Оқу мерзi модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері


II Модуль. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы



бет5/15
Дата02.04.2023
өлшемі67.16 Kb.
#471594
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
I модуль. Педагогиканы теориялы - діснамалы негіздері

II Модуль. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы.

  1. Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесін зерттегендер:И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин.

  2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңызды тәсілдерінің бірі:Іс-әрекеттік тәсіл.

  3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде маңызды тәсіл болып табылады:Тұлғалық-бағдарлық тәсіл.

  4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру тәуелді емес:Ата-аналар жұмысына.

  5. Оқушылардың танымдық белсенділігінің қозғаушысы болып табылады:Танымдық қызығушылық.

  6. Белсенді оқу – бұл:Оқу тапсырмаларын орындауға дайын болу.

  7. Оқушының өзін белсендіруінің жолдары:Әрқашан ағымдағы процеске талаптанып, жігерлене мақсат қою арқылы оқу.

  8. Қазіргі педагогикалық технологияларды зерттеумен айналысқандар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, Г.К.Селевко.

  9. Қазіргі педагогикалық технологияларды жүйелеумен шұғылданған:Г.К.Селевко.

  10. Тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясының авторы:В.Ф.Шаталов.

  11. Проблемалық оқыту технологиясының авторы:М.И.Махмутов.

  12. Педагогикалық үлгілердің технологиялығының негізгі өлшемдері:Тұжырымдылық, жүйелілік, диагностикалық, өңдірістілік.

  13. Қазіргі педагогикалық технологиялардан күтілетін нәтиже:Тұлғаның өзгеруі.

  14. Қазіргі замандағы жаңашыл-педагогтар:Ш.А.Амонашвили, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов.

  15. Педагогикалық технологиялардың айрықша ерекшеліктеріне жатады:Оқыту мақсатының айқын және нақты болуы, жоғары нәтижелерге бағытталуы, субьектілер іс-әрекеті құрылымының өзгеруі, аралық және соңғы нәтиже мониторингі, тәжірибенің алмасуы.

  16. Педагогикалық инновация – бұл:Педагогикалық жүйенің ішкі ресурстарын жинақтайтын және нәтиженің деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызатын жаңашылдық идея.

  17. Мемлекеттік білім беру стандарты анықтайды:Нормативті құжаттарда бекітілген білім беруге қойылатын міндетті талаптарды, оқыту мен тәрбиенің мақсатын, негізгі білім бағдарламаларының мазмұнын, білім алушының оқу жүктемесінің максималды көлемін, бітірушіні дайындау деңгейін.

  18. Білім беру бағдарламалары – бұл:Барлық деңгейдегі және бағыттағы білім мазмұнын анықтайтын құжат.

  19. Қазақстан Республикасында 12-жылдық білім беру ұсынады:3 деңгейді.

  20. Халықаралық нормативті құжаттарға жатады:Балалар құқығы декларациясы, БҰҰ-ң балалар құқығы туралы Конвенциясы, Балалардың өмірін қамтамасыз ету, қорғау және дамыту туралы жалпыәлемдік декларация, «Балалар өмірі үшін жарамды Әлем» декларациясы мен жоспары.

  21. Оқу бағдарламасы - бұл:Әр оқу пәнінен оқушылардың меңгеретін білім, білік, дағдысының мазмұны мен көлемін белгілейтін құжат.

  22. Оқу жоспары - бұл:Оқу орындарында оқылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өтілу тәртібі мен бірізділігін, әрі оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.

  23. Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру идеясы мен 12-жылдық орта білім беруге көшуді қарастыратын құжат: Қазақстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

  24. Оқулық – бұл:Белгілі бір салада ғылым мен мәдениеттің қазіргі жетістігі деңгейінде білім негіздері жүйелі баяндалатын кітап, білімнің маңызды көзі, оқу бағдарламалары мен оқытудың мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын баяндайтын оқу әдебиетінің жетекші түрі, оқыту құралының негізгісі.

  25. Орта білім мазмұнын сипаттайтын құжат:Оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар.

  26. Орта білім мазмұны – бұл:Оқушылардың ғылыми білім, білік, дағды жүйесін және адамгершілік-эстетикалық идеяларды меңгеруі.

  27. Басқару:Адамның шығармашылық әлеуетін дамыту және көрсету үшін қажетті жағдайларды құру жолындағы оның белсенділігіне бағытталған тетік.

  28. Педагогикалық диагностика – бұл:Педагогикалық процесс жағдайының себептерін анықтау, «педагог-оқушы» жүйесінің мүмкіндіктерін, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарын айқындау және сипаттау үшін қажетті білім мен әрекеттің жиынтығы.

  29. Педагогикалық менеджмент – бұл:Білім беру процесін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған әдістер, қағидалар кешені.

  30. Басқару әдістері:Нормативтік, ұйымдастырушылық-әкімшілік, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық.

  31. Мектепті басқаратын жоғарғы орган:Педагогикалық кеңес.

  32. Педагогикалық кеңестің құрамы:Мектеп директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, оқушылар, оқушылардың қоғамдық комитетінің өкілдері, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы.

  33. Педагогикалық кеңес өткізіледі:Оқу жылы тоқсандарының барысында 1 рет.

  34. Педагогикалық ұжым:Жалпы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда, бірлескен іс-әрекет процесінде дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген, ұйымдастырушылық пен психологиялық бірлікті көрсететін педагогтар топтары.

  35. Жалпы білім беретін мектептегі басқару формалары:Педагогикалық кеңес, әдістемелік комиссия, педагогикалық консилиум, жиналыс, оқушылар комитеті, білім беру бойынша кеңестер, мектеп кеңестері.

  36. Мектептегі басқару басқарудың төмендегі буындары арқылы жүзеге асырылады:Мектеп директоры - оның оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары -мұғалімдердің қоғамдық ұйымдарының жетекшісі - мұғалім - оқушылардың өзін-өзі басқаруының жетекшісі - оқушы.

  37. Мектеп іс-әрекетіндегі жоспардың түрлері:Жалпы мектептік жылдық, болашақтық, күнтізбелік, тәрбие жұмысының жоспары, сабақ жоспары.

  38. Мектеп жұмысын жоспарлау – бұл:Мектептің барлық іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мақсатында алдағы уақыттағы іс-шаралар мен әрекеттің негізгі түрлерін анықтау.

  39. Мектеп пен мұғалім жұмысының негізгі жоспары:Жалпы мектептік жылдық жоспар.

  40. Мектеп жұмысы мен мұғалімдер іс-әрекетінің негізгі жоспарына жатпайды:Техникалық жоспар.

  41. Мектептік құжаттардың барлық түрлері бөлінеді:Оқу-педагогикалық, мектепішілік ақпараттық, қаржы-шаруашылық.

  42. Оқу-педагогикалық мектептік құжатқа жатпайды:Қаржы-шаруашылық құжаттар.

  43. Мектепішілік ақпараттар:Күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық, жылдық.

  44. Қаржы-шарушылық құжаттарға жатпайды:Сынып журналы.

  45. Жалпы мектептік жоспарды құру қағидасына жатпайды:Оқытудың жоғары деңгейдегі күрделілігі қағидасы.

  46. Мектептің болашақтық жоспары құрастырылады:Бес жылға.

  47. Тақырыптық жоспарлау белгіленеді:Сабақ жүйесінде оқу-тәрбие жұмысының білімділік, дамытушылық, тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтау үшін.

  48. Сабақты жоспарлау:Мұғалімнің сабаққа тікелей дайындығы, тақырыптық жоспарды нақтылауы.

  49. Сабақ жоспарында көрсетіледі:Сынып, тақырып, мақсат, материалдың мазмұны, тапсырмалар, дидактикалық құралдар.

  50. Әдістемелік жұмыстың мазмұны сипаттайды:Мұғалімнің жалпы мәдени дайындығын, кәсіби-адамгершілік мәдениетін, зерттеушілік мәдениетін, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуын, диагностика жүргізуін, әдіснамалық мәдениетін, басқару мәдениетін.

  51. Аттестациялау енгізілді:1972 жылы.

  52. Мұғалімдерді аттестациялау өткізіледі:5 жылда.

  53. Аттестациялаудың мәні:Педагогикалық еңбектің нәтижелігін, мұғалімнің белгілі бір категориясын, оқу-тәрбие жұмысының сапасын, мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының стратегиясы мен тактикасын анықтау.

  54. Әдістемелік жұмыс :Педагогикалық кадрлардың идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби, мәдени, әдістемелік деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке- дара жүйелік жұмыстардан құрылған күрделі шығармашылық.

  55. Білім беру мекемесінің іс-әрекетін, құрылымын анықтайтын ережелер жиынтығы:«Білім туралы» Заң.

  56. Әдістемелік жұмыстың мақсаты – бұл:Оқыту мен тәрбиелеудің тәжірибесіне қызмет ету.

  57. Аттестациялаудың мақсаты – бұл:Білім беру қызметкерлерінің мамандығы, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің өсуін, еңбегінің нәтижелі болуы мен бағалауының тиімді жүйесін құру.

  58. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формаларына әсер ететін факторлар:

Мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты, нормативті құжаттары, мұғалімдердің педагогикалық мәдениеті, жаңашылдық деңгейі, әдістемелік сауаттылығы, ұжым арасындағы қарым-қатынастар, мектетептің технологиялық мүмкіндіктері.

  1. Мұғалімге қажетті педагогикалық ақпараттар түрлері:Бастапқы ақпарат, тактикалық ақпарат, жедел ақпарат.

  2. Педагогикалық ақпарат – бұл:Тануға қажетті нысан туралы кез келген мәлімет ғана емес, педагогикалық процестің негізгі сипаттамалар жағдайын бейнелейтін маңызы бар ақпараттар.

  3. Педагогика тығыз байланыстыПсихологиямен.

  4. Тұлғаны әлеуметтендіру институтына жататындар:Отбасы, мектеп,микросреда (шағын орта) .

  5. Қазіргі оқыту теориясының әдіснамалық негізі:Таным теориясы.

  6. Білім берудегі ҚР мемлекттік саясатының принциптеріне жатпайтындар.Ерлер мен әйелдерді бөлек оқыту.

  7. Жеке тұлғаның ғылыми ақиқат жүйесі ретіндегі пікірінің құрастырушылық сипатының формасы болып табылады:Білім.

  8. Ынталандыруды өзгертуге бағытталған реакциялардың өзгерістері сипатталатын теориялар:Бихевиористтік.

  9. Теориялық ойлаумен, тәжіриблік іс-әрекетте сезімдік қабылдаудың бірлігімен көрінетін іс-әрекеттің аталуы:Танымдық.

  10. Білім:Адамның әлемді сезінуі.

  11. Педагогика алғашқыда қай ғылым саласында дамыды:Философиялық.

  12. Педагогика жатады: Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға.

  13. Қалай және қайтіп оқыту қажет деген көзқарасты қарастыратын ғылыми жүйе:Дидактика.

  14. Оқытудың мотивтері: Оқушының белсенді оқу әрекетіне және білім алу мазмұнын нәтижелі тануға іштей оянуы

  15. Дидактика пәні:Оқу процесі және заңдылықтары.

  16. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтарын ашатын педагогиканың жеке бөлімдері: Дидактика.

  17. Мемлекеттің жинақы тарихи қалыптасқан және өзара байланысты оқу тәрбие мекемелері және оның бағдарламалары:Оқу жүйесі

  18. ҚР білім беру жүйесін басқару мына негізде жүргізіледі:Білім беру заңына.

  19. Қазіргі білім берудің даму тенденциясына не жатпайды.Ұлттандыру.

  20. “Ұлы дидактиканы” жазған кім:Я.А.Коменский.

  21. Жас ерекшелік педагогикасына қатыстылар:Сәбилер педагогикасы, мектеп педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы,ересектер педагогикасы.

  22. Қазіргі замандағы педагогиканың атқаратын қызметі :Ғылыми-теориялық, практикалық,болжам жасаушылық .

  23. Педагогикалық процестің компоненттері: Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже

  24. Оқыту- бұл . Оқыту процесіндегі мұғалімнің іс-әрекеті.

  25. Мемлекеттің білім беру жүйесіне жатқызылады: Білім беру ұйымдарының жиынтығы (орта білім беру мекемелері,жоо, коледждер) .

  26. Жалпы білім берумен түсіндіріледі: Оқушыларды табиғат пен қоғам туралы ғылым негіздерімен , таныстыру; дүниетанымын кеңейту, эстетикалық мәдениетті, адамгершілікті дамыту

  27. Жеке тұлғаның объективті қоғамдық қатынасқа икемделуі:Әлеуметтану

  28. Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі қозғаушы күшіне жататындар:Қарама-қайшылық .

  29. Жеке тұлғаны қалыптастыру: Барлық әлеуметтік,идеологиялық,психологиялық және т.с.с ықпалымен адамның әлеуметтік жан иесі ретінде қалыптасуы.

  30. Оқытудың мотивтері: Оқушының белсенді оқу әрекетіне және білім алу мазмұнын нәтижелі тануға іштей оянуы

  31. Тұлғаның дамуына әсер ететін жетекші факторлар:Орта,тәрбие тұқымқуалаушылық.

  32. Әлеуметті жетілуді қандай сапалар сипаттайды: Жауапкершілік, өздігінен дамуға ұмтылу, әлемге позитивті қатынас, толеранттылық.

  33. Тұлғаның қалыптастыру бойынша саналы іс-әрекеттің өзіндік адамгершілік сапасы:Өзін-өзі тәрбиелеу.

  34. Қарым-қатынас ол:Айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.

  35. Жеке тұлғаны қалыптастырудың шешуші факторы Іс-әрекет.

  36. Педагогиканың ғылым ретіндегі дамуын анықтады:Адамның өмір мен еңбекке дайындалуының обьективтік қажеттілігі.

  37. Адамгершілік тәрбиесі – бұл моральдық қасиетер, адамгершілік мінез сипаттары, жүріс-тұрыс дағдалары мен әдеттерін қалыптастыру процесі

  38. “Педагогика”терминінің шыққан жері: Ертедегі Греция

  39. Педагогика өз алдына ғылым болып қай ғасырда бөлініп шықты?:XVII ғасырда.

  40. Мұғалім білуге тиіс емес:ҚР қылмыс кодекісі.

  41. Педагогиканың білімге жататын:Педагогиканың категориялары,ұғым,заңдылық әдіс тәсілдерімен оқу-тәрбиені ұйымдастыру.

  42. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет сапасының шешуші көрсеткіші не болып табылады: Оқушы тұлға ретінде дамыту деңгейі.

  43. Мұғалімнің профессиограммасына жатпайды:Мұғалімдерді даярлау мақсатындағы приоритеттердің алмасуы.

  44. Педагогикалық іс-әрекет компонентіне жатпайтындар:Ізденіс.

  45. Педагогикалық біліктілік: Мұғалімнің жемісі, әрекеті, мақсатты оқытуды тарату.

  46. Мұғалімнің инновациялық әрекетіне жататын: Оқытудың авторлық моделін жасау.

  47. Мектеп пен отбасы әрекеттестігінің бағыттарыата-аналармен ұйымдастырушылық педагогикалық жұмыс, ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту, ата-аналармен баланың үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу

  48. Өзін-өзі тәрбиелеу:Өзін-өзі меңгеру.

  49. Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі:Өзін басқа адамның орнына қою.

  50. Өз-өзіне өз уақытта нұсқау жасауы:Өзіндік бұйрық .

  51. Педагогика Адамды тәрбиелеу туралы ғылым.

  52. Педагогика ғылымдары: Жалпы педагогика,жасөспірімдер педагогикасы,арнайы педагогика,жеке пәндерді оқыту әдісі,арнайы пдагогика,педагогика тарихы.

  53. Педагогика пәніне не кіреді:Педагогикалық процесс.

  54. Педагогикалық ғылым жүйесіне келесі пәндер кірмейді:Жоғарғы мектеп педагогикасы.

  55. Ата-анасынан балаға тұқым қуалау бойынша берілетін:Адамның жеке даму қабілетіне негіз болатын нышандар.

  56. Жеке тұлғаның дамуындағы негізгі фактор:Тұқымқуалаушылық .

  57. Даму –бұл:Уақыт ішінде әрқилы факторлардың ықпалымен жүзеге асатын адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістер.

  58. Бала тұлғасы дамуның жағдайлары:Оқушының даму ортасындағы сипаттары.

  59. Оқушылардың дамуы бір-бірімен байланысты 3 бағытта жүреді: Биологиялық,психолгиялық,әлеуметтік.

  60. Адамға тұқым арқылы берілетін:Анотомиялық, физиологиялық ерекшеліктері .

  61. Жеке тұлғаны оқытумен тәрбиелеудің нәтижесі неге байланысты емес: Табиғат жағдайынан.

  62. Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі іс-әрекетінің түрі:Оқу танымдық.

  63. Бастауыш мектеп оқушыларының қарым-қатынасына әсер етушілерОқытушының пікірі.

  64. Бірдей жастағы оқушылардың даму деңгейі шамамен:Сыпып.

  65. Оқытуды ұйымдастыру формалары бір-бірінен мынадай түсініктер арқылы ерекшеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет