Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі конкурс пен Форум өткізуге қатысты
Қазақ тілін дәріптеу мақсатында жыл сайын «Мемлекеттік тіл – менің тілім» Республикалық форум өткізіледі.
Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру және қазақ тілінде оқымайтын топтарға қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемелерін айқындау мақсатында жыл сайын «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсы өткізіледі.
Облыстық конкурстардың жеңімпаздары осы іс-шараларға ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында республикалық деңгейде қатысады.
Облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары осы іс-шараларды 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында жоспарлауы қажет.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысына қатысты
Осы бөлімде ТжКОБ ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдері өзектендірілді. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, білім алушының жеке басына деген құрмет пен сенім, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі негізгі нормативтік құқықтық құжаттар:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-1V Заңы;
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-УІ Заңы;
«Білімді ұлт» cапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
Ұлттық мерекелер, мемлекеттік мерекелер, кәсіби және өзге де мерекелер «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267 Заңымен реттеледі;
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы.
«Жастар ісі жөніндегі комитеттің, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызығушылықтар бойынша клубтардың жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 24 бұйрығы.
Бүгінгі таңда колледждердегі тәрбие жұмысының негізгі міндеті-бәсекеге қабілетті түлекті дайындап қана қоймай, ең алдымен онда адами құндылықтар мен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыру:
Студенттердің оқу сауаттылығын арттыру
2022 жылғы 02 мамырдағы «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) және 2022-2025 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс - шараларды өткізу жоспары (бұдан әрі-жоспар) шеңберінде сауалнама, тестілеу және сауалнама жүргізу арқылы білім алушылардың оқырмандық қызығушылықтарының, оқырман құзыретінің деңгейіне тұрақты мониторингті жүзеге асыру қажет. Білім алушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, кітапхана қорын жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуы үшін әдебиеттермен-сапалы отандық, шетелдік көркем, салалық ғылыми-танымал, ғылыми-танымдық, энциклопедиялық және анықтамалық әдебиеттермен дәстүрлі баспа және электрондық ақпарат тасығыштарда толықтыруды ұлғайту қажет.
Жоспар шеңберінде «Топтың үздік оқырманы», «Жылдың үздік оқырманы» конкурстарын өткізу бойынша жұмысты жалғастыру, тұрақты жұмыс істейтін буккроссинг аймағын және т. б., викториналар, кітапханалық квесттер, флешмобтар ұйымдастыру қажет.
Ұйымның сайтында үздік әлемдік және отандық әдебиеттерге арналған түрлі қызметтер, студенттердің оқуын жандандыру ресурстары (интернет-викториналар, ұсынылатын қызметтер, кітап клубтары туралы ақпарат және т.б.) ұсынылуы керек.
Кітаптарды электронды форматта, соның ішінде мобильді құрылғылар арқылы оқу мүмкіндіктерін ынталандыру, әдебиет ағынын жақсартуға көмектесетін жаңа электрондық ресурстарды дамыту маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |