Оқу курстарының каталогы «Әлеуметтік жұмыс» 050905



бет6/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#123982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Дәрістер: Денсаулық әлеуметтік байлық. ҚР халық денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі заңдары. ҚР халық денсаулығын қорғау туралы заңдары. Азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаттың принциптері. Әлеуметтік гигиена – қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Валеология – дені сау адамдардың денсаулығын сақтау, нығайту тәсілдерін зерттейтін ғылым. Адам организмінің әр уақытта қалыпты жағдайын сақтайтын валеологиялық механизмдер. Өмір салты және денсаулық. Салауатты өмір салтының негізгі аспектілері. Психикалық денсаулық. «Психика» туралы түсінік. Адам мінез құлығының ерекшеліктері. Психикалық сауықтыру. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру және оның жолдары. Кең таралған әлеуметтік аурулардың әлеуметтік-гигиеналық маңызы. Негізгі емдеу және алдын алу шаралары. Репродуктивтік денсаулық. Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері.Әйелдерге арнаулы медициналық және әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер. . Санитарлық ағарту жұмысының маңызы. Санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс туралы түсінік. Халыққа санитарлық және эпидемияға қарсы көмек. Қала, ауыл тұрғындарына емханалық-ауруханалық көмек.Ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық жәрдем түрлері. Қала тұрғындарына емханалық-ауруханалық көмек.Балалардың жұқпалы аурулары және олардың алдын алу жолдары. Иммунитет. Психикалық және репродуктивтік денсаулық. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету. Зардап шегушілерді әлеуметтік қорғау. Экология және денсаулық. Экологиялық факторлардың адам организмінің бейімделу процестеріне әсері. Эндемиялық аурулар туралы түсінік.. Зиянды әдеттермен күресу мәселелері. Темекі шегу, нашақорлық және маскүнемдік – бүгінгі таңдағы қоғамның ең басты мәселелерінің бірі. Медициналық және әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

Практикалық сабақтар: Әлеуметтік гигиена – қоғамдық денсаулық туралы ғылым. Өмір салты және денсаулық. Психикалық денсаулық. Репродуктивтік денсаулық. Тамақтану және денсаулық. Денсаулық және ауру – диалектикалық қарама-қарсы категориялар. Халық денсаулығының бұзылуының әлеуметтік – гигиеналық мәселелері.Отбасының әлеуметтік мәні. Балалар жұқпалы аурулары және олардың алдын шаралары. Иммунитет. Вакцина егу кестесі. Әлеуметтік аурулар және олардың алдын алу шаралары. ЖИТС-ның алдын алу шаралар. Маскүнемдік және оның алдын алу шаралары. Нашақорлық, оның зияндылығы және онымен күресу жолдары.







Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Жұмыстың нәтижелері: Студенттер дәрістермен қатар практикалық сабақтарды қамтиды. Студенттер практикалық сабақтарда әлеуметтік гигиена – қоғамдық денсаулық туралы ғылымды. Халық денсаулығының бұзылуының әлеуметтік – гигиеналық мәселелері және отбасының әлеуметтік мәні сонымен қатар әлеуметтік аурулар және олардың алдын алу шаралары зерттеп біледі.

Қорытынды бақылау түрі: Бұл курс болашақ әлеуметтік саласының қызметкерлеріне қоғамның әлеуметтік байлығы-денсаулық және оған әсер ететін әлеуметтік – экономикалық, гигиеналық, биологиялық, табиғи-климаттық, т.с.с. факторлар туралы білім беру және тұрғындардың кейбір арнайы топтарына көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмектің көлемімен және сапасымен таныстырады./ емтихан




Пәннің аталуы

Шетелдегі әлеуметтік жұмыс




Қысқартылған атауы

ШӘЖ




Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр

2




Оқытушының Т.А.Ә.

Төолегенова Күлзия Калдыбековна




Доцент /оқытушы:

Аға оқытушы




Жұмыс тілі

қазақ




Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер циклі,таңдау компоненті




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30, практикалық -15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат




Кредиттер/сынақ бірліктері

3




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «География», «Жалпы тарих», «Дүние жүзі тарихы»




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

«Шетелдегі әлеуметтік жұмыс» атты бағдарлама курсы болашақ мамандарды қоғамдағы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтармен жұмыс жүргізу барысында әлеуметтік мәселелерді шешудің қажетті білімімен және озық тәжірибиелерімен қаруландыруды көздейді. Студенттерде шетелдегі әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік – экономикалық аспектілері туралы түсінік қалыптастырып, шетелдегі әлеуметтік көмектің әр түрлі жүйелерін талдай білуге және оны практикада қолдана білуге үйретеді.




Мазмұны

Дәрістер: Шетелдегi әлеуметтiк жұмыс,, пәнiнің мақсаты және мiндеттерi. Басқа ғылым салаларымен және пәндермен байланысы.«Шетелдегі әлеуметтік жұмыс» пәнінің әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлаудағы маңызды ролі.Шетелдегі әлеуметтік жұмыс тәжірибиелерін зерттеудің әдіснамасы мен әдістері. Жалпы және жеке әдiстердiң сипаттамасы.Тарихи әдіс. Салыстырмалы әдіс. Шетелдегi әлеуметтiк жұмыстың тарихи аспектiсi. Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың қалыптасу тарихы. Ресейдегi әлеуметтiк жұмыстың тарихы. АҚШ-ғы, Германиядағы әлеуметтiк жұмыстың даму тарихы.Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың теориялық моделдері.Психоаналитикалық модель. Гуманистік модель.Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың теориялық моделдері. Бихеовиристік модель. Когнитивтік модель. т.б. Шетелдегі әлеуметтік жұмыс тәжірибиелерінің негізгі бағыттары.Шетелде қоғамның әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары.Шетелде қоғамның әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыс жүргізудің мен формалары Қазiргi таңдағы дүние жүзiндегi әлеуметтiк көмектiң моделдерi.АҚШ-ғы әлеуметтiк жұмыс.Германиядағы әлеуметтiк қорғау жүйесi. Норвегиядағы әлеуметтiк жұмыс ерекшелiгi.Исландиядағы әлеуметiк қызмет жүйесi.Голландия, Швеция және Ресейде жастармен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстардың тәжірибиесі. Ұлыбритания мен Жапонияда жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың тәжірибиесі.

Практикалық сабақтар: «Шетелдегі әлеуметтік жұмыс» пәнінің ғылыми негізі.Шетелдегi әлеуметтiк жұмыстың формалары мен тәсiлдерi.Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың тарихи аспектісі. З.Фрейд, Т.Парсонс, К.Роджерс т.б көзқарастары.А.Пинкус пен А.Минаханның жүйелілік моделі.Шетелдегі әлеуметтік жұмыс тәжірибиелерінің негізгі бағыттары. Қазiргi таңдағы дүние жүзiндегi әлеуметтiк көмектiң моделдерi. АҚШ-тағы әлеуметтік қорғау жүйесінің басты ерекшеліктері.Германиядағы әлеуметтiк қорғау жүйесi.Норвегиядағы әлеуметтік қызмет ұйымдары және әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.Исландиядағы әлеуметiк қызмет жүйесi. Голландия, Швеция және Ресейде жастармен жүргізілетін арнаулы әлеуметтік жұмыстардың тәжірибиесі.Ұлыбритания мен Жапонияда жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың тәжірибиесі.




Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Шетелдегі әлеуметтік жұмыстың бағыттарын, әдістері мен формаларын білу; Шетелдегі әлеуметтік жұмыс тәжірибелерін елімізде қолдана білу/ емтихан




Пәннің аталуы

Әлеуметтік жұмыстағы ұлттық дәстүр




Қысқартылған атауы

ӘЖХД




Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр

2




Оқытушының Т.А.Ә.

Төолегенова Күлзия Калдыбековна




Доцент /оқытушы:

Аға оқытушы




Жұмыс тілі

қазақ




Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер циклі,таңдау компоненті




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30, практикалық -15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы –135сағат




Кредиттер/сынақ бірліктері

3




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Әдеп», «Жалпы тарих», «Дүние жүзі тарихы»,




Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Әлеуметтік – ұлттық сана-сезімдерін дамыту;әлеуметтік проблемаларды шешуде халықтық дәстүрдің әдістері мен формаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру; «Мәдени мұра» бағдарламаларын әлеуметтік проблемаларды шешуде қолдану.

Нәтижесінде:- халықтық дәстүр негіздерін қолдана отырып мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру






Мазмұны

Дәрістер: «Әлеуметтік жұмыстағы халықтық дәстүр» пәнінің мақсат-міндеттері. Әлеуметтік жұмыстың ұлттық және дәстүрлік негіздері. Есім ханның ескі заңы мен Қасым ханның қасқа жолының әлеуметтік мәні. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әлеуметтік мәні мен маңызы. Ұлттық салт-дәстүрлердің әлеуметтік мәні. Асар, Садақа, Жылу, Зекет, Әмеңгерлік т.б. Ата-баба ұлттық дәстүрлерінде болашақ ұрпақты қоғамға әлеуметтендіру және бейімдеу мәселесі. Жас отбасыларды жаңа өмірге даярлау және баулу мәселелері «Мәдени мұра» бағдарламасының әлеуметтік мәні мен сипаты. Бүгінгі таңда жастардың бойында әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру мәселелері.

Практикалық сабақтар: «Әлеуметтік жұмыстағы халықтық дәстүр » пәнінің теориялық және әдістемелік негізі.Қасым ханның бес тараудан тұратын заңының әлеуметтік мазмұны мен маңызы. Тауке хан тұсындағы билер кеңесі жұмыстарының әлеуметтік негізі. Ұлттық салт-дәстүрлердің әлеуметтік мәні. Жастарды қоршаған ортаға бейімдеуде ұлттық тәжірибелердің мазмұны. Ұлттық-әлеуметтік тәрбие. Отбасылық өмірге жастарды даярлауда ұлттық тәрбие негіздерін қолдану. «Мәдени мұра» бағдарламасының әлеуметтік негізі. Бүгінгі таңда әлеуметтік жұмыста ұлттық салт-дәстүр негіздерін қолдану ерекшеліктері мен жолдары.




Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Ұлттық салт-дәстүрлердің әлеуметтік мәнін аша білу; Әлеуметтік жұмыста халықтық дәстүр негіздерін қолдана білу/ емтихан




Пәннің аталуы

Шетелдегі әлеуметтік қорғау концепциялары

Қысқартылған атауы

ШӘҚК

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

22

Оқытушының Т.А.Ә.

Төлегенова Күлзия Калдыбековна

Доцент /оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер циклі,таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30, практикалық -15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Жалпы тарих», «Дүние жүзі тарихы» «Әлеуметтану»

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Шетелдегі әлеуметтік қолдау концепцияларын талдай білу; шетелдегі әлеуметтік қолдау концепцияларын зерттеу дағдыларының дамуы; шетелдердегі әлеуметтік қолдау жүйесінің озық тәжірибелерін Қазақстандық қолдау жүйесімен салыстыра білу , озық тәжірибелерді елімізде қолдана білу дағдыларының дамуы

Нәтижесінде:Шетелдегі әлеуметтік қолдау концепцияларын зерттей отырып, әлеуметтік мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыру.



Мазмұны

Дәрістер: «Шетелдегі әлеуметтік қорғау концепциялары» пәнінің мақсат-міндеттері және әлеуметтік қызметкерді даярлаудағы ролі. Шетелдегі әлеуметтік қолдаудың теориялық концепциялары. Шетелдегі әлеуметтік қолдау жұмыстырының моделдері. Әлеуметтік қорғаудың шетелдік концепцияларының классификациясы. Шетелдік концепциялардың түрлері мен мазмұны. Әлеуметтік қорғаудың шетелдік концепцияларының Қазақстанда зерттелуі және қолдану аспектісі..

Практикалық сабақтар: «Шетелдегі әлеуметтік қорғау концепциялары» пәнінің ғылыми негізі. Шетелдегі әлеуметтік қолдаудың теориялық концепциялары. Шетелдік концепциялардың түрлері мен мазмұны. Шетелдегі әлеуметтік қолдау жұмыстырының бағыттары.Шетелдегі әлеуметтік қолдау жүйелерінің ерекшеліктері. Әлеуметтік қорғаудың шетелдік концепцияларының Қазақстанда зерттелуі .

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Шетелдегі әлеуметтік қорғау концепцияларын білу; Шетелдегі әлеуметтік қорғау тәжірибелерін елімізде қолдана білу/ емтихан

Пәннің аталуы

Балалық шақты әлеуметтік қорғау

Қысқартылған аталуы:

БШӘҚ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс,практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Саиткасимханова Д.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі:

Кәсіби пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқыту түрі / академиялық сағаттар саны

Дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, ОСӨЖ 45-сағат, СӨЖ – 45 сағат

Еңбек сыйымдылығы:

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері:

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әлеуметтік педагогика, Әлеуметтану, Психология т.б.

Білім берудің мақсаттары / құзіреттілігі

«Балалық шақты әлеуметтік қорғау» пәнiнiң мақсаты балалық шақты әлеуметтік қорғау мен қызметінің, қарым - қатынас түсініктері, пән аралық байланыстарды орната білуі тиіс. Балалық шақты әлеуметтік қорғау пәндік міндеттерін қалыптастыру білуі қажет және балалық шақты әлеуметтік қорғау қызметің міндеттерінің айырмасын таба білуі кажет.

Мазмұны:

Дәрістер: Балалық шақты әлеуметтік қорғаудың теориялық және методологиялық негіздері. Балалармен және отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ерекшеліктері. Балалық шақты құқықтық қорғауды қамтамасыз етілуі. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалық шақты әлеуметтік қорғау ерекшеліктері.Мектеп оқушыларын әлеуметтік қорғауға қатысты жүргізілетін жұмыстар. Арнайы мамандандырылған мекмелердегі балалық шақты қорғау. Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау. Мүгедек баласы бар отбасымен әлеуметтік жұмыс. Әлеуметтік қызметкердің мүгедектерді әлеуметтік қорғаудағы қызметі. Мүгедектердің құқықтарын қорғау және қолдау.

Практикалық сабақтар: Қазақстандағы балалық шақты әлеуметтік қорғау институт-тарының жұмысын жетілдіру мәселелері. Балалық шақты қорғаудың әлеуметтікқорғаудың әлеуметтік институттары. Балалық шақтың мінез құлықтық ерекшеліктері. Еліміздегі балалық шақтышақты қорғау институттарының жұмысын жетілдіру. Балаларды әлеуметтік қорғау институттары. Балалық шақтың мінез-құлықтық ерекшеліктері. Еліміздегі балалық шақты қорғау нституттарының жұмысын жетілдіру. Бала асырап алған отбасымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері. Еліміздегі демографиялық жағдады ілгерілетудегі бала асырап алудың маңызы. “Қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдер” ұғымы мен оның өзіндік ерекшеліктері. Көп балалы отбасыларындағы психологиялық хал-ахуал.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер «Балалық шақты әлеуметтік қорғау» пәнін оқу барысында балалық шақты әлеуметтік қорғау, балалардың құқықтары, міндеттері, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы конвенциясы», құқық қорғау органдарының қызметі және т.б. туралы білімдері қалыптасады. Білім деңгейі апта сайын кіріспе және аралық бақылау арқылы, қорытынды білім деңгейі жазбаша емтихан арқылы тексеріледі.


Пәннің аталуы

Әйелдер мүддесін әлеуметтік қорғау

Қысқартылған аталуы:

ӘМӘҚ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық,ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Саиткасимханова Д.М.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі:

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі:

Кәсіби пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқыту түрі / академиялық сағаттар саны

Дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, ОСӨЖ 45-сағат, СӨЖ – 45 сағат

Еңбек сыйымдылығы:

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері:

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әлеуметтік педагогика, Әлеуметтік жұмыстағы болжау мен жобалау, Тәрбие әлеуметтануы

Білім берудің мақсаттары / құзіреттілігі

«Әйелдер мүддесін әлеуметтік қорғау» пәнiнiң мақсаты студенттердің азаматтық мәдени жетістіктерін білуіне, гендерлік және жыныстық мәселесін қазіргі мәдени өмірде өзекті мәселесі жан-жақты заңдылықтарын түсініп, танып білуге бағдар беру, келешек әлеуметтік жұмыс мамандық иелеріне гендерлік аспектілерін терең түсінуге, олардың өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін жетілдіруге қатысты дағдыларын қалыптастырады.

Мазмұны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет