Оқулық " Экология"мамандығы


Радиациялық әсердің биологиялық салдар



бет119/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   125
treatise95823

10.4. Радиациялық әсердің биологиялық салдар
Радиацияның әсерінен тірі ағзалардың сәулеленуі жүреді, негізінен әртүрлі әдістермен жіктеуге болады, ең алдымен алынған дозаның көлеміне байланысты. Радиацияның осы салдары келесі реттілікпен берілген:

  1. Соматикалық клеткалардағы өзгерістер, ісіктің пайда болуына алып келеді;

  2. генетикалық мутация, болашақ ұрпақтарға әсер етеді;

  3. жүктілік кезінде анасының сәулеленуі салдарынан ұрық пен нәрестеге әсері;

  4. сәулелену кезеңінде тікелей өлімге алып келеді.

Сәулеленудің биологиялық салдары ағзаның клеткасындағы ісіктің пайда болуына алып келетін өзгерістер мен болашақ ұрпақтарға әсер ететін жыныс клеткаларындағы мутациялар болып табылады. Жағдаймен байланысты, көптеген адамдар атом электрстанциясында жұмыс істегенде немесе медициналық мақсатта экспозиция барысында азғана мөлшердегі сәулеленуге ұшырайды. Дамып жатқан ұрық пен шаранаға радиацияның әсері ерекше жағдай, сондай-ақ барлық күш оны болдыртпауға жұмсалуы керек. Өте үлкен мөлшерде радиация алғанған жағдайда тікелей өлімге душар болады, бұл көбінесе апатты жағдайларда болады, мысалы атом бомбасы жарылғанда немесе ядорлық реакторда апат болғанда.
Радиацияның осы салдарына енді толығырақ қарастырамыз
Ісіктің пайда болуына алып келетін соматикалық клеткалардағы өзгерістер. Адамдар мен жануарларда радиацияның ісік ауруын тудыртатыны белгілі, соматикалық клетка ағзаның бақылауынан шығып, үздіксіз бөліне бастайды, тіпті тұтастай тірі ағза үшін үлкен ақуіп туғызатынына қарамастан. Нәтижесінде клеткалардың жалғыз үлкен массасы немесе өте ұсақ клеткалардың тобы пайда болады. Соматикалық клеткалардың осылай бөлінуіне біріншіден клетканың өсуі мен бөлінуін реттеудегі генетикалық механизмнің бұзылуы себепші болады деп санайды, яғни мутация деп аталады. Жыныс клеткаларында жүретін мутация болашақ әсер етеді. Соматикалық клеткада жүрген мутация нақты жеке тұлғаларда қатысты өзгерістерге алып келеді. Бір ісік клеткасы өз кезегінде бөліну жолымен екі жаға клеткаға бастама береді, олар осылай ары қарай тағыда бөлінеді. Ісіктің өсуі осылай жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет