9.5.Биоалуантүрліліктің қазіргі жағдайын және пайдалануды экологиялық бағалау
Биоалуантүрлілік үшін ішкі қауіпті тудырушылар
Арал теңізі бассейнінің, Семей ядролық полигонының және басқа да жер үсті және жер асты сынақтарының дағдарыстық жағдайы; мұнай өндірістері, өндірістік кешендер (Павлодар-Екібастұз, Карағанды-Теміртау және т.б.), Байқоңыр-Бетбақдала ауданындағы ракеталық полигондар;
көптеген жас экожүйелердің ландшафтық қалыптаспағандығы, ұдайы өндірістің баяулауы, экожүйелердің өнімділігінің төмендеуі мен түрлік популяциялар санының азаюы;
урбанизация, құрылыс, өзендердің ағысын реттеу, жерлерді жырту кезінде түрлер мен экожүйелердің жойылуы (немеесе қысқаруы және азаюы);
табиғатты ретсіз пайдалану барысындағы шығын және биологиялық ресурстарды пайдаланудың нормативтерінің болмауы;
табиғи апаттар, соның ішінде құрғақшылық, мұз қату, өрт, сел, және т.б.
Ормандардың биоалуантүрлілігі
Орман қорының және ЕҚТА жалпы ауданының 70,7% орманды жерлер құрайды, немесе 18450,7 мың га, оның ішінде орманды – 44%, немесе 11474,7 мың га жетеді. Орманды емес жерлер 29,2%, немесе 7630,0 мың га, соның ішінде: жайылымдар – 17,1%, немесе 4458,2 мың га; егістіктер – 1,4%, немесе 359,1 мың га; айдалған жерлер – 0,4%, немесе 109,3 мың га (Қосымша 3, Сур. 1-2). 2002 жылдың қаңтарындағы есеп бойынша, орман қорының 2954,5 мың га уақытша пайдаланылымда болған.
Орман ресурстарын экономикалық бағалау
Адам өмірі мен экожүйе үшін орманның маңыздылығы өте белгілі. Таулардағы, шөлдегі, даладағы, суқоймалардың жағалауындағы ормандар топырақты қорғау, суды реттеу және рекреациялық функциялар атқарады. Нақ осыларды елдің биоалуантүрлілігі шоғырланған. Дегенмен, орманның нақты экономикалық құнын отынның текше метрімен бағалау қажет. Орман ресурстарының экономикалық құнының болмауы басқарма шешімдерін қабылдаған кезде көптеген қателіктерге алып келеді. Ормандардың экономикалық және экологиялық маңыздылығын жеткіліксіз түрде тану ұлттық құндылықтың жіне ғаламдық маңызды ресусрты сақтауға деген жауапкершіліктің төмендеуіне алып келеді.
Кесте 2.
Достарыңызбен бөлісу: |