Оқу жылының ТӘрбие жұмыстары бойынша жүргізілген іс-шаралар


АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР



бет3/3
Дата16.02.2023
өлшемі1.49 Mb.
#469641
1   2   3
1-курс Информатика, ТО

АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР



24.09.2022ж. күні, 6В01506-Информатика 1-курс (қазақ/орыс тобы) студенттерімен «Қазақстанның Байтақ жасылдар партиясы құрылтайшыларының съезіне» барып, танысып, дауыс беріп қайттық. Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы құрылтайшыларының съезінде 6В01506-Информатика мамандығының 20 студенті қатысты. Съезде партияның ашылуына, жалпы ережелеріне тоқталып, студенттер дауыс берді. Жалпы алғанда съезде 1000 нан астам әрбір өңірден жиналған партия қолдаушылары мен басқа да ЖОО орындарының студенттері қатысты. Партия басшысы мен Партия құрамы жиналған дауыстарға орай сайланды. Сонымен қатар Партияның алдағы міндет-мақсаттары айтылды. Мақсаты: Жастардың экология мәселесін екінші орынға ысырмай, әлемдік проблемалардың бірі екенін ұқтырып, алдын алуды көздейді. Бүгінгі таңда қоғамда экологиялық тәрбие мен мәдениетті ерте жастан дамыту керек деген ұстаным бар. Егер біз балаларға экомәдениетті жастайынан сіңіретін болсақ, болашақта олардың экологиялық сауаты жоғары болады. Мұнымен қоса жастардың экологиялық білім деңгейінарттыру бағытында кешенді іс-шаралар жүргізілуге тиіс.



06.10.2022ж. күні, 6В01506-Информатика 1-курс (қазақ/орыс тобы) студенттерімен Ата заң мерекесіне орай «Жоғары білім берудегі жемқорлық-бұл миф немесе шындық па?» атты тәрбие сағаты өткізді. Жалпы, бірінші Жемқорлық тақырыбында ақпарат беріліп, жалпы заңды білудің қоғам үшін маңыздылығы туралы студенттер жалпы ақпараттарға тоқталып өтті. Берілген ақпараттар бойынша квест ойыны арқылы кері байланыс жасалды. Студенттер Ноутбуктан арнайы квест бөлмесінің ссылкасы арқылы ұялы телефоннан тапсырды. Тәрбие сағаты барысында келесі мәселелер қаралды:

  • жоғарғы оқу орындарындағы парақорлықпен күресу;

  • студенттердің сабақ үлгерімдері барысында қиындықтарын анықтау;

  • аралық бақылау апталығына бағыт бағдар беру.






11.11.2022 ж. күні 6В01506-Информатика 1-курс (қазақ/орыс тобы) студенттерімен 1-ші аралық бақылау біткеніне орай, аралық бақылау бағаларымен талдау жұмыстары жүргізілді. 40 студент толығымен қатысып, әр қайсысының әр пәннен алған баллдарына талдау жүргізіліп, туындаған мәселелері қарастырылып, шешу жолдары айтылды. Сонымен қатар, 2-ші аралық бақылауға бағыт бағдар беріліп, ынталандру жұмыстары жүргізілді.



17.11.2022ж. күні 6В01506-Информатика 1-курс (қазақ/орыс тобы) студенттер күніне орай «Колесо Фортуны» атты интеллектуалдық ойын квесті жатақханада өткізілді. Интеллектуалдық квест барысында студенттердің логикасын арттыратын сұрақтар қойылып, соңында қатысушы студенттерге ақшалай сыйақылар берілді. Іс-шараға Кафедра мұғалімдері қатысты. Іс-шара өте қызықты әрі танымды болды.



30.11.2022ж. күні 6В01506-Информатика 1-курс (қазақ/орыс тобы) студенттері басқа да Информатика кафедрасының эдвайзерлерінің группаларымен оның інішде Информатика-робототехника 1-курс студенттерімен қосылып, алғашқы ресми түрде ФМЦТ директоры Салғараева Гүлназ Ибрагимовнамен және Информатика кафедрасының меңгерушісінің уақытша қызметін атқарушы Аға оқытушы Бекежанова Алтыншаш Асылхановнамен кездесуге қатысып, сұрақтарына жауап алып, танысып, білісті.



Топ эдвайзері: Орынбек Ж.Қ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет