міндеттерін анықтайтыны айтылған.
Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан
айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша
республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалдық
куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек
Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның ӛзге қалалары мен облыстарында
мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай ӛзгере
қойған жоқ.
Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды: некелесушілер мен некеде
бұрыннан тұрғандар таласты жағдайларды шешуге арналған неке
келісімшарты бойынша ӛздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге
тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ
шығар? Бірақ практика кӛрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп
некелесуге ӛтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың
жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі
де кӛптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық
шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын кӛрсетеді. Кӛріп
отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті ӛте жоғары.
Бірақ отбасын жеке ӛмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және
салыстырмалы түрде жоғары мәртебе санайтын отбасылар да азаймайды.
Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның
үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен
қарау керек.
Әдебиет тізімі:
1. Ж.Сәрсенова, Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. Алматы,2000ж.
2. Ә.Х.Тұрғанбаев. Социология курсы. Алматы «Білім» 2001ж.
3. Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004ж.
4. А.И.Иекенов. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004ж.
5. К.Габдуллина. Социология. Алматы, 2005ж.
6. Социология. Оқулық. Алматы, 2005ж.
7. Социологиялық сӛздік., Алматы, 2003ж.
8. Ш.Қарабаев.Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007ж.
9. Қ.Рахметов,А.Болатова,З.Исмагамбетова Социология. Алматы, 2005
10. Г.Әбдікерова.Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002
11. Ф.Шарков. Социология, 2007
12. А.Нысанбаев.Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.
Достарыңызбен бөлісу: |