146
Жастар социологиясы кӛптеген арнайы социологиялық теориялармен
тығыз қарым-қатынаста дамиды. Әскери социология,
қала социологиясы,
ӛнер, ұжымдық топталу, мәдениет, жеке адамды зерттеу,
бұқаралық
коммуникация, денсаулық сақтау, мораль, білім, қоғамдық ұйымдар, дін,
саясат, еңбек, басқару және т.б. кӛптеген әлеуметтік мәселелер жастар
социологиясының дамуына үлкен әсер етті. Әлеуметтану ғылымында жастар
ӛзекті мәселелері бүкіл қоғамның негізгі құрылымдық ӛзгерістерімен
байланыстағы ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.
Қазақстандық
жастар мәселелері бүкіл әлемде жүріп жатқан ғаламдастыру, урбанизация,
ұлттардың қартаюы, дүниеге бала әкелудің кемуі мәселелерімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: