Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына: - Қағидалар талаптарына сәйкес жаңа білім, дағдылар мен құзыреттер алу, өз тәжірибесінде жаңа тәжірибені тарату, біліктілікті арттыру туралы растайтын құжат (сертификат) алу мақсатында курстық оқыту бағдарламасының мазмұнын табысты игеру үшін бірінші басшыларды менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
- бірінші басшының инновациялық-эксперименттік қызметті қолдануына, оқыту сапасын арттыруға әсер ететін әлеуметтік/білім беру жобаларына қатысуына әдістемелік көмек көрсету және қолдау көрсету;
- ашық қолжетімділікте тәжірибе алмасу, менеджментке және оқыту сапасына қол жеткізуге қатысты мәселелер мен проблемаларды шешуде уақтылы көмек көрсету мақсатында бірінші басшылар қоғамдастығын (қауымдастығын) құруға жәрдемдесу;
- инновациялық және АКТ технологияларын пайдалануда бірінші басшылардың білімдері мен құзыреттерін жетілдіруге ықпал ету;
- бірінші басшыларға бизнес-жобаларды құрастыру құралдарын, бизнес пен мемлекеттік құрылымдарды біріктіру және өзара іс-қимыл тетіктерін, колледждерде стартаптарды іске асыру мүмкіндіктерін, қаржыландыру көздерінің әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру бойынша өз бетінше оқу және өз бетінше білім алу ұсыну;
- басшылардың аттестаттаудан уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
Колледж директорларын ротациялауға қатысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 559 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу қағидаларына» (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес атқаратын лауазымында жеті және одан да көп жыл болған бірінші басшылар ротацияға жатады.
Бірінші басшыларды ротациялауды жүргізу үшін білім Басқармасы органдарының кадр қызметі ротациялауға жататын бірінші басшылардың тізімін қалыптастырады. 7 (жеті) жыл өткеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмыс берушінің актісімен комиссия шешім шығарғанға дейін білім беру ұйымының бірінші басшысының міндетін және функцияларын орындайды атқарушы тағайындайды.
Бірінші басшыны бос лауазымға ауыстыру үшін білім беру ұйымы болмаған кезде білім беру ұйымын көрсете отырып, лауазым шегінде бірінші басшылар арасында ротация жүргізу туралы комиссия шешім шығарғанға дейін ротация жөніндегі комиссияда жыл сайын қаралуға тиіс.
Сондай-ақ, ротациялауға жататын бірінші басшының осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, комиссия шешімінің негізінде онда тең дәрежелі бос лауазым болған кезде білім беру ұйымына ауысатынын да ескеру қажет.
ТжКБ ұйымдарда менеджментті жақсарту және бірінші басшылардың тиімділігін арттыру мақсатында колледждердің бірінші басшыларын ротациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет.