Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет12/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78
аширов ответ

1970-1980 жылдар қазақ прозасына өз жаңалықтарын әкелді, өз үлесін қосты. Айталық, аталмыш он жақты жылдың қазақ прозасында бой көрсетіп, танымал болған жазушылар саны жиырмадан асады екен.
Бұл кезеңде заман проблемаларын игеруге, замандастар образын жасауға Қазақстан жазушылары күш салды. Ол үшін ауыл мен қала еңбеккерлерінің, өндіріс жұмысшылары мен ғылыми және творчествалық интеллигенция өкілдерінің өмірімен тығыз қатынас жасауда. Мұнда қазақ пен орыс әдебиетінің проблемалары мен ізденулерінің ұқсас бірлестігі анық байқалады.
Ол көркемдік ізденудің жанрлық – тақырыптық географиясын да, идеялық – эстетикалық концепцияның бірлестігінен де көрінеді. Бұл ретте жаңалыққа көшбасшы болатын орыс әдебиеті жетекші рөл атқарады.
Еліміз егемендігін алғаннан бері роман жанрына келер болсақ, 1990 жылдардан 1996 жылға дейін әдеби жыл қортындысы тоқырап қалды. Көп жылдар бойы жұмысы тоқтаңқырап қалған әдебиетшілер үйінің кең залына жан кірді, тамырына қан жүгірді
Соңғы кезеңдерде жарық көрген туындылардың көркемдігі мен мазмұн байлығына үңілер болсақ, көңілге сенім ұялатар бірінші жай – қаламгерлеріміздің тақырып аясын кеңейтіп, өмір мен тарих белестеріндегі запыраны ащы шындықтардың бет – пердесін айқара ашуға ұмтылған талпыныстар.
Осы бір кезең ішіндегі көркем прозаны елекке салғанда ендігі бір ел көңілін елеңдетер оқиғаның бірі - әдебиетке ойы, сөз пайымы тәуелсіз талантты көркемсөз иелерінің келгендігі. Алды өз оқырманын тауып, аттың қасқасындай танымал дәрежеге жеткен, арты жүйрікті шамасынан аңғарар кірпияз әдеби ортаның назарына іліге бастаған Талаптан Ахметхан, Роза Мұқанова, Асқар Алтай, Айгүл Кемелбаева, Мақсат Ізімұлы, Серікқали Хасан, Әділбек Ыбырайұлы, Дәурен Қауат тағы басқаларды айтуға болады.
Кейде біз ұзақ – сонар романнан сезбеген кең тынысты шағын әңгімеден көріп қайран қаламыз.
Аталмыш дәуірдің (1960 – 2000жж.) бас шенінде прозаның жалпы өсу бағдарларын шамалағанда оның кіші жанрлары - әңгіме мен повесте сапалық жаңару басталғанын көреміз. Мұның түрлі себебі болуы мүмкін. Шығарманың тартысы мен композициясын, оқиғасы мен образдарын белгілі схемаға бейімдейтін жасанды дағды күрт кеміді. Өмірді шындап зерттеу қажеттігі күшейді. Мұндай жағдайда үлкен жанр – романның көлемін жанды байланыстармен, әрі қызықты, әрі ақиқат характерлермен толтыру оңай болмаса керек. Соның есесіне өмірдің жеке құбылыстарын жан-жақты шындығымен көрсететін мәнді әңгімелер мен повестер қатары көбейе түсті. Проза дамуының бір тенденциясы осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет