9.7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
Биоалуантүрлілікті қорғау мен қайта қалпына келтірудің маңызды жолдарының бірі қорғалатын табиғи аймақтардың кеңейтілген жүйесін құру болып табылады. Бұл жағынан Қазақстан орташаәлімдік деңгейден әлдеқайда қалып қояды. Қорғалатын аймақтар - қорықтар мен ұлттық саябақтар республиканың жалпы 13595 шаршы шақырымын, немесе 0,5 пайызын алып жатыр, ал пайдалану шектелген аймақтармен бірге (қорықшалар, табиғи ескерткіштер) – 2,6 пайызды құрайды.
Республиканың мемлекеттік табиғи – қорық қоры қазіргі уақытта 9 қорық, 4 ұлттық саябақ, республикалық маңызы бар 62 қорықша, 24 табиғи ескерткіштерді құрайды (4.1 сурет). Қазіргі 9 қорық негізінен (жалпы ауданы 0,8 млн га) Тянь-Шань және Алтай (Ақсу – Жабағалы, Алматы, Марқакөл, Батыс Алтай) тау экожүйелерінде және далалық көлдер экожүйесінде (Қорғалжын мен Наурызым), аз көлемде дала экожүйесінде (Үстірт пен Барсакелмес) орналасқан. Суық қоңыржай дала экожүйелері (Бетпақдала, Балқаш маңы) тек қана Қазақстанда кеңінен таралған, құмды дала эталонының өкілдері іс жүзінде мүлдем кездеспейді. Таулы далалар, бұталы тоғайлар, тұқымды ормандар, шыршалар мен жоғарғы тау экожүйелері жекелеп, аз көлемде ғана қорғалады.
5-шi кесте
Қазақстанның мемлекеттiк табиғи қорықтары және мемлекеттiк табиғи ұлттық бақтары
Атауы
|
Құрылған жылы
|
Аумағы, кв. км
|
Мемлекеттік қорықтар
|
|
|
Аксу- ДжабаглыАқсу -Жабағылы
|
1926
|
751
|
Алматы
|
1961
|
733
|
Барса-келмес
|
1939
|
300
|
Қорғалжын
|
1968
|
2371
|
Марқакөл
|
1976
|
750
|
Науырызым
|
1931
|
870
|
Үстірт
|
1984
|
2230
|
Батыс-Алтай
|
1992
|
561
|
Барлық қорық аумағы
|
|
8566
|
Баянаул
|
1985
|
505
|
Көкшетау
|
1996
|
785
|
Алтын-Емел
|
1996
|
2095
|
Іле-Алатау
|
1996
|
1644
|
Барлық ұлттық бақтар аумағы
|
|
5029
|
Барлық қорықтар мен ұлттық бақтардың жалпы аумағы 1 қаңтар 1998 ж.13595
|
Пайыз бойынша жалпы аумағы 0,5
|
Қазақстанның қорықтары: республиканың жоғарғы сатыдағы флорасының 49, оның ішінде шамамен 27 пайызы Қазақстанның Қызыз Кітабына тіркелген түрлер; республиканың барлық сүтқоректілірінің түрлік алуантүрлігінің 17,6 пайызы (олардың 22 түрі «қызыл кітапқа енгендер», немесе жалпы сүткоректілер санының 61 пайызы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген); Қазақстанда ұя салатын құстар түрлерінің 87,4 пайызы (оның ішінде 39 түрі «қызыл кітапқа енген», немесе олардың жалпы санының 76,5 пайызы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген); бауырымен жорғалаушылардың 63,2 пайызы (оның ішінде жалпы саннан бар болғаны 3 пайызы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген), бұл Қазақстанның шөл және шөлейтті зоналарында қорықтардың жетіспейтіндігін дәлелдейді. Қазіргі қорықтар, ұлттық саябақтар мен басқа да қорғалатын табиғи аймақтар биологиялық алуантүрлілікті және керемет ландшафттарды сақтауға мүлдем мардымсыз.
Ел аумағында қорағалатын табиғи аймақтар таралуындағы жетіспеушіліктің себебі ғылыми негізделген ұйымдастыру жоспарының болмауы болып табылады. Соныдықтанда 1987 жылы қосымша бағдарламалар негізінде «2005 жылға Қазақ ССР табиғи – қорық қорындағы объектілерді дамыту және орналастыру жобасы» жасалынды. Дегенмен осы жобаның уақыты өте тығыз болып, бұның орындалуында көптеген жетіспеушіліктер мен қателіктер орын алды, сондай-ақ әлеуметтік – экономикалық жағдайларға жарамсыз, едәуір ескірген.
Тамаша табиғи ландшафттарды қорғауда мемлекеттік ұлттық саябақтар негізгі қызметті атқарады, тұрғындарды эстетикалық тәрбиелеуде өте маңызды және рекреацияны реттеудің объектісі болуы мүмкін.
Қазақстанның Ұлттық саябақтарының арасында «Баянауыл» мен «Көкшетау» Қазақстанның орташа таулы-орманды аймағында орналасқан, онда көптеген ұсақ шоқылар мен көлемі айтарлықтай үлкен тұщы сулы көлдер бар. Жоңғар Алатауының оңтүстік беткейіндегі қыратарда орналасқан «Алтын Емел» саябағы ақбөкеннің үйірін сақтауда (3000 астам даралар), тау ешкісі мен құланның реинтродукцияланған популяциясын сақтап қалуда өті маңызды болып табылады. Іле алатауының солтүстік жотасында орналасқан «Іле Алатауы» саябағы тік белдеудің құрғақ даласынан бастап альпі көгалдары мен таулы мұздықтарға дейінгі ландшафтар жиынтығын алып жатыр. Республиканың Ұлттық Саябақтары қазір қайта қалпына келу процессінде және әліде көптеген көрсеткіштері өзінің негізгі мақсатына жауап бере алмайды.
Қазақстанның территорисында қорғау режимі шектелген ерекше аймақтардың ауданы үлкен және ландшафты алуантүрлі. Оған қорықшалар мен табиғи ескерткіштер жатады. Қазақстанда келесі қорықшалар жұмыс жасайды: зоологиялық (39), ботаникалық (1), ботаникалық – геологиялық (1), кешенді (2). 1994 жылы олардың жалпы ауданы 5761 шаршы шақырымды құраған. Мемлекеттің қасқорлығында табиғи ескерткіштердің объектілері тамаша, тірі және тарихи ескерткіштер түрінде кездеседі, алып жатқан аумағының көлемі шамалы. Республиканың территориясында қазіргі уақытта бар болғаны 25 объект осы атаққа ие болған, олардың алып жатқан жер көлемі 62 шаршы шақырым. Жоғарыда айтылғандардан көрініп тұрғандай, қорғалатын аймақтар біздің алға қойған міндеттерімізді толық атқару жағдайында емес, осымен байланысты Қазақстанда «Қазақстан республикасынығ қорғалатын табиғи аймақтарының жүйесін дамыту Концепциясы» жасалынып, Үкіметтің қарауына ұсынылған, онда орман мен топырақтың генетикалық генетикалық резерванттар, табиғи саябақтар құру арқылы аймақтар түрлерінің жиынтығын кеңейту қарастырылған. Қорықтардың санын 24, қорықшаларды 117, ұлттық саябақтарды 8 дейін көбейту үшін қорғалатын аймақтың ауданы 124,8 шаршы шақырымға дейін өсуі тиіс.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың санын көбейту, олардың жүйесін оптимизациялау және оның мемлекеттік басқарылуын жетілдіру ерекше қорғаудағы құнды табиғи объектілерді жекешелендіруді болдыртау мақсатында келесі табиғатты қорғау шаралары ұйымдастырылуда:
1. Мемлекеттік «2005 жылғы кезеңге Қазақ ССР табиғи – қорық қорындағы объектілерді дамыту және орналастыру жобасын» Қазақстанның ландшафтық – аймақтық және биогеографиялық аймақтарының базасында жүзеге асыру, оның басты басымдықтары биологиялық алуантүрлілік, эндемизмі жоғары және шаруашылық жұмыстары қарқынды жүргізілетін орындарда ерекше қорғалатын аймақтар құру болып табылады.
2. Қазақстанның Қызыл кітаптарын қайтадан басып шығару, 2-ші том (омыртқасыз жануарлар), том – 3 (өсімдіктер) және «Қазақстанның Жасыл кітабын», 4-ші томды (өсімдіктер қауымдастығы) қайтадан әзірлеп, баспадан шығару қажет.
3. Әрбір түр мен қауымдастықтың статусын анықтайтын генофондтар Кітабын құрастыру, олардың негізінде Қазақстан Республикасының және оның жеке әкімшілік облыстарының өсімдіктер мен жануарлар әлемінің кадастрын құру мен енгізу.
4. Ерекше қорғалатын аймақтардың кадастрын жүргізуге унифицирленген жіне ғылыми негізделінген бағдарламалар мен әдістемелерді, олардың инвертаризациялау мен паспортизациялауды жасау, сонымен бірге қорықтар мен қорықшаларды, ұлттық және табиғи саябақтар, табиғи ескерткіштер, зоологиялық және ботаникалық бақтар, дендросаябақтарды қосқанда.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың табиғатты қорғау, білімділік және тәрбиелік мәнін ескере отырып кызметін экономикалық бағалайтын әдістемені жасау.
6. Қорықтық аймақтарды құратын жаңа әдістер жасау, жер иелері мен жер пайдаланушыларды экономимкалық стимулдау, олардың жерлері қорықтар, ұлттық саябақтар жасау үшін алынуы мүмкні.
7. Ұлттық табиғи саябақтарды маңызды табиғатты қорғайтын мекемелерге айналдыру, өз аймағы жағдайында рациональды табиғатты пайдаланудың нормативтерін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |