Пән/ модуль сипаттамасы
|
Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленген.
Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылған әдебиеттер тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалған.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай - ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау; таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы); әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу; ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану; публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу; ресми ісқағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу; Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде); мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру; белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу; БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми - көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі, сілтеме жасап, дәйексөз келтіру жолдарын біледі.
|