ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет91/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Иозеф Шумпетер (1883-1950) австрия әлеуметтанушысы ӛзі аттас 
«шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, 
тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі 
кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы болған емес. 
Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол ӛз кезегінде ұлттық 
атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін кӛпшілік іс 
жүзінде саясаттан шектейді. Сондықтан демократиялық тәсіл – Шумпетердің 
ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес 
нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, 


180 
басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал 
халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. 
Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін тӛрт 
жағдай керек: 
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай 
білікті, маман ӛкілдер тобы болуға тиіс. 
Саяси органдар халық, негізінен, жақсы қабылдап, оларға ӛз 
кӛзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы тиіс. Олай болмаса, 
шешімдердің легитимдігі жӛнді болмайды. 
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары 
бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Ол 
құрам орта тап ӛкілдерінен құралуы тиіс. 
Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттің де элементі болып 
табылатын демократиялық ӛзін-ӛзі бақылау болғаны ӛте маңызды.Саяси 
процеске қатысушы әрбір адам ӛзін-ӛзі тежеп отырмаса, қандай демократия 
болуы мүмкін. 
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең 
алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және 
Парламентті сайлайды, ӛкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға 
халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына 
(президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары 
арқылы кӛпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті 
жағдайлар жасайды. 
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық 
нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген 
азаматтардың ӛз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік 
береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сӛз, 
ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын ӛзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, 
бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер ӛткізу ереуілге шығу 
құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ 
мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару 
қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі. 
Демократиялық 
мемлекеттің 
сипаттық 
ерекшелігі 
республика 
азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып 
табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы 
Конституцияда қарастырылды. 
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі 
принциптерінің бірі – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. 
Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері 
мен әдістерін кӛбірек қолданады. 
Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы 
діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. 
Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың 
ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол 


181 
берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция 
негізінде құрбылы, жұмыс істейді. 
Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны 
жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - 
әркімнің ӛзіндік ұстанымы. 
Қазақстан 
– құқықтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет