ОҚу курсының каталогы 050106 – «Музыкалық білім»



бет3/13
Дата08.07.2016
өлшемі1.77 Mb.
#185155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


1 курс

2 семестр


Пәннің аталуы

Қазақ (орыс) тілі

Қысқартылған атауы

K(О) Т

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-45, ОБСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан.




Пәннің аталуы

Шет тілі

Қысқартылған атауы

ShT

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық , ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30, ОБСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін тілдік формалар, ауызекі сөйлеу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті өмірде, кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету.

Бағдарлама студенттерді оқу сағатының көлемі шектелген түрде, оқу бағдарламасында көрсетілгендей белгілі бір көлемде шет ел тілін оқытуды қарастырады. Жалпы білім және ақпарат берумен қатар кәсіби және этномәдени, жалпы адами сипат білім беру және осы арқылы жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ маманды оқытудың гуманизация тезисін іске асыру көзделеді.



Сонымен қатар бұл курс оқу бағдарламасында белгіленген шектеулі сағат көлемінде студенттерге мамандығы бойынша шет ел тілінде кәсіптік бағдарда білім берумен қатар этномәдени, рухани тақырыптардан да ақпарат беріледі, соның нәтижесінде жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ мамандарды оқытуды гуманизациялау іске асырылады.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары. Фонетика: шетел тілінің айтылу, ырғақтық-интонациялық ерекшеліктері, дыбыстық жүйенің рецепциясы мен репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Лексика: сөз-жасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лексикалық минимум, сонымен қатар мамандықтың профиліне сай терминдер; қолданыс кеңестігіне сай лексиканың дифференциясы. Грамматика: негізгі сөз таптар-зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикаль, есімдік, предлог; жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің құрылымы, сөзжасамның негізгі модельдері. Оқу: таныстыру, анықтамалық шолып оқу дағдысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диологты дамыту шеберлігі. Сөйлеу оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диалогты дамыту шеберлігі. Жазу тізбекті ой жүйесін жеткізу, тұжырымдамалармен шығармалар, жеке және іскерлік мәндегі хаттар жазу дағдысын жетілдіру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Информатика

Қысқартылған атауы

Inf

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс -30, Практикалық-15, СРСП-45, СРС-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: – Информатика (ЕМ негіздері)

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері: студенттердің есептерді алгоритизациялау негіздеріне , нәтижелі алгоритмдерді құру, жоғары деңгейлі осы заманғы тілдерде программалау негіздерін үйрету; осы заманғы информациялық технология мүмкіндіктерін және олардың келешектегі дамуын зерттеу; компьютерлердің және компьютерлік желілердің аппапаттық және программалық жабдықтау қалып-күй мен келешектегі дамуын зерттеу.

Мазмұны

Дәріс, Практикалық сабақ: Информатика пәні, объектісі және құрамдас бөліктері. Ақпаратты көрсету формалары. Сан жүйелері. Сандарды аудару әдістері; екілік арифметика: дескретизация ұғымы, белгіленген және жылжымалы үтірлі сандармен арифметикалық операцияларды орындау. Тілдер үшін объектілер және процесстерді кескіндеу тәсілі. Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы. Ақпаратты компьютерде беру. Бульдік алгебра және компьютердің логикалық машиналар. Логикалық схемалар және логикалық машиналар. Компьютердің негізгі блоктарының элементтерінің негіздерін ұйымдастыру. Процессордың архитектуралық ұйымдасуы. Компьютердің жадын ұйымдастыру, программаны басқару принципі, функциональдық және құрылымдық компьютерді ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудегі желілік технологиялар. Программалауға кіріспе. Есекптерді алгоритмдеу негіздері. Алгоритмдер (типтер, қасиетері, беру тәсілдері). Алгоритмдік структуралар. Программалауды оқыту тілдері. Жалпы қызметтік программалау тілдері. Қолданбалы программалармен қамтамасыз ету, ақпаратты өңдеу. Берілгендер базасын басқару жүйесі. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілер жөнінде жалпы мағлұмат, компьютердің желілік қарым-қатынасының қажеттілігі. Ақпаратты қорғау негіздері. Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамалары. Ұйымдастыру шаралары, ақпаратты қорғаудың инженерлік-техникалық және де басқаша әдістері. Логикалық компьютерлік желідегі ақпаратты қорғау, антивирустық қорғану.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Алгоритмдер, есептерді шығарудың этаптары, алгоритмнің түрлері; буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы; жаңа құжаттарды құру және оларды тиімді редактірлеумен қатар құжаттарды көрнекілей білу; бүкіл әлемдік желімен жұмыс, Internet Explorer-де қажетті материалды таба білу; электрондық поштамен жұмыс істеу, күнтізбені құрастыру мен уақытты жоспарлау; берілгендерді енгізу және оны талдау, қажетті ақпаратты іздеу және оны сұрыптау; берілгендер қорын құру, ақпаратты енгізу және ақпаратты ұйымдастыру /емтихан.




Пәннің аталуы

Абайтану

Қысқартылған атауы

Abai

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, Практикалық-15, ОБСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Абайтану пәнін меңгеру үшін әдебиет тарихынан жан-жақты білімі, Абай шығармашылығын меңгеру керек және Абайдың адамгершілік мұраттарын жете түсіну қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай және қазақ лирикасы. Абай – ойшыл, философ, ақын. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Ақындығының алғашқы кезеңі. Ақынның толысу жылдары.Аудармалары. Поэмалары. Қара сөздері. Абайтану тарихынан қысқаша мәліметтер.

Мазмұны

Дәріс, Практикалық сабақ: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармалары — ақын заманының шежіресі. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі. Абайдың ағартушылық қызметі. Ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы осыған ұқсас көрініс. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны. Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Ақын Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым. Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары. Олардың көркемдік ерекшеліктерін тұпнұсқамен салыстыра талдау. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы. Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері. Абайтану ілімінің тарихы. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөніндегі өрістеген айтыс. Абайтану ілімінің негізін салған М.Әуезовтің еңбегі, Абай шығармаларын жинастырып, бастырып, насихаттау жөніндегі Әуезов бастамасының 40-шы жылдардан кейінгі дамуы. Бұл жөніндегі алғашқы іргелі ғылыми зерттеулер.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Презентация, фонотекалар (аудио және видео)




Пәннің аталуы

Музыка теориясының негіздері

Қысқартылған атауы

MTN

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквезиттер: Сольфеджио, Гармония, Негізгі музыкалық аспап, Музыка өнеріне кіріспе, Дирижерлау техникасының негіздері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Музыка теориясы негізінің мақсаты мен міндеті-студенттерге музыка жазу мен орындау тәсілдерін меңгеруге қажетті білімді үйретіп, оны дағдыға айналдыру. Студенттердің алған музыкалық білімін іске асыру –студенттердің музыкалық-эстетикалық тілектері мен ұнату қабілеттеріне дұрыс баға беру, музыкалық тәрбие мен оқытудың нақтылы негізін салу.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Дыбыс, оның физикалық және музыкалық қасиеттері. Ырғақ мөлшерлер туралы түсінік. Арақашықтық (интервал). Лад және үндестік (тональность). Музыка мәнерлігінің басты құралдары. Музыкалық-теориялық білімді оқыту принциптері. Музыкалық тіл элементтерінмеңгерудегі жүйелік көзқарас. Музыканың интонациялық табиғаты, оның тембрі, фактурасы, композициясы, пішіні (формасы), көркемдік мәнерлік құралдары.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттерге музыка теориясының негізі-музыкалық білімінің ғылыми қалыптасқан қағидалары мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Демек, музыка теориясы-музыка ғылымының өзіне тән түпкі тамыры болып есептелінеді, өйткені бұдан жоғарыда аталған-гармония, полифония т.б. пәндер тармақталып, дараланып шығады.




Пәннің аталуы

Сольфеджио

Қысқартылған атауы

Sol

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теория негіздері, Хор класы. Дауысты қою, Вокал класы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Сольфеджио курсының мақсатымен міндеттер- сольфеджио бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың басты міндеті-оқытудың кешенді тәсілін қолдану. Оған кіретіндер:-әртүрлі дәуірдің стиліндегі көп дауысты музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз нота бойынша мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру;-дауыс тану жүйесін қатаң сақтай отырып, туыстас тональдік ішіндегі модуляцияны әндету дағдысын қалыптастыру;

-тыңдау арқылы ладтағылар гаммалардың жекелеген интервалдарды, аккордтарды, ырғақтық және ладтағы, интервалдық аккордтардың құрылымдарын айыра білуге дағдыландыру. Сондай-ақ, түрлі құрылым, бір дауысты, екі дауысты периодтардың төмендегі өлшемдегі жазуын айыра бөлуге дағдыландыру;-ұлттық музыкалық материалдарды пайдалану; қазақтың музыкалық фольклоры мен Қазақстанның кәсіптік және қазіргі композиторларының шығармалары. Мұнда негізгі назар аударатын сала-халық өлеңдері;-көрнекі құралдар мен түрлі өлшемдегі музыкалық шығармаларды әр үрлі мастабта топпен қолдану дағдысын қалыптастыру.



Мазмұны

Практикалық сабақ: Педагог-музыкант дайындауда музыкалық есту қабілетінің, музыкалық ойлаудың және естің дамуы. Таза айту дағдыларын (бір дауысты және көп дауысты), музыкалық материалдар үзінділеріндегі музыкалық құрылым мен тіл элементтерін есту қабілеттері арқылы талдауды қалыптастыру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

-мысалдың құрылымын, өлшемдік-тематикалық құрылысын, қорытындысын анықтау;-топальдік жоспарда ладтық және интервалды-гармониялық ерекшеліктерін анықтау;-интонациялық ерекшеліктерді және жүргізілген тұжырымдама бойынша дұрыс тыныс алуды анықтау




Пәннің аталуы

Негізгі музыкалық аспап

Қысқартылған атауы

NMA

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теориясының негіздері, Сольфеджио, Қазақ музыка тарихы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жалпы білім беретін мектептің жұмысына жоғары біліктілікті музыка мұғалімінің дайындау-негізгі музыкалық аспап баян курсының мақсаты мен басты міндеті болып саналады.

Мазмұны

Жеке сабақ: Аспаптық орындаушылық – шығармашылық қызметтің бір түрі. Музыкалық шығарманы меңгеру үрдісіндегі техникалық дағдылар мен іскерліктің қалыптасуы. Музыкалық-есту қабілеттері мен моторлық қозғалыс дағдылар дамуының формалары мен әдістері. Түрлі жанрлар, формалар, стильдер және бағыттардағы шығармаларды біріктіре отырып, орындаушылық репертуарды меңгеру. Аспаптық орындаушылық қызмет түрі ретіндегі музыкалық орындаушылық.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент аспапты ұстауды, отырысын, оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды толық меңгеруі тиіс. Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шағын жаттығулар мен пьесаларды үйренген жөн.




Пәннің аталуы

Хор класы

Қысқартылған атауы

HK

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Музыка теориясының негіздері, Сольфеджио, Гармония, Дауысты қою, Вокал класы, Қазақ музыка тарихы және Шетел музыка тарихы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті-студенттердің хорда ән салу шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, хормен жұмыс істеу әдістерін игеру, дидактикалық принциптер мен ән айту кезінде адам организімінде жүретін психофизиологиялық процесті меңгеру.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Жалпы білім беретін мектептердегі музыка сабағында және сабақан тыс уақыттағы (хор, ансамбль) жұмыс кезінде хормейстерлік және дирижерлық дайындықтың барысы. Хорды басқару және хор үндестігінің негіздерін оқу. Хор ұжымындағы вокальдық тәрбиенің әдістері. Бүкіл хормен, хор партияларымен, хорғ қатысушылармен жеке жұмыс жасау дағыдылары. Хор репетициялары және концерттік орындаушылық. Дирижердың өз бетінше қызметінің теориялық және әдістемілік дайындығы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттердің өз бетінше хордағы вокалды үйрену мен музыкалық жетілуі және оларды диржерлық хор білімі дағдыларын практикада қолдануға үйрету.




Пәннің аталуы

Хорды дирижерлау

Қысқартылған атауы

HD

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Музыка теориясы, Сольфеджио, Гармония, Хор жүргізу, Дирижерлау

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жан-жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, музыка-педагогика факультетіндегі вокалды-хор өнерінің барлық саласынан білімдар және оларды өз шәкірттеріне толыққанды жеткізе алатын музыка мұғалімін даярлау.

Мазмұны

Жеке сабақ: Хорды басқару өнері ретінде дирижерлау. Дирижерлық дағдылар мен іскерліктерді меңгеру. Дирижерлық дамуының кезеңдері және дирижерлық техниканың қалыптасуы. Атақты хор дирижерлары, олардың жұмыс тәжірибелерін қорытындылау. Сүйемелдеуі бар және сүйемелдеусіз шығармаларды дирижерлау. Хор шығармаларының жеке шығармашылық интерпретациясы. Музыка мұғалімін балалар хорымен жұмыс жасауға дайындау. әр түрдегі және типтердегі хор партитураларын оқу және орындау

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қорыта айтқан студенттер пәнді оқу барысында студенттер мынадай дағдыларды игеруі тиіс:-вокалды хор дирижерлау техникасы, тыныс алу, дем алу, тізбек дем алу; хор партитурасын оқу




Пәннің аталуы

Дирижерлау техникасының негіздері

Қысқартылған атауы

DTN

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теориясының негіздері, Хор жүргізу, Ходы дирижерлау, Дауысты қою, Қазақ музыка тарихы және Шетел музыка тарихы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жан-жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, музыка-педагогика факльтетіндегі вокалды-хор өнерінің барлық саласынан білімдер және оларды өз шәкірттеріне толыққанды жеткізе алатын музыка мұғалімдерін даярлау.

Мазмұны

Практикалық сабақ:Пәнді меңгеру барысында, хор партитураларын оқу курсы өтіледі және осы жұмыс жасауда тиімді қолдану жолдары қарастырылады. Хор дирижерлау пәнінінң бағдарламасына мектеп репертуары халық әндері сонымен қатар дүниежүзілік хор өнеріндегі асыл мұралар қарастырылған шығармалар енген.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді мегеру барысында, хор партитураларын оқу курсы өтіледі және осы жұмыс жасауда тиімді қолдану жолдары қарастырылды.




Пәннің аталуы

Бірлескен хор

Қысқартылған атауы

ВH

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Фортепиано, Сольфеджио, Музыка теориясы, Хор жүргізу, Хоровая литература, Музыка тарихы, Вокал, Музыкалық шығармаларды талдау.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

- хор (академиялық) ұжымының жетекшілерін дайындау; - студенттердің көркемдік талғамдарын, хор өнеріне деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;

Мазмұны

Практикалық сабақ: Оқу хорымен жұмыс істеу-хор кластың негігі оқыту формасы. Бірлескен хор дирижерлық хор мамандануының арнайы циклінің орталық пәні ретінде оқылады. Оқу пәндері арасында «Бірлескен хор» пәні орталық орынды иеленеді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Осы пән бойынша студенттер болашақ кәсіби қызметіне қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгерулері тиіс.




Пәннің аталуы

Мектеп хор ұжымын ұйымдастыру

Қысқартылған атауы

MHUU

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-30, ОБСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Хортану, Бірлескен хор

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Хормен ән айту өнері оқушылардың ән айтудағы мәдениетіне, олардың жалпы және музыкалық дамуларына, рухани жан байлықтарын тәрбиелеуге, дүниетанымына, болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына себебін тигізеді.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Алғашқы сабақтардан бастап оқушыларға адам даусының бояуының ерекшеліктері, оның түрлері (сопрано, альт , тенор, бас), балалр даусының өзіне тән ерекшелігі (дисканттар, олар сопрано және альт болып саналуы) туралы әңгімелеп беруге болады. Балалар хордың әрбір даусының өзіндік қажеттілігін, бірге үндесуіндегі орнын дұрыс түсінулері қажет.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Хорды ұйымдастырмас бұрын, ең әуелі оның ұжымдық құрамын, оқушшылардың жас ерекшеліктерін, ән репертуары мен оның бағытын, оның өзіне тән ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Хор әншілерінің музыкалық сауаттылықтарын дамытудағы хормен жұмыс істеудің көлемін, музыка тыңдауға, сол шығарма жайында әңгіме жүргізуге, оны талдауға, қанша уақыт бөлуді алдын –ала анықтау керек.




Пәннің аталуы

Музыкалық этнография

Қысқартылған атауы

МЕ

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Қазақ музыкасының тарихы .

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты- студенттердің музыкалық этнография, фольклор туралы ұғым түсініктерін қалыптастырып, оның негізгі сипаттарын саралауға мүмкіндік тудырды. Олар: музыкалық-этнографиялық және фольклорлық мұраның халықтығы, варианттылығы, ауызекілігі, ұжымдылығы, поэтикасы, композициясы, тарихилығы, этникаық сипаты..

Мазмұны

Дәріс: Халықтың рухани мәдениетінің формасы және сферасы ретіндегі музыкалық этнография. Халықтың көркемдік мәдениетінің бірі-музыкалық фольклор. ән фольклорының жанрлары. Вокальдық және аспаптық музыкасының әдістемесінің ерекшеліктері. Қоғамның қазіргі таңдағы музыка мәдениетінің контекстіндегі қазақ музыка фольклоры. Оқушылардың музыкалық фольклорға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Музыкалық этнография пәні ұлттық мәдениетіміздің монодиялық табиғаты, гетерофониялық көпдауыстылықтан айырмасы жайындағы еңбектермен танысу арқылы қазақ этнографиясы мен фольклорының болмыс-бітімін саралау




Пәннің аталуы

Дауысты қою

Қысқартылған атауы

DK

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндері, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Элементтік музыка теориясы, Сольфеджио, Гармония, Музыка теориясы,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

- сабақтың үрдісінеде студенттердің дауыстарын және музыкалы-орындаушылық қабілеттерін дамыту;- студенттердің жоғарғы көркемдік талғамдарын дамыту;- студенттерді Қазақстан Республикасының және шетел композиторларының вокалдық музыкасының стильдерімен, жанрларымен таныстыру;

Мазмұны

Жеке сабақ: «Дауысты қою» пәні меңгерудің қажеттілігі болашақ музыка мұғалімінің жор жетекшілігінің вокалды-техникасының негізін қалыптастырады. Музыка мұғалімінің жұмысын табысты болуы олардың адам даусының ерекшелігін, регистрлерін және вокал – техникалық мүмкіншіліктерін білуіне байланысты. «Дауысты қою» курсы жұмыс істеудің танымдық және жекеше түрлерін енгізеді. Оқыту барысында оқытушы студентке ән айтудың іс-тәжірибелік дағдыларын ғана беріп қоймай, сонымен қатар осы пән бойынша ғылыми, әдістемелік және жалпы терең білімдер береді.

Осы сабақ бойынша өткізілетін жеке сабақта студенттің даусы және музыкалық қабілеттері дамытылады. Осы пәнді меңгерудегі алғашқы кезеңде оқытушы студенттің табиғи қабілеттеріне көңіл бөліп, оның дұрыс дыбыс шығаруын үйретеді.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Осы сабақ бойынша өткізілетін жеке сабақта студенттің дауысы және музыкалық қабілеттері дамытылады. Осы пәнді меңгерудегі алғашқы кезеңде оқытушы студенттің табиғи қабілеттеріне көңіл бөліп, оның дұрыс дыбыс шығаруын үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет