Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары



бет42/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
аширов ответ

М. Мақатаевтың махаббат лирикасы

М.Мақатаев лирикасының ірі саласының бірі – махаббат лирикасы.
Өзінің ұланғайыр өлең өлкесінде Мұқағали ақын махаббатқа көп көңіл бөлген екен. Мұқағали Мақатаевтың махаббаты басқа ақындарға қарағанда бөлектеу. Ақын өзінің күнделігінде: «Менің қымбатты оқырмандарым! Мені түсіну үшін өлеңдерімді басынан бастап аяғына дейін тегіс оқыңыздар» деп жазған екен.
Лирикалық өлеңдер қатарына: «Ғашықпын! Шын ғашықпын,сол адамға», «О, махаббат, сен әлі тірі ме едің», «Арулар», «Махаббатым өзімде», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Махаббат диалогы», «Хат», Байқалмайтын махаббат, «Мен сені ұнатамын...», «Махаббат па?»
Махаббат па?
Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Махаббат па?


Махаббат болған менде.
Жиі барғам аққулар қонған көлге.
Ал, қазір тоңған жүрек, солған кеуде.

Мұқағали мұрасын зерттеушілердің көбісі «оның поэзиясында мұң басым» дейді. Мұң мен сағыныштың өзі – лирикаға тән дүние емес пе?! Сондай сарыала сағыныштан, мөлдір мұңнан құралған Мұқағали ақынның махаббат лирикасына тоқталып көрейік:


«Жамылып сағыныштың сал шекпенін,


Сарғайып сенің үшін зар шеккемін.
Зарықтыр, о, тәңірім, жалықтырма?
Мәңгілік ғашықпын мен, ант еткемін! …
Білем саған жете алман, ғарыштасың,
Белгілі мәңгілікке табыспасым.
Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,
Сен маған сағыныш боп жабысқасың.
Қайтсем екен сені ұстап қалу үшін?!
Сен маған шексіз дала сағымысың.
Мен өтермін, өтермін, өтермін мен,
Мәңгілік сен қаласың, сағынышым!!!»

Мұнда махаббат та, сағыныш пен мұң да бар. Қол жетпейтін, тек қана ой мен сөз бара алатын алып кеңістік бар. Ақынның аппақ арманы, қыран қиялы Көк жүзінде, тым биікте қалықтайды. Ғашықтық ғаламаты мәңгілік ағысқа ұласқан. Мәңгіліктің ғұмыры да – мәңгілік! Мұхаң соған барды.


Қазақ қызының ғажап портретін өткен замандардан бері қаншама ақындар жырлап келеді. Бірақ, Мақатаев жыры ерекше маздап тұр. Ден қояйық: «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман…» Бұл жерде тағы да қол жетпейтін, көз көрмейтін, құлақ естімейтін ерекше сұлулық тұр. Тек сезім ғана жететін осынау сырды ақын айтып отыр. Қиялындағы құралайды қызғыштай қорғайды. Лирикалық өлеңге әдемі ән кейіннен жазылды. Дегенмен, ақын осы өлеңнің мәтінін жазған кезде күйсандықтың ырғағымен нотасын қоса түсірген сияқты. Себебі, өлеңнің өзінен әуен есіп тұр.


Мақатаевтың біршама өлеңдеріне ән жазылған. Бврлығы твнымал әндер

Ақынның махаббат жырлары – жүректі тербер сағыныш сырларымен, тылсым құпиясымен, нәзік мұңымен бірден баурап алады. Бір ғажабы, Мұқағали махаббаты – тазалық пен пәктікті ұстанатын періште түрінде, идеал ретінде көрінеді. «Аққанат құс – махаббатын» өте биіктен, бұлттардың ар жағынан көргісі келеді. Бір өлеңінде: «Сен биікте жүрсің деп, төмендегем…», – депті. Шәміл құрдасына жазған хатында: «Шәміл-ау! Білесің бе, шын махаббат – Осылай қарамаудан жаралады!», – деп түйіндейді. «Шын ғашықтар қосылмайды», «Нағыз махаббат түбі – трагедия» дейтін халық ұғымын ұстанған ақын махаббатқа ойлы көзбен қарап, оны үнемі жоғары ұстап, барынша адалдық танытқан.


Мақатаевтың махаббат лирикасының қайнар көзі шығыс поэзиясында жатқан сияқты. Иә, бастау бұлақ – сонау Хаям мен Хафиз жырларынан тамыр тартқан. Шығыс бұлбұлдарының рубаи, ғазалдарымен жасынан таныс болған ақын өсе келе өзіндік ұлттық өрнек тапқан. Ерекше сағыну, мейлінше мұңға орану, ғашығын шексіз ғарыштан іздеу – шығыстың ойшыл ақындарынан келе жатқан әдемі де нәзік дәстүр.


«Дәстүр жалғастығы», «ұрпақтар сабақтастығы» деген сөздерді жиі айтамыз. Ендеше, Мұқағали ақын мен шығыс шайырларының арасында көзге көрінбес бір жібек желі әрдайым сақталып келген. Оны кезінде Кеңестер одағы да үзе алмаған. Қай дәуір, қандай кезеңдерде болмасын, махаббат – мәңгілік тақырып. Оның соңы, шешімі болуы мүмкін емес те шығар. Біз айтып отырған Мұқағали ақынның махаббаты да осындай.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет