Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге қатысты



бет13/16
Дата06.09.2023
өлшемі60.63 Kb.
#476703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ИМП на 2023-2024 год каз

Кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге қатысты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурсы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Білім және ғылым министрінің бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарының, орындаушылар байқауларының, кәсіптік шеберлік байқауларының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Заңы негізінде өткізіледі.
Салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурсының мақсаты – ТжКОБ ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтарын анықтау және қолдау, педагогтардың беделі мен имиджін арттыру және кәсіби шеберлік бойынша озық тәжірибені тарату.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтары арасында тау-кен, мұнай-газ, энергетика, инженерлік, ауылшаруашылық, құрылыс және педагогикалық саласы, денсаулық сақтау, қызмет көрсету, көлік және байланыс, өнер және мәдениет, спорт сияқты 13 сала бойынша кәсіптік шеберлік конкурсын өткізу туралы ережені бекітті.
Салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурстары өткізілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі анықталды.
Облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары:
- сала бойынша кәсіби шеберлік конкурсына педагогтардың қатысуын қамтамасыз ету;
- бекітілген кестеге сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кәсіби шеберлік конкурстарын өткізетін базаны ұйымдастырады;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге бизнес-қоғамдастық өкілдерін, жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындардың (ұйымдардың), облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының тәжірибелі қызметкерлерін тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет