ОҚу курсының каталогы 050106 – «Музыкалық білім»



бет6/13
Дата08.07.2016
өлшемі1.77 Mb.
#185155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жеке сабақ: «Дауысты қою» пәні меңгерудің қажеттілігі болашақ музыка мұғалімінің жор жетекшілігінің вокалды-техникасының негізін қалыптастырады. Музыка мұғалімінің жұмысын табысты болуы олардың адам даусының ерекшелігін, регистрлерін және вокал – техникалық мүмкіншіліктерін білуіне байланысты. «Дауысты қою» курсы жұмыс істеудің танымдық және жекеше түрлерін енгізеді. Оқыту барысында оқытушы студентке ән айтудың іс-тәжірибелік дағдыларын ғана беріп қоймай, сонымен қатар осы пән бойынша ғылыми, әдістемелік және жалпы терең білімдер береді.

Осы сабақ бойынша өткізілетін жеке сабақта студенттің даусы және музыкалық қабілеттері дамытылады. Осы пәнді меңгерудегі алғашқы кезеңде оқытушы студенттің табиғи қабілеттеріне көңіл бөліп, оның дұрыс дыбыс шығаруын үйретеді.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Осы сабақ бойынша өткізілетін жеке сабақта студенттің дауысы және музыкалық қабілеттері дамытылады. Осы пәнді меңгерудегі алғашқы кезеңде оқытушы студенттің табиғи қабілеттеріне көңіл бөліп, оның дұрыс дыбыс шығаруын үйретеді.


2 курс

4 семестр


Пәннің аталуы

Психология

Қысқартылған атауы

Psi

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс,Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, Практикалық-15, ОБСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредет

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Педагогика, Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, Социология, Мәдениеттану.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.

Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру.



Мазмұны

Дәріс, Практикалық сабақ: Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері. Психология пәні. Жалпы психологияның пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық қызметтері. Психологияның принциптері. 1. Іс-әрекетті психологиялық талдау. Психиканың пайда болуы және эволюциясы. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымның психологиялық ерекшелерін зерттеу.2.Адам психикасының дамуы және пайда болуы. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы. Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Сананың нақты психологиялық сипатттамасы. Саналы бейненің құрылымы. Мидың психо – физиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, минимикалық, вербалды логикалық, психомоторлық. 3.Сезімдік таным психологиясы. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Қозғалысты ретеудегі түйсіктің ртөлі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде түйсіктің танымды еңбекке қарым – қатынаста дамуы. Синестезия. 4.Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы. Түйсік жөнінде жалпы түсінік. Түйсік түрлері. Түйсіктің атқаратын қызметі. 5.Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік ьейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы ипаттамасы: обьектипті және субьектипті – бағдарлаушы бағыттар. Елестердің эмперикалық сипаттамалары: жалпылау, күңгірттену елестердің сезімдік заттық, сипаты есту, көру, иіс сипап сезу елестері, бірізді бейнелер. Эидетикалық бейнелермен түс көру. 6.Ойлау психологиясы. Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлаудың түрлері. Ойлау іс әрекетінің мотивациясының ерекшелігі. Аффекті мен интеллектінің бірлік принципі. 7.Ес. Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрлысымен шарттануы.8.Сөйлеу психологиясы. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.Ерікті, белсенді зейін. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары. 9.Эмоция психологиясы. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоцияның функциялары. Эмоцияның таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық қүбылыстардың түрлері. 10.Мотивация және эмоция психологиясы. Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы. 11.Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

12.Тұлға құрылымы. Тұлға қүрылымы жайлы түсінік. Тұлға қүрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - түрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.

13.Тұлға және даралық. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. Мінез-тұлғаның дара-өзіндік және әлеуметтік-типтік бірлік ретінде. Темперамент - мінездің табиғи негізі ретінде. Қабілет туралы түсінік. Тұлғаның әлеуметтік мінез -құлқы және дамуы. Әлеуметтік мінез - құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасының формасы ретінде көрінеді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады.




Пәннің аталуы

Сольфеджио

Қысқартылған атауы

Sol

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі.

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теория негіздері, Хор класы. Дауысты қою, Вокал класы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Сольфеджио курсының мақсатымен міндеттер- сольфеджио бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың басты міндеті-оқытудың кешенді тәсілін қолдану. Оған кіретіндер:-әртүрлі дәуірдің стиліндегі көп дауысты музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз нота бойынша мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру;-дауыс тану жүйесін қатаң сақтай отырып, туыстас тональдік ішіндегі модуляцияны әндету дағдысын қалыптастыру;

-тыңдау арқылы ладтағылар гаммалардың жекелеген интервалдарды, аккордтарды, ырғақтық және ладтағы, интервалдық аккордтардың құрылымдарын айыра білуге дағдыландыру. Сондай-ақ, түрлі құрылым, бір дауысты, екі дауысты периодтардың төмендегі өлшемдегі жазуын айыра бөлуге дағдыландыру;-ұлттық музыкалық материалдарды пайдалану; қазақтың музыкалық фольклоры мен Қазақстанның кәсіптік және қазіргі композиторларының шығармалары. Мұнда негізгі назар аударатын сала-халық өлеңдері;-көрнекі құралдар мен түрлі өлшемдегі музыкалық шығармаларды әр үрлі мастабта топпен қолдану дағдысын қалыптастыру.



Мазмұны

Практикалық сабақ: Педагог-музыкант дайындауда музыкалық есту қабілетінің, музыкалық ойлаудың және естің дамуы. Таза айту дағдыларын (бір дауысты және көп дауысты), музыкалық материалдар үзінділеріндегі музыкалық құрылым мен тіл элементтерін есту қабілеттері арқылы талдауды қалыптастыру.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

-мысалдың құрылымын, өлшемдік-тематикалық құрылысын, қорытындысын анықтау;-топальдік жоспарда ладтық және интервалды-гармониялық ерекшеліктерін анықтау;-интонациялық ерекшеліктерді және жүргізілген тұжырымдама бойынша дұрыс тыныс алуды анықтау




Пәннің аталуы

Гармония

Қысқартылған атауы

Gar

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндеттер компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер:: Музыка теориясының негіздері, Хор класы. Сольфеджио.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты- музыка сабағынан беретін жан-жақты білімі бар ұстаздар даярлауда гармония пәні де өз үлесін қосады. Қандай да бір көркем ойды білдіруде қолданылатын гармониялық тілін үйрету. Стденттердің музыкалық және жалпы мәдениеттік ой-өрісін кеңейтіп, дамыту. Музыка өнерінің көркемдік әсемдігін айыра білу және қабылдаудағы сезімталдықты дамыту.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Гармония – музыкадағы үндестікті қалыптастыру мен мәнерлік құралы. Гармонияның көп деңгейлік құрылымы: дыбыстық жүйе-үндестік-гармониялық айналым-гармониялық форма. Классикалық гармония (18ғ), оның негізгі қасиеттері. 20 ғасырдағы гармонияның дамуы. 20 ғасырың ортасындағы атақты шеберлер гармониясының ерекшеліктері

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттердің мцузыкалық және жалпы ой-өрісін кеңейтіп, музыкалық талантын шыңдауға ынталандыру, олардың музыкалық қабілетінің сезімталдығын, неше түрлі өнер құбылыстарын сын көзімен, бағалай білуге, студенттердің кәсіби, ғылыми-эстетикалық және музыкалық ойының өсіп-жетілуіне көмектесу




Пәннің аталуы

Қазақ музыкасының тарихы

Қысқартылған атауы

KMТ

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндеттер компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теориясының негіздері, Негізгі музыкалық аспап, Музыка өнеріне кіріспе, Музыкалық этнография

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Еліміз егемендік жолына түскелі ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыка тарихын тереңірек игеріп оқытудың маңызы барынша артып отыр. Осыған орай бұл пән музыка тарихынан жан-жақты білігі бар, сол білімін келешекте ұстаздық қызметінде мектеп оқушыларына жеткізе алатын, өз бетінше тарихи-музыкалық әдебиеттерді оқып игеретін жас мамандарды тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Мазмұны

Практикалық сабақ: Қазақ музыкасының дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстанның музыкалық мәдениет тарихының ежелгі кезеңі. 19-20 ғасырдағы қазақ музыкасының тарихы. Ақын, термеші, сері, жырау, салдардың өнерлері. Қазақстанның музыкалық өнерінің бірінші декадасы. Қазіргі таңдағы музыкасы. Атақты танымал Қазақстан композиторларының стиль ерекшеліктері. Балалардың музыкалық әндер шығармашылығы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Бұл пән студенттердің кәсіби шеберлігін арттырып, қазіргі қазақ музыкасының кәсіби сипатқа ие болуы мен өсіп-өркендеу процесінен терең, толымды мағлұмат бермек:




Пәннің аталуы

Негізгі музыкалық аспап

Қысқартылған атауы

NMA

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теориясының негіздері, Сольфеджио, Қазақ музыка тарихы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Жалпы білім беретін мектептің жұмысына жоғары біліктілікті музыка мұғалімінің дайындау-негізгі музыкалық аспап баян курсының мақсаты мен басты міндеті болып саналады.

Мазмұны

Жеке сабақ: Аспаптық орындаушылық – шығармашылық қызметтің бір түрі. Музыкалық шығарманы меңгеру үрдісіндегі техникалық дағдылар мен іскерліктің қалыптасуы. Музыкалық-есту қабілеттері мен моторлық қозғалыс дағдылар дамуының формалары мен әдістері. Түрлі жанрлар, формалар, стильдер және бағыттардағы шығармаларды біріктіре отырып, орындаушылық репертуарды меңгеру. Аспаптық орындаушылық қызмет түрі ретіндегі музыкалық орындаушылық.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент аспапты ұстауды, отырысын, оң қол мен сол қолдың орналасуын және аспаптың бойындағы ноталық дыбыстарды толық меңгеруі тиіс. Алғашқы позицияларды меңгергеннен кейін шағын жаттығулар мен пьесаларды үйренген жөн.




Пәннің аталуы

Қосымша музыкалық аспап

Қысқартылған атауы

KMA

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Жеке сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндеттер компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Жеке сабақ-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттер: Музыка теориясының негіздері, Негізгі музыкалық аспап, Музыка өнеріне кіріспе Вокал класы, Қазақ музыкасының тарихы, Шетел музыкасының тарихы, Дирижерлау.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Музыкалық аспапта (фортепиано) негізгі ойнау әдісшілдігіне оқыту. өз бетінше жұмыс істей алатын, педагогикалық шығармашылығы жоғары және қажетті әдістерді меңгерген болашақ музыка пәнінің мұғалімдерін тәрбиелеу.

Мазмұны

Жеке сабақ: Қосымша музыкалық аспапта ойнау барысында іскерлік пен дағдыны меңгеру. Музыкалық аспапты үйренудегі орындаушылық ерекшеліктері. Музыкалық шығарманы меңгеру үрдісінегі жұмыс әдістемесі. Түрлі бағыттардығы және дәуірлердегі, стильдердегі үйретілетін аспаптық шығармалар

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қорыта айтқанда, оқыту принципінің негізі болып табылатын студенттердің сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту мақсатында шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін төмендегі дағдыларды меңгеруі қажет.




Пәннің аталуы

Хор класы

Қысқартылған атауы

HK

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

Қазақ тілі, Орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға

Пререквизиттері: Музыка теориясының негіздері, Сольфеджио, Гармония, Дауысты қою, Вокал класы, Қазақ музыка тарихы және Шетел музыка тарихы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті-студенттердің хорда ән салу шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ, хормен жұмыс істеу әдістерін игеру, дидактикалық принциптер мен ән айту кезінде адам организімінде жүретін психофизиологиялық процесті меңгеру.

Мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет