалып, ал 
мәдениет — осы кемелденуге жетудің жолы, құралы немесе, керісінше, табиғат 
— үйлесімдіктің идеалы, ал мәдениет — қолдан жасалған бір түзілім 
болғандықтан бұзушылықты, әр түрлі кемістікті, т.б. ӛзіне жинақтаған. Осымен 
байланысты Руссо мен Вольтер арасында талас туғаны мәлім. Руссо мәдениет 
адамды бұзады, адамның жетілуі тек табиғаттан беріледі, ал одан әрі 
мәдениеттің араласуы жетілуді баяулатады, адамды езеді, бұрмалайды, 


137 
қатынастарды әлсіретеді, ең бастысы, оларға екі жүзділік енгізеді дейді. 
Вольтер, керісінше, адамзат тарихының жабайы күйден басталатынын, адамды 
адам еткен тек мәдениет екенін дәлелдеп бакты. Мәдениетке деген бұл екі 
кӛзқарас қоғамның әлеуметтану нұсқасын жасауда белгілі дәрежеде ықпал етті. 
Руссоның пайымдауынша, бұл тек адам коғамы. Оның негізіне коғам 
мүшелерінің ең тӛменгі қажеттіліктері алынған. Вольтердің коғамында 
байлықты, материалды және рухани игіліктерді дәріптеу орын алды, ал коғам 
мүшелеріне күштеу кӛрсетілмейді, бірақ олардың жағдайы индивидуалдық 
қабілеті мен талантына байланысты болады. XVIII ғасырдың соңына қарай 
мәдениеттің келеңсіз жақтарына баса кӛңіл аудару тоқтады, ал мәдениеттің әзі 
құрал ретінде түсіндірілді, соның кӛмегімен адам биіктейді, ӛзінің табиғи 
шектеулігін жояды. Германия мен Ресейде ХУІІІ-ХІХ ғасырлар қарсаңында 
жоғарыда айтылған пікірлерге қарама-қарсы мәдениет және ӛркениет идеясы 
пайда болды. Рухани, моральдық және эстетикалық құндылықтарды 
шоғырландырушы ретіндегі мәдениетке адам үшін утилитарлық, сыртқы және 
екіншілік ретіндегі ӛркениет қарама-қарсы тұрды. Ӛйткені ол ең алдымен 
Материалдық - технологиялық прогресспен байланыстырылды, ал мәдениет 
болса кӛбіне стихиялы болып келеді. Сондықтан бұған прогресс категориясын 
қолдануға болмайтын еді, ол езінің негізінде жоғары азаматтық құндылықтары 
бар рухани процеспен байланысқанды. 
XX ғасырда мәдениет кӛркем - шығармашылық процесс ретінде 
түсінілумен катар, коғамда орын алып отырған әдет-ғұрып, құндылықтар
кӛзқарастар, яғни адамның ӛзін-ӛзі әлеуметтік тұрғыда түсінуінің бүкіл саласы 
ретінде танылды. Осыдан адамзаттың әмір сүруінің сыртқы жағдайын 
жетілдіруге және адамның ӛзінің ішкі табиғатына деген қызығушылық артты. 
Мәдениет ұғымының мазмұнын анықтай келе казіргі зерттеушілер, әдеттегідей, 
оны қоғамда әлеуметтік бағдар функциясын атқаратын нормалар, кұндылықтар, 
идеалдар жиынтығымен теңестіреді. Бұл материалдық жӛне рухани еңбек 
нәтижелерінде, 
әлеуметтік 
нормалар 
мен 
институттардың, 
рухани 
құндылықтардың жиынтығында кӛрінетін адамзат тіршілігін ұйымдастыру мен 
дамытудың ерекше әдісі. Мәдениет адам мен табиғат, адам мен қоғам, адам мен 
адам арасындағы қатынастардың жүйесі ретінде қарастырылады. 
Сайып келгенде, мәдениет рухани және материалдық кұндылықтар 
жиынтығы іспетті, оларды жасауда, таратуда және сақтаудағы адамның 
тіршілік еңбегі ретінде түсіндіріледі. 
Мәдениет сӛзінің аталмыш мәні ӛзінін шығу тегімен және кең 
мағынадағы ұғымымен ӛзара байланысқан. Бұлардың бәрі ӛте маңызды. 
Алайда, мәдениет сӛзіне ұнатпай қарауда орын алған. Мұндай кӛзқарас 
енер мен ӛмірдегі эстетизмге жауап ретінде Англияда XIX ғасырда пайда 
болды. XX ғасырдың алғашқы он жылдығында орыс және шетел нигилисттері 
мен авангардистері, кейіннен, 60—70 жылдары Батыс ел жастарының кӛсемдері 
және бұқара халық мәдениетті қиратуды қуаттайды, олардың түсінігінде 
мәдениет ескі дәстүрдің тірегі және адамзат болашағы жолындағы басты 
кедергі болып табылады. 


138 
Әлеуметтік ғылымдар мәдениетті ең алдымен нақты, яғни адам 
қызметінің нәтижелерінің жиынтығы ретінде түсінеді, ал ол нәтиже 
материалдықта, белгілі бір жағдайларға жауап беретін идеялар сипатында да 
болуы мүмкін. Адам кызметінің барлық нәтижелері мәдениетке жата бермейді. 
Мысалы, бұған авторлар шығарған, бірақ жазылмаған, материалдық жағынан 
баянды етілмеген, ездерінің тәжірибесіне киын соғатын ӛлеңдер мен 
музыкалық шығармаларды айтуға болады. Ӛйткені олар жоғалады. Жазылып 
немесе ауызша берілген қайсыбір шығармалар қалайда адамдардың санасында 
сақталғанда, олардың рухани дүниесінің бӛлігі болғанда ғана, адамдардың 
мінез-құлық қалпын анықтайтын, олардың талаптарын айқындайтын, яғни 
қоғамдық ӛмірді қалыптастыратын күшке айналғанда ғана мәдениеттің 
элементі деуге болады. 
Мәдениеттің ішкі құрылымы бар. Себебі ол адамзат қауымдастығынан 
тыс ӛмір сүрмейді, сондықтан оны индивидтің жеке мәдениеті және 
қауымдастық мәдениеті деп бӛледі. 
Индивидтің жеке мәдениеті — бұл оның ӛзіндік тәртіп үлгілерінің, 
кызмет әдістерінің, сол қызмет нәтижелерінің, оның ойлары мен идеяларының 
жиынтығы. Индивидтің жеке мәдениетінің қауымдастық мәдениеті шеңберінде 
ӛзіндік орны болады, бірақ оған біржола сіңіп кетпейді, белгілі бір дербестігін 
сақтайды, бұл оның жалпы мойындалған үлгілерден ауытқуынан кӛрінеді. 
Бірақ мұндай ауытқу жалпы мойындалған үлгілерді қиратуға және 
айыптаушылыққа жол беруге тиіс емес. 
Қауымдастық мәдениеті — шығармашылық туындылардың, қауымдастық 
мойындап қабылдаған құндылықтар мен тәртіп тәсілдерінің жиынтығы оның 
мүшелері үшін маңыздылығы артып, олардың тәртібін анықтап, ӛмір сүрудің 
ортақ та міндетті ережелерін белгілейді. 
Мәдениеттің әлеуметтанулық зерттеу пәні: біріншіден, біртұтастық 
ретінде мәдениеттің бүкіл жүйесі немесе басқа қоғамдық жүйелермен ӛзара 
әрекеттегі оның кез келген түрі болуы мүмкін; екіншіден, мәдениеттің езге 
элементтерімен арақатынасына немесе басқа қоғамдық жүйедегі ара-
қатынасына орай алынған мәдениет социо динамикасының, мәдени 
коммуникацияның әрбір элементтері зерттеу пәні бола алады. 
Бірінші жағдайда:сол социум ӛмірінде мәдениеттің рӛлі мен орны 
зерттеледі. Мұндай зерттеудің мақсаты — қайсыбір әлеуметтік - 
демографиялық топтардың мәдени деңгейін қарастыру. Бұл аса күрделі және 
кӛлемі жағынан ӛте ауқымды зерттеу. Шындығында, зерттеуші бұл жағдайда 
материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлеріне талдау жасауы қажет 
болады, бұл жерде әрбір индивидтегі мәдениеттің әр түрінің дамуының біркелкі 
болмауы оның мүдделері мен бейімділіктерін, оның кәсіби кызметінің 
ерекшелігіне байланыстығын ескеруді қажет етеді. Сондықтан батыстық 
әлеуметтану әдебиеттерінде «саяси адам», «кӛркем адам», т.б. солар сияқты 
терминдер кеңінен тараған. Мәдениеттің бүкіл түрін бірдей меңгеру ешқашан 
да болған емес. Сондықтан адамның (немесе топтың) мәдени дамуының 
интегративті кӛрсеткіші шартты және салыстырмалы түрде ғана. 


139 
Екінші жағдайда зерттеудің негізгі үш аспектісі туралы айтуға болады: 
мәдени коммуникация элементтерінің ішкі ӛзара әрекеттері зерттеледі. 
Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетті жасау, сақтау, бӛлу және тұтыну арасындағы 
ӛзара әрекет зерттеудің пәні бола алады, сондай-ақ осы элементтердің кез 
келгенінің басқаларымен арақатынасы да зерттеу пәніне жатады. Сонымен 
катар, кәсіби немесе мәдениетті ӛз бетінше жасаушылардың тұтынушылармен 
(мысалы, жазушы - оқырман, идеолог саяси әрекетке катысушылар, артист - 
кӛрермен, т.б.), сынау - басқару органдарымен, т.б. ӛзара карым-қатынасын 
зерттеу кең тараған. Осыған сәйкес осындай зерттеу пәні мәдениетті сынаушы 
немесе тұтынушы, яғни мәдени коммуникацияның кез келген катысушысы бола 
алады; 2) мәдени коммуникацияның жоғарыда аталған элементтерінің кез 
келгенінің ӛзге де қоғамдық жүйелермен (экономикалық, саяси, отбасы - 
тұрмыстық, экологиялық, кӛркемдік және т.б.) арақатынасы зерттелуі мүмкін. 
Осы коғамдық жүйелердің «түйісер» жерінде мәдениетті әлеуметтанулық 
зерттеудің ерекшелікті пәні — ӛндіріс, отбасы, тұрмыс, демалыс, тәрбиелік 
кызмет және т.б. пайда болады; 3) қайсыбір мәдениет түрін тұлғаның, топтың 
немесе коғамның меңгеру деңгейін салыстырмалы түрде зерттеуге болады, бұл 
жағдайда олар зерттеу пәніне айналады (мысалы, адамгершілік, кӛркем 
шығарма және мәдениеттің басқа түрлері). 
Зерттеудің бағыты мен сипаты, әлеуметтанушы қолданатын құралдар 
кӛбіне-кӛп мәдениет әлеуметтануының пәнін дәл анықтауға байланысты. 
Казіргі зерттеушілердің назары, ӛкінішке орай, мәдениеттің ез ішкі 
заңдылықтарына емес, оған ӛзге қоғамдық жүйелер ететін ықпалға аударылып 
жүр. 
Адам кызметінің түрі қанша болса, мәдениеттің де сонша түрі бар. 
Сондықтан әлеуметтануда мәдениетті зерттеудің пәнін анық табу ерекше 
маңызды. Жоғарыда аталған мәдениеттің түрлерінде ортақ заңдылықтар 
болуымен қатар, олардың әрқайсысына тән ерекше заңдылықтар да бар, 
мәдениеттің нақты бір түрін зерттейтін адам осыларды ескеруі қажет. Сӛйтіп, 
мәдениет әлеуметтануы езіне бірнеше салыстырмалы түрдегі дербес ғылыми 
пәндерді қосқан, олар бір-бірімен байланысқан үш топқа бірігуі мүмкін: 
1) 
негізінен 
материалдық 
мәдениетті 
зерттеуге 
бағытталған 
әлеуметтанулық пәннің тобы: 
а) материалдық ӛндіріс мәдениетінің әлеуметтануы; 
б) тұрмыс мәдениеті әлеуметтануы; 
в) физикалық мәдениет әлеуметтануы; 
г) сексуалдық мәдениет әлеуметтануы; 
2) негізінен рухани мәдениетке жататын әлеуметтанулық пәндер тобы: 
а) білім беру әлеуметтануы; 
б) ғылым әлеуметтануы; 
в) адамгершілік мәдениеті әлеуметтануы; 
г) діни мәдениет әлеуметтануы
д) кӛркем мәдениет әлеуметтануы; 


140 
3) материалдық және рухани мәдениетке, яғни вертикальды қиылысуға 
жататын әлеуметтанулық пән топтары: 
а) саяси мәдениет әлеуметтануы; 
б) құқық мәдениеті әлеуметтануы; 
в) экономикалық мәдениет әлеуметтануы; 
г) эстетикалық мәдениет әлеуметтануы; 
д) экологиялық мәдениет әлеуметтануы. 
Әлбетте, зерттеуші мұнын бәрін қамтуы тіптен мүмкін емес, ол үшін 
мәдениеттің әрбір түрі туралы арнайы танымы болуы керек, ал бұл түсінікті 
себептерге байланысты мүмкін емес. Сондықтан дүниежүзілік практикада 
мәдениет әлеуметтануы, әдетте, жоғарыда аталған «буындардың» екіншісімен, 
яғни рухани мәдениет әлеуметтануымен шектеледі. Соның ӛзінде де 
әлеуметтанушы мәдениеттің бір ғана түрін зерттеумен шектеледі, айталық, 
білім әлеуметтануы, ғылым, мораль, дін, ӛнер. Қазіргі кезеңде одан да тар 
мамандандыру байқалады. Айталық, ӛнер әлеуметтануынан ерекше ғылыми 
пән ретінде театр әлеуметтануы, кино, концерттік кызмет, бейнелеу ӛнері 
әлеуметтануы бӛлінді. Білім әлеуметтануынан орта мектеп әлеуметтануы, 
кәсіптік-техникалық білім, жоғары мектеп әлеуметтануы бӛлінді. Әлеуметтану 
пәні бұдан әрі де жетіле, тереңдей беретін сияқты. 
Мәдениет әлеуметтануының ӛзге әлеуметтану пәндері сияқты ӛзінің 
ұғымдық аппараты бар. Оның ен басты ұғымы — «мәдениет» жоғарыда 
карастырылды. Сонымен катар, белгілі бір жүйені құрайтын оның басқа да 
негізгі ұғымдары бар. Мәдениет негізгі үш «буынды» құрайды: когнитивтік, 
жүріс-тұрыс (тәртіп), пракссологиялық. Әлбетте, мұндай бӛлу шартты ғана, 
ӛйткені бұл «буындардың» бәрі бір-бірімен ӛзара тығыз байланысқан, ӛзара 
әрекеттес. Бірақ мәдениетке әлеуметтанулық талдау жасау үшін, оның ұғымдар 
жүйесін терең түсіну үшін мұндай бӛлудің белгілі бір мәні бар. 
Когнитивтік «буын» мәдениеті адамзат баласының жинақтаған 
дүниетанымдық парадигма, білім, дағдылар, іскерліктер — әлеуметтік 
кызметтің барлық түрлерін әлеуметтік тәжірибенің қозғалысы, даму жиынтығы 
ретінде сипаттайды. Оның негізгі әлеуметтанулық бірлігі ретінде мәдениет 
құндылықтары ұғымы алынған. Кейде мәдениет кұндылығы деп оның қайсыбір 
шығармаларын және зат формасындағы: кітап, сурет, мүсін және т.б. есептейді. 
Алайда, мұндай тұрғыдан қарау ӛте тар және дәл емес. Мәдениеттің кұндылығы 
кызмет түрінде де ӛмір сүре алады, оның авторынан ажырамайды. 
Орындалатын енердің бүкіл түрлері - би, жеке ән салу, актердің сахнада 
ойнауы, эстрада енері және т.б. орындаушының кызметі ретінде ӛмір сүреді 
және бұл кызмет белгілі бір уақыт аралығында ғана іске асады. Бұл кызметті 
таспаға жазып алу, пленкаға түсіру осы кызметті сақтау, қалпына келтіру 
болады. Мұғалімнің, шешеннің, лектордың, адвокаттың, діндардың кызметі 
туралы да осыны айтуға болады. 
Сонымен, мәдениет кұндылығы мәдени кызметтің нәтижесі ретінде 
немесе қайсыбір адамдардың әлеуметтік қауымдастықтары үшін жалпы 
маңызды мәдени кұндылығы бар осы кызметтің езі қарастырылады. Мұндай 


141 
қауымдастық ретінде қайсыбір адам топтары, мамандық (мамандық мәдениеті 
құндылығы), діни қауымдастық, әлеуметтік - демографиялық топтар (мысалы, 
жастар мәдениетінің кұндылығы), тап, халық, ұлт, бүкіл адамзат қарастырылуы 
мүмкін. 
Адамның қызметі мәдениеттің тәртіп «буыны» арқылы да реттеледі. 
Мұндай реттеудің мақсаты — қоғамның әлеуметтік күтілсін, кызметтің 
сәйкестігіне қол жеткізу. Осы реттеу құралы ретінде мәдениет нормалары алға 
шығады. Бұл нормалар қызметтің сапасына және осы қауымдастық 
мүшелерінің тәртібіне койылатын әлеуметтік қауымдастықтың тұрақты 
топтары болып табылады. 
Ең алдымен нормативтік құқықта адамгершілік мәдениетіне тән, соңғысы 
адамдардың қоғамдағы күнделікті жеке басынын тәртібін ӛзіне жинақтаған 
этикет нормаларын да қамтыған. Десек те, нормалар жүйесі ғылымға да, кӛркем 
мәдениетке де ортақ. Сонымен қатар, барлық кәсіби мәдениет нормативті, 
ӛйткені ол осы мамандықтағы адамдарға ең жоғарғы үлгідегі — «дүниежүзілік 
стандарт» деп аталатынға сәйкес талаптар қояды. Мәдениет нормаларын салт-
дәстүр, әдет-ғүрып, салт-жоралар, тыйым салу нақтылай түседі. Бұл әлеуметтік 
институттардың ӛздері де қайсыбір нақты жағдайда қажетті тәртіп үлгісін 
орнықтыратын нормалар болып саналады. Құндылықтар мен мәдениет 
нормалары тығыз байланысқан, яғни нормалардың ӛзі мәдени құндылықтар 
болып табылады. Мәдени құндылықтар мен нормалардың бірлігі мәдениет 
субстанциясын, оның «денесін» құрайды. 
Когнитивтік және тәртіп «буындары» праксеологиялық «буынмен» 
синтезделеді. Бұл буын адамдардың мәдени кызметінің ӛзін реттейді, 
сондықтан оны «мәдениетті ұйымдастырушы» деп те атауға болады. 
Мәдениетті мұндай реттеудің құралы, дәлірек айтқанда, оның ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру құралы мәдениеттің әлеуметтік институттары болып табылады. 
Мәдениеттің 
институттендірілуінің 
бастауы 
ежелгі 
заманнан, 
Абыздардың салт-жораларды ұйымдастыруынан басталған. Бұл процесс 
біртіндеп мәдениеттің барлық түрлері мен салаларын қамтыған. Әлеуметтік 
институттар ретінде білім, ғылым, құқық, дін, мораль, ӛнер қалыптасты. 
Олардың әрқайсысы, ез кезегінде, ӛз құрылымдарында олардың қызметін 
ұйымдастыратын кӛптеген әлеуметтік институттарды қалыптастырды. 
Мәдениеттің тұлғалық аспектісін зерттеуде ол ұғымдар жүйесіне арқа 
сүйейді, олардың ең маңыздысы «мәдени қажеттіліктер, мүдделер, 
ұстанымдар», «мәдени кызмет», «мәдени орта» және т.б. Бұл жағдайда тұлға 
әлеуметтануының, оның бір қырынан алынған — мәдениетте қолданылатын 
жалпы ұғымдық аппарат қолданылады. Дегенмен, бұл жерде ең негізгі 
ұғым «мәдени қызмет» болуы керек. Ол адам қызметінің материалдық-
ӛндірістік, саяси, экономикалық, педагогикалық және т.б. ерекше, жеке түрі 
ретінде байқалмайды. Бұл кез келген әлеуметтік қызметтің саласы, адам дамуы 
үшін осы қызметтің маңызының сипаттамасы. 
Мәдени кызмет мәдениет құндылықтарын жасауға, таратуға және 
тұтынуға бағытталған кызмет болғандықтан кез келген әлеуметтік кызметтің: 


142 
материалдық-ӛндірістік, экономикалық, тұрмыстық және т.б. құрамдас бӛлігі 
болып табылады. Бірақ, қызметтің осы түрлерімен айналыса отырып, адам ӛз 
алдына ӛзгеше, утилитарлық мәдениеттен тыс міндеттер қояды. 
Қызмет, егер де ол тұлғаның дамуына ықпал ететін болса, мәдени деп 
аталады. Сонымен катар, тек тұлғаның дамуын арнайы мақсат еткен кызмет те 
бар. Мұндай кызметті тар және қатаң мағынада «мәдени» (культурный) деп 
атайды. Тек осындай кызметті ғана әдетте мәдениет әлеуметтануы зерттейді. 
Бұл кызметтің қайнар кезі адамның мәдени қажеттіліктері болып 
табылады. Бұған адамның ең жоғарғы әлеуметтік қажеттіліктері — дамуы, ӛзін-
ӛзі танытуы мен ӛзін-ӛзі баянды етуі, ӛз ӛмірінің шығармашылығы, оның 
мақсаты мен мәнін іздеу жатады. Тек осы қажеттіліктер ғана адамның мәдени, 
рухани деңгейін сипаттайды. Кең мағынада мәдени деген ұғымға, егер де оның 
жүзеге асуы тұлғаның дамуымен байланысты болса (культурный), кез келген 
қажеттілікті жатқызуға болады. Дәл осындай пікірді қажеттіліктерді 
нақтылайтын мүдделер мен нұсқаулар туралы да айтуға болады. Мәдениеттік 
байланыс белгілі бір мәдени ортада іске асады. Мәдени орта деп отырғанымыз 
әлеуметтік субъектіні қоршаған және оның мәдени дамуына, әрі мәдени 
кызметіне тікелей ықпал ететін заттық және тұлғалық элементтердің тұрақты 
жиынтығы. Кеңестік әлеуметтану әдебиеттерінде осы тұрғыдан қала, ауыл, 
еңбек ұжымы, жатақхана, отбасы, т.б. мәдени орта ретінде зерттелді. 
Мәдени ортаның заттық элементтерінің қатарына: 
а) мәдениет мекемелерінің саны және күйі, олардың материалдық базасы 
мен кадрлары (он мың адамға шаққандағы); 
б) әлеуметтік кеңістіктегі аймақ мәдениеті (қала, ауыл, коғамдық мекеме, 
баспана және т.б. мәдениеті); 
в) жұрттың жеке меншігіндегі ұзақ пайдаланылатын мәдени заттар 
жатады. 
Мәдени ортаның тұлғалық элементтері мыналар: 
а) халықтың білім және мамандық деңгейі; 
б) мәдениет кызметіне үстем етуші нұсқаулар; 
Кең мағынада айтар болсақ, мәдениет әлеуметтануы әлеуметтанудың жай 
ғана саласы емес, ол қоғамдық ӛмірдің бүкіл проблемаларын қамтып, оларды 
ӛзіндік ерекше кӛзқараспен қарастырады.
Сонымен, әлеуметтанушының мәдениетті эмпирикалық зерттеуі негізгі 
элементтердің тізбегін: мәдени қажеттіліктерді — мәдени ортаны — нақты 
мәдени кызметті қарастыруға саяды. Жоғарыда айтылғандардан келіп 
мәдениеттің негізгі функциясы айқындалады: 
-адам шығармашылдығы (Ізгіліктік), яғни адамның шығармашылық 
қуаты оның ӛмір тіршілігінің барлық формасында дамиды (басты функция); 
-мәдениет таным құралы және коғамның, әлеуметтік топтың, жеке 
адамның ӛзін-ӛзі тануы болғандықтан, гносеологиялық (танымдық) міндеттер 
атқарады; 
-ақпараттық - бұл әлеуметтік тәжірибені хабарлап, басқаларға қарағанда 
уақыт байланысын — ӛткенді, бүгінгіні және болашақты қамтамасыз етеді; 


143 
-коммуникативтік — бұл ӛзара түсіністіктің бірдейлігін қамтамасыз 
ететін әлеуметтік қарым-қатынас (общения) міндеті; 
- құндылық - бағдарлық міндеті, яғни мәдениет ӛзіндік ерекше «әмірлік 
құндылықтар картасы» іспетті белгілі бір бағыт жүйесін береді, соның негізінде 
адам ӛмір сүреді және оған бағыт ұстайды; 
-нормативтік - реттеушілік (басқарушылық) міндетінде мәдениет адам 
мінез-құлқына әлеуметтік бақылау құралы ретінде кӛрінеді. 
Мәдениет ұғымының әр түрлі түсіндірілуі оны әлеуметтану тұрғысынан 
зерттеуде түрлі-түрлі тұрғыдан қарауға себепші болды. Мәдениет 
әлеуметтануы мәдениет дамуының әлеуметтік заңдылықтарын және сол 
заңдылықтардың 
адам 
қызметінде 
кӛріну 
формаларын 
зерттеумен 
шұғылданады. Ӛйткені олар коғамдағы қатынастарды, сонымен катар қоғам 
мен табиғат арасындағы қатынастарды реттеп отыратын идеяларды жасаумен, 
меңгерумен, сақтау және таратумен, түсініктермен, мәдени нормалармен және 
кұндылықтармен, мінез-құлық, тәртіп үлгілерімен байланысқан.әлеуметтік 
кызметтен, айталық, еңбек, тұрмыс саясат, денсаулық сақтау, білім беру, т.с.с. 
мәдени мазмұнды табуға болады. Мәдениет әлеуметтануының тар мағынада 
қолданылуы рухани салада топталған ӛзінің жеке пәнінің болуында. 
Әлеуметтануда мәдениетті зерттеу кезінде оның аксиологиялық мәселесінің 
құнды компоненттерін бӛліп кӛрсетудің ерекше маңызы бар, бұл әр түрлі 
деңгейде мәдениет элементтерін, атап айтқанда, жалпы коғам, әлеуметтік 
топтар, тұлғалардың ӛзара байланысын қамтамасыз ететін мәдениет 
элементтерін бір жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Мәдениетті әлеуметтану 
тұрғысынан зерттеуде мына міндеттерді шешу керек: дұрыс идеяларды 
анықтау, оны жасаушыларды белгілеу, оларды тарататын әдістер мен 
құралдарды анықтау, идеялардың әлеуметтік топтардың, институттардың және 
қозғалыстардың қалыптасуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет