Оқу курстарының каталогы «Әлеуметтік жұмыс» 050905



бет5/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#123982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.




Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері

Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/ емтихан.




Пәннің аталуы

Абайтану

Қысқартылған атауы

Аб.

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндерінің циклы, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: « Қазақ әдебиеті», «Отандық әдебиет», «Әлемдік әдебиет» т.б.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай – ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Абай – қазақ поэзиясының реформаторы. Қазақ поэзиясына Абай әкелген жаңалықтар. Абай және қазақ лирикасы. Абай – ойшыл, философ, ақын. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абай өмірі мен шығармашылық мұрасынан жалпы мәліметтер. Өмірбаяны. Шығармалары. Ақындығының алғашқы кезеңі. Ақынның толысу жылдары.Аудармалары. Поэмалары. Қара сөздері. Абайтану тарихынан қысқаша мәлімет беру сияқты мәселелерді меңгерту.

Мазмұны

Дәрістер: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай — ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Ақынның шығыс шайырларына қатысы. Абай — қазақ поэзиясындағы жаңашылдығы. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абайдың ақын шәкірттері. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның сыншылдық көзқарастары. Абайдың лирикасы. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. М.Мырзахметовтың зерттеуіндегі Абайтану мәселелері.

Семинар сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі.Абайдың ағартушылық қызметі. Әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым.Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. .Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері.Абайтану ілімінің тарихы.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауызша емтихан



Пәннің аталуы

М.Әуезовтің шығармашылық қызметі

Қысқартылған атауы

МӘШ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндерінің циклы, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: « Қазақ әдебиеті», «Отандық әдебиет», «Әлемдік әдебиет» т.б.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ әдебиеттану ғылымының дербес бір саласы болып қалыптасқан Мұхтартану ғылымы – бұл күндері жан-жақты дамыған, өсіп жетілген іргелі саланың бірі. М.Әуезов творчествосы жүйелі түрде оқытылып, терең мазмұнда таныту үлкен мақсатты көздейді. Ғасырлар бойы арманы болған азаттыққа енді ғана қолы жеткен өскелең ұрпағының санасына ұлы жазушының сан қилы өмір жолын, әлемдік деңгейге көтерілген шығармашылық сапарын оқыту арқылы ұлттық болмыс, тәрбиелік тағылым беру жүзеге асырылады. Әуезов мұрасы – ұлттың рухани байлығы. Мұхтартану курсының басты мақсаты айқын міндетінің бірі де осы рухани байлықты игеру, игілікке жарату болып саналады.

Мазмұны

Дәрістер: М.Әуезовтың «Абай Құнанбаев» монографиясы. Мұхтартану ғылымы және оның міндеті мен мақсаты. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі. Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармалары. М.Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар. Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. М.Әуезов романдарының жанрлық сипаты. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романының жазылу тарихы, романның тақырыбы. М. Әуезовтің драмалық шығармалары. Жазушының әңгіме жаныры. М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші. М. Әуезов және әлем әдебиеті. Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов туралы естеліктері.

Семинар сабақтар: М.Әуезов – Абайтанушы. Әуезов туралы сөз. Әуезов - ұлы суреткер .Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің әңгімелерінің әдеби прцестің дамуына әсері. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. Мұхтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме-повестеріндегі тарихи шындық. «Қилы заманның» жазылу тарихы, тағдыры. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романындағы дәуір шындығы. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.М. Әуезов туралы естеліктерге шолу. Әуезов және оның шәкірттері М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші.Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов және әлем әдебиеті. М.Әуезов шығармаларындағы жанрлық ерекшеліктері.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауызша емтихан



Пәннің аталуы

Абайдың әлем әдебиетінен алатын орны

Қысқартылған атауы

Ә Ә А О

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беру пәндерінің циклы, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: « Қазақ әдебиеті», «Отандық әдебиет», «Әлемдік әдебиет» т.б.

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы университеттердің филология факультеттерінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін типтік оқу бағдарламасы негізінде XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті курсының құрамында оқытылады. Онда Абайдың өміpі мен шығармашылығы төңірегінде белгілі-бір дәрежеде кең мағлұмат беріледі. Абайтану пәнін студенттердің игеру барысында алған білімдерін одан ары тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Сонымен қатар Абай шығармашылыгының зерттелуі, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Қазақ әдебиеттану ғылымы және Абай шығармашылығы. Ақынның әлем әдебиетіндегі орны. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетіндегі төл туынды. М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. Абай жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі.Абайдың шығыс әдебиетіндегі «нәзирагөйлік» үлгісі. Абай және Батыс әдебиеті. Абайдың әлем әдебиетіндегі орны. Абай туралы пікір айтқан шетел ғалымдары мен ақын-жазушылары. Абай шығармашылығының әлем әдебиетіндағы орны. М. Әуезов – Абай есімін әлемге танытушы.

Семинар сабақтар: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. Абай жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. Гете және Абай. Абай туралы естеліктерге шолу. Абайдың түркі халықтары ақындарына ықпалы. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай және әлем әдебиеті. Абай шығармаларының маңызы. Абайтану ғылымының қалыптасуы. Абайтану ғылымын зерттеген қазақ ғалымдар. Мұхтар Әуезовке байланысты жазылған ғылыми еңбектер. Көркем әдебиеттегі Абай бейнесі. Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі. Абай шығармаларының жазушыға әсер ықпалы. Ақынның жазушылық, ғалымдық, қайраткерлік қызметі.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауызша емтихан



Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

ӘТ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

2

Оқытушының Т.А.Ә.

Жиенбекова Айнур Абрахмановна

Доцент /оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер циклы, міндетті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, практикалық -15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әлеуметтану жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемдегі білім алу үшін, студент әдебиеттермен оқу құралдарымен, тарихи мағлұматтармен жұмыс жасай білуі қажет: алған теориялық білімдеріне талдау жасар, компьютер-интернетпен жұмыс жасай білу қажет.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Студенттерді қоғамдық дамудың заңдылықтарымен, саяси мәдениеттің көтерілуі, өзінің және басқалардың өмірі үшін жауапты шешімдер қабылдай алатын, қоғамның саясаи өміріне белсенді қатысатын субъектінің және толық тұлғаның құрылуы.

Нәтижесінде:-

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.



Мазмұны

Дәрістер: Әлеуметтануды оқытудың пәні мен обьектісі. Әлеуметтану және басқа да социогуманитарлық ғылымдар (Философия, саясаттану, заңтану, экономика, тарих).Сциологиялық ойдың дамуы. Әлеуметтанудың социомәдени және ғылыми қалыптасуының алғы шарттары. әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері. Әлеуметтанудың постклассикалық кезеңіндегі негізгі социологиялық теориялар. Әлеуметтанудағы қоғам ұғымы. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, оның құрылымы және негізгі элементтері. Әлеуметтік топ ұғымы. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік топтың алатын орны. Әлеуметтік топтың түрлері: еңбек, кәсіби, жыныстық жастық, әтникалық, діни т.б. әлеуметтік топтардың қызметі. Әлеуметтік статусы және әлеуметтік роль қоғамның әлеуметтік құрылымының элементтері ретінде.Әлеуметтік статус.Әлеуметтік стратификация Дәстүрлі және индустриалды қоғамдардағы әлеуметтік стратификацияның белгіленуі мен критерилері. Мәдениет ұғымының мазмұны. Мәдениетті оқытудың социологиялық ерекшеліктері.Әлеуметтік институтының түрлері. Ұйымдастырушылық мінез-құлық әлеуметтануы. Еңбек ұжымының құрылымы. Нақты шиеленіс ситуациясын қарастырып, ондағы элементтерді көрсеті Қоғамда тұлғаның дамуының негізгі факторлары.Өлшем және өлшемнен ауытқушылық. Девияция концепциясы. Жахандану процесі және оның салдары. Қоғам дамуының негізгі жолдары. Қазіргі әлемдегі негізгі әлеуметтік қозғалыстар. Социологиялық зерттеудің бағдарламасы, оның құрылымы және құрамдас бөліктері.Социологиялық зерттеудің түрлері. Социологиялық ақпаратты жинау әдістері.

Практикалық сабақтар: Әлеуметтану пәні ғылым ретінде. Әлеуметтанудың даму тарихы. Классикалық кезеңнің негізгі социологиялық теориялары. Постклас-сикалық кезеңнің негізгі социологиялық теориялары.Қоғам әлеуметтануды оқытудың объектісі ретінде. Әлеуметтік өмір және әлеуметтік құрылым

Тұлғаның әлеуметтік статусы, әлеуметтік мінез-құлық және әлеуметтік рөл.Әлеуметтік стратификация және әлуметтік мобильдік.Рухани өмір әлеуметтану. Әлеуметтік институттар және ұйымдар. Адам әлеуметтануы.Өнеркәсіп ұжымының әлеуметтік-психологиялық климаты (студенттік топтың үлгісінде). Әлеуметтік ауытқушылық.ҚР-ғы қоғам дамуының әлеумкттік ерекшеліктері және проблемалары.



Әлеуметтік қозғалыстар.Қоғамдық пікір. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі социологиялық зерттеуді ұйымдастырудың ерекшелігі. Социологиялық зерттеу бағдарламасы.

Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Әлеуметтік мәселелерді қоя білу; жобаларды жоспарлай білу/емтихан

Пәннің аталуы

Халық денсаулығын қорғаудың медициналық әлеуметтік негіздері




Қысқартылған атауы.

ХДҚМӘН




Оқу іс шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестр:

2




Оқытушы

Абуова Бейбіт Жаңабайқызы




Доцент / аға оқытушы

п.ғ.к., аға оқытушы




Қазақ тілі

Ағылшын, орыс тілі




Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Базалық пәндер циклы, міндетті компонент




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15, практикалық 15, ОСӨЖ-30, СӨЖ -30




Еңбек сыйымдылығы

Барлығы- сағат 90




Кредиттер/ сынақ бірліктері

2




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Валеология, Жасөспірімдердің физиологиясы және салауатты өмір салты пәндері




Білім беру мақсаттары құзіреттілігі

студенттерде жасына кәсібіне сай халқының денсаулығы мен аурулардың биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар экологиялық себептеріне деген көзқарасты қалыптастыру және жетістіктерін қолдану мүмкіншіліктері мен студенттерді таныстыру.




Мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет