Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы ақын-жыраулар бейнесі



бет28/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78
аширов ответ

І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы ақын-жыраулар бейнесі

"Қаһар" романы(1969) – Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясының үшінші кітабы. Роман – қазақ тарихи романистикасының үздік табысы, шоқтығы биік туынды. Қазақ әдебиеті тарихында құбылыс болған ел тағдырын шыншылдықпен бейнелеген халықтық көркем шығарма.
Романда Кенесары ханның 1837-1847 жылдар арасындағы Ресей империясының қазақ жерінің отаршылығына қарсы күрес туралы айтылады. Онымен бірге, шығармада басқа да ұлы қайраткерлер мен үлкен рөл ойнаған тұлғалар туралы айтылады.
Есенберлин жырауларға ел тарихын айтқыза отырып, лирикалық шегініс жасап, тарихи туындының негізгі желісін беріп отырғандай. Себебі, қазақ елінің хандық құрылу кезеңіндегі тарихын сонау әлем құрылғаннан бастап билеуші мен халықтың арасын байланыстырушы бас идеологтар - жыраулар тарапынан айтқызып отыр.
Қаһар романында аты аталып, кездесетін ақын-жыраулар: Бұқар жырау, Нысанбай ақын, Арыстан ақын, Досқожа ақын, Ырым ақын, Масан би. Романда Бұқар жырау кейіпкер ретінде өткенге шегініс жасағанда, еске алғанда аттары аталады. Себебі трилогияда уақыт бір орында тұрмайды, оқырман ХV ғасырда отырып, кейіпкерлердің монологы немесе диалогы арқылы одан бірнеше ғасыр бұрынғы кеңіс­тікке түсіп кетеді, немесе жазушы нақты тарихи тұлғаларды бей­нелегендіктен, абыздардың түс жо­ру әдісі (Бұқардың Абылайдың түсін жоруы, Кенесарының түсі) ар­қылы болашақтағы, кейіннен тарихта нақты орын алған оқиғаларға көшеді, яғни трилогияда кеше – бүгін – болашақ уақытының тізбегі қолданылған.


Нысанбай ақын -Кенесары ханның жанында болған ақылшы- кеңесшісі жəне ұлт-азаттық көтерілісінің басталуынан аяқталуына дейінгі майдандарға қатысқан жорықшы жырау. М.Әуезов “Бұқардан кейінгі аса ірі жорық жыршысы” деп атаған. Бұқар жырау Абылайдың кеңесшісі болған болса, Нысанбай ақын Кенесарының кеңес айтар ақылшысы болған. Нысанбай жырау — «Қаһар» романындағы əдеби көркем бейне. Кітап композициясындағы сюжеттік бөліктерде Нысанбайдың шығармашылық тұлғалануы əр қырынан алынып бейнеленген. Ең бастысы — эпик жыршылығы. «Қаһар» романы композициясында Нысанбайдың эпик жыршылығы Қазақ хандығы мемлекеттік тарихын шежірелік баянмен жырлаған сəттері арқылы көрінеді. Романда Нысанбай–Кенесары ханға дейінгі қазақ тарихын,Шыңғыс шежіресін бастан аяқ жырлайды. Атасы Абылай ханды, әкесі Қасым төрені мадақтай келіп, Кенесарының көш бастарын сезгендей, оған:
Абылай жолы ауыр жол,
Батыр Кене, біліп қой.
Абылайдай берік бол.
Алам десең абырой, — деп ұзақ жырын бітіреді. Сондағы Қасым төре өзі де Кенесарыдан үміт күткендегін білдіріп, ішінен “қателеспеген екем, мен аңғарғанды сыншы ақын да аңғарған екен” деген. Кенесарының әрбір кеңесінде ақылшысы болып, онымен кеңесіп отырған. Роман соңында Кенесары өзінің өлімі жайлы түсін айтып жатып, “құлағыма сол Нысанбайымның жоқтауы дара естілді” дейді. Кенесарының Нысанбай ақынмен қаншалықты жақын болғандығы осы тұста да көрінеді. Жалпы айтқанда, Нысанбай өзінің жырымен жауынгерлердің рухын көтерсе, ұрыс кезінде қолына найза алып, ұрысқа қатысқан жауынгер-жыршы ретінде көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет