1960 -2000 жж. қазақ прозасының жаңашылдық сипаттары
Әрбір халықтың көркемдік дамуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Әдебиеттің көп жанрлы әрі мейлінше бай болуы қазақ халқы рухани мәдениетінің өзгеше бір сипаты. «Әдебиет» - халықтың айнасы. Әдебиетіне қарап сол елдің осы кезеңдегі басынан кешкен саяси оқиғаларын, халықтың жай-күйін, мақсат-мүддесін анық көруімізге болады. Қазақ халқында қандай өзгерістер болды?
50 жылдарда прозада шартты түрде «Абай жолы», «Оянған өлке», «Қарағанды», алпысыншы жылдары «Қан мен тер», «Ақын орманы», «Ақан сері» десек, сексенінші жылдары «Алтын орда», «Үркер», «Аласапыран» дей аламыз
Оларда халқымыз бастан кешірген ірі оқиғалардың өмір мен істі, сана мен мінездегі түбірлі өзгерістердің, сілкініп жаңарулардың, өктем өрлеулердің ұзақ шежіресі шертілген. Қазақ жазушылары ел тарихында елеулі рөл ойнаған оқиғалардың бірсыпырасын өз романдарында негіз етіп алды. Қазақ романы советтік ауыл алдындағы мерзім жүктеген тарихи міндеттердің шежіресі болған. Солардың ішінде 1960-1980 жылдар аралығында жарық көрген М. Әуезовтың «Өскен өркен», Т. Әлімқұловтың «Ақ бозат», С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», Ж. Молдағалиевтың «Торғай толғауы», Г. Тоқтаровтың «Бақыт», Қ. Исабаевтың «Сұңқар самғауы», З.Шашкиннің «Сенім» романдарын ерекше атап өтуге болады. Бұл романдарда өмір орнықтырушы, жасампаз адамдардың жаңа кезеңдегі істері суреттеледі.
Мәселен, Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1961) романнының тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның қазақ ауылындағы жаңғырығы. Осы арқылы жазушы соғыс кезіндегі ел бейнесін, ел намысын қорғаған адамдардың адамдық кейпі жайлы мәселе қозғайды.
Романның өзіндік әп-әдемі формасы бар. Ондағы оқиғалар Еркіннің әңгімесі арқылы өрбиді. Романның үш дәптерді (әр бөлімі бір-бір дәптер) оның өмірінің үш кезеңі ретінде алынады. Жазушы ашқан өмір шындығы мен адамдар тағдыры нанымдылығымен бағалы. Роман кейіпкерлерімен де стильдік суреткерлік ерекшеліктерімен де ешкімді қайталамайды, өзіндік өнерін танытады.
Қазақ романы ішінде біздің замандастарымыздың бейнесін олардың өндіріс орындарында істеп жүрген мамандығымен, ондағы өзіндік қарым-қатынастары арқылы көрсетуді мақсат еткен шығармалар аз емес. Өндіріс Қазақстанның экономикасын көтеріп, кен орындарын игеру, онда жаңа қалалар тұрғызу сияқты үлкен жұмыстардың орталығы. Романдарының қатарына З. Қабдоловтың «Жалын» (1975) Ш. Мұртазаның «Қара маржан» (1976), М.Сәрсекевтың «Жаңғырық» (1979), А.Жақсыбаевтың «Егес» (1975), «Қорған» (1991), «Бөгет» (1981), Р.Сейсенбаевтың «Өмір сүргің келсе» (1978) атты романдары осындай мәселелерді қозғайды. Бұл романдарда тартыс негізінен өндірісінің төңірегінде өрбиді.
1965 жылы жас жазушы Ш. Мұртазаның «Қара маржан» атты романы жарияланды. Оның геройы – инженер – рационализатор әдебиетте өзінің жаңа тың бейнесімен көз тартты. Бері келе ғылыми техникалық революция жағдайында ең маңызды моральдық – адамгершілік проблема көтеріп, СССР профсоюз премиясын алған З.Қабдоловтың «Жалын» романы және тағы да басқа көптеген романдар жарық көреді. Бірақ, өкінішке орай, бұлар жұмысшы тақырыбындағы үзілісті толтыра алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |