Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


-2000жж поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық сарынның жырлану ерекшеліктері



бет43/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
аширов ответ

1960-2000жж поэзиясындағы азаматтық-отаншылдық сарынның жырлану ерекшеліктері

1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.
Бұл кезеңдегі лирикада жалпы адамдық, азаматтық проблемалар, оның ішінде Уақыт, Адам, Бейбітшілік мәселелері, ғылыми техникалық прогресс, экология және табиғат мәселелері жырланды. Мазмұн мен форма жаңғырып, дәстүр және көркемдік ізденіс, жаңашылдық дәстүр жалғастығы дамыды. Азаматтық және Адамзаттық ақыл-ой парасатының арнасы кеңіді. Поэтикалық ойлау жүйесі алдыңғы он жылдыққа қарағанда, 60-шы, 70-ші жылдары өзгеріп, өзінің соны соқпағын тапты. Ашылып айтпағанымен, астарлы ой-иірімдерімен қоғамға, саяси ортаға іштей наразылықтарды сездіретін лирикалық жырлардың ұштығы көріне бастады. Оны ақындар оқырмандар түсінігінің өз еншісінде қалдырып, қалай түсінсең, солай бағала деген ұғымда жырлады. Ақын Мұқағали Мақатаев:
Бұлқынып жатыр
Келмейді-ау құрғыр шамасы,
Бұлқынып жатыр
Таусылды-ау айла-шарасы.
Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай,
Бостандық берші, бостандық берші, мамасы, –

десе, нәресте арқылы бүткіл өмірімізге, аяқ-қолы маталған барша халқымызға бостандық беруін қалаған ақын жүрегінің дүрсілін естиміз. Ол кезде «бостандық бер!» деп ашықтан-ашық айту қиын.
Ал, 60-шы жылдардың басынан бастап, лирикаға жан бітті. Қазақ поэзиясының туған топырағына алғашқы дәндер де жемісін берді. Қаулап өскен 60-шы жылдар жас ақындары өздерінің «Мені» лирикалық геройларымен, лирикалық тұлғаларымен келді. Олар Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов, сәл кейіндеу үн қосқан Мұхтар Шаханов еді.
Лирикада суреткердің, ақынның «мені» азаматтық менге айналып, халықтың көкейкесті ойларына ұласады. Әрбір оқырман лириканы оқып отырып өзі жазғандай сезінсе, немесе, сол көңіл күй өз жүрегімен үндессе, лирикалық туындының діттеген биігінен көрінгені. Лиризм, ойшылдық және психологизмнің ұштаса көрінуі де 60-шы, 70-ші жылдар поэзиясының еншісіне тиген жетістік. Адамның сыртқы пішінінен ішкі жан дүниесіне ену, оның сыры мен сезімін қоса қабат ашу өріс алды.
60-шы, 70-ші жылдар поэзиясында ақындар цикл, томтама өлең жазу арқылы, тіпті, бір тақырыпқа бір кітабын арнау арқылы лирикалық қаһарманның тұтастай тұлғасын жасауға ұмтылып жүр. Бұған бір ғана мысал ретінде, ақын Қадыр Мырзалиевтың «Дала дидары» кітабын айтуға болады. Лирикалық тұлғаның бір түрінде бір қырынан көрініп, екінші кітапта екінші қырынан көрініп толыға түсетін кезеңі бар. Бұған Тұманбай Молдағалиевтың «Қош көктем» кітабынан бірнеше мысал келтіруге болады. Бірақ, біз арнаулы тарауларда тереңірек жан-жақты талданатын болғандықтан да, еске ала кеткенді жөн көрдік.
1959 жылы «Жас қанат» атты жас ақындар жинағы ақын Ғафу Қайырбековтың алғы сөзімен жарық көрді. Бұл кітап – туған әдебиетімізде оқиғаға айналған кітап. Оқиға болатын себебі, осы жинаққа енген ақындардың тұтастай дерлігі туған әдебиетіміздің тұрақты кадрына айналып, көркем әдебиетімізді көркейтуге көп үлес қосты. Ауыр жүгін арқалады. Атап айтқанда Ізтай Мамбетов, Тұманбай Молдағалиев, Сағи Жиенбаев, Зейнолла Шүкіров, Шәміл Мұхамеджанов, Ғаббас Жұмабаев, Жұмекен Нәжімеденов, Еркен Ибраһим, Мағираш Сарикова, т.б. ақындар алғашқы соқпақ жолын салды. Осы кітаптан кейін-ақ көктемнің дүркірей көтерілген көк майсасындай, қаулап өскен гүлдеріндей әдебиетке бірнеше есімдер келді. Бұл есімдер арқылы қазақ поэзиясының көркемдік лирикасы көріктеніп, сұлуланып сала берді. 1960 жылы Зейнолла Шүкіровтың «Теңіз жыры» /өлеңдер/, «Кәмила» /өлеңдер мен поэма/, Тоқаш Бердияровтың «Бейбітшілік көшесі» /поэма мен өлеңдер/, Еркеш Ибраһимовтың «Көкшетау көріністері» /өлеңдер/, Сағи Жиенбаевтың «Сыйлық» /өлеңдер/, Шәміл Мұхамеджановтың «Ана құшағы» /өлеңдер/, Жұмекен Нәжімеденовтың «Балауса» /өлеңдер/ т.б. кітаптары оқырман қолына тиді. 1961 жылы Олжас Сүлейменовтың «Арғымақтар» /өлеңдер мен поэмалар/, «Адамға табын жер енді» /поэма/, Ғафу Қайырбековтың «Арал әуендері» /өлеңдер/, Әділбек Абайділдановтың «Аққайың» /өлеңдер/, Сағи Жиенбаевтың «Дала гүлі» /өлеңдер/, Ғаббас Жұмабаевтың «Нөсер» /өлеңдер/, Ізтай Мәмбетовтың «Табантал», Тұманбай Молдағалиевтың «Құралай» т.б. кітаптар жарық көрді.
Ақындар 60-шы жылдары әртүрлі сезіммен әдебиет есігін ашты. Бірі – сезім шуағына шомыла келсе, енді бірі – ой бұлтына батты. Енді бірі – терең ағым, тұңғиық иірімдерге барса, екіншісі – сөз сымбатының шолпыларын сыңғырлатып, шашпауын көтере келді.Әр қайсысының алдында – ақын болу, ақын болып азаматтық парызды өтеу. Ел, қоғам алдында қызмет көрсетіп, жұртшылыққа жүрегімен танылу мақсаты бар еді.
Т.Молдағалиев:
Қызық еді менің ұшқыр қиялым,
Көкірегімде тасушы еді күй ағын,
Бұл сезімді жазу үшін, достарым,
Жүрек керек, керегі жоқ сияның, –
десе ақынның лирика үшін жүректің оты, жанның тебіренісі керектігін алдын-ала сезіне келді.
Қ.Мырзалиев:
Уа, далам! кеңдігіңе тамсаңдым көп,
Айта алман бәрін жазып тауса алдым деп.
Сен – алып пластинка дөңгеленген,
Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп! –
десе, ақын өзінің өмірлік кредосын аңғартумен қатар, оның алға қойған арман-мақсатының биіктігін, қарымының кеңдігін нәзік лирика тілімен жеткізді.
Ж.Нәжімеденов:
Қай жаққа, енді қайда бұрыла алам,
Жаным бар шындық дарып, жыр ұнаған.
Осы бір кеудемдегі кішкене бас,
Үп-үлкен дүниенің сырына алаң...
десе, ақын дүние құпиясының сырына сүңгіген сапарынан хабар беріп қана қоймайды, лирикалық жүрегін оқырман алдына тартып, иландырады, болашағына сендіреді.
С.Асанов:
Бәрі де аян, бәрі аян,
Аян емес сыр бар ма?
Бәрі де аян, бәрі аян,
Сырды айтпаған жыр бар ма? – дей келіп:
Сонда да бір жүйрік ой,
Ойланбаған сияқты.
Сонда да бір қызық той.
Тойланбаған сияқты.
Соны тойлау, соны ойлау
Маған қалған сияқты, –
деп, үміт көкжиегіне көз жібереді.
Т.Айбергенов:
Өмір деген – мәңгі гүлдеп жататын,
Құштарлықтың толғағы мен көктемі.
Ешкім оған қоя алмайды нүктені,
Өмір деген сөйлем емес өйткені, –
десе, ақын өзінің лирикалық бітім-болмысын танытып, қарапайым ғана ойымен күрделі де, қасиетті жолдағы алғашқы қадамына мән беріп, зер сала сөйлейді.
Бұл өлеңдерді, ә дегеннен мысал ретінде келтіру мақсатымыз, осы дүниелерден-ақ 60-шы жылдары әдебиетке келген ұрпақтың алғашқы үндерінен, алғашқы қадамдарынан өнер сапарына үлкен дайындықпен, азаматтық жауапкершілікпен, әдебиетті мешіт десек, имене басып, аяқ кебісін құтты шаңыраққа шешіп кіргендігін аңдатары сөзсіз. Ұрпақ үндері ибалы да, нәзік, сезімдері терең де, күрделі екендігін танытады. Мұндай мінез – ақындардың шыққан тегі мен әлеуметтік ортасын да айқындай түседі.
Хронологиялық жолмен осылай саралағанымызда, 60-шы жылдар поэзиясының алғашқы өкілі болып ақын Тұманбай Молдағалиев әдебиетке қадам басты. Оған «Студент дәптері» /1959/, «Кәмила» /1960/ Махаббат оты сөнбесін» /1975/, «Мен де жиырма жаста едім» /1976 кітаптары куә


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет