Оқулық " Экология"мамандығы


Осыған байланысты біздер қажет және міндетті деп есептейміз



бет124/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
treatise95823

Осыған байланысты біздер қажет және міндетті деп есептейміз:

  1. Студенттер қауымына және тыңдаушыларына табиғи жабайы тірі табиғаттың қайталанбас ерешілігі туралы қандай кең ауқымды түсінік беруге болады;

  2. Табиғат заңдары туралы танымды, экожүйенің тұрақтылығының биологиялық негізгі туралы, экологиялық апат қауіптілігін азайтуда адам баласының жаңа биосфералық қызметі, өндіріс процентерінде техникалық тірі организмдерге, экологиялық мәселелерді және «Адам – техника – тірі табиғат» жүйесін жақсартуға бағытталған ғылыми еңбектерімізді тапқырлықпен қызғушылықтарын оята отырып сезіндіре білуіміз керек;

  3. Биологиялық алуантүрлілікті қорғауға арналған акцияларды өз қатысуымызбен қолдау; (Көбінесе «қоршаған ортаның химиялық ластануын алдын – алу», «Құстардың электр тогынан қырылуын алдын – алу» «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар және басқа).

Постулаттар.

  • Биоэкологияда биожүйенің дамуы.

  • Эволюцияның қысқару ережесі:

  • Жүйелік ұйымдасудың күрделілік заңдылығына сәйкес және биологиялық жүйе дамуы шектелмегендігі эволюцияның қысқару ережесіне алып келеді.

  • Ал биожүйенің ұйымдасу күрделілігінің өсуі барсында «түрлердің өмір сүру мерзімі орташа қысқарады, ал эволюция ырғағы өседі. Осылайша, түрлердің орташа өмір сүру ұзақтығы құстарда миллион жыл, сүтқоректілерде – 0,8 миллион жыл, адамдар – 0,2 – 0,5 миллион жыл, қазіргі адамдарда әзірше 50 мың жыл (ал қазірдің өзінде көптеген экологиялық дағдарыстар бар, және адамның генетикалық қоры бұзылған деп генетиктер есептейді).

  • Л. Г. Раменскийдің экологиялық жекелену ережесінде: әрбір түрдің өзіне тән бейімделуі экологиялық тұрғыда мүмкін емес.

Тәуелсіз бейімделуге қатысты заңдар:

  • Кез – келген экологиялық факторлардың біреуіне жоғары дәрежеде бейімделу мүмкіндігі, өмірдің басқа да жағдайына, тура осындай дәрежеде қалыптасады дегенді білдірмейді: (керісінше, ол мұндай мүмкіндікті организмнің морфологиялық ерешелігіне жұмсайды).

  • Бейімделу аксиомасы (Ч.Дарвиннің экологиялық аксимомасы): әрбір түр қатаң анықталған және олардың өзіне тән тіршілік жағдайларына бірігуінен – экологиялық қуысқа бейімделген.


Экологиялық – организмдік заңдылықтар.

  • Организм – орта бірлігі заңы:

  • Үздіксіз зат алмасу және ақпарат алмасу энергия ағымының негізінде орта және оны мекендеуші организмдердің қосылып бірігуі нәтижесінде тіршілік дамиды.

  • Тіршіліктің орта жағдайларында сәйкестігін организмдерге генетикалық тұрғыда алдын – ала анықтау ережесі:

  • Организм түрлері тіршілігін жалғастыра алады, егер де қоршаған орта өзгерістері мен толқулары оның генетикалық тұрғыда бейімделу мүмкіндігіне сәйкес болса.

Популяциялық заңдар.

  • Популяциядағы бірігу ережесі:Кез – келген түр индивитері әрқашанда жеке өмір сүру алмайды, олардың анықталған өмір сүру сапты бірігу, қосарласу болып табылады.

Популяцияның ең аз өлшемі қағидасы.

  • Осыған байланысты, кез – келеген популяцияда қатаң түрде анықталған генетикалық, фенотиптік, жыныстық – жастық және басқа да құрылымы бар, олар жеке индивидтердің аз санынан құралуы мүмкін, яғни қоршаған орта факторларына популяция тұрақтылығын үнемі ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін. Ең аз шама (минимум) шегінен шығу популяция үшін ажал құшу: олар енді өзін – өзі қалпына келтіре алмайды.

  • Популяция санының шектелу теориясы (Х. Андреварт, Л. Бирч): Табиғи популяция саны қоректік ресурс тозуында және көбею жағдайында, осы ресурстардың тапшылығында және де популяция өсімінің өте қысқа кезеңінде шектеледі.

  • Қоректік түзіуле ережесі. Эволюция барсысында көбею жылдамдығы ортаның қоректік ресурсымен түзелген популяцияларда ғана сақталады.

  • Я. Кристиананың күйзеліс кезіндегі бүйрекүстінің үлкею ережесі: Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда мекен ортасын ауыстыру барсында бүйрекүсті үлкееді. Бұл нейроэндокринді гомеостаздың қозу нәтижесі, жануарлардың мінез – құлқын өзгертеді (көбінесе, олар қатігез күй кешеді), ұрпақ беру екпіні (эмбриондар резорбциясы болады), ауруға қарсы тұру қабілеттері төмендейді және басқа да жағдайлар орын алады. Бұл өзгерістер кешені әдетте жеке особьтардың тіршілік қабілетін бірден төмендетеді, олар жаппай өледі, популяция тығыздығы азаяды немесе тіпті оның «күйзеліс алуынан» элиминация болуы мүмкін.

Биоценоздар қызметінің заңдары.

  • Энергиялық пирамида заңы, немесе Р. Лидеманның 10% ережесі:Экологиялық пирамида бір трофикалық деңгейден басқасына ауысады, оның ең жоғары деңгейі («табалдырық» бойынша: продуцент - консумент – редуцент) орташа алғанда алдыңғы деңгеймен салыстырғанда 10% құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет