Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


М. Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі



бет45/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
аширов ответ

М. Мақатаев өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі

Мұқағали тілге шебер ақын. Оның өлеңдерінің тілі жеңіл, көңілге қонымды, әрі қарапайым. Мұқағали қолданған сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналары, қызметтері бір-бірімен жымдасып, біртұтас күйге енеді. Ақынның өлеңдері өздерінің көркемділігімен, бейнелілігімен, мағына дәлдігімен және эстетикалық жағынан әсерлілігімен ерекшеленіп тұрады.
Ол қандай тақырыпқа өлең жазса да, оны қиюын тауып, қисынын келтіріп, жұп-жұмыр етіп шығарады.Менің ойымша, оның бірден-бір себебі – ақын әр уақыт өз ойын түсінікті етіп дәл жеткізуге ұмтылады. Бұл аздық етіп жатса, түрлі көріктеуші құралдарды пайдалану арқылы ойын одан да гөрі бейнелі түрде беруге күш жұмсайды.
М. Мақатаев тіліндегі теңеудің басқа бейнелі сөздерден ерекшелігі салыстыру тура, айқын көрінеді. Ақын теңеулерінің бойында өткір ой мен әсерлі бейне астасып жатыр. Екі нәрсені теңестіріп, олардан ортақ белгі тудырып, бір мағынаны таңбалауын бақылай отырсаңыз, ақынның қандай сезімде, қандай әсерде болғанын, қандай ой айтпақ болғанын аңғарасыз. Ақынның салыстыру арқылы сипаттаған тәсілдері, яғни әрбір теңеуі оның нақ сол кездегі көңіл-күйін де байқатады. Демек, М.Мақатаев бейнелі сөздерді тудыруда, ойын көркемдеп жеткізуде жан-тәнімен сезімге бой алдырады.
Теңеу жасау басқа бейнелі сөздерге қарағанда оңай сияқты. Бірақ теңеуді қалыптастыру үшін метафора сияқты салыстыру мен ұқсатудың бір бөлшегі (компоненті) теңестіріліп қана қоймайды, теңеудегі сәйкестік тұтастай болуы шарт. Мысалы, М.Мақатаев қыстың күнгі аппақ қар көмген қыстау бейнесін бұққан қоянға теңеуі көз алдына елестеген екі дүниенің тұтастай алынған көрінісі арқылы суреттелген. Бұққан қоян секілді қыстау жатыр, Бұғып алып таудың бір қойнауына.
Ақынның күрделі теңеулеріндегі ортақ сипат-белгілер бірден анық көріне бермейді, бірақ қалайда оны жобалап түсінуге болады. Ол үшін өлеңнің тұтастай мәтінін оқи отырып, ақынның айтпақ ойын, сезімін сезіну арқылы тануға болады. Ақынның күрделі теңеулері сырт қарағанда бірбірінен мүлде алшақ, алыс тұрған нәрселерді, құбылыстарды жақындастырып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Мұқағалидың сөз таңдау шеберлігіне де қайран қаласың. Ол сөзді әйтеуір мағынасы келсе болды, ала салмайды: таңдап, талғап, олардың ішінен өзінің ойына сай келетін қажеттілерін ғана алады. Бірінші кезекте айтпақ болған ойын дәл беретін мағыналы, мәнді сөзді таңдайды, екінші кезекте әлгі сөздің бейне (образ) жасаудағы экспрессивтік мәніне, әсерлілігіне қарайды, үшінші кезекте ол сөздің шумақтағы басқа сөздермен үйлесіп, үндесіп, ұйқасып келу жағын да ескереді. Ақынның «Қайран жеңгем» өлеңі­нің алдыңғы екі шумағын ғана келтірейін:
Су сұраса, сүт берген, айран берген,
Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!
Қарғаның валетіндей едірейіп,
Қасыңа мына біреу қайдан келген?

Апырай, суық еді сұрқы неден?!


Адамға қарайды ғой сыртыменен.
Жол көрсеткіш сақшының таяғындай,
Қимылыңды бағып түр мұртыменен.
Осы шумақтардағы едірей және сұрқы деген сөздерге көңіл аударып көрелік. Едірей сөзінің қоқи, қоқырай, қодырай, күдірей, күжірей, ежәрей деген, сұрық сөзінің бет, жүз, келбет, өң, түр, түс, ажар, көрік, шырай деген синонимдік қатарлары бар. Мұқағали бұл сыңарлардың ешқайсысына тоқталмай едірей, сұрқы сөздерін таңдап алу себебі – бұл сөздер ақынның жасамақ болған бейнесіне (жағымсыз адамның образын жасауға) сай келіп тұр. Оның үстіне «сұрқы неден» деген сөз тіркесі «сыртыменен», «мұртыменен» сөздерімен үндесіп келген. Сөйтіп, көрікті ойды көркем етіп бере білген.

М.Мақатаевтың теңеулерін бірнеше түрге жіктеп көрсетуге болады.


1.Дыбыс теңеулері санада қабылданған, сақталған дауыстарды басқа дыбыстарды ұқсату арқылы жасалған. Мысалы, жетім жүрек бөрінің қаншығындай ұлиды. Жүрдек пойыз ботасыз өлген інгендей боздай берсін.
2.Көру арқылы қабылданған теңеулер. Адамның сыртқы болмысын санада сақталған басқа көрініспермен теңестіру. Мысалы, жеңгесінің жанында жүрген бөтен еркекті қарғаның валетіндей деп сипаттауы. Қарғаның валетіндей едірейіп, Қасыңа мына біреу қайдан келген? бір бірімен жалғасқан қырларды гармоньның қатпарына теңейді. Гармоньның қатпарындай қырлары, бір созылып, біресе қымтанады. Тізілген қарағайларды сапқа тұрған солдатқа телиді. Солдаттай сапқа тұрған қарағайлар. Жұлдыздардың әсем көрінісін стадионға теңейді. Жанып-сөнген, жанып-сөнген жұлдыздар іңірдегі стадион секілді.
3.Дерексіз ұғымдарды нақты затпен теңеу. Мысалы, арманды жетелеу пойыздың рельсімен теңестіріледі. Бар пойызды жетелейтін рельстей барлық жанды жетелемес бір арман. Ақын өз тағдырын жүкті әйелге теңейді. Не туары белгісіз жүкті әйелдей Не болары белгісіз тағдырым – ай! Сондай-ақ ақын өмірді жетімнің реңіне ұқсатады. Өмірім – жетімектің реңіндей Өлермен, кім біледі, еш белгім жоқ, Белгісіз миллионның біреуіндей. Ақынның үлкен суреткерлік шеберлігін, ақындық ойлау дүниесін, көркем бейнелеу стилін, теңестіру алшақ дүниелерді келістіру үлгілерін оның теңеу құрастыру әлемінен айқындап, көз жеткізуге әбден болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет