Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


 - мәтін  Бөлтірік шешеннің сөзі



Pdf көрінісі
бет41/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   185
null

1 - мәтін 
Бөлтірік шешеннің сөзі 
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт: 

Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па? - 
дейді. 
Сонда Бөлтірік: 

Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала - артта 
қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмеи, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-біз» деп өмір 
сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, қуанышың - от! - дейді. 
1. 
Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты 
А) бақ құсы қонған жігіт В) ұзақ өмір сүрген жігіт С) баласы көп жігіт 
Д) көпті сыйлаған жігіт Е) жүрегі мықты жігіт 
2. 
Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа 
А) бала - жұбаныш, қарт - қазына В) ұшқан құс С) қолға ұстаған мұз 
Д) қайғы - күл, қуаныш - от Е) артта қалған із 
2-мәтін 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
 
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі 
жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге: 

Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
Сол мезетте шешен: 

Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен 
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, 
ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді, малды 
жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. 
Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет 
күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым 
тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді 
нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп 
дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің 
көңіліне тәкаппарлық салады, - деп тапқырлық танытыпты. 
3. 
Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл 
А) Баяндап айту В) Суреттеп айту С) Жобалап айту D) Жырлап айту
Е) Салыстыра айту 
4. 
Ғылымның дүниеден артықшылығы 
А) Адамның тынышын алады. В) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. 
С) Адамға ақыл-ой қосады. D) Досың санаулы ғана болады. 
Е) Адамды масаттандырады. 
5. 
Мәтін мазмұнына сай мақал 
A) 
Аңқау бөрі қой үркітеді, Ақылсыз адам ел үркітеді. 
B) 
Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын. 
C) 
Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді. 
D) 
Мал көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді. 
E) 
Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер. 
6. 
Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
А) Үшінші В) Төртінші С) Жетінші D) Алтыншы Е) Бесінші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет