Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» дилогиясындағы сжет пен композиция



бет26/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
аширов ответ

Ә. Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» дилогиясындағы сжет пен композиция

Соңғы парыз психологиялық-әлеуметтік роман. Роман-диалогия 20 жылға жуық жазылған деген мәлімет бар. Басты кейіпкерлері санаулы: Жәдігер, Бәкизат, Әзім. Негізгі оқиға үштік арасында болады. Сюжеттік желісі 1 күн, 1 түн оқиғасы. Композициялық құрылымындағы үлкен жаңалық шегініс жасау және шығарма сана ағымымен жазылған. Себебі барлық оқиға басты кейіпкер Жәдігердің санасында орын алып, шығарма екінші жақта баяндалады. Экологиялық мәселелер – екі түрлі көзқарас (Әзім мен Жәдігер).
«Соңғы парыз» – әдебиетіміздің басты тақырыбы туған жер, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар жайына арналған күрделі шығарма. «Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болған» атты екі кітаптан тұратын роман – дилогияға бір күн, бір түннің ғана оқиғасы сыйдырылған. Романда оқиғалы ішкі монологтар мен авторлық баяндаулар көп.
Шығарма Ұзын қара кісінің қардың үстінде жатқан шұбалаңдаған ізіне қарап ойналуынан басталады. Бұл ұзын қара кісі - Жәдігер еді.Одан кейін Әзім мен Бәкизаттың теңіз жағасында танысуымен өрбіп, үшеуінің оқу іздеп қалаға баруымен жалғасын табады. Бірақ Жәдігердің ағасы Жәдірді Бәкизатқа емес құрылыс бастығының қызына өз мүддесі үшін үйлендіреді. Ал Бәкизат Жәдігердің жары болып, Арал теңізінің жағасында өмір сүреді. Олардың ұлы мен қызы болады. Дегенмен ұлының ақыл-есі кеш дамыса, қызының саусағында кінәрат бар еді. Бұл арқылы жазушы бізге экологиялық мәселені көтергендей. Жәдігердің кеудесінен кішкеентай құс пыр етіп ұшып, шырылдап мәңгілік мекеніне аттанды! Иә, Жәдігер бақилық болған еді. Бұл шығарманың нүктесі қойылған тұсы.
Автор өзінің кейбір ойларын Жәдігердің аузына салған. Сондықтан романдағы Жәдігер тағдыры Арал тағдырымен ұштасып баяндалатыны сезіліп тұрады. Шығармадағы экокеңістік мұз үсті болса, сол мұзға түскен Жәдігердің ізі, ізіне қарап тұрып «аяғы дүниенің ырың-жырың» деген әкесі айтқан сөзді еске алуы және өз тағдырын өз ізімен салыстырып ойлануы, қанатты сөздің Жәдігердің монологы ішінде бірнеше рет қайталанып берілуі оны романның лейтмотиві сияқты көрсетеді. Шынтуайтында, бұл қанатты сөз ұлттық дүниетанымымыздың бір қырын білдіреді емес пе? Ата-бабаларымыз «дүниенің басы сайран, түбі ойран» екенін әлмисақтан әрі заманда-ақ айтып кеткен. Жәдігер тағдырын, трагедиясын жазу үстінде суреткердің осы ұлттық танымды еске алуы, қалайда тегін емес-ау деп ойланамыз. Суреткер адам тағдырынан әрі асып, жалпы адамзат тағдыры туралы толғанғанда Арал экологиясы – табиғат экологиясы, адам экологиясы – адамзат экологиясы – түбі ақырзаман туралы ойға шомбады дейсіз бе? Тұңғиық тақырыпқа тірелген тұста ұлттық дүниетанымымызды білдіретін қанатты сөзді қайталап еске алуын жазушының – бұлардың бәрі адамзатты ақырзаманға апара жатқан жоқ па? – деген ойды аңғартқаны болып жүрмесін!!!
Әбіш Кекілбаев «Соңғы парыз» туралы: «Арал теңізінің тартылуымен, адамдардың мейірімінің де тартылуы, өмірлерінің мәнінің жойылуы суреттеледі. Шығармадағы экокеңістік – мұз үсті, ондағы ізден ешқашан жылы леп еспейді. Кісі де, аң да, құс та, қашқан да, қуған да, бәрі-бәрі мұз үстіне шығып кеткені табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастардың бұзылғанын суреттейтін секілді», – деп тегін айтпаса керек.
«Соңғы парыздағы» Көткеншек Көшен мен Сары Шая бейнелері – комедиялық жоспарда жасалған классикалық бейнелер. Әр сөзі, қимылы мен іс-әрекеті күлкі шақыратын, тіпті кейде ашу-ызамызды келтіріп, өзінен жирендіретін Сары Шая бейнесі барынша дараланып жасалған, классик жазушының шеберлігін тағы да бір қырынан дәлелдеп берген бейне.
Сары Шаяның сыртқы кескін-келбетін әжуалап, мысқылдап, юморға айналдыра отырып, бірнеше қырынан суреттеген жазушы оның әдеби бейнесін сомдап, толыққанды образ етіп жасауға көшеді. «Шынында да басқа шаруаға қырсыз Сары Шая қағазға жүйрік. Істі болған кісілерге касациялық шағым дейсіз бе, қолхат, тілхат дейсіз бе? Бұзатын іс, қайта қарайтын іс, ақтайтын, қаралайтын қағаз соның қайсысы болса да, құдды үнді шайын ішкендей танауының ұшы шып-шып терлеп, рахаттанып кірісетін».
Көткеншек Көшен де – ерекше тип. Бұл да – дараланып жасалған өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын әдеби бейне. Осы екеуінің аттарының өзі күлкі шақырады. Өздеріне сай, тауып қойылған. «Атына заты сай» осындай әдеби бейнелердің типтерімен өмірде кездесіп жүргеніміз ақиқат қой. Әбдіжәміл Нұрпейісов жасаған образдар әлемі де біздің рухани дүниемізді дамытып, тәрбиелеп келе жатқаны даусыз. Біздің олардан үйренгеніміз, тіпті жиренгеніміз үшін де суреткерге қарыздармыз. Ойланыңқырап қарасақ, біз құралпы оқырмандар «Қан мен тердің» кейіпкерлерімен ержетсек, «Соңғы парыздың» кейіпкерлерімен есейіп келе жатырмыз. Таланттың қолынан шыққан құнды дүние – көркем шығарма болмысымызды бүтіндей түсіп, өміріңді түзу өткізуге бағыт-бағдар беретін бағдаршам іспеттес болады екен. Даусыз шындық – оқырмандардың ойын онға, санасын санға бөлетін, сөйтіп рухын тазалайтын, жанын жадырататын Әбдіжәміл Нұрпейісовтің көркем шығармалары да осындай санаулы дүниелердің қатарында.
«Төс сүйегі тақтайдай, тырыли арық қара шал әлі де ұрынарға қара таппай өз-өзінен осқырынып қояды. Тұла бойындағы бар зәрді бетіне жиып апты. Шатынаған көзі шынымен қаптағандай». Портрет жасаудан, Көткеншек Көшеннің ішкі мінез-құлқын суреттеуге бірте-бірте ауысқан суреткер формадан мазмұнға көше отырып, әдеби бейнені келісті кестелеген. Нәтижесінде қазақ әдебиетіндегі классикалық бейнелер галереясын толықтырған Көткеншек Көшеннің және Сары Шаяның толыққанды әдеби бейнелері жарыққа шыққан. Бұл бейнелер қазақ әдебиетіндегі Қарабай, Құнанбай, Итбай, Жұман, Судыр Ахмет, Қарақатын бейнелерімен қатар тұра алатын, оқырманға беретін әдеби эстетикалық әсер-ықпалы мол классикалық бейнелер болып табылады.
Жәдігердің бейнесі нағыз патриот азаматтың, жеке бас қамын емес, халық қамын ойлайтын ұлтжанды ұлдың бейнесі дәрежесіне көтеріліп жасалған. Оның ойы терең, ниеті түзу, пейілі кең, қарапайым еңбек адамы бола тұра, көп нәрсені байыбына бара отыра, кеңінен ойлайды. Адал, әділетті. «Ал мынау күллі қазақтың, қазақ халқының басына қара күн орнатқан, сұм заманның сұмдық зауалына айналып, етек алып барады. Әсіресе, кеше Арал тартылып, ана жақта Семей, мына жақта Байқоңыр, ол аз дегендей Маңғыстаудың мидай жазық даласы мен Ақтөбенің қатпар-қатпар кәрі таулары, Орал мен Орданың шағыл құмдарына үсті-үстіне бомба жарып, ұлан- байтақ жер-су, ел-жұрт жаппай полигонға айналғалы бері бұл дүниеде қазақ татпаған у мен дерт қалды ма? Әне жас ана құрсақ көтерсе үзірлі, кеміс бала туып, ұрпақ азып барады». Жәдігердің жанын жегідей жеген, ел ертеңіне қатысты түпсіз ойлар, міне осылар… Екі етегі далақтап, күні-түні еңбек етіп жүрген Жәдігердің ең болмаса отбасында береке жоқ. Жар опасыз, ұл мен қыз дүниеге кемтар болып келген. Роман соңында Жәдігердің мұз үстінде дүниеден қайтқаны баяндалады. Жәдігердің өмірі бейнетке толы, еңбектің бейнетін қанша көрсе де, зейнетіне қол жеткізе алмаған, адал жар сүйіп, бала-шағаның қызығын көрмеген, қайғы-қапасқа толы трагедиялы өмір болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет