169
Бихевиористіканықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-
тұрысын, ӛзін-ӛзі ұстауын ӛзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің
ерекше түрі.
Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды,
амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды)
пайдалану,
қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы
Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды ӛз еркімен
жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының
арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды
туғанынан,
табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал
басқалары кӛнбіс, кӛнгіш, басқа біреу ӛз ырқын билеп, басқарып, жол
кӛрсетіп
тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың
ойынша, билік қатынастары туады.
Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бӛлуді
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы
ықпал ретінде қарайды.
П. Моррис, А,
Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы кӛзқараспен келіспей,
билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды
ӛзгертуге бағытталған іс-әрекет дейді.
Америка саясаттанушылары Г. Лассуэл мен А. Каплан «Билік және
қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде
сипаттайды.
Биліктің объектісі және субъектісі болады. Ол саяси ӛзгерістерге
байланысты ауысып отырады.
Әдетте, «билік» деген сӛз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал
ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бӛледі: ата-аналар билігі,
мемлекеттік,
экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани
билік және т.б.
Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқыты
да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін
саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.
Оған жататындар:
Экономикалық қор. Қандай саяси билік
болмасын оған қаржы-қаражат
керек. Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба
байлықтары және т.б. кіреді. АҚШтың Конституциясында кез келген АҚШ
азаматы Президент бола алады деп кӛрсетілген. Бір тарихтағы
президенттердің бірде-бірі кедей отбасынан шықпаған.
Достарыңызбен бөлісу: