Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Повесттері: «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Хан-ша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй» Романдар



бет78/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
аширов ответ

Повесттері: «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Хан-ша дария хикаясы», «Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй»
Романдар: «Үркер» мен «Елең-Алаңнан» басқа «Шандоз», «Аңыздың ақыры», ««Плеяды – созвездие надежды», «Всполохи».
Тарихи шығармалары:Үркер мен Елең-алаң қазақтардың Әбілқайыр хан тұсында Ресей Империясына қосылуы туралы, Аңыздың ақыры Әмір Темірдің жорықтан келгендегі мұнараның салынуы, шығыстық сипатта жазылған, Күй Абыл күйші мен Сүйінғара батыр (Дүйімқара) тарихы туралы,Ханша дария хикаясы Шыңғыс хан туралы, «Шандоз» – ХІХ ғасырдың бірінші жартысында алуан түрлі саяси-әлеуметтік қайшылықтар Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласуы туралы;

  1. 1960-2000жж тарихи роман жанры және М. Мағауин шығармашылығының орны мен маңызы

Бір мезетте қатар жарық көрген Есенберлиннің тарихи романдары мен Мағауинның зерттеу еңбектері үлкен бетбұрыс, рухани «жарылыс» жасады десек асыра айтқандай болмас. Көне тарих қойнауын ақтарып, ескіні еске түсіретін бұл шығармалар халықтың үзіліп қалған зердесін қайта жалғады. Мағауин — ең алдымен прозашы, үлкен романист. Әдебиетке араласқан қырық жылға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан, ғылыми еңбектерін есепке алмағанда, ондаған әңгіме « Тазының өлімі», «Қара қыз», «Бір атаның балалары» сияқты повестер, «Көк мұнар», «Көк балақ», « Аласапыран», « Сары қазақ», «Шахан сері» романдары және «Мен» атты мемуар туды. Мұхтарды кең құлашты романист ретінде танытқан, бүгінде дейінгі көркемдік ізденістерінің биік шыңы саналатын бас кітабы-«Аласапыран» диологиясы. Көтерген тақырыбының бұрын із түспеген сонылығы жағынан болсын, жазушы шеберлігінің биікке жол тартқан кемелдігі жағынан болсын, бұл роман- әдебиетімізге үлкен олжа салған шығарма. Сонау Алтын Орда, Ноғайлы дәуірінен бергі қазақ хандығының тарихын терең зерттеген Мұхтардың мол білімі мен суреткерлік шеберлігі «Аласапыранда» жақсы үйлесім тапқан. Көз алдыңыздан XVI ғасырдағы қазақтың азат даласы, Ібір- Сібірдегі Көшім хандығы, мұнаралы Мәскеудегі орыс патшалығы ретімен тізіліп өтіп жатады. сол дәуірдегі Ресей патшалығының ішкі- сыртқы саясаты, таяу болашақта Шығыс Еуропа мен жарты Азияның қожасына айналғалы тұрған елдің жан-жаққа өлермендене созған ашқарақ қолы, Мәскеудегі тақ үшін тартыс, бәрі-бәрі де романда өз бейнесін тапқан. Сүйсінерлігі, осыншама мол материалды қамтыған қос томды кесек — шығарманы оқығанда, шұбалаңқылық, не оқиға селкеулігі сезілмейді. Себебі, соның бәрі де бас қаһарман Ораз-Мұхамет тағдырына қатысты түрде, негізгі желіге көгенделіп берілген. Жалпы Ораз – Мұхамет бейнесі- өзінің қайталанбас трагедиялық болмысымен оқушы айнасында өшпес із қалдыратын, қазақ прозасында бұрын- соңды ұшыраспаған, классикалық деңгейдегі, аса айшықты тұлға. Тағдырдың айдауымен жат ортада жүрген осы бір асыл текті азаматты жан тартып, жақсы көріп кететініз сонша, роман соңында оның қазасы суреттелетін беттерді көзге бас алмай, тебіренбей оқу мүмкін емес.


М.Мағауин XV-XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген.  Әу бастағы ғылыми зерттеулерінен «Әйел махаббаты», «Тазының өлімі», «Көк мұнар» тәрізді алғашқы жылдардағы көркем әдеби туындыларынан бастап түп-түгел оқырман назарында, жұртшылық аузында. Содан кейін Қазақ ССР ғылым академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болған. ХҮ-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген қазақ ақын- жырауларының бір томдық жинағы «Алдаспанды» шығарды. Ең алғашқы 1958 жылы жарық көрген « Қобыз сарыны» деген әдеби зерттеу кітабы әдебиетіміздің тарихын үш ғасыр ары жылжытқан, қажырлы да қайратты еңбек болды. Шалкиіз, Қазтуған, Асан Қайғы, Бұқар жырау, Ақтамберді сияқты баба жырауларымыздың бүгінгі ұрпағымен қайта табысуына үлесі мол.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет