Оқулық " Экология"мамандығы


Нағыз жағдайлар және тенденциялар



бет104/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   125
treatise95823

Нағыз жағдайлар және тенденциялар. Сүтқоректілердің түрлік құрамының едәуір бөлігі елдің таулы, тау етектерінде тіршілік етеді (оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс), балықтардың түрлік құрамының көп бөлігі Каспий теңізінің бассейнде мекендейді. Батпақ және дала кешендеріндегі құстардың едәуір пайызы алыс және жақыннан ұшып келетін имгранттар, олар күз және қыс мезгілдерінде елдің шекарасынан асып кетеді.
Қызыл кітабына омыртқалылардың 125 және омыртқасыздардың 99 түрлері тіркелген. Әрбір басылым сайын Қызыл кітаптың тізімі көбейе түседі, көптеген жануарлар қызыл кітапқа енгізілген, мысалы, гепард, қызыл қасқар, бал жегіш, құлан, сырдария тасбекіресі, іле қара балығы, бұлар табиғатта 30-50 жылдай кездеспеген. Тырна, реликті шағала, қар барысы, ақ тырна, балықшы тұйғын, ұзынқұйрықты субүркіт, сақалтай, орақ тұмсық, кәмшат сияқты түрлерді саны санаулы ғана қалған және олардың популяцияларының өзін өзі ұдайы өсіру мүмкіндігі жоқ.
Кесте 3.
Биоалуантүрліліктің көрсеткіштері

Таксон\
Топ
Биоталар

Әлемдегі түрлердің барлығы



Әлемде жойылу алдында тұрған түрлер



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Барлық түрлер

Эндемиктер

Жойылу алдындағылар

Жалпы санынан Қызыл кітаптағы түрлер %

Биоалуантүрліліктің тығыздығы – 10 000 км2 түрлердің саны

Сүт қоректілер

4.629

1130/24%

178

4

15

40/22%

0,65

Құстар

9.672

1183/12%

396
Ұя слатын

0

15

56/14%




Амфибиялар

4.522




12

1

1

3/25%

0,042

Рептилиялар

6.900




49

0

1

10/20%

0,18

Тұщы су балықтары

25.000




104

0

5

17/16%

0,38

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

270.000

25971/9,6%

6.000




36

207/4%

22,2


Ақпарат көзі: 2000-2001 жылдардағы «Бүкіл әлемдік» материалдар, WCMC (World Conservation Center) және UNEP (United Nations Environment program) баяндамалары 2002 жыл, Geo (Global Environment Outlook-3): таңдалымдар мен нақтылауларды И. Мирхашимов, А.Ю. Полканов жүргізген.
Түрлер сананың қысқару себептері

Көптеген түрлердің санының қысқаруы жалғасуда, ең алдымен, ірі, коммерциялық маңызы бар түрлердің. Қазақстанда жануарлардың саны мен түрлік құрамының азаюының негізгі себептері:

  • биоресурстарды алу мен квотасына бақылаудың әлсіздігі;

  • сирек түрлерді алу және атығу арнайы рұқсаттардың берілуі;

  • тұрғандардың күн көрісінде басқада түрлердің болмауы;

  • орманды пайдалану ережелерін бұзып ағаштар дайындау;

  • кәсіпорындар мен қалдықтарды тастауға берілетін жерлер үшін төленетін құнның төмендігі;

  • өнімді территорияларға қалдықтарды орналастыру;

  • Трассаларды, жолдарды, құбырларды төсеу;

  • өзендер мен суқоймаларға өндірістік, ауыл шаруашылық, коммуналдық және қалдық сулардың құйылуы;

  • суқоймалардың ластануы және өзендер ағысының реттелінуі.

Кейбір себептіріне мысалдар келтіреміз.
Мысал 1. «Суқоймалардың ластануы және өзендер ағысының реттелінуі». 30 жыл бойы Сырдария өзеніне құрамында тұрақты органикалық заттары, нитраттар мен тыңайтқыштары бар егістіктердің қалдық сулары төгіліп келген. Сулардың үздіксіз құйылуы теңіздің құрғауына, тұздылықтың 60 промиль жетуіне, аборигендердің 28 түрлерінің жойлуына алып келді. Арал теңізі ірі балық шаруашылық өнімді суқоймадан өлі теңізге айналды. Ауыр металлдар мен ТОЛ қауіпті мөлшерлері анықталған. Шығыс Қазақстандағы ең ірі өзен Бұқтырма қазіргі уақытта тіршіліксіз қалған, онда ихтиофауна мен амфибиялар мүлдем жоқ.
Мысал 2. «Популяцияның өзін өзі ұдайы өсіру мүмкіндігін ескермей табиғатты шексіз пайдалану». СИТЕС бағалауы бойынша, Каспийдегі заңсыз аң аулау ресми деректерден 10-15 есе асып кетеді. Соңғы он жылдықта Каспийде планктонның түрлік алуантүрлілігі екі есе қысқарған, зоопланктонның биомассасы он есеге азайған. . Соңғы 20 жылда Каспийдегі бекіре балықтарының ресми аулау мөлшері 22 мың тоннадан он мың тоннаға дейін азайған. до менее одной тысячи тонн. Балық өнімдерін алу бірден азайған: 1 полугодие 2002 жылы бірінші жарты жылдықта 63492,9 жалпы лимит кезінде нақты аулау - 15712,589 тоннаны, немесе жалпы лимиттің 25% құрады. 2000 жылы итбалығы қырылып қалған.
Мысал 3. Он жыл ішінде дала бөкенінің саны 99% қысқарған, яғни 2 млн дарақтан 24 мың дараққа дейін. Себептері: импорттау мақсатында аталықтарынан мүйіз дайындаудың мемлекеттік шешімі, негізінен ҚХР, сонымен бірге дәрілік препараттар дайындай үшін, тағам ретінде жергілікті тұрғындардың аулауы.
Мысал 4: «Сирек түрлерді алу және атығу арнайы рұқсаттар мен квоталардың берілуі». Қызыл ктіапқа 178 сүтқоректілер түрінің 40 және жыртқыш құстардың 39 түрінің 15 түрі тіркелген. «Жануарлар әлемінің жеке түрлерін ерекше жағдайда аулауды шектеу және дұрыс пайдалану туралы» (11 .09. N2 2273 және 28.06.2000 жылғы N 2 969) Үкіметтің Қаулысымен табиғаттан сирек жауарларды (арқар, дуадақ, бөкен, тырна) алу процессі реттелінеді. Осған сәйкес қызыл кітаптағы құстар мен сүтқоректілерді аулауға квоталар беріледі. Квота берілген кезде сирек жануарлардың нақты саны ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет