Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар



бет11/16
Дата06.09.2023
өлшемі60.63 Kb.
#476703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ИМП на 2023-2024 год каз

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Оқу жылының басында колледждің спорттық-бұқаралық жұмыс жоспарын құру және бекіту. Жоспар аясында студенттерді колледждің спорт секциялары туралы таныстыру, сондай-ақ студенттер топтары мен олардың ата-аналарының чаттарына қолданыстағы спорт секциялары туралы электрондық буклеттер (фото, жаттықтырушылардың байланыстары, жаттығу кестелері) жолдау қажет. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарынан қолдауды талап ететін студенттерді тарту.
Спорттық іс-шаралар бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің спорт түрлері бойынша Ұлттық спорт лигасының колледжішілік, қалалық/облыстық және республикалық кезеңдеріне қатысуын және ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мен танымал ету және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Ұлттық спорт лигасының спорт түрлері бойынша жарыстарының барлық қорытындыларын БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда жариялау қажет.
Ай сайын негізде студенттер мен олардың ата-аналарына арналған бейнероликтерді, инфографикаларды, постерлерді БАҚ-та, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда орналастыра отырып, нашақорлықтың, электрондық темекі тұтынудың алдын алу жөніндегі мамандарды шақыра отырып, іс-шаралар өткізу.

  1. Білім алушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту

ТжКОБ ұйымының тәрбие жүйесінде білім алушылардың сабақтарынан тыс әртүрлі нысандарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды, бұл жиынтықта білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық - патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз етеді.
Оқудан тыс қызметті ұйымдастыру түрлерінің бірі білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал ететін үйірмелер болып табылады. Сондықтан ТжКОБ ұйымдарға қызығушылығы бар білім алушыларды тарта отырып үйірмелер құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы колледж білім беру процесінде оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың инновациялық әдістерін, формаларын, модельдерін іздеуді жүзеге асыруы керек: стартап-жобаларды қорғау; колледж подкастын жүргізу; колледждің электронды газетін ұйымдастыру; Ted форматындағы кездесулер; танымал адамдармен кездесулер; қайырымдылық әлеуметтік жобалар; елдің мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар; колледж серіктестермен өзара әрекет.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, қызығушылықтар бойынша клубтар жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 24 бұйрығы шеңберінде ТжКОБ ұйымдарында жастар ісі жөніндегі комитеттер (бұдан әрі – ЖІК), №77 ҚРҮҚ сәйкес жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымын көздеу қажет), «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтарын, қызығушылықтары бойынша клубтар құру жөніндегі жұмысты жалғастыруды ұсынамыз. Осы бағыттағы жалпы басшылық пен қызметті үйлестіру колледж басшылардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына бекітілсін.
Сонымен қатар, дебат клубтарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру және жеке тұлғаның үйлесімді дамуын, Қазақстандық патриотизмді, азаматтық бірегейлікті және толеранттылық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін неғұрлым тиімді зияткерлік құрал ретінде студенттерді дебаттық қозғалысына тарту жөнінде шаралар қабылдау қажет (Қазақстандағы оқушылар мен студенттердің дебаттық қозғалысының жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасының тұжырымдамасы).
Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында әр колледжде студенттік парламенттер құруды жалғастыру қажет. Парламент мүшелері колледждің алқалы органдарына кіріп студенттердің белгілі бір тобының мүдделерін білдіруі керек
Сонымен қатар, ЖІК мен студенттік парламенттердің міндеттері әртүрлі, яғни ЖІК студенттерді түрлі іс - шараларға тартады және өткізеді, ал студенттік парламент мүшелерінің міндеті негізінен студенттердің мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады.
Апта сайын ең өзекті тақырыптар мен сұрақтар бойынша топтар, курстар және т.б. арасында дебаттық турнирлер өткізу қажет («Development Day» аясында мүмкін болады).
Негізгі сабақтардан кейін аптасына бір рет «Development Day» студентінің даму күнін ұйымдастыруды ұсынамыз, оны ЖІК ұйымдастыруы қажет. Яғни, бұл күні әр студент кез-келген қызығушылық клубтарына еркін қатыса алады, дебаттарға, семинарларға қатыса алады (белгілі тұлғаларды, бизнесмендерді, мемлекеттік қызметшілерді, депутаттарды, кәсіпорын басшыларын шақыра отырып, студенттерге оларды ынталандыру мақсатында «Олар бұған қалай келді» деп айта алады), спорттық іс-шаралар, конкурстар,тимбилдингтер, театрларға бару, бір уақытта өту керек экскурсиялар-бұл студенттерге өз қызығушылықтарын таңдауға мүмкіндік береді.
Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара әрекет пен тығыз ынтымақтастықта іске асыруы тиіс.
5. Конкурстар мен жарыстар
Тұрақты түрде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес (Министрліктің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы) студенттерді әр түрлі конкурстарға (цифрлық дағдыларды қолдана отырып, әр түрлі салаларда ІТ-шешімдерді дамыту жөніндегі Hackathon идеялар конкурсы, «Гүлденебер, Қазақстан!», «Колледждердің үздік 100 студенті»", «Мен – кәсіпкермін», «Жас турист» Гранд турнирі) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) және өзге де жарыстарға тарту. Конкурстарға бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған студенттерді тарту қажет.
6. Профилактикалық қызметті ұйымдастыру (психологиялық және әлеуметтік қызмет)
Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында буллинг/кибербуллинг, діни экстремизм мен терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлық, ерте жүктілік, репродуктивтік денсаулығын сақтау мәселелері өзекті болып отыр.
Қазақстандық жасөспірімдер ЭЫДҰ елдеріндегі өз құрдастарымен салыстырғанда буллингке жиі ұшырайды (32%) (орташа көрсеткіш - 23%). ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, жасөспірімдердің жартысынан көбі виртуалды зорлық-зомбылық, дін мен өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларына тап болып, әлеуметтік желілерде танысуға оң көзқараспен қарайды. Осыған байланысты жоғарыда аталған келеңсіз үрдістердің алдын алу бойынша мынадай шаралар ұсынылады:
- әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтарды біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
- буллинг/кибербулинг, суицид, киберқылмыс, ерте жүктілік, репродуктивті денсаулық, діни экстремизм және терроризм, құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі мамандарды шақыра отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, YouTube-арналарда студенттер мен олардың ата-аналарына арналған бейнероликтер, инфографиктер, плакаттар (буллингтің алдын алу бойынша қажетті материалдар қоса беріледі) орналастыра отырып, іс-шаралар өткізу.
Қолайлы білім беру ортасын құруда кураторлық қызмет ерекше рөл атқарады.
Кураторлық сағаттар білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады. Кураторлық сағаттардың жоспарларын әзірлеу кезінде студенттік парламент мүшелерін тарта отырып, студенттердің жеке қажеттіліктері мен мүдделеріне назар аудару керек. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу нысандары: белгілі бір тақырыптағы әңгіме; пікірсайыс, рөлдік ойындар, тақырыптық дәріс, жиналыстар, қарым-қатынас сағаты (сұрақ-жауап), саяхат ойындары, тренингтер, конференциялар, мастер-кластар, театр қойылымдары болуы мүмкін.
Куратор білім алушылармен бірге топтың жалпы нормалары мен ережелерін әзірлеуге бастамашылық жасай алады. Қазіргі зерттеулерге сәйкес, бұл мінез-құлықтың жалпы нормаларын бірлесіп талқылау және үйлестіру, олардың жауапты сақталуына әкеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет