Оқулық " Экология"мамандығы



бет17/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
treatise95823

Сулы ортадағы газ алмасу.Алғаш суда тіршілік еткен жануарлар және өсімдіктер суда – еріген оттегімен тыныс алады, арнайы тыныс алу мүшелері арқылы немесе барлық денесі арқылы. Оттегінің суда – еруі соншалықты үлкен емес: су бетіндегі құрғақ газ қысымында 1 атм (101,3 кПа), 1 л суда – 37 мл О2 ериді. Іс жүзінде табиғи су көздеріндегі оттегі мөлшері айтарлықтай төмен, сирек жағдайларда 10 – 11 мл/г –ға жоғарлайды.
Оттегінің еру процесінде түрлі факторлардың жиынтық әсері ,оның табиғи су көздеріндегі мөлшерінің азаюы ғана емес, өзгеруіне де алып келеді, тіпті гидробионтарда газалмасу процесі шиеленісіп, экологиялық жағдайды туындатады.
Судағы тыныс алу кағидасы.Барлық балықтардағы желбезек аппаратының құрылымында желбезек жүйесі қалқаншалары қимылдауы арқылы суды оңай өткізеді, жоғары жағында газалмасу өтеді. Балықтардың желбезек арқылы судағы оттегін сіңіруі тоққа қарсы қағиданың орындалуымен іске асады: желбезек қалқаншаларындағы капиляр қан тамырларындағы қанның қозғалысы судағы тоққа қарама – қарсы жұмыс істейді.
Су ортасында оттегі құрамы өзгерістеріне бейімделу.Тыныс алу тиімділігін анықтайтын маңызды парамерт желбезек қалқаншаларының ортақ тыныстаушы беті болып табылады. Осы қалқаншалардың саны мен көлемі (әртүрге жататын экологиялық топтарда) балықтардың әртүрлі түрлерінің экологиялық ерекшеліктерімен жақсы үйлеседі. Осыған ұқсас заңдылықтар басқа да көптеген гидробионттарда – су жануарларында (эфемерид личинкасы ж.т.б.). кездеседі.
Анатомиялық қалыптасуына қарай оттегі концентрециясының өзгеруіне байланысты физиологиялық бейімделу пайда болған. Олар тыныс алу қозғалысының жиілігі өзгерген кезде және уақыт бірлігінде тыныс алу мүшесі арқылы өтетін су көлемінің өсуімен байланысты. Тыныс алу экологиясы мен физиологиясы өзара тығыз байланысты. Арированды (желдетілген) су айдындарын мекендеушілер әдетте жоғары жылжымалы келеді (жәнк керісінше). Қанның құрамындағы гемоглобин мөлшерінің (дафнияларда т.б.) динамикасы гипоксияға жылдам жауап қайтаруда ролі зор. Балықтарда эритриоцит саны өзгеріп отырады. Зона нормасы ретінде нақтыланады. Одан әрі фактордың жетіспеушілігі немесе толығуы бейімделу механизмдерінің белсенділігін айтарлықтай төмендетеді.Бұл жағдай пессимум зонасына сәйкес келеді. Ақырында бұл зона шегіне жеткенде тіршілік ету мүмкін болмайды.
Қалыптасқан фактордың бейімделген сандық көрсеткішінің бірден өзгеруі осы фактордағы түрлердің экологиялық валеттілігін анықтайды. Опитималдылықтан, яғни фактордың жоғары ауытқуын басынан өткерген түрлерге мынадай термин «эври» - (кең) тән. Фактор өзгерісіне тұрақтылығы төмен түрлерге стена (ерекше stenos – тар) деген термин қосылып айтылады. Бұдан эвритермді және стенотермді организмдерді көруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет